Л) Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзушылықты алдын ала сақтандыру жөніндегі сот органдарының рөлі
Қазақстан Республикасы Президентінің 20 желтоқсан 1995 жылғы «Қазақстан Республикасындағы соттар мен соттардың статусы туралы» заңдық күші бар Жарлығымен әділсоттың және соттарды ұйымдастыру тәртібінің ұғымын, міндеттерін, принциптерін анықтап берді.
Сот органдарының алдын ала сақтандырудағы рөлі: біріншіден, ең соңында ауыр материалдық және қаржылық шығынға әкелетін бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзуға байланысты барлық материалдар мен фактілерді сот тергеуі барысында жан жақты және объективті талдау жасауға тіреледі.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша 2003 жыл ішінде 1003587 іс пен арыз келіп түскен, бұл 2002 жылға қарағанда 27,8 пайызға (785033) көп. Бұл әкімшілік іс санының 72,8 пайызға көбеюінен туындап отыр. 960824 іс өндіріспен аяқталған, ал бұл 2002 жылғыдан 27,4 пайызға көп. Қаралған іске шешім шығару 5,8 пайызға өскен. (2003 жылы – 232152, 2002 жылы 219424). Қаралған іске үкім шығарылған істердің саны 21 пайызға төмендеген (2003 жылы 46282 іс, 2002 жылы 58523 іс).
Процессуалдық мерзімі өтіп кетіп қаралған қылмыстық істердің саны 4 есеге қысқарған. (141- 2002 жылы 546).
Бірінші инстанциядағы судьялардан ақталған адамдардың саны 13,5 пайызға көбейген (379 адам, 2002 жылы 334 адам болған), ал үкімнің заңды күшіне енуі бойынша 44,5% (250 - 2002 жылы - 173). Сотталғандар мен бас бостандығынан айрылған адамдар саны 18,4%-ға (22098 - 2002 жылы 27098) азайды. Қылмыстық істер бойынша әділсоттан жөнелтілгендердің саны республика бойынша тұтастай алғанда жақсара түсті. Сотталғандар саны 22 %-ға қысқарды.
Екіншіден, сот органдары айыптау және ақтау үкімдерін ғана емес, сонымен қатар жеке қаулылар да шығарады. Бұл қаулылар сол немесе басқа кәсіпорында, тұтастай алғанда сол немесе басқа ведомствода бухгалтерлік есепке алу мен есеп беру тәртібін бұзушылық жасауға себепші жағдайлар жүйесінің талдаулары болуы мүмкін. Осы арқылы сот өзінің анықтауларында кәсіпорынның (ведомство) қаржы-шаруашылық қызметінде орын алған барлық жағдайларды талдау, оларды жою және алдын ала сақтандыру үшін тиісті шара қолдану қажеттігін көрсетуі мүмкін. Кәсіпорындар (ведомство сот органдарының жеке анықтаулары негізіндегі талаптарын орындауға және сот белгілеген мерзімде оның орындалуы туралы жауап беруге міндетті.
Сонымен қатар сот органдары кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзушылықты алдын ала сақтандыру мақсатында сотта қаралған осындай катергориядағы істердің материалдарына жалпылау жүргізуі және бұл жөнінде алдын ала сақтандыру шараларын жасап, жүзеге асыру үшін тиісті ведомствоға хабарлауы керек.
Кейбір жағдайларда судья осы немесе басқа ведомство ұжымының алдына шығып, оның қызметінде сот қаралған қылмыстық іс материалдары бойынша осы ведомствоның қаржы-шаруашылық қызметінде бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзушылықты тудыратын көлеңкелі жағдайлардың орын алып отырғандығы туралы хабарлама немесе ақпарат айтуы мүмкін.
Қылмыстық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыра отырып, сот қылмысты жасауға себеп болған және жағдай туғызған, осыған тікелей қатысты іс-әрекеттердің объективті және субъективті жақтарымен бірге жауапкершіліктің деңгейі мен жалпы сипаты жағынан ықпал ететін криминогендік факторларды зерттейді. Заңның тікелей көрсетуі бойынша (ҚР қылмыстық процессуалдық кодексі 117 бап, 3 бөлім) сот талдау үстінде қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтауға болады.
Сәйкесті түрде соттар мына жағдаяттарды анықтайды: сотталудан аталған қылмысты жасау ниеті туралы, қылмыстық ойдың қалыптасуын тікелей тудыратын қоғамға жат бағдардың пайда болуын (мүдделігі, мотиві, көзқарастары, әдеттері, қылмыстық субъективті детерминаттарын құрайтындардың барлығы); теріс ықпал көздерін жеңілдететін іс-әрекеттерді; құқыққа жат қарсы ниетті жүзеге асыруға ықпал ететіндерді (мысалы, құндылықтардың нашар қорғалуын), криминогендік сипаттың нақты өмірлік жағдаяттарын (мысалы, талапкерді арандату тәртібі). Бұларды сот ең алдымен әділ шешім тағайындау үшін ғана зерттейді. Сонымен қатар оның қызметінің бұл бағытының қылмысты арнайы – криминологиялық алдын ала сақтандыруда үлкен маңызы бар екендігі түсінікті. Сот талқылауы барысындағы қылмыс жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, бағалау және болдырмау жөніндегі нақты шараларды тергеу органдары, тергеушілер, прокурор және осы мәселеге байланысты тапсырма жөнелтілген ұйымдар мен мекемелер қабылдаулары мүмкін. Және сот қылмыстық істі қарай отырып, қылмыстық себептер мен жағдайларды зерттеумен өзінің алдын ала сақтандыру қызметін шектемейді.Сонымен қатар ол басқа да мамандандырылған және арнайы емес субъектілердің қылмысты алдын ала сақтандырудағы жұмысын бақылайды, оған заңдылық тұрғысынан және толық болуына, мерзімді орындалуына, тиімділігіне баға береді.
Сот тергеушінің тапсырмасы бойынша қылмыстың болу себептерін, жағдайларын жою жөнінде қандай шаралар қолданғанын анықтай білуі тиіс. Бұл құжаттарды ескермеу, елемеу фактілері оны өз мерзімінде немесе формальді түрде қарай байқалатын болса, онда сот тапсырма берілген ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер мекен-жайына дербес қаулылар қабылдап, немесе оны жоғарғы органдарға жібереді. Осы тәрізді сот тергеу органдарының , тергеушілердің қылмыс жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтаудағы және оны болдырмау жөнінде шаралар қабылдауды олардың заңды міндеттерін орындамау (формальді сапасыз орындау) фактілеріне ерекше мән береді.
Сондықтан қылмысты алдын ала сақтандыру сотқа дейінгі өндіріс барысында ғана емес, қылмыстық істі сотта қарау үсітнде де маңызды мәнге ие болады.
Дербес қаулы шығару негізгі тәртібі Қазақстан Республикасының қылмыстық процессуалдық кодексінің 387 бабында қарастырылған. Соған қарамастан Заңдарда белгілі бір құқықтың ықпалы бар соттық құжат ретінде дербес қаулыға қатысты мәселелер жеткілікті түрде жасалмаған.
Неге қылмыс жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар белгіленген және оны жоюға бағытталған, сот құжатын заң шығарушы дербес деп атаған? Сот құрамының дербес көзқарасы баяндалған, көрсетілген, мазмұндалған. Дербес қаулыны сот қаулысы деп есептеуге бола ма ? Немесе бұл заңды түрде жинақталған және зерттелген дәлелдемелер негізінде жасалған соттың объективті қорытындысы ма ? Басқаша сөздермен айтқанда, дербес қаулыны, қылмыс жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі сәйкестік шаралар қабылдау үшін жіберілген. Әйтеуір бір фактілер мен жағдайларды тексеруге арналған негіз ретінде немесе ескерту ретінде ғана қарастыру қажет пе? Немесе дербес қаулы – жөнелтілген барлық лауазымды адамдар үшін қосымша тексеруді қажет етпейтін және орындауға міндетті соттың объективтік қорытындысы ма ?
Бүгінгі күні дербес қаулыны шығару тәртібі, оның орындалуы, сол тәрізді қылмыс жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және оларды болдырмау үшін шара қолдануға байланысты мәселелер қазіргі күнде пайдаланып отырған қылмыстық процессуалдық заңдарда реттелмеген.
Тәжірибе көрсетеп отырғандай, көп жағдайларда қылмыс жасауға азаматтық, еңбек және әкімшілік құқық нормаларын бұзу болып отыр. Қылмыстық істі қарау кезінде қылмысқа итермелейтін себептер мен жағдайларды білу, кейде айыптау формуласына тікелей қатысы жоқ, азаматтардың құқықтық қарым-қатынасын анықтауды, ведомстволық нұсқаулар мен нормативтік актілерімен танысуды талап етеді. Осының барлығын сот талқылауы процесі үстінде орындау мүмкін емес. Осыған байланысты, біздің ойымызша, сотқа дербес қаулы тек қана кеңесу бөлмесінде ғана емес, үкім шығарғаннан кейін де кассациялық мерзім ішінде шығаруға құқық беруге рұқсат етудің үлкен маңызы болар еді.
М) Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзушылықты алдын ала сақтандырудағы Банктік бақылаудың рөлі
Аз ғана уақытқа дейінгі кезеңде банкілік бақылау мемлекеттік бақылау жүйесіне енгізілген болатын. Бірақ коммерциялық банктердің пайда болуына байланысты өз алдына құрылым болып бөлініп шықты. Банктер кәсіпорындардағы кассалық операциялардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында екі сатылы банктер жүйесі бар. Ұлттық банк мемлкеттің орталық банкі болып табылады және ол өзін жоғарғы сатыда ұстайды, ал басқа банктер банк жүйесінің екінші сатысындағы банктер деп есептеледі.
2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда 358 филиалы бар 35 банк жұмыс істейді, оның ішінде үшеуі республикалық, 16-сы шетелдердің қатысуымен (ҚР резиденттік емес банктерінің қосалқы банктерін қосқанда ) жұмыс істейді.
Соңғы сегіз жылда (1998-2005) ҚР Ұлттық банктің жалпы халықаралық резерві 3,6 есе өсті, ал ақшалай базасы 8,1 есеге өсті.
2.2 кесте.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің халықаралық резерві
(Ұлттық қордағы ақшаны есептемегенде ) және ақшалай базасы
|
1998
|
1999
|
2000
|
2001
|
2002
|
2003
|
2004
|
2005
|
Жалпы халықаралық резерв млн. долл.
|
1963,8
|
2003,2
|
2096,0
|
2508,2
|
3140,8
|
5454,6
|
9277
|
7069
|
Оның ішінде:
А) СКВ-дегі активтер
|
1460,2
|
1480,5
|
1594,5
|
1997,5
|
2555,3
|
4725,5
|
8473
|
6084
|
Б) Алтын
|
503,6
|
522,8
|
501,5
|
510,7
|
585,6
|
729,1
|
804
|
986
|
Ақшалай база
Млн. теңге
|
81427
|
126749
|
134416
|
174959
|
208171
|
298127
|
577841
|
663005
|
Оның ішінде:
А) ҚР Ұлттық банктегі қолма-қол ақша
|
72982
|
110407
|
116335
|
145477
|
177899
|
254774
|
410898
|
458518
|
Б) Екінші сатыдағы банктердегі және ҚР Ұлттық банкіндегі депозиттер
|
8446
|
16342
|
18081
|
29482
|
30272
|
43353
|
166943
|
204488
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 31 тамыз 1995 жылғы «Қазақстан Республикасындағы Банк және банк қызметі туралы» № 2444 заңдық күші бар Жарлығына сәйкес ұйымдық-құқықтық формасына қарамастан барлық кәсіпорындар ақшалай қаражатын банк мекемелерінде сақтауға, өзінің міндеттемелері бойынша басқа кәсіпорындармен жүргізетін есептерін банк мекемелері арқылы аудару жолымен жүргізуге, өз кассаларында кәсіпорын басшыларының келісімі бойынша банк мекемелері белгілеген лимит шегінде қолма-қол ақша ұстауға, банк мекемелерімен келісілген лимиттен тыс кассадағы қолма-қол ақшаның барлығын тәртібімен және мерзімінде банкке өткізуге, өз кассасындағы лимиттен тыс қолма-қол ақшаны тек еңбек ақы, пенсия, арнайы сақтандыру өтемақыларын төлеу үшін банктен ақша алынған күнді қоса есептегенде үш күннен аспайтын мерзімде ғана ұстауға міндетті.
Қазіргі уақытта банк мекемелері қызметіндегі айрықша орынды несие жүйесінің маңызды бөлігінің бірі ретінде банктік несиелендіру алып отыр. Несие тек белгілі бір мақсаттарға ғана беріледі.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Президентінің 31 желтоқсан 2003 жылғы «Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» жаңа Жарлығы аясында Ұлттық банк орталық банктің классикалық функциясын орындауға шоғырлануда: Қаржы-несие саясатын жүзеге асыру, валютаны реттеу, төлем жүйесін ұйымдастыру, ақшалай, қаржылық-банктік статистикасын жүргізу, төлем балансын қалыптастыру. Ал барлық бақылау функциялары жаңадан ұйымдастырылған мемлекеттік мекеме «Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының қаржы нарқын бақылау және реттеу жөніндегі Агенттігіне» тапсырады.
Нарықтық экономика жағдайында ақша қаражатының және есептеудің басым болған ағымы мемлекетімізде банктер жүйесі арқылы өтеді. (Ұлттық банк және екінші деңгейдегі банктер). Өкінішке орай, экономикалық сфераның қазіргі кезеңінде банк операцияларына байланысты жымқыру кең етек алып отыр. Олардың бірқатарына тоқталайық:
ұйымдардың, кәсіпорындардың өзінің есептеу шоттарынан банк қызметкерлерінің пайдақорлық (пара алу мақсатымен) ықпалымен көп мөлшерде қолма-қол ақша алуы;
Шаруашылық келісім шарт жасасқан ұйымдардан атқарылған жұмысқа немесе өнім жеткізіп беру үшін аванс (алдын ала төлем) алуы, оны есептік есепшоттарына шығару және иелену немесе шарттық міндеттемелерді орындауға байланысты емес, шартты орындау мақсаты жоқ шығындарға пайдалану;
Кейбір жағдайларда жауапсыз басшылар аванс алып, өзімен сыбайлас кәсіпорынның есептік есепшотына аударады, бұл ақша оның есепшотына қолма қол түседі. Осыдан кейін өзінің тапсырыс беруші алдындағы міндеттемесін орындай алмай, төлеуге шамасы келмейтін болып танылады, өз кәсіпорнын әдейі таратып жібереді. Одан әрі таратылған кәсіпорын басшысы қысқа мерзім ішінде (кейде жалған құжатпен) жаңа кәсіпорын құрады;
Есептік-кассалық құжаттарды не алғашқы есеп құжаттарын қолдан жасау жолымен кәсіпорынның (оның ішінде банктердің) ақша қаражатын және мүлкін иелену;
Қолма қол ақша алуға мүмкіндігі бар кәсіпорындардың басшыларымен материалдар мен техникаларды қолма қол ақшаға сатып алу мақсатымен қолма қол алынбайтын есептік ақша есепшоттардан ақша аударып, қолма қол ақша иелену үшін кәсіпорынның лауазымды адамдармен жалған келісім шарт жасасу;
өзінің ризашылығымен қол қойылған ретпен клиенттің тауарсыз төлем талаптары арқылы есепшотынан заңсыз шығынға жазу есебінен алаяқтық жолмен жымқыру, оның мәні төлемшінің талабы бойынша банкке түскен ақша ретімен төленеді, осы үш күнде төлемші төлеуден бас тартуға арыз беруге құқылы. Егер төлемшінің бас тартуы негізді болса, онда ешқандай даусыз бұрын жеткізіп берушінің есебінен шығарылып, төлемшіге қайтарылуы тиіс. Бұл ақшаны төлемшінің көрсетілген есепшотына қайтадан қайтару мүмкін емес, себебі ақша алушы өзінің банктегі есепшотын жауып, қысқа мерзімде өзін өзі таратып жібереді.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасының 24 қаңтар 2002 жылғы «Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуын бақылау туралы» №286-11 Заңы
2.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 962 жарлығы
3.Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті туралы статистикалық есептің 1998 жылдан 2005 жылға дейінгі мәліметтері
4.1997 жылы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1777 қаулысы
5.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1129 қаулысы
6.4 шілде 2002 жылғы № 336-11 «Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы органдары туралы» ҚР Заңы
7.1998 жылы 20 ақпандағы «Аудиторлық қызмет туралы» №304-1 Заңы 8.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1246 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ішкі бақылау жүргізу Ережесі
9.Қазақстан Республикасы Президентінің 21 желтоқсан 1995 жылғы «Қазақстан Республикасы Прокуратурасы туралы» Жарлығы
10.Қазақстан Республикасы Президентінің 20 желтоқсан 1995 жылғы «Қазақстан Республикасындағы соттар мен соттардың статусы туралы» заңдық күші бар Жарлығы
11.Қазақстан Республикасы Президентінің 31 тамыз 1995 жылғы «Қазақстан Республикасындағы Банк және банк қызметі туралы» № 2444 заңдық күші бар Жарлығы
7-дәріс. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік және жазалау мәселелері
Заң әдебиеттерінде қылмыстық жауапкершілік ұғымы мен мағынасы бірмәнді анықталмайды, ол бірқатар мәселелердің әртүрлі шешімімен астасып жатады. Жекелеп алғанда, қылмыстық жауапкершілікті іске асырудың басталуы мен аяқталу сәттерін анықтау жөнінде «Жауапкершілікті саяси, әлеуметтік заң тұрғысынан дұрыс түсіну маңызды, оның мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың тапсырылған іс үшін жауапкершілігін көтерудегі жеке адам құқығы мәселесін ғылыми тұрғыдан жасау үшін зор маңызы бар» деген М.С.Строговичтің тұжырымымен келісуге болады.
Қылмыстық жауапкершіліктің ең көп тараған анықтамасы қылмыс жасаған адамның міндеті ретінде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларына төзу.
Бұл анықтама қате болып көрінеді. Қылмысы үшін сотталған адамның құқықтық міндеті, міндетті адамның еркінен тыс, мәжбүрлеу формасында орындалады. «Осыдан келіп, - деп жазады С.Н.Братусь, - жауапкершілік – бұл құқық бұзушылықтан келіп шығатын зардаптарға шыдау міндеті емес, қайта олардың өзінің мәжбүрлеу жағдайына шыдауы, төзуі».
Сол сияқты Н.И. Загородников та осы пікірді ұстанады. Ол: «Қылмыстық жауапкершілік – бұл қылмыстық-құқықтық норманы шынайы қолдану, арнайы мемлекеттік орган – соттың қауіпті іс-әрекет жасаған адамның тәртібіне және оған мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдануға теріс баға берілуі. Қылмыстық жауапкершілікке мерзім ішінде, сотталған адам қылмыстық жауапкершілігін алып жүруді жалғастырады», -деп жазды. Жауапкершілік – бұл міндеттің мәжбүрлеу арқылы орындалуы. Міндет орындалуы да немесе орындалмауы да мүмкін. Ал жауапкершілік басталған кезде, яғни мәжбүрлеу аппараты іске кіріскен кезде, жауапты адамға таңдау жоқ, оның енді міндетті іске асыру мазмұнын құрайтын іс-әрекеттерді орындамауға шарасы жоқ.
Бірқатар заңгерлер, қылмыстық жауапкершілік қылмыс жасаған сәттен пайда болады деп есептейді. Бұл ұстаным да (позиция) қате болып саналады. Айталық, кісі мәйіті табылды, ал кісі өлтіруші белгісіз. Кісі өлтірудің қандай түрі екені де белгісіз. Қылмыскер табылмады, қандай қылмыс жасалды түсініксіз. Қандай қылмыстық жауапкершілік туралы сөз болуы мүмкін?
Қылмыстық жауапкершіліктің басталуы туралы басқа да пікірлер кездеседі: қылмыстық іс қозғаған сәттен адамды қылмыстық іске тарту сәтінен бастап, т.б.
О.Э.Лейст айыптық, жазалаушылық жауапкершіліктің бес сатысы бар деп есептейді:
белгілі адамды нақты қылмыс немесе қателік жасағаны үшін кінәлау;
құқық бұзушылық іс жағдайын зерттеу;
санкция қолдану немесе қолданбай-ақ оған жазалаудың нақты шарасын, мәселен сөгіс беру шегін таңдау туралы шешім қабылдау;
құқық бұзушыға тағайындалған сөгіс немесе жазаны орындау;
қылмыстық заңдағы (құқықтағы) жазалау жағдайын немесе әкімшілік және еңбек заңдарында сөгістің болуы.
Профессор Е.И.Қайыржановтың анықтамасы бойынша «қылмыстық
жауапкершілік – бұл қылмыс жасау фактісі тудырған кінәлі адамның міндеті, ол жасаған іс-әрекетіне өзінше есеп беруі, сот өндірісінің процессуалдық тәртібінен шығатын құқық шектеуге ұшырауы, сот алдына барып, сотталуға тап болуы, тиісті жазасын өтеуі».
Қылмыстық жауапкершілік туралы соңғы мәселені, заңды күшіне енген, үкім анықтайды.
Айтылғандарды қорытындылай келе, қылмыстық жауапкершілікті, қылмыс жасаған адам үшін, сот шешімінен шығатын салдарлар мен сот фактілерінен көрінетін немесе сотталу кезінде пайда болатын заңмен қарастырылған көлеңкелі жағдайлар ретінде анықтау қажет.
Бірқатар заңгерлердің пікірі бойынша, қылмыстық жауапкершіліктің мазмұны мынадай: «оның пайда болған қоғамдық қарым-қатынастары бір ғана нормалар емес, керісінше, қылмыстық, қылмысты-процессуалдық, түзелу-еңбек құқығы тәрізді құқықтық бірнеше салаларымен реттеледі». Бұдан шығатын қорытынды: қылмыстық жауапкершілікті жүзеге асыру, оның мазмұны қылмыстық және қылмыстық-түзеу құқығымен анықталатыны айқын.
Қылмыстық жауапкершілікті негіздеу, тұрақтандыру мәселесі қылмыспен күрестегі заңды қамтамасыз етудің, бір жағынан азамат құқығын, ал екінші жағынан мемлекет мүддесін сақтаудың негізі болып табылады. Бұл мәселенің айқын заңды шешімі мемлекеттің қылмыстық –құқықтық саясатына сәйкес азаматтардың құқықтық санасын қалыптастыру үшін алғышарт қызметін атқарады.
Осы айтылғандарды қорытындыласақ, қылмыстық жауапкершілікті, қылмыс жасаған адамға осы үшін анықталған процессуалдық тәртіппен сот тағайындаған, заңмен қырыстырылған көлеңкелі зардаптар деп анықтауға болады.
Қылмыстық жауапкершілік – құқық зардабы, қылмыс жасаған адамға қылмыстық құқық нормаларын қолдану нәтижесі. Көрсетілген зардаптар (салдар) қылмыс жасауға кінәлі адамның мемлекет атынан сотталғандығының өзін көрсетеді.
Қылмыстық жауапкершілікті өзінің өзгешелігі бойынша кінәлі адамның заңсыз әрекетін мойындауымен ілесетін мемлекеттік мәжбүрлеу деп қорытындылады.
16 шілде 1997 жылы қабылданған 1 қаңтар 1998 жылдан күшіне енген ҚР жаңа қылмыстық Кодексі қоғам өмірінің көптеген мәселелеріне жаңаша қараудың қажеттілігіне байланысты, соның ішінде шаруашылықта қалыптаса бастаған нарықтық жүйеге, экономикалық қызметтің қатысушыларының заңды мүдделеріне байланысты пайда болды.
Бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу объектісі. Қылмыс ретінде бухгалтерлік есеп ережелерін бұзудың табиғатын ашу үшін, оның әлеуметтік қауіптілігінің түрі мен деңгейін анықтау үшін бұл қылмыстың объектісін орнатудың белгілі маңыздылығы бар.
Қылмыстық құқық теориясына сәйкес қылмыс объектісі қоғам мүшелерінің басым көпшілігінің мүдделері белгіленген, қоғамдық қатынастар болып табылады.
Объект, оның мазмұнын, қоғамдық қауіптілігінің түрі мен деңгейін көрсететін әрбір қылмыстық әрекеттердің бөлінбейтін элементі болып табылады.
1997 жылғы ҚР Қылмыстық Кодексіне сәйкес қылмыс объектісінің төрт түрін бөліп алуға болады: 1) жалпы, 2) тектік, 3) түрлілік, 4) тікелей.
Қылмыстың жалпы объектісі. Бұл қазіргі қылмыстық заңмен қорғалатын, қоғамдық қатынастардың барлығының жиынтығы.
Қылмыстың түр-түрлі объектісі. Бұл экономикалық сферадағы өндіру, бөлу, айырбастау және материалдық игіліктер мен қызметтерді тұтыну бойынша жинақтайтын, өзара байланысты қоғамдық қатынастардың біртекті тобы.
Қылмыстың тікелей объектісі. Бұл бір немесе бірнеше қылмыстарды
тікелей біріктіретін қоғамдық қатынастардың бөлігі.
Бұл классификация нақты қылмыстық озбырлықтың бағыттылығын орнықтыруға мүмкіндік береді, яғни қоғамдық қауіпті әрекет қоғамдық қатынастың қайсысына қарсы бағытталған және қандай қоғамдық қатынасқа зиян келтіреді. Бухгалтерлік есеп ережелерін бұзуға байланысты қылмыстардың маңызды белгілерін ұғыну үшін ең алдымен оның тектік және тікелей объектілерін қандай қоғамдық қатынастар құрайтындығын анықтау қажет.
Жаңа қылмыстық заңдарға сәйкес қарастырылып отырған қылмыс экономикалық қызмет сферасындағы қылмыстардың категориясына енгізілген. Экономикалық жүйенің қазіргі ұғымы өзіне қоғамдағы мүліктік қатынастар мен ұйымдасқан формалар әрекеттері негізінде өтіп жатқан қоғамдық процесстер жиынтығын енгізеді. Экономикалық жүйенің қоғамдағы орныққан ресурстар мен шаруашылық қызметінің меншіктік формасында тірек болатын әлеуметтік-экономикалық қатынастар, шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы нақты экономикалық байланыстар.
Сондықтан экономикалық қызмет сферасындағы қылмыстарды қоғамның экономикалық жүйесі негізінде зардабын тигізетін қоғамдық қауіпті әрекет деп түсіну керек дегенді сеніммен айтуға болады. Осыдан келіп, бухгалтерлік есеп ережелерін бұзудың тектік объектісін экономикалық қызмет процесінде қалыптасатын қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар жүйесі болып табылатындығы шығады.
Бухгалтерлік есеп ережелерін бұзудың, басқа да экономикалық сферадағы жасалған қылмыстық қол сұғушылықтан айырмашылығын, олардың тікелей қылмыстардың объектісін анықтау арқылы табуға болады. Алайда қарастырылған қылмыстардың тікелей объектісі негізін анықтауға, қаржылық жүйедегі осы формада орын алған қоғамдық қатынастардың бүкіл жиынтығын алуға болмайды.
Маңызды экономикалық институтардың бірі ретінде, қаржыны, жалпы қоғамдық өнімнің бағасы мен ұлттық байлықтың бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің, оларды өндірісті ұлғайтуға, жұмысшыларды материалдық жағынан ынталандыруға, әлеуметтік және басқа қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын, ақшалай кірістері мен қорының қалыптасуына байланысты ақша қатынастары деп түсініледі.
Шаруашылық қатынастардың бір бөлімі бола отырып, қаржы экономикалық базиске енеді. Мемлекет қаржының өз функциясын жүзеге асыру емес, оның құрамынан әрқайсысы арнайы функция атқаратын жекелеген айрықша звеноларға бөлінеді.
Қылмыс объектілерінің кеңейтілген заңды тізімі ҚР қылмыстық кодексінің 2 бабында беріледі. Бұл адам мен азаматтың құқығы, бостандығы және заңды мүддесі, меншігі, ұйымдардың құқығы мен заңды мүдесі, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, қоршаған орта, конституциялық құрылым, Қазақстан Республикасының территориялық тұтастығы, адамзаттың бейбітшілігі мен қауіпсіздігі.
Мүдде ұғымы тұрғысынан қылмыс объектісінің анықтамасын біз профессор Е.І.Қайыржановтың еңбектерінен танимыз. Қылмыстық құқық жөніндегі қылмыстың объектісі халық мүддесіне ғана сәйкес келетін қоғамдық қатынастар болып табылады. Мүдделер – қоғамдық мүдделердің нақты көрінісі, айқындалуы.
Қылмыс объектісі позициясынан, бухгалтерлік есеп ережесін бұзудың қылмыстық жауапкершілігін қарастырған нормалар енген 1998 жылғы ҚР Қылмыстық Кодексінің жетінші тарауы айрықша назар аударуға тұрады.
Қазақстан Республикасы заңдарында осындай қылмыстық әрекеттер өз алдына бөлек құрам болып алғаш рет бөлініп шықты және бұл жағдай өзінен өзі маңызды мәнге ие болуда. Отандық қаржы сферасында, кездейсоқ кең етек жайған ҚР Қылмыстық Кодексі баптарының қажеттілігі, кірістер мен салықты төлемеушілікке себепкер болатын бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу тәжірибесінен нөмірі бірінші мәселе ретінде әділ бағаланатын түрлі пайдакүнемдік пен ұрлықтан, т.б. оларға қарсы күреске байланысты туған.
Экономикалық қылмыс ұғымын анықтай келе, А.М.Медведев былай деп көрсетеді: «Экономикалық қылмыс экономикаға, құқыққа, бостандыққа, экономикалық қатынасқа қатысушылардың мұқтажы мен мүддесіне зиянын тигізеді, экономикалық (шаруашылық) механизмнің қалыпты жұмыс жасауын бұзады, бұл әлеуметтік құндылықтар мен игіліктерге материалдық залал келтіреді».
Талданып отырған қылмыс объектісі – бұл қылмыстық заңмен қорғалатын, өзара бірімен бірінің мәнді ұқсастығы бар, сол сияқты белгілі бір айырмашылығы бар қоғамдық қатынастардың күрделі, құрамдас кешені.
Аталап өтілгендей, сол немесе басқа қоғамдық қатынастарды экономикалық қылмыс объектісінде анықтайтын өзекті, негізгі критерийлері (белгілері) меншік, яғни сол немесе басқа мүліктерді иелену, пайдалану және билеу жөніндегі қоғамдық қатынастар болып табылады. Біздің ойымызша, экономикалық қылмыс объектісінен және меншілктілік, онымен тығыз байланысты әрекеттер жатады, себебі, олар меншік құқығын, меншікті иелену, беру тәртібін анықтайтындықтан туындаған қоғамдық қатынастар.
Сонымен, ҚР Қылмыстық Кодексінің 218 бабы бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзу объектісіне қазіргі қолданыстағы бухгалтерлік есеп жүргізудің бірыңғай тәртібі жатады.
Сондықтан осы қылмыс объектісі бойынша ҚР-ның «Бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу туралы» реттелетін қоғамдық қатынастар қамтылады. Себебі, ол шаруашылық қызмет туралы дәл анық және дер кезінде ақпарат алу мақсатындағы есеп процесін реттеудің элементтері мен шарттарының жүйесі ретінде құрылған бухгалтерлік есепті ұйымдастыру деп түсінеді. Бұл жүйеге енетіндер:
Орындаушылар арасында бүкіл жұмыс кешенін бөліп беру құрылымын анықтайтын есепті ұйымдастыру формасы;
Есеп жүйесінің негізгі элементтерінің өзара іс-әрекетін қамтамасыз етуге көмегін тигізетін бухгалтерлік есептің техникалық тәсілдерінің ережелері жиынтығы;
Үнемі айналымда болатын есептеу және есептеуден тыс ақпараттар ағымын өңдеу;
Орталықтандырылған тәртіп және заңмен реттеу жолымен есеп процесінің қызметіне бақылау жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |