Ж) Бухгалтерлік есепті жүргізу бұзушылықты алдын ала сақтандыру жөніндегі Қазақстан Республикасы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің рөлі (қаржы полициясы)
22 қаңтар 2001 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің № 536 «Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы Агенттігі құрылып, оған қысқартылған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық полициясы комитетінің мүліктер мен істерді басқару жөніндегі қызметі мен өкілеттігі берілді.
4 шілде 2002 жылғы № 336-11 «Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы органдары туралы» ҚР Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 1557 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі /қаржы полициясы/ туралы Ережеге» сәйкес, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі /қаржы полициясы/ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін , экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында басшылықты, сондай –ақ заңнамада көзделген шектерде экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу мен тергеу бойынша салааралық үйлестіруді әрі өзге де арнайы атқарушы және рұқсат беруші функцияларды жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Қазақстан Республикасының қаржы полициясының органдары мен мекемелерінде қызмет өткерудің тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 наурыздағы № 365 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы Ереже» арқылы реттеледі.
«Қаржы полициясы органдары туралы» Заңының 2 бабына сәйкес оларға төрт бағыттағы негізгі міндеттер жүктелген, олар:
Өкілеттігі шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, қоғам мен мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету;
Экономикалық қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу;
Экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес ісінде мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
Қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Қаржы полициясының органдары өздерінің алға қойған міндеттеріне сәйкес, өз өкілеттігі шегіндеі:
1)жасалған немесе жасалуға әзірленіп жатқан қылмыстар туралы мәлімдемелер мен хабарларды қабылдауға, тіркеуге және қарауға, қылмыстардың жолын кесу, оларды ашу, қылмыс жасаған адамдарды ұстау және қоғамға қауіпті салдарына жол бермеу жөнінде дер кезінде шаралар қолдануға;
2)Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдарындарында көзделген тәртіппен анықтау мен алдын ала тексеруді жүзеге асыруға;
3)әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға және жолын кесуге;
4)жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру, қылмыстық процесте пайдалану үшін олардың нәтежиелерін тіркеп қою арқылы қылмыстарды анықтауды, алдын алуды, жолын кесуді және ашуды қамтамасыз етуге, өзінің іс жүргізуіндегі қылмыстық істер бойынша жедел іздестіру шараларын жүргізу туралы тергеушінің жазба тапсырмалары мен прокурордың нұсқауларын, сондай-ақ соттың қаулыларын орындауға;
5)мыналарды:
қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істер бойынша адамдарды;
жүрген жері белгісіз болған кезде соттың қаулысы бойынша мемлекет мүддесіне орай талап қоюлар бойынша жауапкерлерді іздестіруді жүзеге асыруға;
6)экономикалық құқық бұзушылықтар келтірген мүліктік зиянның өтелуін қамтамасыз ету үшін шаралар қолдануға;
7)экономикалық,қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға және жолын кесуге;
8)қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау жөнінде заң актілерінде көзделген шараларды қолдануға;
9)мемлекеттіке және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды,сондай-ақ жүктелген міндеттерді атқару кезінде алынған басқа да ақпаратты сақтауға міндетті.
Қызметкерлері азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған жағдайда қаржы полициясының органдары бұзылған құқықты қалпына келтіруге, келтірілген залалды өтеуге, кіналы адамдарды жауапқа тартуды қамтамасыз етуге міндетті.
Қаржы полициясының органдары өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін өз өкілеттіктері шегінде және заңда белгіленген тәртіппен:
1)жалпы және арнайы жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыруға;
2)іс жүргізуде жатқан материалдар мен қылмыстық істер бойынша құжаттарға, материалдарға, статистикалық деректерге және өзге мәліметтерге қол жеикізуге, сондай-ақ ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарынан, жеке тұлғалардан оларды беркге талап етуге, олардың көшірмелерін түсіркге, түсініктемелер алуға;
3)іс жүргізуде жатқан қылмыстық істер бойынша шақыру бойынша келуден жалтарып жүрген адамдарды күштеп әкелуге;
4)Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдарына және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлікті алып қоюға немесе арасынан алуды жүргізуге;
5)Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен тиісті уақытша ұстау изоляторын, тергеу изоляторларын пайдалануға;
6)ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды күзетпен алып жүруге;
7)қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарымен, халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас жасауға;
8)әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді хаттамаға түсіру және қарау,әкімшілік ұстауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген басқа да шараларды колдануға;
9)Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда уәкілетті органдардан және лауазымды адамдардан ревизиялар, тексерістер, аудит және баға беру ісін жүргізуді талап етуге;
10)Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қаржы полициясы органдарына жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпарат жүйелерін құру және пайдалану, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша алдын ала тергеу, анықтау, іс жүргізу барысында зерттеулер ұйымдастыруға;
11)Қазақстан Республткасының заңдарында белгіленген тәртіппен ғылыми-зерттеу, оқыту, баспа құызметін жүзеге асыруға;
12)жеке және заңды тұлғаларға қылмыстар және өзге де құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуға міндетті нұсқамалар мен ұсынымдар беруге құқылы.
Қаржы полициясы органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қару, оқ-дәрі, арнайы құралдар сақтауға, алып жүруге және қолдануға, сондай-ақ қажет кезінде білек күшін, соның ішінде күрестің жауынгерлік тәсілдерін де қолдануға құқығы бар.
Сонымен, қаржы полициясының органдарының профилактикалық
шараларын жүзеге асырудағы процессуалдық формасы – қылмыс пен құқық бұзушылық жасаудың себептері мен шарттарын жоюға арналған тапсырмалар мен ұсыныстар болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы органдарының тәжірибесінде талдап көрсеткендей, тапсырмалар мен ұсыныстардың саны соңғы алты жылда жылдан жылға көбейе түскен. Өкінішке орай, біздің талдауымыз көрсеткендей, бұл істе белгілі бір кемшіліктер де бар. Олар, біріншіден, әртүрлі құқық бұзушылықты, оның ішінде бухгалтерлік есеп ережелерін бұзуды тудыратын криминогендік жағдайлар терең әрі жан-жақты талданбауында жатыр.
Екіншіден, бұл кемшіліктер тапсырма мен ұсыныстарды орындауға міндеттелген адамдар өз жауапкершілігінде алдағы уақытта тәртіп бұзушылықты болдырмау шараларын, алдын ала сақтандыру шараларын көрсетпейтіндігіне, кейде тіпті жауаптан қашатындығына байланысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің 23 желтоқсан 2003 жылғы «Қазақстан Республикасының мемлекетік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» № 1255 Жарлығымен Қаржы полициясы Агенттігі Қазақстан Республикасы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі (қаржы полициясы) болып қайта құрылды. Оған қосымша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау және тергеу қызметі мен өкілеттігі берілді, бұл құқық қорғау органдарының арасында бірінің қызметін бірі қайталауды жоюға мүмкіндік жасады.
Қайта ұйымдастырылған Агенттікке экономиканың ілгері дамуына, Қазақстанда құқықтық мемлекет орнатуға кедергі келтіріп қылмыс көрсетілген түрлерін анықтау мен тергеу қызметі өкілеттігін жүктеу, экономика арасындағы құқық қорғау қызметін топтау (шоғырландыру) қажеттігімен түсіндіріледі.
Экономика саласындағы тіркелген қылмыстың саны, маңыздылығы қылмыстар есебінен 20%-ке төмендеді. Соған қарамастан салмақты экономикалық маңызды қылмыстар 2003 жылы 27%-тен 32 %-ке дейін өсті. Анықталған экономикалық зиян 48 млрд теңге құрады, бұл 2002 жылғы осындай көрсеткіштен 2 есеге жоғары 2003 жылдың қорытындысы бойынша қылмыстық істердің саны тергеу мерзімінің бұзылуынан 2002 жылғы 845-тен, 2003 жылы 726-ға дейін төмендеді. Қайта тергеуге жіберілген қылмыстық іс 9 %-ға (498 ден 453 ке дейін) аз, қылмыстық іс қозғау мен қаулылардың прокурордан қайтарылуы 32 %-ке (466-дан 312-ге дейін) қысқарған. Ірі көлемдегі заңсыз кәсіпкерлік және жалған кәсіпкерлік жөніндегі сотқа жолданған қылмыстық істер 2-есеге жуық, алдын ала банкроттық жөнінде 4 есе, кредиторлық қарызын өтеуден қасақана жалтару жөнінде 50 %-ға , экономикалық контрабанда жөнінде – 25 %-ға , ірі көлемдегі алдау жөнінде 42 %-ға өскен. Шетелдік валюта жөніндегі іс сотқа бірінші рет жолданған. Сол тәрізді бірінші рет компьютерлік ақпаратқа жалған қол жеткізуге байланысты қылмыс ашылған.
Экономика саласындағы анықталған қылмыстың жалпы санының үштен бір ғана қылмыстық іс қозғау тенденциясы байқалады. Кейінірек тергеу аяқталып, айыптау қорытындысымен осы санның үштен бірі сотқа жолданды. Мүлікті конфискациялау, белгілі бір лауазымды белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру тәрізді жазаның қосымша шаралары сирек қолданылатын болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігін / қаржы полициясы / қайта ұйымдастыру туралы» 2005 жылғы 25 ақпандағы № 1521 жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі / қаржы полициясы/ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынышты және есеп беретін мемлекеттік орган болып қайта құрылды.
З) Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесін бұзушылықты алдын ала сақтандыру жөніндегі аудиторлық бақылаудың рөлі
Нарықтық қатынас құрылуына байланысты салыстырмалы түрде аудиторлық қызмет ету ісінен қалыптасқан аудит және аудиторлық қызмет түрлі кәсіптердің бірі ретінде бухгалтерлік (оның ішінде қаржылық) және статистикалық есеп беруді, төлем – есеп құжаттарды, салық декларациясын, тағы да басқа қаржылық міндеттемелер мен шаруашылық іс жүргізетін субъектілердің сұраныстарын тәуелсіз, ведомостан тыс тексеруді жүзеге асыру жөніндегі аудитор мамандардың қызметі ретінде түсініледі.
Қазақстан Республикасында аудиторлық қызмет нормативті түрде мемлекет атынан реттелген. 1998 жылы 20 ақпандағы «Аудиторлық қызмет туралы» №304-1 Заңына сәйкес шаруашылық жүргізушілер мен аудиторлық қызметтің негізгі мақсаты Қазақстан республикасында күші бар нормативтік актілерге олардың қаржы және шаруашылық операциясын сәйкестікке келтіру.
Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар өз қызметінің бағыты бойынша қаржылық есептілік аудитінен басқа:
бухгалтерлік есепті ұйымдарстыру, қалпына келтіру және жүргізу, қаржылық және статистикалық есептіліктер жасау;
салықтық жоспарлау, бюджетке төленетін міндетті төлемдерді, салық декларациясын толтыру;
қаржы-шаруашылық қызметті талдау;
қаржы, салық, банк және өзге де шаруашылық заңдары мәселелері бойынша консультация беру және ақпараттық қызмет көрсету;
қосымша кәсіби білім ретінде бухгалтерлік есепке, аудитке және қаржы-шаруашылық қызметке талдау жасауға оқыту;
оқытушылық, ғылыми қызмет;
бухгалтерлік есепті автоматтандыру жөнінде ұсынымдар жасау, автоматтандырылған есеп жүргізуді оқыту;
бухгалтерлік есеп, салық салу, шаруашылық құқық бойынша ғылыми талдама жасау, әдістемелік құралдар мен ұсынымдар шығару;
бизнесті бағалау;
бағалау қызметі;
бағалы қағаздар рыногындағы қызмет;
адвокаттық қызметпен байланысты емес заң қызметтерін көрсету жөнінде қызметтер көрсете алады.
Бухгалтерлік есеп аудитпен бірлескенде ғана олардың өндірістік және қаржылық қызметіне дәл, анық және мәнді баға беруі мүмкін. Бұл саладағы қазіргі маман өндіріс пен басқару технологиясын терең білуі, экономист әрі қаржыгер болуы, құқық пен салық салу мәселелерін жеткілікті, терең талдай білуі қажет.
Аудиторлық қызмет мамандандырылған бухгалтерлік қызметі жоқ кәсіпорындар үшін айрықша маңызды. Олар аудиторлық ұйымға арнайы келісім-шартқа отырып, ұйымның бухгалтерлік есепке алу мен есеп беру ісін жаңадан қалпына келтіруді тапсырады.
Аудиторлық ұйымдар тәуелсіз және кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін кәсіпорынның тапсырысы бойынша шаруашылық есебі негізінде жүргізуі мүмкін.
Аудиторлық ұйымдар кәсіпорынның не ұйымның қаржы- шаруашылық қызметін тексергенде бухгалтерлік есепке алу мен есеп берудің тек қана ереже бұзушылық түрлерін анықтап қоймай, оның бұзылуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды көрсетіп береді. Оның үстіне бұндай кемшіліктерден алдын ала сақтандырудың негізгі тәсілдері мен әдістерін ұсынады.
Қазақстан Республикасының Заңдары (әкімшілік және қылмыстық) аудиторлық ұйымдар қызметінің объективтілігіне жоғары талап қояды. Атап айтқанда, 30 қаңтар 2001 жылғы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 183 бабы «Аудитордың немесе өзге адамның Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының бұзылу фактісін аудит жүргізуге тапсырыс берушілерден жасыруы»бойынша бухгалтерлік есеп жөнінде ақпаратты алуға толық мүмкіндігі бар аудитор не басқа адам тапсырыс берушінің бухгалтерлік есеп жүргізуі мен қаржылық есеп беруінің белгіленген талаптары мен заңдылықтарына сәйкестігін, аудит орталық жүргізу барысында анықталған тәртіп бұзу фактілерін анықтап, оны жасыратын болса, оған елуден жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде айыппұл салынып, аудиторлық біліктілік куәлігінен айырады.
Ал аудиторлық ұйымдар үшін бұл айып пұл жоғарыда көрсетілгендей қызмет үшін екі жүз елу айлық есептік көрсеткішке дейін өседі.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 184 бабы «Аудиторлық ұйымның көрінеу дұрыс емес аудиторлық есепті жасауы»-аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыра отырып не онсыз аудиторлық ұйымға айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соқтырады яғни аудитор және аудиторлық ұйымның жалған есеп беруі жөніндегі жауапкершілігі қарастырылады, ал осы Кодекстің 186 бабы «Міндетті аудит өткізуден жалтару» немесе міндетті аудит жүргізуден бас тарту не оны өткізуге кедергі келтіру туралы әкімшілік жауапкершілік деңгейі анықталады (ұйым басшыларына, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма , ал ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соқтырады).
Қазақстан Республикасы Заңымен өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке аудиторлардың қылмыстық жауапкершілігі көрсетілген (ҚР ҚК 229 бап «Жекеше нотариустардың және аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудиторлардың өкілеттіктерді теріс пайдалануы»). Аталған баптың бірінші тармақшасы бойынша, жекеше аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитордың немесе аудиторлық ұйым жетекшісінің өз өкілеттіктерін өз қызметінің міндеттеріне қайшы және өзі немесе басқа адамдар, немесе ұйымдар үшін пайда табу және артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында пайдалануы,егер бұл әрекет адамдардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірсе- бес жүзден сегіз жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан скгіз айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейін мерзімге қоғамдық жұмысқа тартуға, не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, ал екінші тармақшасы бойынша, көпе-көрінеу кәмелетке толмаған немесе әрекет қабілеті жоқ адамға қатысты не бірнеше рет жасалған дәл сол әрекет-жеті жүзден бір мың айлық көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның жеті айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не төрт айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бірқатар толық емес мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасында аудиторлық ұйымдар пайда болғаннан кейін бергі уақыт ішінде аудиторлық тексерулердің жалпы саны 2000-ға жетті, ал соның ішіндегі бухгалтерлік есеп ережелерін бұзушылық ісі 1600-ден асты.
Аудиторлық тексерудің қорытынды этапы аудиторлық қорытынды және клиентті қабылдау-өткізу актісін жасау.
Қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі арқылы аудиттің 36 халықаралық стандарты қабылданды және бекітілді.
И) Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзушылықты алдын ала сақтандыру жөніндегі ішкі бақылаудың рөлі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1246 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында ішкі бақылау жүргізу Ережесінің» 1-ші тарауы 2-ші тармағы бойынша / Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004ж., №47, 588-құжат/ Қазақстан Республикасында ішкі бақылауды ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган және ішкі бақылау қызметтері жүзеге асырады және мемлекеттік қаржы бақылау объектілерінің қаржылық есептілікті жасау және беру сенімділігі, бухгалтерлік есеп жүргізу, республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын, мемлекеттің активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттік мекемелердің олардың иелігінде қалған тауарларды / жұмыстарды, қызметтерді /, гранттарды іске асыруынан алынатын ақшаны пайдалану негізділігі мен тиімділігі бөлігінде заңнама талаптарын сақтауын тексеру мақсатында жүргізіледі.
Кәсіпорын немесе ведомство құрылған сәттен бастап, жалпы оның қызметін бақылауды, әсіресе, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды, ең алдымен басшылардың өздері жүзеге асырады. Әрбір басшы өзінің дәрежесіне қарамастан арнайы оған ешкім тапсырмаса да, бақылауды өзінің лауазымдық міндетінің ажырамас бөлігі ретінде жүзеге асыруы қажет.
Лауазымды адам белгілі бір жұмыс орындауды, операцияны жасауды, материалдық және ақшалай қаражатты жұмсауды шеше отырып, мүлік пен қаржылай қаражаттың сақталуын қамтамасыз ете отырып, осы қызмет барысындағы шаруашылық операцияның заңдылығына, мақсатқа сәйкестілігіне және шынайылығына алдын ала бақылауды жүзеге асыруы қажет.
Ішкі бақылау формаларының бірі бухгалтерлік есеп болып табылады. 1995 жылдың 26 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» №2732 Заңымен Қазақстан Республикасы территориясындағы оның ведомстволық бағыныштылығына және меншік формасына қарамастан заңды тұлғалар болып табылатын кәсіпорындар үшін бухгалтерлік есепті жүргізудің және бухгалтерлік есеп берудің бірыңғай методологиялық негізі орнатылған.
Кәсіпорындар өзінің мүлкіне, барлық материалдық және қаржылық ресурстарына есеп жүргізуге және шаруашылық операциялардың нақты өлшемдер негізінде, ақша түрінде, құжаттық және өзара қарым-қатынас жолымен айқын көрсетуге міндетті. Ал бухгалтерлік есептің басты міндеттерінің бірі мүліктің түгел болуын, нақтылығын, нормативтермен, сметалармен бекітілуіне сәйкес пайдаланылуын, сонымен қатар қаржы-шаруашылық қызметтегі көлеңкелі құбылыстарды дер кезінде алдын ала сақтандыруды, ішкі шаруашылық резервтерді анықтау және оны жұмылдыру істерін қадағалау болып табылады.
Сол сияқты кәсіпорын қызметіне ішкі бақылауды Ревизиялық комиссия деп аталатындар да жүзеге асырды. Ал егер де кәсіпорын Уставында немесе кәсіпорын туралы ережеде кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне кәсіпорынның қызметкерлері арасында кім, қалай және қандай мерзімде ағымдағы және кезектен тыс тексеру жүргізетіндігі аталып көрсетілуі қажет. Кәсіпорынның (ведомствоның) Ревизиялық комиссиясының аса маңызды міндеті ресурстарды мақсатты және тиімді пайдалануды, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етуді, материалдық шығынды орнына келтіруді, тұтастай алғанда қаржы заңдылығының сақталуын бақылауды, сонымен қатар бухгалтерлік есеп жағдайын, шаруашылық операцияларға құжатты дұрыс және мерзімді толтырылуын, қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есеп берудің шынайылығы мен дәлдігін бақылау болып табылады.
Тексеру комиссиясының мүшелері ведомство немесе кәсіпорынның кез келген лауазымды адамынан барлық қажетті құжаттарды оның ішінде әртүрлі қаржы-шаруашылық операциялар туралы және олардың бухгалтерлік журналдарын, есеп тіркеулерін толтыруын, жауапты адамның жеке түсінігін талап етуге құқы бар.
Атап көрсетілгендей, біздің республика мен қоғамның қазіргі даму кезеңінде көптеген аудиторлық ұйымдар мен мекемелер қызмет атқарады және олар кез келген кәсіпорын немесе ведомствоның келісімі бойынша, сәйкесті шарттық міндеттемелер негізінде, олардың қаржы-шаруашылық қызметін, оның ішінде бухгалтерлік есепке алу мен есеп беру жағдайын анықтау жөнінде әртүрлі қызмет көрсетуі мүмкін.
Алайда кез келген басқа бір ведомство не кәсіпорын аудиторлық қызметтің көмегін қажет етпесе, онда аудиторлық қызметтің шаруашылық іс жүргізуші субъектінің қаржы-шаруашылық қызметінің жағдайын, әсіресе бухгалтерлік есепке алу және есеп беру жағдайын анықтау жөніндегі функциясы ведомство мен кәсіпорынның тексеру комиссиясына жүктеледі. Өзінің тексеру қызметінің нәтижелері бойынша, жылдық бухгалтерлік есеп беру балансына сүйеніп, қаржы-шаруашылық қызметтің және бухгалтерлік есепке алу мен есеп берудің жағдайы жөнінде қорытынды жасайды.
К) Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзушылықты алдын ала сақтандыру жөніндегі Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының рөлі
Қазақстан Республикасы Прокуратурасы тікелей мемлекет басшысына бағынатын Үкімет мекемелері құрамына кірмейтін мемлекеттік органға жатады.
«Прокуратура » сөзі латынның «рrocura» «қамқорлық жасаймын, қамтамасыз етемін, сақтап қаламын, болдырмаймын» деген мағынаны білдіретін сөзден шыққан. Прокуратураның қызметі заңдық күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің 21 желтоқсан 1995 жылғы «Қазақстан Республикасы Прокуратурасы туралы» Жарлығы негізінде жүзеге асырылды.
Экономикалық және қаржы қызметі сферасындағы заңдылықтардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру арқылы 1998 жылы 25,5 мыңға жуық заңсыз құқықтық актілер алынып тасталды және өзгертілді, 28,5 мыңнан астам адам әртүрлі жауапкершілікке тартылды. Прокуратура қарсылығы бойынша жергілікті үкімет органдары мен басқармаларының 3861 актісі, 2,5 мыңнан астам бақылаушы органдар актісі алынып тасталды.
Біздің демократиялық негіздегі қоғамдық құрылыста құлқынның құлымен заңды белшнсінен басатындарды қадағалау,олардың қылмысының бетін қайтару жолдары қадағалау органдарымен үнемі бақылауға алынып отырады. Жалпы мемлекеттік қызмет сеніп тапсырылған кейбір лауазым иелерінің өз қызмет бабын асыра пайдаланып, мекеме қаражатын мақсатсыз жұмсауға жол беретіндігі қадағалау органдары жүргізген тексерулер кезінде анықталуда.
Мемлекет қазынасын толықтыратын салықты уақытында төлеп тұру әрбір жекешеленген кәсіпорын мен басқа да кәсіп иелерінің шартты міндеті болып саналса да, оны қалайда төлемей құтылудың құйтырқы жақтарын іздеушілер қатарының азаймай отырғандығы да прокуратура органдарымен өткізілген тексеру нәтежиесінде көрініп қалуда.
Сонымен қатар, соңғы кезеңдерде халыққа білім беру салаларында , мектеп басшылары арасында жең ұшынан жалғасып, көлденең пайда табу жолдакрын іздейтіндердің көбеюі бұл бағыттағы басқару буындардағы жауапкершілік пен бақылаудың төмендеп кеткендігінің бір айғағындай.
Сол себептен де білім беру орындарындағы мектеп басшылары тарапынан түрлі айла-шарғымен, жоқ адамдарды тізімге тіркеумен жалақы есептеу, мектепке жасалмаған жөндеу жұмыстарын жасалды деп, алынбаған құрал-жабдықтарды алынды деп, жалған құжаттар дайындау арқылы бюджет қаржысын қымқыру сияқты жемқорлық түрлерінің пайда болуы да байқалып отыр. Тіпті, қатардағы есепші қызметкерлерінің өзі құжаттардан айлаларын асырып, өзгелерден артық табыс табудың жолдарын қарастырып келген, яғни ұйымдасқан түрде бас есепші мен мекеме басшысының келісімімен, жалақы алатын қызметкерлердің тізімі мен деректеріне бірнеше тдүркін жалған мәліметтер келтіру арқылы өзінің және жоғарыда аталған басшыларының есеп шотына заңсыз айлық төлемдерді аударып, оны өздерінің қажетіне жаратып отырған.
Бұндай жолдармен жасалған заңсыздықтар ҚР Қылмыстық Кодексінің 176-бабы 3-бөлігі «б,г» тармақшаларымен айыпталып, іс қозғауға жіберіледі.
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзушылықты алдын ала сақтандыру саласындағы Прокуратура органдары қызметінің ең негізгісі - оларды бақылау.
Бұндай бақылауды (жоспарлы және жоспардан тыс) жүзеге асыру процесінде прокуратура органдары әртүрлі қаржы-шаруашылық операцияларды жүргізу тәртібінің бұзылуын, осы операцияларды жасау барысындағы бухгалтерлік есеп ережелерінің бұзылуын анықтайды және оның құрамында қылмыстық әрекет бар екендігін анықтаған жағдайда, оған кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде шешім қабылдайды.
Жалпы бақылаудың алдын ала сақтандыру қызметі әртүрлі деңгейде болады, соған қарамастан жүйелілік (бірізділік), өзара байланыстылық элементтерінің бір мақсатқа біріктірілу жүйесін құрайды.
Қылмыстылықтың жағдайын зерттеп, талдау арқылы оның себептерін анықтау, қорытындыларымен қылмыстылыққа қарсы және құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайтуға бағытталған нақты шаралар қабылдау- прокуратура органының басты міндеттерінің бірі.
Прокуратура органының қылмыстылыққа қарсы күрестегі құзыры «Құқыққорғау органдарының Үйлестіру Кеңесі туралы» Ережесінде бұрыннан белгіленген болса, ҚР Бас Прокурорының 2006 жылдың 4 қаңтарындағы №1 бұйрығымен бекітілген «Тергеу және анықтау заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы» Нұсқаулық талаптарында да ерекше орын алған.
Атап айтқанда, прокуратура органына қадағалау аймағындағы қылмыстылық жағдайын ай сайын зерттеу арқылы, қылмыстық санаттары мен түрлерінің өсу-кему динамикасын анықтай отырып, қорытындыларымен жергілікті жерлердегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға ұсыныстар білдіру жүктелген.
Сонымен қатар, қоғамға қауіптілігі жоғары сыбайлас жемқорлық, экономика саласындағы қылмыстарды анықтауда, тергеуде тиісті құқыққорғау органдарының қызметін қадағалау және жоғарыдағы көрсетілген санаттағы қылмыстардың сотқа жолдануын қамтамасыз етумен қатар, олардың жасалу себептерін анықтау, алдын алу шараларын белгілеу тапсырылған.
Прокуратура органдары қылмыс жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, оның ішінде кәсіпорын, ұйым және мекемелердің қаржы-шаруашылық саласындағы қызметті талдауы тиіс екенін атап өткен орынды. Осындай талдаулар мен қорытынды нәтижелер бойынша бұл органдар есеп беру мен есепке алу ережелерін бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды болдырмау жөнінде кәсіпорындар мен ведомстволар басшыларына арнайы тапсырмалар, ұсыныстар беруге құқылы.
Прокурор қылмысты алдын ала тергеу процесіне қатысады. ҚР Қылмыстық Кодексінің 218 бабы бойынша, егер оған негіз бар болса, күдіктіні қылмыс жасағаны үшін қамауға алуға санкция (рұқсат) береді.
Прокурор нақты қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу материалдарын тексеріп, ҚР ҚК-нің 218 бабына сәйкес өзінің келісімін береді және айыптау қорытындысын бекітеді, немесе айыптау қорытындысын сәйкесті негіздерге сүйене отырып бекітуден бас тартады, тергеушіге белгілі бір тергеу әрекетін жүргізу қажеттігі жөнінде қосымша нұсқаулар береді.
Достарыңызбен бөлісу: |