Лекция: 30 Лаборатория: 15 обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Барлық сағат саны: 135 Қорытынды бақылау: емтихан (40 балл)


Атмосфераның маңыздылығы.Атмосфераның маңыздылығы өте жоғары.Өйткені ол космос пен Жердің арасындағы байланыстырушы және Жердің барлық қабықтарымен гидросферамен,литосферамен,биосферамен тығыз байланы



бет4/5
Дата25.08.2017
өлшемі2,48 Mb.
#27790
түріЛекция
1   2   3   4   5

Атмосфераның маңыздылығы.Атмосфераның маңыздылығы өте жоғары.Өйткені ол космос пен Жердің арасындағы байланыстырушы және Жердің барлық қабықтарымен гидросферамен,литосферамен,биосферамен тығыз байланыста.


2. Биосфераның және литосферамен байланысы

Атмосфера Жердегі тірі организмдерді Күн радиациясының ультрофиолеттік сәулелерінен сақтайды. Атмосферада тасты-темірлі метеориттік ағындарға қалқан, Жер бетіндегі тірі организмдерге жылулық жағдай жасайды. Атмосферасыз жаңбыр, жел, дыбыс ешқандай метеорологиялық көріністер болмас еді. Атмосфераның құрамы Жердегі тірі организмдердің дамуына оң ықпалын тигізеді.

Атмосферамен Жер бетінің арасында жылулық және ылғал айналымы болады.Дүние жүзілік мұхиттар Жер бетіне ылғал шығарушы орган болып табылады.Сондай-ақ жердің жасыл өсімдіктері көмірқышқыл газын жұтып,оттегі шығарады,сондықтан оларды Жердің өкпесі деп атаймыз.Сондай-ақ литосферамен байланысы — Атмосфера Жер бедерін қалыптастырушы экзогендік фактор - температура, жел, жауын-шашындар т.б. болып табылады.

Атмосфера адамның шаруашылық іс-әрекеттеріне үлкен ықпал етеді, бірақ соңғы кезде адам атмосфераға ықпал ете бастады, әсіресе соңғы он жылдықта.Адам іс-әрекетінен атмосфералық диоксид көмірқышқыл газымен улануы және басқа газдармен улануы температураның көтерілуіне әсер етеді.Ормандардың жойылуы, оттегінің азаюына әкеп соғуда, Жер бетінің—жер жырту арқылы, мұхиттың ластануы осының бәрі атмосфераға және климатқа әсер етеді.Ең ірі ластаушы ядролық соғыс болуы мүмкін. Соның салдарынан атмосфераның шаң-тозаңмен ластанып, бірнеше күн ішінде, ондағанградус планетамыздың түпкір-түпкірінде төмендеп, суынып, бірнеше айға созылған суыну болып Жер бетіндегі тірі организм жойылып кетуі мүмкін.


Лекция №25

Тақырыбы:Биосфера жайлы түсінік

Жоспары:

1.Биосфера- қабаты, қасиеттері.

2. Дүние жүзілік мұхиттың биосферасы.

Лекцияның мақсаты:

Биосфера жайлы түсінікті, биосфера- қабаттарын, қасиеттерін, дүние жүзілік мұхиттың биосферасын қарастыру.


Лекция мәтіні:

1.Биосфера деген түсінік грекше” bios”- тіршілік, ” sfaira”-шар деген мағына береді,яғни Жер шарындағы тіршілік аймағы ретінде ғылымға енгізген австриялық геолог Зюсс болды. Ол 1875 жылы “географиялық қабық “ деген терминді ғылымға енгізгенімен биосфера туралы көп дерек бермеген,тек қана бұл қабықты “тіршілік қабығы ” деп. атаған.Ал биосфераны ғылымға толық енгізген орыс академигі В.И.Вернадский болды.Ол өзінің “Биосфера” деген еңбегінде биосфераны планетаның ең маңызды қабықтарының бірі деп қарастырып, биосфераның сандық көрсеткіштері аз болса да ,Жер бетіндегі барлық процес тер тіршілікке байланысты деп. атап көрсетті.

Биосфераның шекарасын анықтау. Биосфераның жоғарғы қабаты 25 км.де шоғырланған -“озон” қабатына дейін, ал биосфераның төменгі шекарасы литосфераны қамтыған.Төменгі шекарасын түрлі ғалымдар әр-түрлі пікір айтады. Кейбір ғалымдар бұл қабатының шекарасын бірнеше метр тереңдікке дейін деп. жорамалдаса, кейбір ғалымдар бірнеше жүздеген километрге дейін шоғырланған деген пікір айтады.Өйткені бұл тереңдікте кейбір тереңдіктегі бактериялар өмір середі.Биосфераға гидросфераның барлық аймақтары кіреді.

Тірі организмдер құрылысына, қызметтеріне, биологиялық айналымдағы роліне қарай бөлінеді.

Клеткасының құрылысына қарай организмдер 2 ірі топқа :прокатиоттар-ядросыз организмдар, эукариоттар-ядролы организмдер болып бөлінеді. Прокатиоттарға –бактериялар, көк-жасыл бактериялар жатады.

Эукариоттарға- басқа барлық организмдер: өсімдіктермен, саңырауқұлақтар, жануарлар жатады.

Функциясына қарай тірі организмдер екі топқа бөлінеді:автотрофты, гетеротрофты болып бөлінеді.

Автотрофты организмдер-күн сәулесінің әсерінен органикалық заттардан неорганикалық заттар туындататын-өсімдіктер жатады.

Гететотрофты организмдер- органикалық заттармен қоректенетін, жануарлар саңырауқұлақтар, көптеген бактериялар жатады.

Биологиялық айналым жасаудағы рөлі бойынша тірі организмдер –3 топқа бөлінеді:продуцент, консумент, редуцент болып бөлінеді.

Продуцент -өндірушілер,оларға өсімдіктер-автотрофтылар жатады.Бұлар биосфераға органикалық заттар шығарушылар болып табылады.

Консумент –тұтынушылар, продуценттер дайындаған органикалық заттармен қоректенетін организмдер.Консументтер 2 ге бөлінеді:өсімдіктермен қоректенетін бір інші түрі, осы алғашқы консументтермен қоректенетін паразит тер мен жыртқыштар.

Редуценттер –қалыптастырушылар, олар өлі неорганикалық заттарды жоятын биологиялық айналымның ең соңғы сатысын жүзеге асырушылар.Бұларға: бактериялар, барлық саңырауқұлақта, қарапайым жануарлар жатады.

Жер бетінде тірі организмдер ең алғаш ұсақ су қоймаларында пайда болды деген пікір бар.Олар жылы климаттың әсетінен пайда болған. Сол кезде жорамалдар бойынша күннің ультрафиолеттік сәулелерінен сақтайтындай қазіргідей озон қабаты болмаған.Бұл қабаттың міндетін атқарушы ол кехде су беттерінде цианобактериялар болған , осы бактериялардың 3 млрд. жыл бұрынғы бір клеткалы ядросыз жәндіктердің қалдықтары Африкада табылған. Осы су қоймаларынан тіршілік мұхитқа, кейін жер бетіне тараған. Осыдан соң жер бетіне организмдердің саны күрт көбейіп кетті. Соның ішінде адамның пайда болуын да атап өтуіміз керек.

Барлық биосфера тарихында 500 млн тірі организмдердің түрі болған, ал қазіргі кезде олардың саны 2 млн.нан.10 млн.ға дейін жетеді. Жер беті не тірі организмдердің кең көлмде таралуына олардың қоршаған ортаға бейімділігі және көбеюінің көп мөлшерде болуы әсерін тигізді.

Қазіргі таңда биосфераның сандық құрамы:

-жануарлар:1,5-1,7 млн түрі.

-өсімдіктер:350-500 мың түрі бар.Жер бетінде жануарлардың түрінің саны өсімдіктердің түрінің санына қарағанда көп болғанымен ,Жердің биомассасының үлкен бөлігін өсімдіктер алып жатыр.(кесте-)

2. Дүние жүзілік мұхиттың биосферасы.Дүние жүзілік мұхиттың биосферасының сандық көрсеткіші бүкіл дүние жүзілік мұхитта 300 мың түрлі өсімдіктермен жануарлар мекендейді .

Гидросфераның тіршілігі 3 топқа бөлінеді.

1.Планктон(planktos-блуждающий) –су бетінде ағысқа қарсы тұра алмайтын, екі түрге бөлінетін–фитопланктон-өсімдіктерден құралған планктондар, зоопланктондар- жануарлардан құралған планктондар.

2.Бентос(benthos-глубина) – су түбіне жабыса өмір сүретін өсімдіктер,жануарлар, жәндіктер.

3.Нектон(nektos-плаввающий)-суда ер кін жүзе алатын –балықтар т.б.

Дүние жүзілік мұхиттың жалпы биомассасы –35 млрд тонна, олардың ішіндегі 32,5 млрд.тоннасы –жануарлар,1,7 млрд тоннасы-өсімдіктерге жатады.

Географиялық қабықтың анық шекарасы жоқ. Сондықтан әрбір ғалым он өзінше бөледі.Географиялық қабықтың жоғарғы бөлігін атмосферадағы озон қабатымен шектессе (25 км биіктікте),төменгі қабатын 1 км тереңдікте деп. есептейді.Сонымен географиялық қабықтың жер бетіндегі орташа қалыңдығы 30 км.ге жетеді. Дүние жүзілік мұхитта шекарасы оның түбіне дейін орналасқан.
Лекция №26

Тақырыбы: Жердің географиялық қабығы жайлы жалпы мәліметтер

Жоспары:

1.Географиялық қабық ұғымы



2. Географиялық қабықтың дамуы
Лекцияның мақсаты:

Жердің географиялық қабығы жайлы жалпы мәліметтерді, географиялық қабық ұғымын, географиялық қабықтың дамуын қарастыру.


Лекция мәтіні:

1.Географиялық қабық дегеніміз-Жердің сыртқы қоршаған қабығы,рның құрамына-литосфера, гидросфера,атмосфера,биосфера кіреді. Бұл біздің планетамыздың қиын және күрделі жүйелерінің бірі.Географиялық қабық гидросфераны толығымен, атмосфераның төменгі қабыттарын, литосфераның жоғарғы қабаттырнын , және сондағы тіршілік иелерін зерттейді.

Географиялық қабықтың анық шекарасы жоқ.Сондықтан әрбір ғалым он өзінше бөледі.Географиялық қабықтың жоғарғы бөлігін атмосферадағы озон қабатымен шектессе(25 км биіктікте),төменгі қабатын 1 км тереңдікте деп. есептейді.Сонымен географиялық қабықтың жер бетіндегі орташа қалыңдығы 30 км.ге жетеді.Дүние жүзілік мұхитта шекарасы оның түбіне дейін орналасқан.

2.Географиялық қабықтың дамуына үлкен септігін тигізген академик А.А.Григорьев болды.

Географиялық қабыққа тән ерекшеліктер:

-жер қабықтарының әрқайсысы бір ғана заттан (атмосфера-ауадан,гидросфера-судан,литосфера-тау жыныстарынан,биосфера-тірі организмдерден )тұрады.

-организмдер тек қана географиялық қабықта тіршілік етюді.Атмосфераның жоғарғы қабаты мен литосфераның терең қойнауларында тіршілік таралмайды.

-жерге түсетін күн сәулесімен келетін жылу түгелдей дерлік географиялық қабыққа шоғырланғанОған жылу мөлшерінің белдеулер түрінде таралуы сипатты.Атмосфераның жоғарғы қабатында немесе литосфераның терең бөлігінде жылу бұлайша белдеулік заңымен таралмайды.

Географиялық қабық құрамды болғанымен ,біртүтас дүние.

-географиялық қабық әр-түрлі заттық құрамнан шоғырланған.

-географиялық қабықтың құрамындағы заттар 3 күйде кездеседі.

-тек географиялық қабықта тіршілік кездеседі.


Лекция №27

Тақырыбы:Географиялық қабық және табиғи процестер

Жоспары:

1.Географиялық қабықты жіктеу



2. Географиялық қабық дамуының басты-басты сатылары
Лекцияның мақсаты:

Географиялық қабық және табиғи процестерді, географиялық қабықты жіктеуді, географиялық қабық дамуының басты-басты сатыларын қарастыру.


Лекция мәтіні:

1.Географиялық қабықты жіктеу. Геожүйелер. Құрылық пен мұхиттардың бірге алынған барлық табиғат комплекстері –Жер бетін тұтас қамтып тұратын, біртұтас планетарлық табиғат комплекстері-географиялық қабық деп аталады. Географиялық қабық былай жіктеледі:атмосфера, гидросфера, литосфера, біосфера, осы жіктелуді кейде географиялық қабықтың құрамдас бөліктері деп. атайды.Осы географиялық қабықтардың барлығы тұйық өмір сүрмейді. Мысалы; су мен ауа жарықтармен саңылаулар арқылы тау жыныстарының ішіне сіңіре тоырып,үгілу процестеріне қатысады,оларды өзгертеді, сонымен бірге өздері де өзгереді. Минералды заттарды ауыстыра отырып, өзендермен жер асты суы жер бедерін өзгертуге қатысады.

Атмосфераның төменгі қабаты, литосфераның жоғарғы бөлігі,бүкіл гидросфера мен биосфера өзара бір-біріне енетін және өзара әсер ететін Жер қабығын географиялық қабық деп. атайды. Географиялық қабықтың жоғарғы және төменгі шекарасын түрлі ғалымдар әр-түрлі белгілейді.

Геожүйе дегеніміз-географиялық қабықтардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде туындайтын –географиялық айналымды атаймыз.

Географиялық қабық компоненттерінің өзара әсер етуінің нәтижесінде географиялық қабықтың өзіне ғана тән қасиеттерге ие болады.Мұнда тірі организмдер бар,топырақ,жасыл өсімдіктер Күн энергиясын сіңіріп,онда органикалық заттарды бейорганикалық заттарға айналдыру процесі жүріп жатады. Заттар қатты,сұйық және газ түрінде болады,мұның жер бетінде тіршілікті дамыту үшін зор маңызы бар.

Географиялық қабықта адам қоғамы өмір сүріп дамиды. Мұндағы барлық процес тер Күн энергиясының әсерімен және бадан аз деңгейде ішкі жер қуаты көздерінің әсерімен жүріп жатты.

Географиялық қабықтың барлық компоненттері заттар мен энергиясының айналымы арқылы біртұтас болып байланысқан , осының нәтижесінде қабаттар арасында заттар алмасуы да жүзеге асады. Заттар мен энергияның әр-түрлі айналымы—географиялық қабықтың табиғи процестерінің аса маңызды механизмі .Заттар мен энергияның әр-түрлі айналымдары бар: атмосферадағы ауа айналымы, су айналымы және басқалары. Географиялық қабық үшін ауа массаларының қозғалысы арқылы жүзеге асатын су айналымының зор маңызы бар. Бұл оның ерекше қасиеттеріне байланысты. Табиғаттың өте ғажайып жағдайларының бірі -су үнемі қозғалыста болады. Ол өте күшті ерітуші ,температураның аз ғана өзгеруі кезінде сұйықтан қатты немесе газ күйіне ауысу қабілеті судың түрлі табиғи процестерді тездетуге мүмкіндік береді.

Айналымның арқасында мұхиттағы су 3000 жыл ішінде толық жаңарады. Атмосферадағы ылғалды толық ауыстыру үшін 10 күндей керек болады. Айналымда бола отырып, су басқа компоненттерге өзара тығыз әсер етеді, оларды бір-бірімен байланыстырады және географиялық қабықты қалыптастыруда маңызды факторы болып табылады. Су басқа айналымдарға тығыз әсер етеді.

Географиялық қабықтың ішіндегі биологиялық айналымның ролі зор. Жасыл өсімдіктерді, жарық сәуледе көмірқышқыл газ бен судан органикалық заттар пайда болатыны белгілі, он жануарлар қорек етеді. Жануарлар мен өсмдіктер өлгенсоң бактериялар мен саңырауқұлақтар минералды заттарға айналып, шіриді,содан соң оларды жасыл өсімдіктер қайтадан сіңіреді.Белгілі бір элементтер тірі организмердің органикалық заттардан әлденеше рет қайтадан минералды күйге енеді. Осының барлығын географиялық қабықтағы заттар мен энергияның және биологиялық айналым деп. атайды.

2.Географиялық қабық дамуының басты-басты сатылары. Жер бетіндегі тіршілікте жер қыртысының, климатының,органикалық дүниесінің, сондай-ақ бүкіл географиялық қабықтың өзгеруі тоқтаусыз өтіп жатты және өтіп келеді. Қазіргі заманғы географиялық қабық-бұл оның ұзақ уақыт дамуының нәтижесі. Даму процесі кезінде ол үздіксіз күрделене түсті. Ғалымдар географиялық қбықтың дамуының 3 кезеңін анықтап берген.

Бірінші-3 млрд жылға созылған, ең ұзаққа созылған, биогендікке дейінгі кезең. Бұл кезеңде қарапайыи организмдер ғана тіршілік етті және географиялық қабықты қалыптастыруға олардың қатысуы нашар болды. Атмосферада бос оттегі аз,көмірқышықылы көп болды.

Екінші кезең-570 млн жылға созылған,оған тірі организмдердің географиялық қабықтың дамуындағы жетекші кезең болып табылады.Су мен атмосфераның құрамы өзгерді, көмірқышықылы аз болып, бос оттегі көбейді.

Үшінші кезеңі-қазіргі кезең. Оның ерекше белгісі, адамның географиялық қабықтың дамуына белсенді әсер етуімен байланысты.

Физика-географиялық ғылымдар (физикалық география) табиғатты зерттейтін жаратылыстану ғылымдарына жатады. Физикалық географияның зерттеу объектісі -Жердің комплексті қабығы, мұның өзі литосфераның, гидросфераның,атмосфераның, организмдердің жанасуы ,өзара араласуы және өзара әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасып мұны географиялық қабық деп атаймыз.

Біртұтас ажыралмас географиялық қабық біртектес емес және оның құрылысы өте күрделі.Жердің барлық сыртқы қабықтарының ең тығыз контактіленген қабаты айырықша күрделілігімен ерекшеленеді.Географиялық қабық күрделі материалдық системаға «бос» энергияның әр-түрлеріне ерекше бай болуы; заттардың бос элементарлық бөлшектерден атомдар,иондар, молекулалар арқылы химиялық қосылыстар мен күрделі денелерге дейінгі ерекше әр-түрлі дәрежедегі агрегаттылығы: органикалық дүниенің ,топырақ жамылғысының ,шөгінді жыныстардың,рельефтің әр-түрлі формаларының болуы;Күннен түсетін жылудың шоғырлануы;төмен температура мен қысымның термодинамика заңдарының үстемдігі; адамзат қоғамының өмір сүруі тән”. Географиялық қабық өзі ең ірі (планетарлық) табиғат комплексі бола отырып көптеген салыстырмалы дербес ,қарапайым және күрделі, ірі және ұсақ табиғат (физикалық-географиялық) комплекстерден тұрадыГеографиялық қабықты планетарлық табиғат комплексі ретінде тұтас оның зат құрамының ең жалпы ерекшеліктерін,географиялық құрылымы мен дамуын –физикалық география зерттейді.

Географиялық қабықтың компоненттерін зерттеумен жеке (компоненттік) физикалық-географиялық деп аталатын ғылымдар шұғылданады. Бұған

-геоморфология-рельеф туралы ғылым.

-Климотология-климат туралы ғылым.

-Океанология-Мұхит туралы ғылым.

-Құрылық гидрологиясы-құрылықтағы сулар туралы ғылым.

-Топырақтану- топырақ туралы ғылым.

-Биогеография-биоценоздің бөлінісі мен ұштасуының заңдылықтары және бұларды құрайтын тірі организмдер туралы ғылым.

-Палеография-Географиялық қабықтың қазіргі жағдайын ,оны құрайтын барлық табиғат комплекстерді зерттеу және олардың даму тарихын зерттейді.

Физикалық география жаратылыстану ғылымдарына жатады, себебі бұл өндіріс құрылымы мен орналасуын оның әр-түрлі елдер мен аудандарда дамуының ерекшеліктерін және жағдайын зерттейді.


Лекция №28

Тақырыбы:Географиялық қабық құрылысының жалпы заңдылықтары

Жоспары:

  1. Жер қабықтарының құрылысы

  2. Жердің ең сыртқы қабатының құрылысы


Лекцияның мақсаты:

Географиялық қабық құрылысының жалпы заңдылықтарын, жер қабықтарының құрылысын, жердің ең сыртқы қабатының құрылысын қарастыу.



Лекция мәтіні:

1.Жер қабықтары. Жердің ғарыштан түсірілген суретіне қарасақ, оның шар тәріздес екендігін айқын көреміз Шардың беті буалдыр, көп жерін ақ шарбы жауып жатыр. Жер шарын ауа қабығы қоршағандықтан ол буалдырланып көрінеді. Ал ақ шарбы - ондағы бұлттардың көрінісі. Ауа Жершарын қалың қабат түрінде ең сыртынан қоршап тұрады. Оны атмосфера деп атайды (грекше атмос - бу, сфера - шар). Ауа Жерді үздіксіз, біртұтас қабық түрінде қоршап жатыр.

Ғарыштан қараған адам жер бетінің көбін су алып жатқанын байқайды. Шынында да судың үлесіне жер бетінің жалпы көлемінің 2/3-сі тиеді. Ауа сияқты су да жер бетін біртұтас жауып жатады. Оны гидросфера (грекше гидро- су), яғни Жердің су қабығы деп атайды.

Гидросфераның басым көпшілік белігін мұхиттар мен теңіздер құрайды. Сонымен қатар оның құрамына өзендер, көлдер, жер асты сулары, батпақтар, мұздықтар кіреді.

Жерде тіршілік ететін микроскоптық бактериялардан бастап адамға дейінгі - түрлі организмдер Жердің айрықша қабығы - биосфераға жатады (грекше био - тіршілік). Ол атмосфера мен гидросфера сияқты оқшау қабық құрамайды. Тіршілік ауада, суда және Жердің беткі қатты қабығында таралған.

Адам Жердің сыртқы қабықтары атмосфера, гидросфера және биосфераны тікелей зерттей алады. Ал Жер қабатының өзін мардымсыз, аз тереңдікке дейін ғана тікелей бақылай алады. Ең терең деген скважинаның өзі өзірге 15 км тереңдікке дейін ғана жеткен. Мұнан әрі қарай Жердің терең қабаттары кандай жыныстардан тұрады, олар қандай күйде деген сұрақтарға тек қосалқы белгілер бойынша, болжамды түрде ғана жауап беруге болады.


Мәселен, жанартау атқылағанда Жердің терең қойнауынан түрлі жыныстар сыртқа шығады. Олар Жердің тереңірек қабаттарын құрайтын жыныстар туралы мәлімет береді. Жердің ішкі құрылысын анықтауда, әсіресе жер сілкіну толқындарының таралуын бақылаудың маңызы өте зор. Жер сілкінгенде пайда болатын толқындар Жердің ішкі құрылысынын ерекшеліктеріне қарай белгілі бір тереңдіктерде таралу жылдамдығын өзгертетіндігі анықталған. Ғалымдар мұндай толқындардың таралуын қолдан жарылыс жасап та бақылайды. Соның нәтижесінде Жер шарының ішкі құрылысы 3 қабаттан тұратындығы анықталған.

2.Жердің ең сыртқы қабаты Ж е р қ ы р т ы с ы деп аталады. Оның төменгі шегі құрлық пен мұхиттардың астында әр түрлі тереңдікте жатады. Жер қыртысы құрлықтың астында қалың. Ондағы жазықтарда 30-40 км, таулардың астында 70-80 км-ге дейін барады. Ол мұхиттардың астында құрлыққа қарағанда орта есеппен 5-6 есе жұқа, яғни қалыңдығы 10 км-дей ғана қабат құрайды.

Жер қыртысынан әрі шамамен 2900 км тереңдікке дейін м а н т и я орналасқан (латынша мантия - шапан, жамылғы). Жер қыртысы және мантияның жоғарғы кристалдық тау жыныстарынан тұратын қабаты литосфера деп аталады (латынша литос- тас).

Ғалымдар температура мантияның жоғарғы жағында +100-150°С-тан төменгі шекарасында +3800°С-қа дейін баратын болу керек деп болжайды. Сондықтан литосфераның астыңғы қабатындағы тау жыныстары қоймалжың затқа айналады.

Жердің ең орталық өзегін я д р о алып жатады. Оның радиусы 3500 км шамасында. Ядро темір мен никельден тұрады. Ол сыртқы және ішкі ядроға бөлінеді. Сыртқы ядро балқыған күйде, ал ішкі ядро қатты заттан тұратын болуы керек.
Лекция №29

Тақырыбы: Адам мен қоғамның географиялық ортамен қарым-қатынасы

Жоспары:

1.Географиялық орта түсінігі

2.Географиялық қабық түсініктері
Лекцияның мақсаты:

Адам мен қоғамның географиялық ортамен қарым-қатынасын, географиялық орта түсінігін, географиялық қабық түсініктерін қарастыру.



Лекция мәтіні:

1. Атмосфераның, литосфераның,гидросфераның химиялық және минералдық құрамы жайлы түсінік береді. Сонымен қатар олардың ластануының негізгі түрлері мен ластану көздері жайлы және оларды сақтау немесе қайта қалпына келтіру жөніндегі нұсқау түріндегі ұсыныстар даярлау. Табиғи антропогендік ландшафтар шегіндегі қоршаған ортаның экологиялық жағдайының нашарлап бұзылу құбылыстарын болдырмау.

Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студенттер мыналарды игере білуі және білуі қажет:

- Географиялық орта түсініктерін білуі қажет;

- Атмосфераның химиялық құрамы, тропосферадағы жылыжай газдарының әсер етуін білуі қажет;

- Атмосферадағы озон қабаты және оның жай –күйін білуі қажет;

- Жер қыртысының химиялық және минералдық құрамын және олардың әсер етуін білуі қажет;

- Топырақтың құрамы, өсімдікткермен Жан-жануарлар дүниесі және оның ластануын;

- Табиғи сулардың химиялық құрамын және су қоймаларының химиялық ластануының негізгі түрлерін білуі қажет;

Географиялық орта биологиямен, химиямен, геологиямен, топырақтану пәндерімен тығыз байланысты.Химиялық элементтер, минералдар мен тау жыныстары, географиялық қабық ,топырақ және әлемдік су қоры бұл пәнде қарастырыларды.

2.Жердің сыртқы қоршаған қабығының құрамына-литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера кіреді. Бұл біздің планетамыздың қиын және күрделі жүйелерінің бірі. Географиялық қабық гидросфераны толығымен, атмосфераның төменгі қабыттарын, литосфераның жоғарғы қабаттырнын , және сондағы тіршілік иелерін зерттейді.

Географиялық қабықтың анық шекарасы жоқ.Сондықтан әрбір ғалым он өзінше бөледі. Географиялық қабықтың жоғарғы бөлігін атмосферадағы озон қабатымен шектессе(25 км биіктікте),төменгі қабатын 1 км тереңдікте деп. есептейді.Сонымен географиялық қабықтың жер бетіндегі орташа қалыңдығы 30 км.ге жетеді.Дүние жүзілік мұхитта шекарасы оның түбіне дейін орналасқан. Географиялық қабықтың ішіндегі биологиялық айналымның ролі зор.Жасыл өсімдіктерді, жарық сәуледе көмірқышқыл газ бен судан органикалық заттар пайда болатыны белгілі, он жануарлар қорек етеді.Жануарлар мен өсмдіктер өлгенсоң бактериялар мен саңырауқұлақтар минералды заттарға айналып, шіриді,содан соң оларды жасыл өсімдіктер қайтадан сіңіреді.Белгілі бір элементтер тірі организмердің органикалық заттардан әлденеше рет қайтадан минералды күйге енеді. Осының барлығын географиялық қабықтағы заттар мен энергияның және биологиялық айналым деп атайды.Географиялыќ ќабыќ компоненттерініњ µзара єсер етуініњ нєтижесінде географиялыќ ќабыќтыњ µзіне ѓана тєн ќасиеттерге ие болады. М±нда тірі организмдер бар, топыраќ, жасыл организмдер - µсімдіктер К‰н энергиясын сіњіріп, онда органикалыќ заттарды бейорганикалыќ заттарѓа айналдыру процесі ж‰ріп жатады. Заттар ќатты, с±йыќ жєне газ т‰рінде болады, м±ныњ жер бетінде тіршілікті дамыту ‰шін мањызы зор.



Лекция №30

Тақырыбы:Адам мен табиғаттың ара қатынасы нәтижесінде туындайтын проблемалар

Жоспары:

1.Адамның табиғи ортаға әсері

2. Жекелеген компоненттердің өзгеруі



Лекцияның мақсаты:

Адам мен табиғаттың ара қатынасы нәтижесінде туындайтын проблемаларын, адамның табиғи ортаға әсерін,жекелеген компоненттердің өзгеруін қарастыру.


Лекция мәтіні:

Адам баласы табиғи ортада өмір сүріп, оның ресурстарын пайдаланатын болғандықтан, табиғи ортаға тигізер әсері де алуан түрлі. Сондықтан ландшафтарды халық шаруашылығының жекелеген салаларында пайдалану қажеттілігі мен ерекшеліктеріне байланысты туындаған өзгерістер де әрқалай. Мысалы, биологиялық өнімділікті арттыру үшін егін шаруа-шылығындағы агротехникалық шаралар: қышқыл топырақ қабатын ізбестеу, терендете жырту, суару мсн батпақтан құрғату үшін жүргізілетін мелиоративтік жұмыстар, ауыспалы егістік, әр түрлі тыңайтқыштарды пайдалану, тау беткейлерін террасалау, су өткізгіштігі нашар сазды топыраққа құм себу сияқты шаралардан кейінгі өзгерістер.

Адамның табиғи ортаға әсер ету формасы әр түрлі болғанымен, әрқайсысының қарқындылығы мен масштабы бірдей емес. Мысалы, құрылыс жұмыстары мен қазба байлықтарды өндіру аз территорияны қамтығанымен, табиғи ортаны өзгертуі күрделі — бүкіл комплексте түбірімен өзгерістер туындатады. Келесі бір формасы, мысалы, ауыл және орман шаруашылығында үлкен аймақты қамтығанымен, ландшафтардың өзгеру деңгейі мардымсыз.

Кез келген территорияны пайдалану мен осының салдарынан сол аймақта антропогендік ландшафт типтерінің қалыптасуы, ең алдымен, табиғаи жағдайға байланысты. Құрлықтардағы қара топырақты жазықтардың суарылмайтын егістікте, қоңыр топырақты құрғақ далалардын, суармалы, ал құрғақ дала мен шөлейт зоналарының жайылымдық антропогендік ландшафт типінде пайдалануы тектен-тек емес.

Ф.Н.Мильков (1978) және басқа біршама ғалымдардың түсінігі бойынша, жер бетінде алғашқы жаратылысын сол табиғи күйінде сақтаған ландшафтар қалған жоқ, олардың тылсым көпшілігі антропогендік ландшафтар модификациясымен ауысқан. Бірақ қаншама өзгеріске ұшыраса да, антропогендік ландшафтар табиғи зандылықтарға бағынады, яғни тікелей табиғи процестердің әсерінде дамиды. Сондықтан адам баласы табиғи зандылықтарды ауыстыра алмайды тундра, шөл, таулар мен жазықтардың дамуындағы негізгі табиғи айырмашылықтарды жоққа шығара алмайды. Мысалы, тайгадағы егістіктер тайга зонасының, ал шөл зонасындағы оазис-тер зоналық зандылықтар барда осы зонаның бір бөлігі болып қалады. Өйткені, адам баласы күн радиациясын, атмосфера циркуляциясын және тектоникалық қозғалыстарды басқаруды меңгермейінше, зоналық зандылықтарды басқару мүмкін емес. Жекелеген компоненттерді: өсімдіктерді, су режимін қайта құру — "антропогендік ландшафтар" пайда болды дегенмен бірдей емес. Өйткені, біріншіден, тіпті ірі қоныстық антропогендік ландшафтар модификациясындағы қатты өзгеріске ұшыраған компоненттердегі (геологиялық фундамент, макрорельеф) табиғи ландшафтардың құрылысы мен дамуы табиғи заңдылықтардың ағымымен болады. Екіншіден, адам ландшафтардың жаңа компонентерін жасаған жоқ, тек соған жаңа элементтер енгізді: өсімдіктердің жаңа түрлерін, каналдар, су қоймалары, карьерлер мен террикондарды қалыптастырды. Оның ішінде "жасанды элементтер" — инженерлік құрылыстар, тұрғын үйлер, әр түрлі транспорттық жолдар; табиғи — адам әсерінен бір жерден екінші жерге орын ауыстыруы: өсімдіктер мен жануарлар акклиматизациясы. Дегенмен, кез келген жасанды элемент табиғат заңының, онын. процестерінің әсеріне ұшырайды. Мысалы, су қоймаларының тау жыныстарымен толуы, уақыт өте келе біртіндеп өсімдік түрлерінің қалыптасуы т.б. "Жаңа", адам әсерінен пайда болған элементтердің "байырғы" элементтерден айырмашылығы олардың тұрақсыздығы.

Геожүйелерді қайта құру үшін немесе оның орнына "жаңасын" қалыптастыру үшін "тұрақтылығы" басқаша ішкі және сыртқы байланыстар жүйесін құру керек. Геожүйелерге әрекет етудің (кенеттен және әдейілеп белгілі бір мақсатпен) екі тобын ажыратады: фундамент пен ауа массалары; екіншісі қалған компоненттер. Геожуйелердің құрылысындағы көптеген өзгерістерге бірінші топтағы компоненттерді өзгерту арқылы жетуге болады, өйткені олар арқылы геожүйеге зат пен энергия келеді. Өзгеріс болған жағдайда фундамент пен рельеф қайтып орнына келмейді, яғни олармен байланысты басқа компоненттер де қайтымсыз өзгеріске ұшырайды. Мы-салы, рельеф пішінінің өзгеруінен гравитациялық тепе-теңдік өзгереді, орнына келмейді. т.с.с.

Ландшафт немесе геожүйе деңгейінде екінші топтағы компоненттер көп өзгеріске ұшырайды, олар: биота, топырақ жамылғысы мен жануарлар дүниесі. Дегенмен, биотикалық компоненттердің өздігінен қайтып орнына келу мүмкіншілігі жоғары. Ландшафтардағы бір элементті екіншісімен ауыс-тыру: жаңа өсімдік түрлерін отырғызу немесе басқа аймақтардан жаңа жануарларды қоныстандыру нәтижесінде зат алмасу мен топырақ түзілу процестері өзгереді, бірақ түпкілікті өзгеріс болмайды.

Қазіргі кезде жер беті табиғи ландшафтарының 85%-га жуығы қатты өзгеріске ұшыраған. Бұл ең алдымен орманды алқаптардың ауданының азаюынан көрінеді: антарктиданы қоспағанда бүкіл дүние жүзі жер бетінін 25 пайызын ғана орманды алқаптар алып жатыр. Демек, орманды алқаптарды халық шаруашылығының әр түрлі саласында пайдалану салдарынан оның түрлік құрамы мен сапалық ерекшеліктері нашарлайды. Мысалы, тропиктік ылғалды ормандардың ауданы соңғы 10 жыл ішінде 55,3 пайызға дейін азайған. Егер де осьшдай қарқындылық сақталса, онда тропиктік ормандар 85 жылдан соң жер бетінен мүлдем жойылуы мүмкін.

Қоғам мен табиғи орта арасындағы қарым-қатынастың иәтижесі ертеден-ақ әр түрлі саладағы ғалымдардың назарын аударып келгенімен, осы уақытқа дейін толығымен шешімін таппаған мәселенің бірі болып отыр. Бұл мәселені дүрыс шешу бүкіл әлем халқының алдында тұрған міндет, өйткені бүгінгі таңда табиғи процестердің дамуында орын алып отырған жағымсыз құбылыстарды жою немесе мүлдем болдырмау шараларымен адамзаттың болашақтағы өмір сүруі тікелей байланысты екендігі мәлім.
10. Лаборатория сабақтарының тақырыптары мен жоспары


Р/с


Сабақтың тақырыбы мен жоспары



Сағат

саны



Бақылау

түрі

Әдебиеттер

1

2

3

4

5

1

Кіріспе

1.Жер элипсоидының көлемдері

2.Меридианның ұзындығы.

3.Экватордың ұзындығы



1

Картамен жұмыс

1,2,6,7,10


2

Жер планетасы физикалық

географияның зерттеу нысаны ретінде

1.Құрлықтар мен сулы алқаптар.

2.Ендік және тік зоналдылық.

3.Табиғат кешені.


1


Оқулықпен

жұмыс


2,6,9,16,18

3

Жер атмосферасы жайлы жалпылама мәліметтер

1.Атмосфераның тік құрылымы.

2.Атмосфераның географиялық қабықтың

басқа бөліктерімен қарым-қатынасы.

3.Атмосфера-экологиялық орта ретінде.


1


Оқулықпен

жұмыс


3,6,8,11,15


4

Күн радиациясы және жылу

режимі

1.Альбедо.

2.Сәуле шашу.

3.Радиациялық және жылу балансы



1


Плакатпен

жұмыс


4,5,7,9,12,17

5

Атмосферадағы су

1.Конденсация.

2.Ауадағы сублимация.

3.Бұлттылық маңызы.



1


Оқулықпен

жұмыс


1,3,9,11,15,20


6

Атмосфералық қысым және

жел

1.Градиенттік қысым.

2.Қысымның вертикаль таралуы.

3.Желдің сипаттамалары.



1


Картамен

жұмыс



4,6,8,9,12,14,15

7

Ауа массалары және

атмосфералық шептер

1. Жылы атмосфералық шептер

2.Салқын атмосфералық шептер

3.Ауа массаларының географиялық типтері.



1


Оқулықпен

жұмыс


1,4,7,11,15,18


І-аралық бақылау

8

Атмосфераның жалпылама айналымы

1.Атмосфераның жоғарғы қабаттарындағы

айналымдар

2.Атмосфера айналымының ендік типтері.

3. Атмосфера айналымының меридиандық

типтері.


1


Плакатпен

жұмыс


5,6,7,14,16,21

9

Ауа райы және климат

1.Ауа райы элементтері.

2.Ауа райын болжау

3.Климат түзуші факторлар

1


Оқулықпен

және


картамен

жұмыс


1,4,7,9,10,13,16



10

Жер гидросферасының

көлемі мен құрылым жайлы жалпыла

ма мәліметтер

1.Мұхит суының қасиеттері.

2.Мұхит суы мөлдірлігі.

3.Мұхиттар мен теңіздер суының түсі.


1


Оқулықпен

жұмыс


3,6,7,11,14,18

11

Құрлық сулары

1.Көлдің жылулық режимі.

2.Көл суларының динамикасы

3.Көлдердегі тіршіліктің бөлінуі



1



Оқулықпен

жұмыс


4,6,8,15,22

12

Литосфера жайлы

жалпылама мәліметтер

1.Литосфера құрылысы

2.Жер қыртысы

3.Литосфералық мантия



1


Плакатпен

жұмыс


1,5,9,10,12,15

13

Бедер қалыптасу

1.Рельеф пішіндері

2.Рельеф элементтері

3.Жазықтар



1


Картамен

жұмыс


2,5,7,9,11,15

14

Географиялық қабық

1. Географиялық қабық дамуындағы

тірі заттардың ролі

2. Биосферадағы заттар

айналымы


1


Оқулықпен

жұмыс


5,8,10,13,15

15

Географиялық қабық құрылысының жалпы заңдылықтары

1. Географиялық қабықтың тұтастығы

2. Полюстік ассимметрия


1


Оқулықпен

жұмыс


5,7,9,11,15



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет