Қазба-2. Қаланың оңтүстік бөлігіне салынды. Қазба көлемі 10х10 метр. Ол 1 метр тереңдікке дейін қазылды. Жүргізілген қазба нәтижесінде екі бөлме ашылды (7-сурет).
Бірінші бөлме қазбаның солтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Ол дәліз көлемі 0,90х3,4 метр. Дәліздің бұрыштары әлемнің төрт жағына бағытталған. Қабырға биіктігі 1 метр, қалыңдығы 40 см. Дәліз жұқа сылақпен сыланған. Оңтүстік-батыс жағында келесі бөлмеге өтетін есік бар. Ені 70см. баспалдаққа көлемі 30х15х4 см. болатын бір қатар кірпіш төселген. Биіктігіне екі қатар кірпіш қаланған табалдырық үстіне көлемі 51х51х5см. қыш тақта қойылған. Ортасында диаметрі 1см. болатын тесігі бар. Оның қасынан бір аяғы сақталған қыш дастархан табылды. Бөлме іші, едені тегіс сыланған.Күл мен қоқыспен, құландымен толған (8-сурет).