«АЛҒАШҚЫ АЙЛАР»
Мұқан Иманжановтың «Алғашқы айлар» повесі —үлкен дайындық, мол ізденіс, зерделі зерттеулердің жемісі.
Мұқан Иманжанов бұл повесінде мектеп жүмысын өндірістік оқумен, өмірмен тығыз байланыстыра жүргізу мәселесін көтерді де, соны ең бірінші болып әдебиеттік аренаға шығарды. Бұл қазақ балалар әдебиетіндегі жазушының жаңашылдығын көрсетеді.
Повестің бас геройы Жақыпбек мектепке келген алғашқы күннің өзінде-ақ колхоз партия ұйымының секретары Кереймен кездескенде: «Уақыт ауыл мектебінің жұмысын жаңа арнаға салуды тілейді»,— деген талап қояды. Бір беткей, мінезі тік, ойлағанын беті-жүзің демей тіке айтатын кызу қанды Жақыпбектің жаңашылдық идеясын жазушы бірден бастап кетеді.
Ауыл мектебі жайындағы жазушының бұл повесі көп ізденудің қорытындысынан, одантық педагогикалық баспасөз бетінде көтерілген айтыстардан, педагогтардың ұсыныстарынан, озық мектептердің тәжірибелерінен келіп туған игі туынды екені бірден көзге түседі. Осындай басты мәселені шығармасынын өзегі етіп, сонын айналасында өтіліп жатқан оқу процестерімен қатар, балалық шақтың әр алуан психологиялык ерекшеліктерін де жіпке тізгендей көз алдыңа келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |