Лекция: 30 сағат Практикалық: 15 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат


ЖАМБЫЛ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ПАТРИОТТЫҚ ЖАЛЫН



бет57/77
Дата11.01.2022
өлшемі1,51 Mb.
#110868
түріЛекция
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   77
Байланысты:
Baybolova.BalAdeb

ЖАМБЫЛ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ПАТРИОТТЫҚ ЖАЛЫН

Балаларды кеңестік патриотизм рухында тәрбиелеу міндеті Ұлы Отан соғысы жылдарында бұрыннан гөрі ерекше жауаптылықпен қолға алынды. Жас өспірімдердің рухын көтеретін Жамбыл өлеңдеріңің осы жылдар ішіндегі ролі, оның патриоттық рухы жастар үшін мейлінше ықпалды болды. Елімізге қатер тудырған неміс басқыншыларының зұлымдық әрекеттері әдебиетіміз бен мәдениетіміздің өркендеп өсіп бара жатқан бағытын тоқыратып, тоқтатып тастай алған жоқ. Балалар әдебиеті тақырыбына жазылған соғыс жылдарындағы шығармалар балалардың жауға деген өшпенділігін арттырды.

Жас болса да, оя мен солын танытып, олардың жауынгерлік рухын көтере түсті. Ақын «Балама хат» деген өлеңінде:

Есінде, балам, бар шығар, Айтқаным Отан әмірін. Шегінбе жаудан жанды сал, Шешілмек содан тағдырың— деп, әкелік әмірін көрсете, баласынын алдына шарт қойып, жауапты міндеттер жүктеді. Балаға үміт арта сөйледі:

Аянба, балам, аянба! Бәлекет сонда аршылар. Алғадай, ылги алда бол, Аянған адам болмақ кор! Бәйгеге барын тігемін,

Сендерге арнап осы жол. Достарыңа осыны айт, Жауларыңды жеңіп кайт! Айтарым арнап, саған сол әке әмірі екі етілген жоқ орындалды. Көп ұлтты каһарман кеңес халқы жер жүзінде өздерінің ерлік, патриоттык күшін танытып, Ұлы Отан соғысын жеңіспен аяқтады. Басқыншылықпен кіріп, біздің бейбіт өмірімізді шайқаған неміс қарақшыларының тасталқанын шығарды, тізе бүктірді, жермен жексен етті. Балаларға арналған Жамбыл өлендерінің патриоттық сезімдерге толы күш-қуаты осындай ерекшеліктерінен көрінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет