Лекция: 30 сағат Практикалық (семинар) сабақ: 15 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат: 135 сағат



бет4/7
Дата11.01.2017
өлшемі2,72 Mb.
#6940
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7

Бақылау сұрақтары:


1.1970 – 2000 жылдардағы қазақ этнопедагогикасының дамуы.

2.Б.Момышұлы еңбектерінің әскери – патриотық тәрбиедегі рөлі.

3.Қазақ этнопедагогикасының ауыз әдебиеті үлгілерін зертеудегі М.Ғабдуллиннің еңбектері.

4.Қазақ этнопедагогикасының ауыз әдебиеті үлгілерін зертеудегі Б.Адамбаевтың еңбектері.

5.Қазақ этнопедагогикасының ауыз әдебиеті үлгілерін зертеудегі .Әлімбаевтың еңбектері.
19-лекция. Тақырыбы: Қазақстандағы оқу-ағарту ісінің жайы.
Жоспары:

1.Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстандағы оқу –ағарту ісі. Ағартушы – демократтардың өнегелі еңбектері.

2.Қазан төңкерісінен кейінгі оқу – ағарту ісіндегі «Хадимшілер» мен «Жадидизмнің мәні».

3.1991 жылы Егемен Қазақстандағы оқу –ағарту ісіндегі жаңалықтар.



Лекция мақсаты: Қазақстандағы Қазақ төңкерісіне дейінгі, Қазан төңкерісінен кейінгі және Егемен Қазақстандағы оқу – ағарту ісі.
Лекция мәтіні(қысқаша):

Қазақтың тәлім-тәрбиелік ой-пікір тарихының тамыры тереңде жатқаны сияқты осынау кең-байтақ өлкеде мектеп ісінің пайда болып, білім беру тарихы да өзінің ілкі бастауларын ерте замандардан алады. Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырлардың ерте дәуірінде-ақ (VII-VIII ғ.ғ.) көптеген мектептер ( мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастағаны тарихтан мәлім. Ертедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т.б. қалаларда көптеген медреселер болған, олардың жалпы саны 84-ке жеткен. Оларда 5 мыңға жуық шәкірт білім алған. Ауылдық мектептер кең-байтақ өлкенің түпкір-түпкірінде орналасқан. Онда молдалар ( татар, башқұрт, т.б.) ұзтаздық еткен. Оқыту ақысы халықтан жиналған. Балалар қыс, күз айларында ғана ( жыл тәулігіне 4, не 6 ай бойында) оқыған. Оқу мерзімі 4 жыл, оқуға жеті жастан бастап қабылдағам, кейбір ауылдық жерде 7-9 жастағы балалар бірге оқи берген.

Қазақ жеріндегі мұсылман мектептепрі оқушылар құрамы жағынан кішігірім мектептер болды. Олар қазақ ауылдарымен бірге киіз үймен көшіп-қонып жүретін еді. Бай саудагерлер қаржыларына салынған қала медреселері ғана арнаулы үйлерге орналасты.

Қазақстанның Ресей қоластына қараруына байланысты екі тілді білетін жергілікті әкімдер

даярлайтын орыс-қазақ және орыс-түзем мектептерін ашу қажетті туды. Қазақстандағы алғашқы мұндай оқу орны- Омскіде 1789 ж ашылған “Азиялық училище” аді. Аудармашы – тілмаштар даярлайтын бұл оқу орнына қазақ балалары да қабылданды.

1841ж. Бөкей хан ордасында Жәңгір хан өзінің жақын нөкерлерінің, туыстарының балалары үшін алғаш орыс мектеп- пансионатын ашты. 1825 ж. Орынбордағы татар мектебі негізінде Неплюев кадет училищесіц (ол 1844ж. кадет корпусы болып атанды), 1846 ж. Сібір қазақ-орыс әскери училищесі негізінде Омбы кадет корпусы ірге көтерді. Бұл оқу орындарын қазақтың тұңғыш зиялылары: Ш.Уалиханов, С.Бабаджанов, Х.Өскенбаев, т.б. оқып бітірді. 1850ж. Орынбордың Шекара комиссиясы жанынан қазақ балаларына арналып, жеті жылдық мектеп ашылды. Осы мектептің түлегі қазақтың демократ-ағартушы-педагогы Ы.Алтынсариннің басшылығымен 1864 ж. 8 қаңтарда Торғайда тұңғыш қазақ мектебі және оның жанынан интернат ашылды.

Алтынсарин өзінің ардақты борышы- халқының көзін ашу, қазақ балаларына өнер-білім беру деп түсінді.Сол жолда 30 жылдай аянбай еңбек етті.

Алтынсарин дүниежүзілік педагогика классиктері Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, т.б. гуманистік идеяларын басшылыққа алды, оларды қазақ даласында өзі ашқан мектептердің оқу жүйесіне енгізді. Оның “Қазақ хрестоматиясы” (1879) мен “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” (1880) атты оқулықтары осы идеяға негізделген шынайы демократиялық бағыттағы еңбектер еді. Ы. Алтынсарин жаттамалы, мағынасыз діни оқуға қарсы болды. Өзі ашқан қазақ-орыс мектептерінде дүнияуи ғылымдармен бірге дін тарихын да оқыта отырып, “Мұсылмандық шарттары” атты оқулығын жазды. Оқулықты жазуда діннің имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу шарттарын оқушылар түсініп игерсін деген мақсатты көздеді.

Ыбырайдың орыс-қазақ мектептерін ашып, дуниянуи пәндерді енгізуін көре алмаған ел ішіндегі қожа- молдалар оны “шоқынған кәпір” деп өсек таратса, енді біреулері Ресей Ішкі істер министрлігі мен Орынбор генерал-губернаторына “Үкіметке қарсы ойы бар, социалист” деп арыз жазып қаралауға дейін барды.

Татар зерттеушілері әрі ақын, әрі ғалым- ағартушылар Маржани мен Насыриді жадидизмның алғашқы легінің өкілдері деп бағалады. Халықты мәдениет пен береке-бірлікке, оқу-ағарту ісіне шақыруда Маржани мен Абай арасында идеялық үндестік бар. Қазақтың классик ақыны Абай да, татар ағартушысы Маржани сияқты, орыс, шығыс, батыс мәдениетінен үлгі-өнеге алуға шақырып, адамгершілік пен ізгілік қасиеттерді дәріптеді.

Абайдың “Дүниенің кілті өнер-білімде”, “Дүние де өзі, мал да өзі, ғалымға көңіл бөлсеңіз” деп жастарға жар салуы осы пікірді дәлелдейді. Абайдың мұсылман әлеміндегі жаңашыл ағымдардан мол хабары болғанына өзінің шәкірті Көкбайдың Міржақыпқа жолдаған өлең- хатындағы:

Абай марқұм ескіге ермеуші еді

Ескіні онша жақсы көрмеуші еді.

Мысырдан төте жолдан оқу шықты,

Сол қашан келеді деп шөлдеуші еді-

деген жолдары да айғақ болса керек.

Абайдың өз ауылында мектеп ашып, кішкене молда Мұхаметкерім, Мұрсейіт сияқты орысша да, арабша да оқыған сауатты адамдарға бала оқытуы, қыздарын оқытуды есекрмеген елдестеріне жаңадан жол көрсетіп, өз қызы Райхан, Күлбалдан, Ысқақтың қызы Рахима бастаған он шақты қыз баланы жинап беруі, оларға арнап, адамгершілік оқулығы “Ғақлияны” жазып ұсынуы, патша үкіметінің 1903 ж Абай ауылына тінту жасауы, оған “саяси сенімсіз адам” деп күдікпен қарауы да тектен- тек емес сияқты.

2.Қазан төңкерісінен кейінгі оқу – ағарту ісіндегі «Хадимшілер» мен «Жадизмнің мәні».

Оқытудың жадид ( төте оқу) деп аталатын ағымы отаршылдық орыстандыру саясатына қарсы түркі тектес ұлттардың өзін-өзі сақтап қалу жолындағы қаржылы күресінен туған еді. Төте оқу мектебі жергілікті халықтың өз қаражатымен өмір сүрді. Ол ресми үкімет тарапынан қолдау көрмеді, керісінше, отаршылдар оның өрісін тарылтып бақты. Үкімет орындары мұндай мектептердің жұмысына тыйым салғаны жайында архивтерде көптеген деректер сақталаған. Патша үкіметі ұлт мектептеріндегі екі ағымды ( хадим мен жадидті) бір- біріне қарсы айдап салу арқылы ұлттық сана-сезімнің оянуын тежеуді көздеді. Осының нәтижесінде хадим ағымының өкілдері жадидшілерді елге “кәйпірлікті дәріптейді, құдайға күпірлік жасайды”- деп айыптап, олардың үстінен патша әкімшілігіне арыз жазуға дейін барады.

Жадидшілер әйел теңдігін, мәдени-ағарту мекемелер жүйесін кеңейтуді, кітап, газет- журнал шығарып таратуды, ұлттық баспасөз бен өнерді дымытуды, ана тілінде көркем және ғылыми әдебиет шығаруды қолдап отырды. Жадид ағымының назарында жастар тәрбиесін жолғақою, оқу орындарын реформалау, ескі діни жаттамалы хадим оқуының орнына дүнияуи пйндері, ана тілі мен орыс тілін дыбыстап оқыту әдісін енгізу, мектеп пен медресе бітіргендерге емтихан тапсыртып, оларға тиісті құжаттар көмектесу, қаржыландыру, үйлерін салу, шәкірттерді оқу жабдықтарымен қамтамасыз ету, мұғалімдерге тұрақты жалақы төлеу,т.б. мәселелері болды. Олар халық ағарту мәселелерімен бірге ауыл мәдениетін көтеруді, соның ішінде санитарлық- гигиеналық тазалықты, ағаш отырғызу, қала салу, отырықшы болу істерін де қолға алуды қуаттады.

Орта ғасырлық мистиканы қуаттайтын хадимшілер мен жаңашыл жадидшілер арасында идеологиялық бітіспес күрес 70-80 жылға созылды ( ХІХғ. 60-жылдары мен 1930 жылдар арасында).

Жадид ағымына белсене қарсы шыққандардың бірі белгілі миссионер Н.И.Ильминский болды.

1906 ж. Нижний Новгородба, 1907 ж. Петерборда өткен Ресей мұсылмандары съезінің материалдары Қазанда татар және орыс тілдерінде жарық көрді.Съезде қабылданған жадидшілердің бағытын белгілейтін мәдени бағдарламасы “Тәржіман” газетінен басқа, Орынборда шығатын Фатих Кәрими құрған “Уақыт” газетінде, татар ғалымы Риза Фахрединнің редакторлығымен шыққан “Шора” журналында жарияланды.

Жадидизмнің идеологиясы ұлттық сананы ояту еді. Олар І дүниежүзілік империалистік соғыс қарсаңында Еуропа мен Азия құрлығындағы мұсылман елдерінің басын біріктіріп, салт –санасын зерделеуді мақсат етті. “Тарих, тарихи дәстүр халықты алдағы әлеуметтік сілкіністер кезінде қорғап қалатын иммунитет” деп қарады. Бұған қарама-қарсы, 1910 жылдары Ресейдің ішкі ірі қалаларында шыға бастаған “Мир ислама” журналы мен “В мире мусульманства” газетінде жадидизм жөнінде патша үкіметінің саясатын айқындайтын мақалалар жиі жарияланып тұрды.

Жадидизмнің жолын қуып, халық ішінде насихат жүргізуші қазақ зиялылары: А.Байтұрсынов,и М.Дулатов. М.Сералин, С. Торайғыров, С.Дөнентаев, О.Қарашев, т.б. ақын-жазушылар болды.С. Дөнентаев 1913 ж: “Айқап” журналының 22- санында жарияланған “Жадидшілерге” деген өлеңінде:

... Қызмет көрсет халқыңа,

Игі ат қалсын артында.

Миллатыңды бауыр тұт

Қарамай қазақ, сартына

... Ұлт керегі дегеннен

Жан қиналып жолында

Бас кетсе де тартынба-

деп, ұлт қамын ойлайтын қазақ интеллигенциясына насихат айтады.

Қазасқстанда жаддиизмнің көшбасшысы белгілі түркітанушы, тіл ғалымы А.Байтұрсынов болды. Ол өзнің көп жылдық мұғалімдік тәжірибесіне сүйене отырып (1896-1909 жылдары оқытушы болып істеген ), қазақ мектептерінің ең зәру ісі – оқулық жазу мәселесімен түбегейлі айналысты.

Қазан төңкерісінен кейін дала өңірінде мектеп пен ағарту саласында елеулі өзгерістер туындай бастады. Халықты қажытқан жиһангерлік және азамат соғыстарының қиян-кескі, зобалаң зардаптарына қарамастан, өлкедегі мектеп саны едәуір өсе түсті. Мәселен, елдегі мектеп саны 2011-ден 2410-ға жетті. Оларда оқитын бала саны да біршама артты. Егер 1914 ж. 105239 шәкірт оқыған болса, 1920 ж. олардың саны 144002-ге жетті. Мұндағы қазақ балаларының саны да өсе түсті. Олар 15470-тен 31248-ге жетіп, екі есе артты.

1920 ж. қазанда Қазақ АСР-інің Оқу халық комиссариаты құрылды. Оның төрағасы болып А,Байтұрсынов тағайындалды. 1921 ж. ақпанның 18-інде Бүкіл қазақстандық оқу-ағарту конференциясы шақырылды. Онда балаларды қорғау, біріңғай мектеп жүйесін құру, кәсіптік-техникалық білім беру, саяси тәрбие ісі, т.б. оқу-тәрбие жұмысына байланысты мәселелер қаралды.

1922-1923 оқу жылында Академиялық орталық ұлт мектептерін төл оқулықпен, бағдарламамен қамтамасыз етуде біраз шаралар іске асырылды, төл тілімізде 14 оқулық шығарылды. Олардың ішінде “Физика”, “Граматика”, “Педагогика”, “Алгебра”, “Мектеп гигиенасы”, т.б. бар. Бұл оқулықтарды жазуға қазақ зиялыларының алдыңғы қатарлы өкілдері:- А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, т.б. қатысты.

1920-1930 жылдары республика мектептерінің оқу базасын күшейтуге мемлекет тарапынан орасан мол қаржы жұмсалды.

1929 ж. республика араб алфавитінен латын графикасына көшті. Ежелден ғылым, әдебиет, мәдениет тілі болып келегн араб алфавитінен латыншаға көшу жаңа сауаттанып келе жатқан қазақ халқының мәдени даму ісіне үлкен соққы болып тиді.

1937 ж. қазақ бастауыш мектептерінің саны 527-ден 1190-ға, орта мектептер 11-ден 48-ге , орталау мектептер 143-тен 237-ге жетті. 1940-1941 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерге 1 млн. 145 мың 993 оқушы тартылды. Оның 441 мыңы қазақ балалары еді.

1941 ж. 22 маусымда неміс-фашист басқыншалрары халқымыздың бейбіт өмірін кенеттен бұзып, тұтқиылдан басқыншылық шабуыл жасады. Көпшілік ер мұғалімдер майданға, Отанды жаудан қорғруға аттанды, оқушы жастар колхоз, совхоз шаруашылығына көмектесіп, майдан қажетін өтеуге атсалысты.

1945-1960 жылдары мектептердің, оларда оқитындардың саны күрт өсе бастады. 1960 жалпы білім беретін 10363 мектеп жұмыс істеді, онда 1 млн. 814 мыңнан астам оқушы оқып, білім алды.

1960-1970 жылдар арасында оқу мазмұнына ірі өзгерістер енгізілді. Мектептерді 7 жылдықтан 8 жылдыққа көшіру ісі 1962-1963 оқу жылында аяқталды. Оқушыларды емтихандар алу арқылы сыныптан сынпқа көшіру, орта мектепті үздік бағамен бітірушілерді алтын, күміс медальдармен марапаттау, қоғамдық пайдалы еңбекке, 11 жылдық оқу жүйесіне көшу, мектептерді ірілендіру, үлгі жобамен салу, интернаттар мен мектеп-интернаттар санын көбейту сияқты іргелі жұмыстар іске асырылды.

70-жылдар республикада жалпыға бірдей мінбетті сегіз жылдық білім беру жүйесі жасалғанымен, мектеп өміріндегі кемшіліктер де аз емес еді. Оқу бағдармаларын тым күрделі, әрі қажетсіз қосалқы материалдардан арылту проблемасы туды.

1980-1990 жылдары елімізде жаппай халыққа орта білім беру саласында біраз жұмыс жүргізілді. Соның бірі оқуға 6 жастан бастап алу мәселесі еді.



3.1991 жылы Егемен Қазақстандағы оқу –ағарту ісіндегі жаңалықтар.

Соңғы жылдары Ы.Алтынсарин атындағы қазақтың білім проблемалары институты қазақ, ұйғыр, орыс, ағылшын тілдері мен әдебиеттерін тереңдете оқыту және бисаясаттандыру, ол пәндерде компьютерлік техниканы қолдану арқылы білімді иерең және тиянақты меңгерту, бастауыш мектепте пәндерді интеграцияландыра оқыту,т.б. проблемалары қарастырылуда.

Алайда жаппай орта білім беруге көшу заңы бойынша мұғалімдер ұжымы көп жағдайда көз бояушылыққа салынып, процент қуалап, шәкіртерге сапасыз білім беруге “төселіп” алды. Оқудың өмірден алшақтауынан мектеп бітірушілердің көпшілігі теориялық білімді күнделікті өмірде қолдана алмайтын халге келді, олар жаттамалы, жалған оқуға бой ұрды. Мұның өзі елімізде оқу-ағарту жүйесін қайта құруды, мектеп реформасын жасауды, оқуды өмірмен байланыстыруды,дербес игеруіне, сөйтіп, білім негіздерін жергілікті жердің экономикалық, экологиялық, этнопедагогикалық ерекшеліктерін ескере отырып меңгертуге баса көңіл бөлуді, білім негіздерін демократиялық, интеграциялық принциптерге орайлас әр баланың жеке ерекшеліетері мен қабілеттерін ескере отырып, оқытып-тәрбиелеуді талап етуде.

Үстіміздегі ғасырдың соңғы жылдарынды дүние жүзі елдерінде білім беру жүйесіне елеулі өзгеріс енгізу қажеттігі туып отыр. Ол білім берудің “стандартын” ұсыну. Білім беру жүйесіне ұсынылып отырған стандарт әрбір шәкірттің зердесіне жетені білімнің ең төменгі міндетті деңгейін көрсететін көрсеткіші болмақ. Үкімет қаулысы бойынша жалпы орта білім беретін мектептерді ғылыми - әдістемелік жағынан мемлекеттік стандарт талаптарына сай қамтамасыз ету Ы.Алтынсарин атындағы қазақтың білім академиясына тапсырылды. Академияның теориялық және жеке пәндерді оқыту лабораториялары білімді стандарттаудың 4 объектісін қатар қолға алды. Ол білімнің құрамы мен пәндердің мазмұнын, оқу жүктемесінің көлемін және оқушылардың жайындық деңгейін, оқу бітірушілердің білімі мен білігіне қойылатын талаптарды анықтаудан басталды. Ал бұл әр пән бойынша базалық білім аумағының стандартын жасауға жол ашты. Әр пәннің мемлекеттік Білім стандартын жасау ісі- сол пәннің тұжырымдамасы мен оқу бағдарламасын, соған сай келетін жаңа типті оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдарын жасау, сөйтіп мектепті оқу-әдістемеоік комплекспен қамтамасыз етумен аяқталуы керек. Соңғы екі жыл ішінде Білім Академиясының қызметкерлері барлық пәндердің тұжырымламасы мен бағдарламасын еліміздің экономикалық, өкологиялық, этно-мәдени талаптарына сай етіп, қайта жасау ісімен айналысуда.

Мектептегі оқу үрдісі Мемлекеттің білім стандартынан туындайтын жаңа талаптарға сай келетіндей етіп ұйымдастыруды ойдағыдай шешу орасан көп қаржы жұмсауды және табандылықпен жүйелі түрде ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуді қажет етін аса күрделі де, жауапты іс. Қазақстан өкіметі 2000 жылы “Білім туралы” заң қабылдады. Ол заң бойынша жалпы білім беретін базалық мектептердегі оқу жүйесі: бірінші басқыш 4 жылдық, екінші басқыш 5 жылдық болып белгіленеді де, үшінші басқыш 2 жылдық, барлығы 11 жылдық мектеп болады. Осы айтылғандармен қатар белгілі санаулы білім салаларына икемі бар балаларға арналған лицей, гимназия, колледж, медреселер ашу ісі де қолға алынуда.

Орта мектептерді әрі қарай дамыту тұжырымдамасы мен бағдарламаларын жетілдіру, нарықтық қатынасқа көшуге байланысты орта мектептерлегі тәрбие жұмысының мазмұны мен оны жүргізудің әдіс-тәсілдерін қайта қарап, жаңарту мәселелері қолға алынуда. Оқу- тәрбие ісін бұлайша ұйымдастыру білім сапасын арттырп, жастардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыруға зор мүмкіндік туғызатыны сөзсіз.



Бақылау сұрақтары:

1.Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстандағы оқу –ағарту ісі.

2. Ағартушы – демократтардың өнегелі еңбектері.

3.Қазан төңкерісінен кейінгі оқу – ағарту ісіндегі «Хадимшілер» мен «Жадидизмнің» мәні

4.1991 жылы Егемен Қазақстандағы оқу –ағарту ісіндегі жаңалықтарды атаңыз.
20-лекция. Тақырыбы: Халықтық тәрбиенің түрлері.
Жоспары:


  1. 1.Халық тәрбиені 6 түрге бөлуі: эстетикалық рухани мінез құлық, дене, еңбек,

  2. имандылық, жауынгерлік ерлік тәрбиесі.

  3. 2.Тәрбиенің негізгі қағидалары және оның ғылыми педагогикамен байланысы.

  4. 3.Баланың бесіктен тәрбиелеу.

  5. 4.Баланың тілін дамытудың (Ақбілек, қуырмаш, бас бармақ,жаңылтпаштардың) тіл дамытудағы әсері.

Лекция мақсаты: Эстетикалыцқ, зиялылық, рухани мінез – құлық, дене, еңбек,имандылық, жауынгерлік, ерлік, тәрбиелері жөнінде түсініктерді дамыту.
Лекция мәтіні(қысқаша):
“Ел болу үшін, бесігіңді түзе” (М. Әуезов)-деген сөздің мән- мағынасына ой салсақ, ол- тәрбие ұрпақты дүниеге келтіруден басталады; сол тәрбиенің дәстүрлік, салт –саналық бастаулары мен бағдарларын жан-жақты пайдаланып, даналықпен дамыта білу керек деген өсиеттің мәнін ұғамыз. Нәрестелік кезінен басталатын тәрбиенің қалыптасқан ұлттық рәсімдері мен тәлімдік тәсілдері ұлттық салтпен қолданылып жан жүйеге тәлім-тәрбиелік әсер етеді.

Тәрбиенің негізгі қағидаларының болуы заңды құбылыс. Халық педагогикасының негізгі қағидаларын арнайы сөз етсек, олар мыналар демекпіз.



  1. Келер ұрпақтың ақылды, намысқор, арлы, өміршең азамат болуын тілеу.

Жас нәрестенің дүниегі келуі ата-анаға, ағайын-туыс, қауым-көпшілікке зор қуаныш әкелумен бірге борыш та жүктей келеді. Дәлірек айтсақ ұрпақты тәрбиелейтін халық мектебінің есігі алғаш дүниеге келген күннен бастап айқара ашылады. Ол белгілі мақсат -тілекпен байланысты,туындайды.

Отбасы үлкендерінің бәрі жаңа туған жас баланы отанның елдің асыл азаматы болуын аңсап армандайды. Өнегелі үлкендерге ұқсасын деп дарынды, өнерлі, ақылдыақсақалдарға баланың аузына түкіртіп, азан шақыртып атын қойғызады. “Ақылын, жасын берсін” деп, жаңа туған нәрестені қарияның шапанының етегіне орайды. Ұрпағы өскен қадірлі анаға кіндігін кестереді, бесікке салдырады, қырқынан шығарту ырымдарын жасатады, тұсауын кескізеді.Үлкендерден бата алғызады.Халақтың балаға арналған ырым,бата-тілектерінде келешектен күткен алкен үміт, аңсау арман бар тәрбиенің алғашқы қағидасы ата-ананың аңсау арманымен, баладан күтер үмітімен үндесіп жатыр.

2.Баланы жастайынан еңбексүгіш, елгезек азамат етіп тәрбиелеу. Ол бесік жыры мен тұсау кесер жырларынан, бата, тілек, терме өлеңдерден өзекті орын алған. Еңбек қағидаларын жастардың бойына сіңіру отбасындағы еңбектің қарапайым түрлерінен басталып, қоғамдық маңызды істермен ұштасқан. Ұл баланы қозы, лақ қайтаруға, отын –су әзірлеуге , мал өнімдерінен тұрмысқа қажетті құрал-жабдық (қамшы, шідер,жүген өру, тері илеу, қару-жарақ) т.б. жасауға әзірлеу, қора салу , киіз үйдің ағашын істеу, ұсталық, зергерлік өнерге үйрету т.б. көзделсе, ал қыз балаларды ыдыс-аяқ жуу, үй сыпыру, шай қою, төсек жинау, кесте, өрмек тоқу, ас пісіру, бала күту, қонақ күту т.б. үйреткен.

3.Халақ педагогикасында “Бірінші байлық -денсаулық”деген ұғым өзекті орын алған. “Дені саудың жаны сау”, “Ас адамның арқауы”, “Ауру астан” деп рухани, материалдықбайлықтың негізін жеке бастың , яғни тәннің саулығына байланысты қарастырған. Баланы туған күннен бастап тұзды сумен шомылдыру, маймен сылау, дене күтіміне ерекше мән беріп шынықтыру, мерзімінде жақсы ас беріп тамақтандыру мен ұйықтатудың бәрі тән саулығы үшін жасалған әрекеттер.

4.Халық педагогикасында адамгершілік қасиеттерді баланың бойына дарыту, ізгілікке, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, ар-ожданды қастерлеу басты қағида болып есептелген. “Жаным- арымның садағасы” деп, арды адамгершілік қасиеттің үлгісі санаған.

5. Гуманизм мен патриотизм –халықтық тәрбиенің басты қағидаларының бірі. “Отан от басынан басталады” деп ұққан ата-бабамыз от басының, ананың, рудың отанның намысын қорғауды, қарттарға, ауру, кемтарларға көмектесуді, басқа ұлт өкілдерін сыйлауды отбасы тәрбиесінің өзекті принципі деп. бағалаған. “Атаның баласы болма, адамның баласы бол” “Жақсы-көпке ортақ”, “Ел үшін еңбек ет, халқын сүйген қор болмайды” деген өсиет тәрбиеден өзекті орын алған.

6. Елді, жерді қорғайтын, еңбек ететін азамат болу үшін денені шынықтыру қажет. Халық педагогикасында “шынықсаң шымыр боласың ” деп. ой қорытқан ата-бабамыз ұлттық ойынға жаттықтырып үйрету(аударыс, күрес, теңге алу, қыз қуу) т.б. арқылы дене тәрбиесіне баса көңіл бөлген.

7. Тіршіліктің тұтқасы, өмірдің шамшырағы өнер мен ғылым деп. түсінген халқымыз жастарға “Өнерлі өлмейді”, “Білегі жуан бірді жығады, білімі жуан мыңды жығады”, “Білім таусылмас кен, өнер өлмес мұра” дегенді насихаттап, ертегі, өлең-жыр, мақал-мәтел, аңыз әңгімелер ұсынған.

8. Адам өмірі мәңгі табиғат құшағында өтетін болғандықтан, ата-бабамыз өз ұрпағын ағаш бесіктен жер бесікке әлденеше жұмбақ, өлең-жыр ертегі аңыздар шығарған.

Ал бұл қағидалар сайып келгенде “сегіз қырлы, бір сырлы”, мінезі майда, ары таза, тәні сау, өнегелі-өнерлі, жан-жақты жетілген “толық адам” тәрбиелеуді көздеуден туған. “Сегіз қырлы , бір сырлы” азамат тәрбиелеудің ұстанымдары барлық халықта бар, ортақ талап.Мысалы, орыстар ондай адамды “Кішкентай болса да өнегелі ақылды”, “Ақылды да сүйкімді”, “Қайырымды жігіт” деп санаса таулықтар “Нағыз жігіт” деп атайды. Ал чукчылар “Адал өмір сүретін азамат” дейді. Ол теңізде жүзгіш, соғыста батыр, ғылымыда терең ойлы, билікте-әділ, еңбекте-шебер, өмірде бірлікшіл, сөзде шешен, шет жерде отаншыл бауырмал деген қасиеттер бойында бар азаматтар.

Нағыз шынайы азамат тәрбиелеудегі бр халықтың талап, тілегінің ұштасып келуі ұрпақ тәрбиелеудегі мақсат бірлігінен туындап отыр.

Енді халақтық тәрбиенің осы басты қағидаларының ғылыми педагогикамен байланысы қандай дегенге келейік.

Халық педагогикасы тәрбие ісін баланың жас ерекшелігін ескере отырып жүргізуді талап еткен. Мәселен, “Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай қара, он бес жасқа дейін қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдй бағала” деген мәтел баланы еркін тәрбиелеудің, көмекшім деп үмітпен қараудың, ақылшым деп тең санаудың қажеттігін мегзейді. Ал бұл педагогиканың ынтымақтастық принципімен қабысып жатыр.

Халық педагогикасы баланың тәрбиесі туған, өскен ортасына үлкендердің, ұстазының үлгісіне байланысты деп қараған. Өскен тәрбиедегі әсері жөнінде А.С. Макаренко, Н.К. Крупская, А.В. Сухомлинский, А. Құнанбаев,

Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев сынды ұлағатты ұстаздардың ой-пікірлері де халық педагогикасының қағидаларымен үндесіп жатыр.

Тәрбие жөнінде XVII-XVIII ғасырларда өмір сүрген батыстың, орыстың педагог ғалымдары жақсы ой-пікірлер айтқан болатын.

И.Г. Песталоций: “Бала тәрбиесі, оның дүниеге келген күнінен басталуы керек. Баланың дүниені түсінуі отбасынан басталып, мектпте әрі қарай жалғастырылуы шарт” деген қағиданы ұсынды.

К.Д. Ушинский бала тәрбиелеудегі ауыз әдебиетінің роліне де ерекше тоқталды. Ол: “Ертегілер халықтық педагогиканың алғашқы жән тамаша үлгілері.Ертегілердегідей халықтың асқан даналық тәрбиесімен тепе-тең келетін бірде-бір тәрбие құралы жоқ”-дегенеді. Кешегі Кеңестік дәуірдегі ұлы педагог тар А.С. Макаренко адамды тәрбиелеп жетілдіруде еңбектің, әсіресе ұжымдық еңбектің маңызына ерекше мән берген болса, ал В.А.Сухомлинсий баланы ізгі жүректі азамат етіп тәрбиелеуде ойын түрлерін кеңінен қолдануды және баланы жазасыз тәрбиелеуді, ертек айтуға, табиғатты тамашалауға, сол арқылы олардың ой-қиялын өсіруге баса көңіл бөлді.

Халық баланы тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар, санамақтар, жұмбақтар ойлап шығарған.

Бөбектің тілі шығып, балдырған жасында сөздік қоры молая бастаған кезде, кейбір дыбысты айта алмай немесе қинала айтады. Тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін, қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі- жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса, сөйлегенде де мүдірмей, өз ойын толық жеткізетін болады. жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, тәлім алады.

Санамақтарды халық, негізінен, жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Санамақтар әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтардың түрлері көп, оның үстіне жаңадан қосыла береді. Отбасында санамақтың әрбір түрін балаға жаттатып олармен бірге ойнай отырып, ойын дамыту- ата-ананың борышы. Ересек балаларға неғұрлым күрделі санамақтарды айтқызып, сол санамақтардың шешімін мүмкіндігінше, өлең ұйқасымдарымен айтуды талап ету керек.

Нақты бір зат туралы тұспалдап, ұқсатып, бейнелеп айту арқылы баланы ойлату, танымдық білімділік ұғымдар мен түсініктерді ой-қиял елегінен өткізіп, тұжырым жасап, шешімге келуде тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін байқау үшін, халық ертеден –ақ жұмбақтардың алуан түрлерін шығарған.

Жұмбақтарды Аристотель “Жан-жақты жымдасқан метафора” дейді. Яғни затты бейнелеп, баламалап сипаттау арқылы ұқсас заттардың қасиеттері мен түріне , аумағына, көлеміне зер салып, жұмбақты шешуші шешеді әрі заттарды салыстыра көз алдана елестетіп, дүниетанымдық қабілетін дамытады.

Жұмбақтардың дүниетанымдық, ой дамытарлық мәні мен қатар, тәрбиелік

мәні де ерекше. Өйткені жұмбақ айтысу, жұмбақтарды жаттау кезінде тәрбиеленуші өзінің білім дәрежесін байқап, көп білуге талпынады, ынта-жігері артады, жауапкершілікке бейімделіп, өнерге талпынушылығы артады.

Бақылау сұрақтары:

1.Халық тәрбиені 6 түрге бөлуі: эстетикалық рухани мінез құлық, дене, еңбек,



  1. имандылық, жауынгерлік ерлік тәрбиесі.

2.Тәрбиенің негізгі қағидалары және оның ғылыми педагогикамен байланысы.

3.Баланың бесіктен тәрбиелеу-дегенді қалай түсінесіз?

4.Баланың тілін дамытудың (Ақбілек, қуырмаш, бас бармақ,жаңылтпаштардың) тіл дамытудағы әсері.
21-лекция. Тақырыбы:Халық педагогикасындағы дене тәрбиесі.



Жоспары:


  1. Халықтың болашақ ұрпағын шыныққан, ойлы, сергек етіп тәрбиелеуі.

  2. Ұлт ойындарының қоғамның өзгеруімен байланысты дамып, жаңарып жетілуі.

  3. Ойындағы әдептілік-тәрбие негізі.

  4. Ұлттық ойындардың (теңге алу, соқыр теке т.б.) ептілікке тәрбиелеудегі ролі.

Лекция мақсаты: Халық педагогикасындағы дене тәрбиесі және ұлттық ойындардың

төзімділікке, ептілікке тәрбиелеудегі рөлі жөніндегі түсініктерін қалыптастыру.


Лекция мәтіні(қысқаша):

Халық педагогикасында “Бірінші байлық-денсаулық”деген ұғым өзекті орын алған. “Дені саудың жаны сау”, “Ас адамның арқауы” деп рухани, материалдық байлықтың негізін жеке бастың , яғни тәннің саулығына байланысты қарастырған. Баланы туған күннен бастап тұзды сумен шомылдыру, маймен сылау, дене күтіміне ерекше мән беріп шынықтыру, мерзімінде жақсы ас беріп тамақтандыру мен ұйықтатудың бәрі тән саулығы үшін жасалған әрекеттер.

Ұлт ойындары қоғамның өзгеруімен байланысты әлеуметтік –экономикалық жағдайдың негізінде дамып, жаңарып, жетіліп отырған. Мәселен Қазақстан жерінде алғашқы қауымдық құрлыста: аң аулау, таяқ жүгірту, садақ ату, қақпатас, қара тас ойындары пайда болса, бертін келесі дәуірде қайталау-жаттығу нәтижесінде бұл ойындар аң аулау, буркіт салу, құс салу, садақ тарту, жамбы ату, қақпан –тұзақ құру т.б. спорттық ойындардың аттары өзгеріп мазмұны байый түскен.

Тұрмыс – салт, тарихи - әлеуметтік жағдайға байланысты қазақ халқының дене тәрбиесіне лайықтаған дәстүрлері көп. Атқа отырғызу, күрес, жарыс, жаяу жарыс, көкпар, аударыспақ, найзаласу, жамбы ату сияқты шынықтыру дәстүрлерімен қатар, халық өз ұрпағын батырлық және ғашықтық жырлар арқылы ерлікке баулиды, адалдыққа тәрбиелейді.

Атқа мінгізу рәсімі 3-5 жастағы баланың сүндет тойымен үштастырылып, зор парасатпен салтанатты түрде өткізілген. Үш жасар балаға арнайы ат үйретіліп, оған баланы отырғызу үшін арнеайы ер – тұрмандар даярланған.

Казіргі кезде, әсіресе мал шаруашылығының қызметкерлері бұл дәстүрді жалғастырып жүр. Әуелі балдырған әкесінің көмегімен ат аялдатады, желдіреді, шабады, сөйтіп ол бес жасқа дейін ат мінуге толық үйренеді де, бес жастан әрі қарай балдырған “тізгінді өз қолына алады”. Кейін ол ат шаптыруға, аламан бәйгеге қатысуға бейім болып өседі.

Қазақша күрестің өз ерекшелігі бар. бала күрес, балуан күрес, айқасып күресу, белдесіп күресу, жата беріс тастау, аяқпен шалу т.б. күрес тәсілдік ережелермсен қалыптасқан. Бұл – баланы, балуанды шынықтырудың ең қажетті құралы. Ат жарыстың бірнеше түрі бар: тай жарыс, құнан жарыс, дөнен жарыс, ат жарыс, алман жарыс. Ат жарыста ат айдаушы мен ат бегінің атқаратын ісі жауапты. “Ат шаппайды, бап шабады” депи халық бапкердің еңбегін жоғары бағалайды. Ат сынаушы саяткердің ат жарыста алатын орны үлкен. Кейбір саяткер аттың қанша шақырым талмай шабатынын дәл тауып айтады. Ат жарыста ат айдаушының да тәжірибесі мол болуға тиіс. Аттың өкпесін тепкілей, қамшылай беру - әбестік, әрі үлкен айып. Қазақтың халық педагикасында ойында көп орын алады. Халық болашық ұрпағын шыныққан, ойлы, сергек етіп тәрбиелеу үшін ойынның алуан түрін ойлап шығарған. олардың спорттық ойындар, миды шынықтыратын, яғни ой жүйесін дамытатын ойындар, еңбекке, өнерге баулитын ойындар деп бірнеше топқа бөлуге болады. Спорттық ойындардың түрлері өте көп, солардың ішінен көкпар,ғ аударыспақ, алтыбақан, тоғыз құмалақ, ақсерек – көксерек, қавшпа доп, қақпа доп сияқты ойындарды атап көрсетуге болады.

Көкпар – шынықтыру тәрбиесінің ұлттық мәйегінің бірі. Көкпардың мара көкпар, дода көкпар т.б. түрлері бар. Мәреден сөреге дейін алдырмай барып, мәреге көкпарды қайтіп әкелген жігіт жеңіске жетеді. Ал дода көкпарда кімнің аты күшті, өзі балуан әрі батыр болса, көкпардан доданы үзіп алып шығып, белгіленген мәресіне қарай алып қашады да, діттеген жеріне жеткізеді.

Аударыспақ – ер азаматтың атқа шауып, күш сынасудағы артықшылығын көрсететін халықтық ойын.

Найзаласу, жамбы ату – ер жігіттің күш – қуатынарттырып, ептілігі мен мергендігін қалыптастырады. Әсіресе, ат үстінде найзаласу жарысы асқан шеберлік пен балуандылықты қажет етеді. Әділ қазылар алқасы мен төрешгілер ұлттық шынықтыру жарыстарының ережелерін қатаңсақтауды талап етеді.

Қыз қуу - жігіттің жігерлігін, батылдығын, атбегілік өнері мен еңбегін сынайтын дәстүрлік ойын. Бағзы заманда қызға үйленбек болған жігіттің батылдығы мен күші, ептілігі мыналып, сыннан мүдірмей өткен жігітке “енді қызды қуып жетсең, қалыңдығың болады” деген талап қойылған. Сол тталапты да мүлтіксіз орындау үшін жігіт атын сайлап, атпен шабу өнерін жетілдіре түскен. Осы кезде қыз қуу жарыстың бір түріне айналды. Жарыс ұзындығы 500 – 800 м, енді 30 – 40 м, тегіс жерде өткізіледі. Мәре мен сөре бір жерде болады. Айналып қайтатын жерге жалау қадалады. Қыз жігіттен 10 метр жерде озып тұрады. Төрешінің белгісі бойынша жарыс басталып, жігіт айналып қайтатын жерге дейін қызды қуып жетсе, оны ат үстінде құшақтап сүйеді, бұл – жігіттің жеңгені. Ал жігіт қызды қуып жете алмаса, қайыра қайтқанда қыз сөреге дейін жігітті және оның атын қамшының астына алады, бұл – қыздың жеңгені.

Тоғыз құмалақ – ойлау жүйесін дамытатын ұттық ойын. Ойын үшін арнайы тақта жасалынады. Тақта 18 ұя, 2 қазан 162 құмалақ дайындалып, әрбір ойыншыға 81 ден бөлінеді, әр ұяға 9 дан келеді. Алғашқы жүрісті кім бастайтындығы жеребі бойынша шешіледі.Жүріс кезегі тиген ойыншы өзінің кез – келген отауына бір құмалақ қана қалдырып, қалғанын қолына алып, солдан оңға қарай жүреді.Екі жақтың отыруына құмалақтар бірдей түседі. Ең соңғы құмалақ түскен қарсы жақтың ұясындағы құмалақ жұп болса (10,12,14,20) сол ұя босатылады да, құмалақ жүргізуші жақтың қазанына салынады. Ал жүргізушінің соңғы құмалағы өз ұясына түссе, ол алынбайды. Келесі жүріске мүмкіндік алған қарсы жақ уақ санды құмалағы бар ұясына, өзінің соңғы тасын салып, ұпайды өз қазанына түсіруге әрекет жасайды.

Алтабақан –қазақ халқының дене шынықтырып, көңілкөтеру үшін шығарған ұлттық ойыны. Алты бақанды сырықтың екі басына үш-үштен қосақтап бай лап,бақанның арша тармағын сырыққа кигізеді. Алты бақанды құрастырып болғаннан кейін , оның екі басынан үш қатар арқан байлайды. Арқанның екеуі бір деңгейде , үшіншісі олардан 40-50см төмен тұрады.Бір деңгейде байланған екі арқанға қыз бен жігіт қарама-қарсы отырады да, төменірек байланған арқанға аяқтарын тірейді. Бұларды бір адам тербетеді.Алтыбақанда тербеліп отырған екі адам қосылып ән салу тиіс. Алтыбақан ертедегі ауыл өмірінде жастардың кешкілікте бас қосып,халық аспаптарының сүйемелдеуімен ән салатын, айтысатын көңіл көтеретін ойын-сауығы болған.Алтыбақан ойынын жаңаша өнер жарысы ретінде жақсы безендіріп, мазмұнды, мәнді де сәнді өткізуге болады.

Ақсүйек бағдарлық сезімді дамыту үшін, денені шынықтыру үшін шығарған ұлттық ойын. Айлы түнде ойналады. Ойын бастаушы ойыншыларды екі топқа бөліп, кезегіне қарай ақ сүйекті (көбіне жылқының бақай сүйегін) алысқа лақтырады. Екі топтан ең бағдаршыл, қырағы ойыншы ақ сүйекті тауып алып қашып, қарсыласы тартып алмаса, сөреге жеткізеді. Қайсы топ сөреге ақ сүйекті көбірек әкелсе сол жеңеді. Егер ақ сүйекті тапқан ойыншы өзінің жүйріктігі мен күшіне сенбесе , одақтасына беріп жібереді. Жүгіріп ойнайтын ойын болғандықтан ақ сүйек денені шынықтырады, шапшаңдыққа, батылдыққа тәрбиелейді.



Бақылау сұрақтары:

1.Халықтың болашақ ұрпағын шыныққан, ойлы, сергек етіп тәрбиелеудің әдіс- тәсілдері.

2.Ұлт ойындарының қоғамның өзгеруімен байланысты дамып, жаңарып жетілуінің мәні

3.Ойындағы әдептілік-тәрбие негізі.

4.Ұлттық ойындардың (теңге алу, соқыр теке т.б.) ептілікке тәрбиелеудегі ролі қандай
22-лекция. Тақырыбы: Халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесі.

Жоспары:


  1. 1.Еңбек тәрбиесінің негізгі саласы.

  2. 2.Еңбек-өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі.

  3. 3.Ұл бала мен қыз баланы еңбекке тәрбиелеудің өзіндік

  4. ерекшеліктері.

  5. 4.Еңбек тәрбиесі туралы халық мақалдары, олардың тәрбиелік мәні.

Лекция мақсаты: Еңбексүйгіштікті, кәсіптік дағдыларды тәрбиелеуге үйрету.

Лекция мәтіні(қысқаша):

Қазақтың халық педагогикасында еңбек тәрбиесі ерекше орын алады. Тәй-тәй басып, әрекет жолына түсе бастаған бөбектен бастап еңбек тәрбиесі еңбексүйгіштікке (қарекет қылуға), еңбкекті құрметтеуге (ата-ананың еңбегін құрметтеп, оны мақтан тұтып, оларға көмек көрсетуді борышым деп санауға), еңбекке дағдылануға (үйрету, жаттықтыру, дағдыға айналдыру) үйретеді.

Еңбек тәрбиесі алғаш, негізінен, баланың еркін әрекет жасап, тал-пыну, талаптану, ойнау, ойын үстінде үйрену кезінде іске асырылады.

Еңбек тәрбиесінің негізгі саласы- баланы кєсіпке үйрету болып табы-лады: мал бағу, егін салу, сәулет өнеріне үйрету, зергерлік, тоқыма-шылық, құсбегі болу алуан түрлі ұсталық кәсіпке үйрету негіздері.

Мал бағу- қазақ халқының негізгі бір ұлттық кәсібі болғандықтан, балаға ес біле еңбек етіп, мал бағуды үйретуді халық әрбір ересек адамның борышы деп есептейді.

“Қой бақсаң, өрісін тап”, “Доп ойнаған –тозар, асық ойнаған –азар, бєріненде қой бағып, көтен, мойын жеген-озар” деп халық қой бағу өнерін жоғары бағалайды. Қой-ешкі бағу оңай емес, оны ерте өргізіп, кеш қоралау, жазда ешкі-қойды желдетіп, қыста ықтатып бағу отар малды кезінде суғарып, жусату. Қой қосақтап, оны сауа білу, қозы бөлу, қой идіру, қой қырқу, қой емдеу, қой санау, қой түстеу, қой сою жұмыстарының әр саласы-бір ғылым. “Егін ексең, жүгері ек, жүгері-сүт, жүгері ет”, “Нан құраннан да қасиетті” , “Алтын-күміс тас екен, арпа бидай ас екен” деп халық егін егуді қастерлеп, жоғары бағалайды. “Көктемнің бір күні, қыстың бір айына азық” деп егін салудың оны орып-жинаудың өз мезгілі болатынын қатаң ескертеді, егін жиналған соң сабан той (алтын дән) жасайды.

Дүние жүзіндегі жеті өнердің ең сәулеттісі “Тахла – Маклан ” ғимаратын салған Мұса шебер- қазақ. Сәулет өнері қазақ жерінде ертеде дамыған. Оған монғол шапқыншылығында қазақ жерінде қираған (Отырар, Сауран, Сайран, Созақ, Иассы, Сығанақ, Испиджаб,т.б) жүзден астам қалалар мен қымбатты тарихи ескерт-кіштер дєлел бола алады. Сәулет өнерінің керемет үлгілерін тамсанасөз ету ертегілер мен аңыз әңгімелерде батырлар жырларында кездеседі. Сәулет өнерінің үлгілерін Қожа Ахмет Иассауи, Арыстан бап кесенелерін көреміз.

Киіз үй – қазақтың сєулет өнерінің тарихи табысы. Киіз үйдің жолым үй, төрт қанатты, алты қанатты, он екі қанатты (керегелі) түрлері бар. Оның жабдықтарын ( кереге, уық, шаңырақ, туырлық, түндік, жабық, үзік, уық бау, кереге бау, басқұр, ортаңқұр, есік, ергенек, т.б) жасау үшін қыруар еңбек, асқан шеберлік керек. Бұл еңбек тәрбиесінің бір негізі.

Зергерлік өнерін қазақ халқы жоғары бағалап, зергерлерді ардақтап, олардың өнерлерін

(ою-өрнек, алқа, сырға, білезік жасау, т.б) уағыздап, жастарға үйретіп отырған. Зергерлердің ғасырлар бойы еңбек етуінің нәтижесінде халықтың өзіне тән ұлттық ою-өрнектері ( мысалы: “Алтын адам” өрнектері) бар.

Кілем, алаша, шекпен тоқу өнерін жастарға үйрету ісі өз жалғасын тауып келеді. “Үшқш кілем” өрнектерін қиялдаған халық өз шеберліктерімен қалы кілем, түкті кілем, алаша кілем, жібек кілем, т.б. кілем түрлерін тоқуды жастарға үйретіп келеді.

Алуан түрлі ұсталық кәсіптер (үй ағашын, киізін даярлау, кесте тігу) көбінесе, әулеттік кәсіп ретінде ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келеді. Әулеттік кәсіп ұлғайып ұлттық кәсіпке айналып отырған. Әулеттік кәсіпті жастарға үйретіп, оны жалғастырып отыру ұлттық салтқа айналған (мал бағ, егіншілік, бағбандық т.б).

Аңшылық – халықтың ең көне кәсібі. Тұзақ салу, садақ ату, ит қосу, құс салу (құсбегілік) кәсібі, көбінесе, сәулеттік кәсіп болған. Әрбір кәсіптің өз тәсілдері мен тәжірибелері бар.

Балық аулау кәсібіне үйрету үшін халық ең алдымен балықтың түрлерімен (бекіре, сабан, шабақ, алабұқа, шортан,қызыл балық, жайын т.б ) таныстырады, балық аулау құралдарын (қармақ, ау, тор,т.б) қолдануды үйретеді, балық тағамдарын (балық сорпа, сұр балық, т.б) даярлау тәсілдерін білуді насихаттайды.

Әулеттілік тағылымдар мен дәстүрлер – бір атадан тараған әрбір әулеттің өзіне тән қалыптасқан мұралық дәстүрлері. Мысалы, емшілік, ұсталық, өнерпаздық, саяткерлік, диқандық, сәулетшілдік, т.б. әулеттік дәстүрлер ұрпақтан - ұрпаққа үлгі- өнеге , тәрбие үйрету арқылы жалғасып отырады.

Әулеттік дәстүрлерді жалғастыру үшін ата баланың әулеттік намысын қоздырып, өз өнегесін үйретеді. Сол арқылы жалпы халыққа үлгі көрсетіп, халықтық педагогиканы дамыта түседі. Халық әулеттік тағылымдар мен дәстүрлерді жоғары бағалап, оны ұрпақтарына үлгі етіпотырады. Халық арасынан шыққан әулеттік ансамбльдер, айтыстық ақын дәстүрлері, т.б. әулеттік дәстүрлердің тәрбиелік мәні зор болып табылады.

Қазақ халқының халықтық педагогикасы жаңаша дәстүрлермен, тамаша салт- саналармен дами береді.

Әулеттік тағылымдар мен дәстүрлердің тәрбиелік мәні, оның жалғастық, мұралық өзектерінің үздіксіздігіне байланысты.

Отбасында халық педагогикасының еңбек тәрбиесіне лайықты нұсқалары үздіксіз пайдаланылады: үлкенді сыйлау, ас алдын үлкенге ұсыну- еңбек нәтижесінің ізгілік көрінісі болса, еңбек туралы мақал- мәтелдерді үзбей мысалға келтіріп, игілікті іске басшы болып отыру үлкендердің борышы.

Қыз баланың үй ішіндегі еңбегі ұшан- теңіз. Әсіресе үй ішін жинай білу, төсек жию, жүк жинау, кілем ұстау, үй жићаздарымен үйді безендіре білудің ұлттық белгілері өте мол. Қыз баланың кесте тігу, ою өрнектеу, киім пішіп, тіге білуіне, кілем тоқуына, т.б. кәсіптік іс-әрекеттеріне ана басшылық жасап отырады.

Отбасындағы еңбекке тәрбиелеу ісіндегі еңбек бөлісін, көбінесе, әке басқарады. Ер баланың малшы, егінші, сәулетші болуы мен әулеттік кәсіпті үйренуі, негізінен, әкенің іскерлігі мен жауапкершілігіне байланысты.

Отбасындағы еңбек тәрбиесіне аңыз әңгімелердің (“Аяз би”), ертегілерінің (“Ер Төстік”), ұлттық ойындардың (“Жанұя” қуыршақ ойыны), мақал – мәтелдердің (“Еңбек бәрін жеңбек”, “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей”) әсері мол. Халық педагогикасының бұл салаларын от басында тиімді пайдалану ізденуге, ізгі іске жауапкершілікпен қарауға байланысты. Мысалы, жас бөбекті күтуге жанұядағы барлық жан қатысады, олар бесік жырын, сол үшін де жақсы білуге ынталанады. Ал “ғажайып бақ” сияқты ертегіні балаға айтып беру, “Аяз би” аңыз-ертегісін баланың өзіне айтқызу оның еңбек сүюіне, әдептілік әрекетіне әсер етпей қоймайды.



Бақылау сұрақтары:

1.Еңбек тәрбиесінің негізгі саласы.

2.Еңбек-өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі қандай?

3.Ұл бала мен қыз баланы еңбекке тәрбиелеудің өзіндік ерекшеліктерін ата.

4.Еңбек тәрбиесі туралы халық мақалдары, олардың тәрбиелік мәнін түсіндір.
23- лекция. Тақырыбы: Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие.
Жоспары:

1. Эстетикалық тәрбие - ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі.

2. Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбиенің бағыттары.

3. Тән сұлулығы жөнінідегі өлең жыр ертегі мен аңыздардың тәрбиелік мәні.

4. Әсемдік тєрбиесіне баулудың жолдары мен әдістері.

Лекция мақсаты: Халықтық педагогикадағы эстетикалық тәрбиенің міндет –

мақсаттарын, сұлулық сезімдерін ұғындыру.


Лекция мәтіні (қысқаша):

Эстетикалық тәрбие - ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі. Әдепті, иманды халқымыз ұрпағына жан – жақты эстетикалық тәрбие беріп отырған. Тұрмыстағы, мінездегі әсемдікті өмірлік дағдыға айналдыруды тәрбиенің басты құралына жатқызған.

Үлт өмірінде қалыптасқан кісілік, қайырымдылық, меймандостық дәстүрлер - ұлттық мәдениетті көрсететін көркем құбылыстар.

Әдеп барлық халықта бар, ал қазақ халқында ол эстетикалық тәрбиенің өзегіне айналған. Өйткені “Әеп” сөзі “мәдениет” деген сөздің баламасындай естіледі. Сондықтан, әдеп ұлттық мәдениетімізге сіңіп, қалыптасқан үрдіс.

Эстетикалық жағынан жетілу қажеттілігі адамгершілікпен тығыз байланысты екені сөзсіз.Біз адамның мінез - құлқына тек мейірім мен қаталдық тұрғысынан ғана баға бермейміз сонымен бірге оның әрекетті қалай жасағанын сұраймыз.

Бәлки, жақсылық пен әсемдіктің терең тамырлы өзара байланысы осында жатқан болар. Тарихи тұрғыдан алғанда сұлулық сезімі еңбек қызметі процесінде пайда болады.

Ертедегі адам белгілі бірқұралды жасағанда оның түзу, жұмысқа ыңғайлы, берік болуымен қатар сыртқы түрінің әсемдігін де ескерген. Соның нәтижесінде сұлулықты сезіну, адамның абстрактылы ойлауының жетілуіне қарай әдемілік пен сүйкімсіздік үғымдары шықты. Бара – бара әдемі заттар сұлулық заңы бойынша дүниеге келе бастады. Қазіргі қоғамда адам тіршілігінің барлық саласының эстетикалық жағына баса назар аударылады. Эстетикалық талғам мен оған мұқтаждықтың дамуына, әсіресе өнер қатты әсер етеді.

Біздің қазақтың көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаев “Сұлулық сезімдері” жайлы жаратылыстың искуствоның сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады деді. Үбіреген гүл, күңіренген орман, сылдыраған су, былдыраған бұлақ, шексіз – шетсіз қара көк теңіз, түрлі шөптермен толқынданған дала, бұлтпен бел алысқан биік тау, күннің ойыншыл алтын сәулері, еоке сұлу ай, жұлдызды түн , міне осылар сықылды жаратылыстың сұлу заттары көріністері яки искуствоның тылсымды жанды билеп алып кететін ән, күй, сиқырлы сөз, сұлу сурет, сықырлы, әсерлі адам жанында бір ләззат, бір сұлулық толқынын оятып, туғызбай, архитектура, сұлу сурет(живопись, скульптура) сықылды пластика искуствосын адамның көру сезімін сиқырлап барып, жанда сұлулық толқындарын туғызады.

Ал енді музыка, ән, поэзия сықылды тон икуствосы есту сезімін сиқырлап барып, жанда сұлулық толқындарын туғызады.

Сұлулық сезімдлері адамның дұрыс, сұлу, ләззат ізденуіне, сұлу нәрсені сүюіне ,керексіз нәрседен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тиылуына көп көмек көрсетеді. Содықтын баланы сұлулық сезімдері жақсы тәрбие қылынуға тиісті.

Сұлулық сезімдерін тәрбие қылу

Әр адамның сұлулық сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудің музыкадан, біреудің сұлу суреттен, біреудің поэзиядан, искусствоның әйтеуір бір түрінен ләззат алмайтын, біреуіне құмар болмайтын адам болмайды. Тәрбиенің міндеті балада искусствоның қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, сол түр туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету. Өркендету жолдарынан төмендегі жолдарды көрсетуге болады: 1. Балаға жаратылыс сұлулығынан ләззат алғызу. Жаратылыста сұлулықтың неше түрінің бєрі бар. Бала бұлақтың балдырын, судың сылдырын, жапырақтың сыбдырын, орманның күңіренгенін, теңіздің күрілдегенін естісін; жымыңдаған жұлдыздар себілген көк шатыр көркі, түрлі түсті кемпірқосағын, буыны жоқ бұраңдаған қойыңды көрсін. Жаратылшыс сұлу жаратылыстың құшағында болсын, балада сұлулық сеземдері еріксіз оянады. Тәрбиені жаратылыстағы түрлі сұлулықтарға баланың назарын аудара білу керек.

2. Баланың маңайындағы нәрсенің бәрі жинақты,ретті таза болсын.Таза деген сөзді қымбат деп ұғу қате. Тегінде қымбаттың бәрі сұлу деп ұғу қате ғой. Баланың маңайындағы нәрсе қымбат болмасын. Таза, ретті, тєртіпті болсын. Үйдің іші киім-кешек, ыдыс-аяқ бәрі таза болуға тиісті. Баланың үсті-басы, денесі, беті –қолы, бәрі таза ұсталуға тиісті. Баланың маңайында жүрген адамдар ретті, тәртіпті таза болуға міндетті. Үяда не көрсең, ұшқанда соны іледі. Тазалыққа үйренген бала таза болады. Былыққа үйренген бала, былық болады. Баланың маңайында сөйленетін сөздер де әдепті болуға тиісті. Жєне баланың маңайындағы адамдардың жүріс тұрыстары да әдепті, сұлу болуға тиісті. Сұлу дене, сұлу қозғалысты қозғалысты көріп өскен баланың денесі де, қозғалысы да сұлу болады.

Семьядағы эстетикалық тәрбиеде үй – ішімен серуенге шығу, табиғаттың әсем өңірлері мен таза ауасында тынығып дем алу сияқты шараларды жүзеге асырудың да маңызы зор. Мұндай серуен, саяхат жасау арқылы семьяның әрбір мүшесі еліміздің әдемі, әсем жерлерімен, жануарлар дүниесімен танысады жєнеоларға ұқыпты қарауға тәрбиеленеді.

Эстетикалық тәрбиеде семья мүшелерінің тұрмыстағы тазалығы, жинақтылығы да елеулі роль атқарады. Өзінің тұрған үйінің тазалығын сақтау арқылы әрбір адам өзі тұрған селосы мен қаласының тазалығын сақтауға әрекеттенеді. Сондықтан семьяда әркім өзінің жұмыс істеп, тынығар бөлмесін немесе сондай бұрышын ұқыпты таза ұстауға, үй ішінде де таза , жинақы жүруге, киім – кешегін және өзінің жеке басына қажетті бұйымдарды қажетіне қарай алып, орнымен пайдалануға дағдылануы тиіс. Мәдениетті адам болу үшін алдымен таза жүріп жинақы болуға тырысу керек. Тұрмыстағы салақтыққа да немқұрайлы қарауға болмайды. Сондықтан талғам жағынан ерлі – зайыптылар бір-біріне жақсы ықпал етіп, әсер жасап, өзара бір- бірін иєрбиелей жүрсе, онда тұрмыста эстетикалық мәдениетті қалыптастыруға, оны семьялық дәстүрге айналдыруға қолайлы жағдай жасалады. Семья мүшелерінің ынталы еңбек етуіне, тынығып дем алуына қолайлы жағдай жасалып, табысына қарай сұраным болып, уақытымен сапалы тамақтанып, заманға сай сәнімен киініп, үй ішінде жинақылық пен тазалық орнап, ағайын – туыс, дос – жарандарымен, көрші-қолақмен сыйлас болып, қоршаған ортасына ұқыпты қараса, онда семья өмірінің мәдениеті жоғары, рухы берік келеді.

Біздің бүгінгі тіршілігімізді көркем әдебиетсіз, поэзиясыз, мүзейлерсіз, кино,концерт залдарынсыз, театрларсыз көзге елестетудің өзі қиын. Өнердің адам санасына әсерінің өзіндік ерекшелігі – оның еркіндік сипатында, ешқандай пайдақұмарлық ой туғызбайтынтығында. Эстетикалық жағынан дамыған адам өнер туындысына немесе батып бара жатқан күн шапағына қарап одан ләззат алады, рахат табады. Осынау тамаша сезім оның бойындағы бұғып жатқан күш-қуатққ жол ашады, творчествоға, жақсылық жасауға ұмтылдырып, қастерлі борышты сезіндіреді, болашаққа сенімді



Бақылау сұрақтары:

1.Эстетикалық тәрбие - ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі- деегнді қалай түсінесіз?

2.Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбиенің бағыттарына талдау жаса..

3.Тән сұлулығы жөнінідегі өлең жыр ертегі мен аңыздардың тәрбиелік мәні.

4. Әсемдік тєрбиесіне баулудың жолдары мен әдістері қандай?
24-лекция. Тақырыбы: Халық педагогикасындағы зиялылық тәрбиесі

Жоспары:

1.Халықтық астрономиялық аңыздар мен ырымдардың ақыл-ой тәрбиесіндегі

ролі.

2.Тіршіліктің төрт тірегін қастерлеу.



3. Қазақ календарының шығу тарихы (ай, күн, жыл аттары).

Лекция мақсаты: Әлемнің төрт құрылымы жөнінде түсініктерін қалыптастыру.
Лекция мәтіні(қысқаша):

Қазақтың халық педагогикасы баланың пайымдауын қалыптастырып, ойлау жүйесін дамытып, үлгі -өнегелі іс-әрекеттерді үйретіп, кісілігін кемелдендіру арқылы ақыл-ой тәрбиесін іске асырады. Ол үшін халық марал-мәтелдерді, өнегелі өсиет сөздерді, даналық уағыздарды, шешендіксөздерді пайдаланады.“Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады”, “Кітап-білім бұлағы”, “Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп”, деп халық, марал-мәтелдер арқылы ғылым-білімді зерттеп, ақыл –ойдың негізгі пайымдауда екендігін ұрпаққа ұғындырып отырады.

Бүкіләлемдік тіршіліктің төрт негізі бар . Олар: Күн-ана, Жер ана, ауа мен су. Адамзат күнделікті тіршілігінде осы төрт құдіретке сүйенеді.Егер осы төрт негіздің біреуі болмаса, тіршілік тоқтайды.Сондықтан адамзат Күнді жерді анадай ардақтайды, жер мен судың әулиелігін қастерлеп, әрекет жасап, қызығын көреді.

Күн- барлық тіршіліктің құдіретті тірегі. Ертеде адамзат Күнді жаратқанның жаратушысы деп табынып сиынып, барлық тіршілікте Күннің құдіретіне сүйенген. Шын мәнінде мынау жарық дүниенің өзі күннің сәулесі менжалылығынан қуат алып тұр.Сондықтан да халқымыз Күн тұрған аспан әлемін қасиеттеп: “Аспанға қарап түкірме, аспанға тас лақтырма”деп, ырым-тыйым жасайды. Күннің нұры-сәулесі, құдіреттікүші-от. Әлемдегі барлық тіршілік оттың күшімен қозғалысқа түсіп, адам өмірін өркендетіп тұр. Отты халық қастерлеп, “Отты баспа”, “отпен ойнама”, “отқа түкірме” деп, ырым тыйымжасап, кесір-қырсықты от пен “аластап”, отқа табынған. Отбасы,отағасы,отау деген сөздер оттың құдіретін қастерлеуден шыққан. Найзағайдың жарқылы, мотордың оталуы, оқтыңатылуы-бәрі де оттың әсері. Тек сол оттың әулиелігін қадірлеп отты дұрыс пайдалана білу адамның ақыл –біліміне байланысты.

Қазіргі заманда Күннің құдіретін бөгеп, аспандағы азон қабатын ыдыратқан техникалық зардаптарға қарсы күрес жүргізілуде. Қазақ “отбасың аман болсың”, “шырағың сөнбесін” деп, отбасынан бастап бүкіл адамзаттың барлық тіршіліктің анасы-Күннің амандығын тілейді.



Жер-ана барлық тіршілікке нәр беріп, анамыздай асырап жатыр. Адам баласы ғасырлар бойы жер бетіне таласып, қан-төгіп, қырғынға ұшырады. Бірақ жер-ананы аялау, оны бүлдірмеу үшін, әр қилы әрекет жасауды соңғы ғасырда ғана қолға ала бастады. Қазақ халқы жер-ананы әулие тұтады. “Батпағанға -жер жомарт”, “Жері байдың-елі бай”, “Туған жердің топырағы да ыстық”, “Туған жер-алштын бесік”деп, халық жер –ананыаялайды, баптайды, құдірет тұтады. Халық “топырақ шашып ойнама”, “жерді жамандама” деп, ырым жасап, жер ананы қастерлеуді уағыздайды. Жер тоздыру, өрісті тарылты , бар жерді пайдаланбау, он баптамау-әрі айып, әрі қылмыс.

Жер –жаһандағы тіршіліктің нәрін сіңіріп, өмір сүрудің тірегі болып тұрған құдірет су .Өсімдік, Жан- жануар, құрт-құмырсқа, адамзат сусыз өмір сүре алмайды. Өмірге ең қымбат, ең қажетті нәрсе болғандықтан, халық суды да іулие тұтып, судың шығып жатқан жерін “әулие бұлақ”, “әулие көл” дейді. “Судың да сұрауы бар” деп, суды ысырап жасамау керек екенін халық өз ұрпақтарына ескеріп отырған. “Сулы жер-нулы жер”, “Өзен бар жерде өмір бар ”, “Бұлақ көрсең көзін аш”, “Судай таза, сүтте ақ бол” деп халық өмір тұрмыстың жақсы болуы суға байланысты екенін, сондықтан арна жасай білуді уағызқдайды, “суды улама” деп,судың тазалығын сақтауды талап етеді. Суды дұрыс пайдалана білмегендіктен , Арал теңізінің тартылуы, өзен-көлдердің улануы халықты қатты күйзелтті. Өзен-көлдерден құстар мен аңдардың кете бастауы-қасірет. Ел еңбектеніп,ұрпақтарын табиғат апатына қарсы күреске тәрбиелейді.

Жанды дүниенің өмір ырғағын жасап тұрған құдіретті нәрсе – ауа. “Ауа-өмір тынысы дейді халық”. Тыныс алу тоқтаса, өмір де тоқтайды. “Асар таудың ауасы-аурудың дауаса”, “Ауаны былғама, алланың демі” деп, халық кең ауаны, таза самалды қасиет тұтқан. Ауаны былғау қылмыс деп. есептеген. Ең қымбатты, қажетті нәрсені “ауадай қажет” деп,халық ауаны қымбаттың қымбаты деп. бағалайды. “Желдеткішті жаппа”, “Ауаны қылышпен кеспе”деп, ырым жасап, әулиенің әулиесіндей көреді. Ауаны азарту үшін, көгалдандыру, орман-тоғай өсіру, қорықтарды қорғау ісіне ел ерекше көңіл бөледі. Тіршіліктің төрт тірегін қастерлеу-халық салты, өмір заңы.

Ата бабамыз жыл қайыруды, күн ауыруды ұрпақтарына үйретіп, әрбір жылдың, айдың, күннің ерекшеліктерін айқын білі, айтып отырған. Жыл қайыруда мүшел жылын ерекше атап, мүмкіндігінше мүшел той әрбір он үшінші жылы (13,25,37) аталып, өтіледі, мүшел жасы қасиетті жс ретінде тойланып, ол жасқа дейін ерекше, елеулі өзгерістер болғаны айтылады.

Жыл қайырудағы жыл реттері: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан,жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. Халық хайуанаттарды “еті адал”, “еті арам” деп, екі топқа бөледі. Жыл реттеріндегі 12 жыл атауында бірі арам, бірі адал – 6 жұп атаулары бар. Он екі жыл өткен соң, он үшінші мүшел жылы болып, алғашқы атау қайталанып отырады. Әрбір адамның “Мүшел жылы” -- өзінің туған жылы (егер барыс жылында тусаңыз, барс жылы қайталанған сайын) мүшел той аталады. Ғасырлар бойы табиғат сырын, хайуанаттардың таңғажайып ерекшеліктерін зерлеп, зерттей білген ата – бабаларымыз, бүкіл өркениетті адамзат қауымы әрбір жылдың өз айырымдарына байланысты атау қойған. Тышқан жылы ел тірлігі мол болады, бірлігі жақсы ел берекелі, мерекелі өмір сүреді. Сиыр жылында еңбек еткен адамның бақыты мол болады. Барыс жылы – сәтті жыл, әркім алдына қойған мақсаттарына жетеді, іс - әрекет құтты болады. қоян жылы да құтты жыл , бірақ кейде бұл жылда жит болуы мүмкін. Ұлу жылында әрекет берекетке жетеді. Жылан жылында табиғат құбылысы құрғақшылыққа ұшырауы мүмкін. Жылқы жылы – мархабатты жыл. Бұл жылда отау тігуді (үйленуді) арман еткен жастар мақсатын орындайды. Қой жылы төлдің басы көп болады, молшылық халықты мерейлендіреді. Мешін жылында тыныштық, жарасым, келісім, татулық халықты қуанышқа бөлейді. Тауық жылы – арманды жыл. Әркім іс ретін тауып, шаруаны білсе, арманына жетеді. Ит жылында қиыншылық көп болады, қиындыққа қымсынбай, он жеңе білу керек. Доңыз жылында тыныштық пен достық үстем болып, жақсы мінезді жайсаң адамдар өмір қызығын көбірек көреді. Тарихта халықтың осы тұжырымдары негізінен нақты келіп, өмір тәжірибесінің айқын көріністерін байқатты.

Бақылау сұрақтары:

1.Халықтық астрономиялық аңыздар мен ырымдардың ақыл-ой тәрбиесіндегі ролі.

2.Тіршіліктің төрт тірегін қастерлеу- дегенді қалай түсінесіз?

3.Қазақ календарының шығу тарихы. (ай, күн, жыл аттары).


25-лекция. Тақырыбы: Жоғары руханилылықты, мінез құлықтық сапаларды қалыптастыруда құранның тәрбиелік ролі.

Жоспары:

1.Имандылықтың мәні салауаттық.

2.Пайғамбардың хадистері, пайғамдардың өмірінен үлгілер.

Лекция мақсаты: Пайғамбар хадистері, имандылық, руханилылық, мінез–құлықтық, сапалар туралы түсініктерін кеңейту.



Лекция мәтіні (қысқаша):

Қазақ халқының ұлттық тәрбиесіндегі имандылық, қайырымдылық дәстүрлерінің маңызы өте зор.



И м а н – арабша сенім деген ұғымды білдіреді. Діне сенуге байланысты бұл ұғым халық арасында әдептіліктің, яғни адамгершіліктің мәнін беретін ұғыммен ұштасып, әлеуметтік әдептілікті көрсететін мәнге ие болды. Өмір заңдылықтарына айқын сеніммен қарап, адамгершілік рәсімдері мен уәждерін, міндеттері мен мақсаттарын бұлжытпай орындайтын ақ нитті, адал жүректі, көпшіл адамды – иманды адам дейміз. И м а н д ы а д а м – айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлайды, оларға мейір-шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабатпен қарайды. Сондықтан да иманды адамды бет бейнесін танып, халық он иман жүзді адам дейді.

Тура биде туған жоқ, туысты биде иман жоқ” деп, халық иманды адамның әділетті, шыншыл болатынын уағыздайды. Халқымыздың қонақжайлылығы, кең пейілдігі, көпшілдігі, дос көңілділігі -- әлеуметтік имандылықтың белгісі. Имандылық дәстүрін қастерлей біліп, иманды адам болу – кісілік борыш.

Иманы кәміл адам м е й і р і м д і болады. Мейірімділік – адам бойындағы қасиетті сезі. Ат мейірімі, әке мейірімі, ана мейірімі, отбасындағы адамдардың бір – біріне деген мейір – шапағаты -- әдептік әсем құбылыс, түйсікті баурап алатын түсінік, ұлағатты ұғым, адамгершіліктің асқар шыңы. Мейірім адамның мерейі үстем болу үшін, ол ойлаған жақсылық, әсерленген әдептілік, жақсы көрген адамдарының Жан саулығы мен ден саулығы он қуанышқа бөлеуі тиіс.

Халқымыз ұрпағын м е й і р і м д і л і к к е тәрбиелеп, қатыгездіктен қашып, қаталдықтан сақтандырып отырған. Еліміз ер – азаматтарын мейірімді болса екен деген ниетпен Мейірман, Мейіржан, Мейірбек деген аттармен атап, жастарды үнемі мейірімділікке баураған. Көпті жамандаған көмусіз қалады” деп, халқымыз мейірлі болу -- өз халқын сүю, бірлікшіл болу екенін уағыздайды. Бұл жайында біз жоғарыда толық айтып өттік (“Қайырымдылық пен мейірімділік” тақырыпшасынан қара). М е й і р і м д і л і к р ә с і м д е р і бата беру, байғазыбру, базарлық беру, көңіл сұрау, көңіл айту, жұбату т.б. жөн – жоралғылар арқылы іске асырылады. Ал мейірімділіктің іс жүзінде бір көрінісі – қ а й ы р ы м д ы л ы қ. Қайырымдылық – мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға, табиғатқа, жан – жануарларға іс – жүзінде жақсылық жасау.

Табиғатты қорғау, тал тігу, гүл өсіру, жер суару, құстарға қамқорлық жасау, аңдарды аялау – қайырымдылықтың қалыптасқан халықтық үрдісі, оны орындай білу – парыз. Ол үшін әрбір адам өзінің қайырымдылық борыштарын терең сезініп, тебірене іс – қимыл жасауға міндетті.

Қазақ халқының меймандостық дәстүріндегі имандылық әдебі, меймандостық дәстүрінің кісілікке, адамгершілікке сену, оған құрметпен қарау, кісіліктің – адамгершіліктің тәрбиесінің көркем көрінісі, тәлімді тәжірибенің жемісі екендігін көрсетеді.

Кісі күту рәсімі кезінде адам арын ардақтау, намысқа тырысып, “нағыз адамгершілік” қарым – қатынас жасау, кемшілік үшін ұялу, ұялудың инабаттылық реңін көрсету, күтілген кісінің өнегелі сөзін тыңдай біліп, толғану, өнегелі кісіден үлгі - өнеге алу, қонқтың немесе мейманның алдында әдептілік, сабырлылық, көргенділік көрсету т.б. психологиялық құбылыстарды басынан кешіріп, “қонақ аз отырып, көп сынайды” деген сынақтан мүдірмей өтіп, өмірдің осы бір сәтті де, тәтті кезеңінен кісі психологиялық сабақ алады.

Бақылау сұрақтары:

1.Имандылықтың мәні салауаттық.

2.Пайғамбардың хадистерінің тәрбиелік мәні

3.Пайғамдардың өмірінің тәрбиелік мәні,.


26-лекция. Тақырыбы: Жауынгерлік –патриоттық тәрбиесі.
Жоспары:

  1. 1.Ерлік- тәрбие жемісі.

  2. 2.Перзенттік парызды өтеу дәстүрі.

  3. 3.Өз отанына, халықтарына аулына, туысқандарына сүйіспеншілікті

тәрбиелеу.

  1. 4.Батырлық жырлардың дүниетанымдық және тәрбиелік мәні.

Лекция мақсаты: Өз отанына, халықтарға, өз туып өскен жеріне, туысқандарына сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу

Лекция мәтіні(қысқаша):

“Ер ел үшін туады”деп халқымыз ер бала туғанда “батыр”, “сарбаз”, “мұрагер”деген сүйінші сөздерін айтып, қуанады. Баланы “тепсе темір үзетін

батырлыққа,ерлікке, елінің елеулісі, халқының қалаулысы болуға тәрбиелейді. Бақытты балдырған ата-анасының үмітін ақтау үшін, олардың ұлағатты сөздері мен өнерлерін орындауға бейімделеді.

Балалар ес біле бастағаннан ел-жұрты, ата-анасы оларға үлгі-өнеге көрсетіп, халық тағылымдарынан тәлім алуға баулиды. Ертегілер мен аңыз әңгімелер, батырлар жырларындағы өнегелермен қатар, өмірде болған ұлы адамдардың өмірін үлгі етеді. Мысалы: ұлы ғалым Шоқан 3 жасында хат таныған ; ғұлама ақын Мәшһүр Жүсіп 8 жасында “мәшһүр”(білгіш) атанған; Абай атамыз жасында билікке араласқан атақты әулие батыр атамыз Райымбек 15 жасында керемет ерлік жасаған; қазақ халқының бірлігін сақтап, елдің ел болуына басшылық жасаған бабаларымыз : Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, 14-15 жасынан бастап халыққа әділ билік жасап, өздерінің шешендіктерін, данышпандықтарын танытқан. Ер баланың тәлім-тәрбиесі үшін халық тарихи қалыптасқан дәстүрлердің орындалуын қадағалайды. Ол үшін ең әуелі халық баланың намыс сезіңмін “ер намысын”қалыптастырады.

Ер намысы-тәлім -тәрбие арқылы қалыптасқан әулеттік, ұлттық, дәстүр, халықтық салт-сананың бір негізі. Бала тәрбиеленіп, кісілікке жеткен соң, ол өз намысын қорғай білуге міндетті. Егер ер намысын қорғай алмаса, ол азаматтық беделін жояды. Елін қорғау ерінбей еңбек ету, ата-анасын ардақтау, өнер үүрену, күшті, жігерлі болу айтқан сөзінде тұру, әділетті болу, біреуге жалынышты, кіріптар болмау, әйел адамды құрметтей білу,жасық болмау, оқу оқып, білімді игеру т.б. ізгі қасиеттерді бойына сіңіру-ер азаматтың намысын ақтап, абыройлы болуы. Халықтың өкімдік дәстүрін пір тұтқан ер азамат “Жаным-арымның садағасы” деп, арын биік ұстайды. Өз н.амысын, ел намысын қорғайды.

“Отан отбасынан басталады” – деп, халқымыз айтқандай, Отан – кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, ауылы, ауданы, облысы аймағы, өлкесі, мемлекеті – оның жарық дүниедегі жансаясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.

Ғаламындағы ғажап тіршілігінің қасиетті мекенін сүймейтін адам болмайды. Әрбір тіршілік иесіне өмірден қымбат не бар?! Сол өмірдің мерейлі мекенін қастерлеу, онда тұратын ақкөңіл адамдарды, еңбекшіл елді, қаһарман халықты қадірлеу, оны сүю дәстүрге айналған.

“Отан – оттан ыстық”, “Ер ел үшін туады, ел үшін өледі” – деп түйген халықтың қаһарманы Бауыржан батыр: “Отаның үшін отқа түс – күймейсің”, -- дейді. Отанның – егеменді елдің иесі – адал жүректі адамдар: ата – ана, аға – іні, апа – қарындас, бауырластар мен ағайындар, достар мен жолдастар, көршілер мен жерлестер, айналадағы асыл адамдар. Халық дәстүрінде, міне, осыларды сүюге жас баланы жалындата тәрбиелеу борыш саналады. Халықтың: “Ең әуелі өзіңді жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін” деген мақалы сыйласым рәсімі халықтық дәстүрге айналғандығын көрсетеді. Әрбір әдепті адам өз Отанымен қатар, бүкіл адам баласын да сыйлауға тиіс. Халқымыз “Өз елің – алтин бесік”, “Басқа елдің сұлтаны болғанша, өз еліңнің ұлтаны бол” деп, ұрпақтарын өз елін қастерлеп, қадірлеуге үйретеді. “Егер Отаныңды сүйсең, оны жаудан қорғай біл ”, “Туған жердің топырағының иісі жұпар”, “Ит тойған жерінде, ер туған жерінде”, “Жекен жерінде көгерер, ер елінде көгерер”, “Туған жердің қадірін шетте жүргенде білерсің” деп, елді сүю ерді ерлікке ейімдейтінін дәлелдейді.

Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дарқан дастарқандай балада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбәр адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!

“Жаным – арымның садағасы” дейтін әрбір азамат киелі ұлттық намыс сезімінен туған жердің әрбір гүлін аялап, тамаша табиғатын қорғауға міндетті. “Отанын сүймеген – опасыз” дейді халық. “Опасызда Отан жоқ, онда оған орын жоқ” деп, халық өз елін, Отанын сүймеген нақұрыстарды аяусыз жазалайды.

Отан – ана! Ана тілі білмеген, ана тілді сүймеген “ақылы жоқ желікбастарды” халық “мәңгіген мәңгүрт” деп, жек көреді. Ана тілді сүймеген адам халқын да сүймейді. Қазақ мемлекеті – біздің сүйікті Отанымыз. Егер біз Отанымызды сүйетін болсақ, оның мелекеттік тілін жақсы білуге міндеттіміз! Қазақ тілі – түркі тілдерінің ішіндегі ең бай, әуезді де тез дамығыш тіл. Халықтың тілашар дәстүрі ұрпақты ана тілі қастерлуге, ұлттық тіл арқылы елді құрметтеуге үйретеді.

“Халқын сүйген – салтын сүйеді”. Отанды сүю үшін, оның салтын, заңын сүюді ұрпағына тағылым етеді халқымыз.

Ел белгілері мен рәсімдерін қастерлеу дәстүрі және тәрбие.

Әрбір отбасының, әулетінің, рудың, ұлттың дәстүлік, салт – саналық белгілері -- әдепті сыйласам мен ар – намыстық, парыздық, борыштық іс - әрекеттің құжаттары іспеттес қастерлі, қасиетті нәрсе. Халқымыздың сол қасиетті белгілері: ен, таңба, Елтаңба, Елұран, Ту, жалау және әскерлік, сарбаздық ұрандар мен айырым белгілер.

Ертеден қалыптасқан белгі дәстүрлері – малға ен салу, таңба басу. Әрбір отбасының жеке иелігіндегі малына салынатын өз ені болады. Таңба белгісі көбінесе рулық белгіні көрсетеді. Ертеде әрбір рудың өз таңбасы болған. Ен - таңба отбасының, әулеттің, рудың меншігіндегі мал - мүліктерді қадірлеп, қорғай білу үшін жасалынған салттық көріністер еді.

Егеменді еліміз жер әлемдегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде өзінің Елтаңбасы мен Елұранын, Туы мен Жалауын белгілеп, осы бір қасиеті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, оны қастерлей білуін талап етеді, әдептілік рәсімдерін орындауын көздейді.

Қазақстанның Елтаңбасының жарқын күн сәулесі, ел белгісінде көк аспан, шаңырақ, жарық жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары бейнеленген. Аспан көк – кеңшілік, тыныштық, биіктік белгісі. Кең пейілді еліміздің аспаны ашық, тыныштық сәулеті биік. Ашық аспанға тараған күн сәулелері сәулетті өмір санатын көрсетіп тұрғандай, биіктегі жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашылып тұрғанын бейнелейді. Елтаңбасындағы алтын шаңырақ Қазақ халқының қасиетті шаңырағы биіктеп, отбасына күн – ананың жарығын шашып, бақыт жұлдызының нұрын төгіп тұр. Қазақта “қара шаңырақ” деген қасиетті сөз бар. Ұрпақтары өсіп, өркендеген алкен үйдің шаңырағын халық “қара шаңырақ” дейді. Сол “қара шаңырақтың” Елтаңбасындағы көрінісі шаңырақ астындағы халықтар бірлігін талап етіп тұр. Ондағы қанатты тұлпардың баламалық мәні халықтың аңыз – ертегісінен алынған. Аңыз бойынша, қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп, халықты қасіреттерден азат еткен. Сол азаттық тұлпарының бейнесі – еліміздің азаттығының, ерлеріміздің жеңімпаздығының белгісі. Елтаңбадағы бидай сабақтары – молшылықтың нышаны. Аспаны ашық, жұлдызы жақыраған, шаңырағы биік, жеңімпаз, молшылық елінің перзенті болу – бақыт!

Көк байрақ – Туымыз – халқымыздың қасиетті, киелі белгісі. Ертеден – ақ халқымыз көк байрағы көтерілгенде “уа, аруақ, қолда!” деп, туды елдің, аруақтың киелі белгісі деп таныған. Сол көк байрақ астында батырлар сан рет жеңістерге жетіп, кең даласын, кемелді елін басқыншылардан қорғап қалды. Көк байрақтың жетілдірілген соңғы бейнесінің мәні зор: Туымыздың көк теңбіл – аспан көк болуы шексіз кеңдікті көрсетеді. Ту ортасындағы алтын күні – халқымыздың азаттық күні. Ол бүкіл әлемге нұрын шашып тұр. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп, ұғып бара жатқан ақиық қыран құс – ерлік белгісі. Кең пейілді, кеңісі таза, жері кең еліміздің азат күні жарқырап тұр! Азат күнді, кең дүниені ерлікпен қорғайтын ақиық қырандай түлегі болу – бақыт! Көк байрақ – туымыз көкке көтерілгенде әрбір әдепті адамның Туға қарап, жеңімпаздық сезамі деп., ұлттық мақтанышы құлшындырып, қарқынды қажырының толқынды толғанысы пайда болады. Арайлы Ту көтерілгенде, ата – бабаларымыздың аруағы аялап, шалқыған шаттығымыз ет – жүрегімізді елжіретеді. “Менің мынау қасиетті Отаным – жнаымнан да қымбат!” деп, орайлы ой биігіне көтерілеміз. Төбеміз көкке жеткендей болады. Туымызды ұлы жиындарда, шеру – салтанаттарда алып шығып, көкке көтереміз! Көк байрақ – Туымыз еліміздің ең биік тұғырларындав көкке көтеріліп, желбіреп тұр. Біз Ту қасынан бас иіп өтеміз, серт айтып, қаһармандық іске кірісерде, халқымызға ант беріп, Туымызды сүйіп, оған табынамыз. Туымызды қорғау, Ту астында құрметтеліп, суретке түсу, Ту көтеруші болу қандай бақыт! Өйткені Туымыз – біздің еліміздің бейнесі, халқымыздың қасиеті, адамдарымыздың ар – ожданы! Туымызды қастерлеу – халқымызды қастерлеу: оның ерлерініңғ азаттығын, ерлігін құрметтеу! Ұлттық әдептілік қасиеттердің бір үрдісі – ел Туын елжірей сүйіп, құдірет тұтып, құрметтей білу болып табылады. Әрқашанда әспеттеп, төбемізге көтеріп, тәлім алып, тәжім етеміз саған, қасиетті көк байрақ – Туымыз!

Батырлық жырлардың дүниетанымдық және тәрбиелік мәні.

Қазақтың халық педагогикасындағы аса бай мұра батырлық жырлар. Батырлық жырлар эмоциялық әсермен тыңдаушының ынтасын арттырып көріктілігімен көкейге қонады; ол шаттандырады, ондағы трагедиялық және қуанышты жайларды тыңдаушы өміріне, тебірене сезініп, ыстық жаспен ынталы ықыласпен қабылдайды. Сондықтан ақын болмаса да, асыл жырларды жаттап алушылар көп болған. Жаттампаздық құрғақ жаттау емес, жадына жақсыны сақтап өнегелі өмірге пайдалана білуді халық әрқашан да мақсат еткен. Ел Ер Тарғындай ер болуды, Қобыландыдай батыр болуды,Қамбардай қамқоршы болуды ұрпақтарына үлгі еткен.

Қара түнекті, қайғылы, қасіретті заманда эпостық шығармалар халықтың көңілін сергітті, ерлікке құлшындырды, ойын өрістетті, келешекке сенімін арттырып, намысын қозғады. Жарқын жырлардағы парасатты ой сәулелері жалппы жұрттың жанын жадыратты. Ондай шығармаларды жұрт жалықпай тыңдап, жан азығы етті.

“Сөз сүйектен өтеді” деген халық, сөз өнерін тәрбиенің күшті қаруы етіп, өмірге пайдалана білді. Өмірдің өзі түсіндіретін халық философиясы ауыз әдебиеті болды. “Қара қылды қақ жаратын” әділдік,арды, намысты аяққа басқан зұлымдық, ел сүйіндірген ерлік, дарын ойлы даналық,қояннан жаман қорқақтық эпостық жырларда айқын сарапталып, ақылмен екшеленіп ерекше әсерлерімен тыңдаушыларын баурап отырды.

Қаршадайынан халықтың ауыз әдебиетін сүйе тыңдап өскен әрбір қоғам мүшесі еліне пайда тигізетін ер болуды армандады. Жеке адамның жетесіне жеткен қара бастың қамын ойлайтын психологияға эпостық жырлардағы халықтың ойлары қарсы қойылып отырды . Халық ер мен езді, ақылды мен ақымақты, еңбекшіл мен тірліксізді айқын бағалап, ұрпақтарына жақсыны үйретті,жаманнан жирентті.

Батарлық жырларды тыңдаушы жақсылық пен жамандықты, мейірмандық пен зұлымдықты көз алдына елестетіп, шығармадағы ой мақсатты жылы сезініп ой-өрісін дамытады, шығармадағы қызықты оқиғалар, отты сөздер, өнегелі іс-әрекеттер тыңдаушыны неғұрлым көп білуге құштарландырады.



Бақылау сұрақтары:

1.Ерлік- тәрбие жемісі- дегенді қалай түсінесіз?

2..Перзенттік парызды өтеу дәстүрі.

3.Өз отанына, халықтарына аулына, туысқандарына сүйіспеншілікті тәрбиелеу формалары.

4. Батырлық жырлардың дүниетанымдық және тәрбиелік мәні.

27-лекция. Тақырыбы: Ұлттық салт-дәстүрлер өмірде тәрбие мектебі.
Жоспары:


  1. 1.Нәрестенің дүниеге келуінен байланысты салт- дәстүрлер.(шілдехана, сүйінші,

  2. сұрау ат қою,бесікке салу т.б.)

  3. 2.Халықтық салттар мен дәстүрлердің адам өміріндегі ролі.

  4. 3.Адамның өмірінің қуанышы мен қайғысына байланысты салт, ырым,өлең мен

  5. жырлардың, тыйым сөздердің тәрбиелік мәні.

  6. 4.Ұжымдық тәрбиеде жастардың қалыптасуына ауыл аймақ, жұртшылық, халықтың

  7. ықпалы.

Лекция мақсаты: Ұлттық салт – дәстүрлер мен әдет – ғұрыптар туралы түсініктерін кеңейту
Лекция мәтіні(қысқаша):

Тәрбие ұрпақты дүниеге келтіруден басталады; сол тәрбиенің дәстүрлік, салт –саналық бастаулары мен бағдарларын жан-жақты пайдаланып, даналықпен дамыта білу керек. Нәрестелік кезінен басталатын тәрбиенің қалыптасқан ұлттық рәсімдері мен тәлімдік тәсілдері ұлттық салтпен қолданылып жан жүйеге тәлім-тәрбиелік әсер етеді.

Шілдехана рәсімінің әдептілік мәні.

Шілдехана. Нәресте туған күннен бастап, үш күнге дейін, нәрестені әрі күзетіп, әрі ананы қуаныш-шаттыққа бөлеп, ойын-сауық өткізу рәсімі. Ертеде “нәрестені үш күнге дейін жын-періден қорғап күзету” секілді діни рәсімге байланысты туған, кейін шаттық тойына айналғғн бұл дәстүрдің өзіндік әдептілік жєне жанжүйелік мәні бар.

Жарық дүниеге жаңа келген нәрестенің әсем әуен, күмбір күй, анасының үні қосылған дабыр арқылы сезім жүйесі ояна түседі.

Шілдеханадағы шаттық ойын-сауық нәрестені қоршаған балалар мен ересек адамдардың көңілін көтереді, бауырмашылығын арттырады, өнерін өркендетіп, дарынын дамыта түседі.

Соңғы кезде “Шілдехана” тойы бала туған соң жеті күннен кейін, немесе бала қырқынан шыққан соң өткізіліп жүр. Халық салтында шілдехана тойында ішімдікке жол беру-әрі обал, әрі күнә, әрі қылмыс болып табылады.

Кіндік шеше-босану кезінде анаға көмек көрсетіп, нәрестенің кіндігін кесетін єйел.Кіндік шешені ана және оның жанашырлары (анасы, ата-енесі, т.б.) күні бұрын тақуа, таза, мейірбанды, жанашыр адамнан сайлайды. Ол, көбінесе, өмірден көргені мол тәжірибелі адам болу керек. Ана босанар алдында кіндік шеше дәрет алып, жуынып-шайынып, таза киініп, кіндік кесуге дайындалады жєне кіндік кесу жабдықтарын тазалап даярлайды, кіндік кесудің дәрігерлік, гигиеналық салтын сақтап, өз ісін абыроймен орындауға жауапкершілікпен қарайды.

Кіндік шеше бала жарық дүниеге келгенде алғаш оның кіндігін кесіп, жөргеккке орап алады. Қазақ халқының ырымында “Бала кіндік шешесіне тартады” деген сөз бар. Кіндік шеше-нәрестенің екінші анасы, сондықтан ол баланың “ит жейдесін” кигізуден бастап, оның бесігін түзеп, киімінің бүтін, таза болуына қамқорлық жасайды. Нєрестенің ата-анасы кіндік шешені жақын да жанашыр ана ретінде құрметтеп, оған сый-сыяпат көрсетеді.Кіндік шеше қарызы (баланы жылына шыққанда киіндіру) бөбектің ата-анасының кіндік шеше алдындағы парызы (оған сыйлық беру, құрмет көрсету) тұрмыстық ахуалға лайықты сыйласымдық рәсімдерімен өтеледі.

Кіндік шеше рәсімдері адам қоғаманың алғашқы даму кезеңінен белгілі. Ол өз міндеттерін орындау арқылы аналық, мейірімділік қамқорлық сезімдерін дамытып, ұрпақ тәрбиелеуге уәделі үлестерін қосады.

Бөбекті қырқынан шығару рәсімінің гигиенасы. Бөбекті қырқынан шығару-бөбек туған соң, көбінесе, қырық күн толғанда, оның шашын алып, бесікке салу рәсімі. Бөбекті қырқынан шығару рәсімі ананың “бой көтеріп”, денсаулығының толысып, жетілген кезінде өткізіледі (қыз бала, көбіне, ер баладан ертерек қырқынан шығарылады). Бөбекті қырқынан шығарғанға дейін ана қалжыланып, денсаулығын түзейді, емшекке уыз қатып қалмауы, емшек сүтінің мол болуы үшін ананы қалжалау кезінде тамақтандыру тәртібіне қамқорлық жасайтын жанашырлар (кіндік ана, әже, абысын, т.б.) болуға тиісті.

Бөбек қырқымы толыса бастағанда, ол мазасызданып, жылауық болуы да мүмкін. Қырқынан шыққан бөбектің ұйқысы тыныш, жан сезімі рахаттана бастайды.

Бөбекті қырқынан шығару, көбінесе, бесікке салу рәсімімен бірге өткізіледі. Бөбекті қырқынан шығару кезінде мүмкіндігінше, оны күміс ыдысқа шомылдыру, ол шомылатын суға күміс теңгелер салу ырымының гигиеналық мәні зор.

Бөбекті қырқғнан шығарғанда оның қырқым шашыналу салтанатын ең сыйлы, тәжірибелі, ардақты әйел орындайды. Бұл рәсімге жанашыр жақын әйелдер шақырылады. Оларға, бұл кішігірім той кезінде, сый-сияпат көрсетіледі. Бала шомылдырылып, сыланған соң бесікке бөленіп, бесік жыры айтылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет