Тауықтәрізділер отряды
1-Қүр, 2-Мещреу қүр, 3-Кавказ қүры , 4-Тас қүры; 5-Гималай үлары; 6-Алтай үлары; 7-Тибет үлары, 8 - Кавказүлары;9-Каспииүлары; 10-Қырғауыл, қиыршығыс формасы; 10 a-Кавказ формасы.
Тауықтәрізділер отряды
1-Ақ шіл, жазда және қыста; 2-Тундра шілі, жазда және қыста; 3-Монтайшіл; 4-Сүр қүр; 5-Бөдене; 5а-қиыршығыстық форма; 6-Сақалды шіл; 7-Шөл-дала шілі; 8-Кекілік; 9-Сүр шіл; 10-Турач; 11-Үшоймақ шіл.
қауырсынды (толықтай не жартылай). Көптеген түрлерінде қысқа қарай
саусақтарының екі жағынан мүйізді немесе қауырсынды «шаңғы» түзіледі, ол
қарда малтықпай жүру қызметін атқарады. Біраз түрлері - моногамдар (шіл,
сүр қүр), басқалары -полигамдар (меңіреу қүрлар, қүрлар, монтайшіл). Мекиені ұя салуға және балапандарын тәрбилеуде белсенді Балапандары ширақ, 10 күнде бүғынуға немесе аса биік емес бүтаққа ұшып-қонуға қабілетті. Жыныстық жағынан 1-2 жылда жетіледі. Негізінен өсімдікқоректілер - өсімдіктердің жасыл бөлігін, түқымын, жидекті,
насекомдарды, қүрттарды қорек етеді. Қыста азық қүрамы көп емес - бүршік,
қылқанжапырақ, жас өркендер. Бүл түқымдаста 11 туысқа бірігетін 17 түр бар, олардың 8 түрі (5 туыс)' ТМД елдерінде кездеееді және үялайды. Қазақстанда 5 түр (4 туыс) мекендейді.
Қырғауылтектестер түқымдасы - Phasianidae. Бүл отрядтың негізгі
түқымдасы, Антарктида мен Солтүстік жарты шардың биік ендіктерінен басқа
барлық континенттерде кең тараған 175 түр жатады.
Қүртектестерден ерекшілігі қырғауылтектестердің танау тесіктері қауырсынмен жабылмаған және жіліншігі жалаңаш. Қырғауылтектестерді шорманда, далада, шөлде және таудың түрлі биігінде кездестіруге болады. Жерде тіршілік етуте бейімделгел; десе де ағашқа қонақтайды және оның сүлбесінде түнейді. Құртектестер сияқты, бүларға да күрделі құсойнақ тән. Біраз түрлері - моногамдар, басқалары - полигамдар. Үясы топырақтағы жай шүңқыр, үяда түр ерекшеліктеріне байланысты 5-20 жүмыртқа болады. оларды әдетте мекиені шайқайды. 2,5-4 аптадан соң балапандары аздап ұша бастайды, Ірі түрлерінің балапандары біршама кеш үша бастайды және жыныстық жетілуі де кеш - 1-3 жылға созылады. Көп үшпайды, бірақ жылдам жүгіреді және шөп пен бүта арасында жақсы жасырына алады, Көбеюден басқа кезде аздаған топ қүрып, жерде қоректенеді. Өсімдік қоректі азықты -
түқым, жидекті үнатады, қүрттар, моллюскалар, насекомдардан да бас
тартпайды.Қырғауылтектестерде 175 түр (48 туысқа бірігеді) бар, олар әсіресе
Оңтүстік-Шығыс Азияда көп. ТМД елдерінде 7 туысқа жататын 12 түр
үялайды. Қазақстанда 8 түр кездеседі, ал 7-і: кәдімгі қыргауыл, сур жсәне
сақалды шіл, гимлай және алтай үлары, бөдене (бытпылдақ) және кекілік
мекендейді..Түқымдас ішіндегі қатынас шат-шытырман, бірақ бірнеше топты:
1- америкалық бөденелер; 2-ескі дүние бөденелері; 3-шілдер, кекіліктер,
ұларлар; 4-аргустар, тауыстар (павлин); қырғауылдар, нағыз тауықтар,
трогопандар топтарын ажыратуға болады.Үй тауықтарының түқымдары жабайы күйінде Оңтүстік-Шығыс Азияда мекендейтін банкив тауыгын (Gallus gallus) қолға үйрету нәтижесінде пайда болған деп есептейді
.Цесяркатектестер түқымдасы - Numididae. Түқымдасқа 5 туысқа бірігетін 7 түр жатады. Бүлар - тек Африкада мекендейтін, теңбіл түсті, болмайтын тауықтәрізді қүстар . Мекендейтін ортасы - түрлі бұталар, орман алқаптары, тау бөктері. Тез жүгіреді, сирек үшады. моногамдар. Үяда 20-ға дейін жүмыртқа болады. Үясын мұқият түрде жасырады. Қорегі-өсімдіктер және майда омыртқасыздар.Қазіргі кезде көптеген елдерде цесаркаларды қолда өсіреді. Үй түқымдары ісршама ірі (3-4 кг), ал жабайы түрлерінің салмағы 1 кг-ға әзер жетеді.
Лекция №25
Тақырыбы: Жазықты жерлерде кездесетін құстар.
Жоспары:
1.Тарғақ. Аққанат бозторғай. Қара бозторғай.
2.Дала бозторғайы.Дуадақ. Үлкен шалшықшы. Безгелдек.
3.Ақбас тырна. Дала қарақасы.
4.Дала құладыны. Дала қыраны.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
а) негізгі:
1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.
2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.
3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.
4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.
5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.
6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.
7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.
8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.
ә) қосымша
9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.
10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.
11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.
12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.
13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.
14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.
Лекция мақсаты: Жазықты жерлерде кездесетін құстар мен таныстыру.
Лекция мәтіні: Тарғақ – орташа пішінді дала балшықшысы. Салмағы 230гр. Осы әдемі, сымбатты құстың негізгі ұялары қазақ далаларында орналасқан. Қыста жылы жаққа ұшып кетеді.(қыркүйектен наурызға дейін) Жерде, шұңқырта орналасқан, ұясында, сәуірде төрт шұбар жұмыртқаларын салады. Аталығы мен аналығы кезектесіп басып, 3-аптадан кейін мамықты балапандары шығады да, ұяларын бірден тастап кете береді.Балапандары ересектері сияқты жәндіктер мен шекіртке, қоңыз және ауылшаруашылық зиянкестері мен қоректенеді.Балапандары бір айдан кейін ұшады. Қазақстанның далалы мен шөлдерінде кездесетін бұл құстар түрі жойылып кеткен. Қызыл кітапқа енген.
Аққанат бозторғай- Дала құсы ылғалды жерлерді ұнатады. Негізгі таралу аймағы Қазақстан далалары. Республикамыздың Солтүстігіндегі ақселеулі және жусанды далаларда мекндейді, басқа жерден көктемгі және күзгі ұшып өту кездерінде кездестіруге болады. Бұл құстың біразы Маңғыстау түбегі мен Солтүстік Каспийде қыстайды, көбі қазан наурызға дейін Қазақстаннан тыс жерге ұшып кетеді.Дала бозторғай туысының ішіндегі пішіні орташа өкілі басқалар сияқты денесі шымыр емес. Салмағы 38-50 гр. Қанаттының шетіндегі жалпақ ақ жиегі және сары түсті қауырсынымен ерекшленеді. ұшқанда бұл жиектеррі көрінбейді қанаттары үшкір және үшкір әрі жіңішке сияқты болып көрінеді . Жерде де ауадада әндетеді . Әні күрделі , әрі әдемі. Ойнақ салып ұшуы –жоғарғы және төменгі нүктелеріне жанасқанға деиін қанаттарын қалықтатып терең қағады. Жазда екі рет балапан басып шығарады. Балапандарын жәндіктермен , негізінен шегірткелермен асырайды.
Қара бозторғай - Қазақстан мақтанышы. Оны Қазақстан даласының эндемигі деп есептеуге болады. Бұл құс Қазақстан жерінен тыс , екі ұлы орыс өзендері-Еділ мен Ертістің оң жағалауында ғана мекендейді. Қара босторғай қыста Қазақстанда бір жерге тұрақтамайды, оңтүстікке ғана емес , солтүстікке де қоныс аудара береді. Қара бозторғай аталықтары алабажақ Сұр туыстарынан айырмашылығы- жазда және көктемде қауырсыны түгел қара түсті және тұмсығы ақшыл болады. Күзгі түлеуден кейін(шілде тамыз) , олар қыстық жабынын киеді . Арқасы сұр түсті және бауыр жағы қара ақшыл теңбілді қанаты мен құйрығы қара түсті бірақ әрбір қауырсыны ақшыл сарғыш жиекпен көмкерілген . Жылдың бар мезгілінде аналығының қауырсыны әдеттегі бозторғай реңі – сұр қоңырқай түс Жас бозторғайлар сияқты ашық түрлі түсті . Денесі ірі (салмағы 50-75 г) Қуаң даланың жусанды жерлерін ұнататын . Барлық бозторғайлар әдеті: жерде тез жүгіреді , қатты , шапшаң ұшады, ауада ұзақ уақыт әндетеді. Шаңға шомылғанды ұнатады Жемін іздеу жолында қатты тұмсығымен жерді, ал қыста қарды қопсытады. Жазда үнемі суатқа ұшады Қара босторғайлар жылдың көп уақытында өсімдіктермен қоректенеді. Бірақ көктемде жәндіктерді жейді, балапандарын да жәндіктермен қоректендіреді. Жазда жұптасып, қалған уақытта топтасып өмір сүреді Ұясы жердегі шұңқыр . Күй – ойнақ кезінде аталығы көз тартарлықтай кейіпті алады: кішкентай меңіреу құр сияқты қанатын жайып , құйрығын желпуіш тәрізді бұрып , басын жоғары көтереді , Одан кейін әндете және қанатарын қаға қанаттарын қағып ұшады. Ұясындағы 3-4 шұбар жұмыртқаларын аналығы басып шығарады , бірақ балапандарын аталығы екеуі қоректендіреді. Жазда екі рет көбейеді.
Дала бозторғайы - Қазақстандағы 13 бозторғайдың ішіндегі ең ірісі (салмағы-55-65г) Далалы аймақтың барлық жерінде таралған .Қазақстаннан тыс жерде қыстайды, наурызда ұшып келіп , қазанда ұшып кетеді. Дала бозторғайы туысының әдеттегі өкіліне тән белгілер : шымыр денелі, аяғы ұзын, арқасы алабажақ сұр. Денесінің төменгі жағы ақ түсті. Көкірегінде қос қара дағы бар Осыған ұқсас қара алқалы бозторғайдан айырмашылығы: қанатының артқы жағындағы қауырсындары жалпақ ақ жолақпен көмкерілген және құйрығындағы шетеі қауырсындары түгелдей ақ түсті . Ұшқан кезде екеуі де жақсы көрінеді. Ұшқанда ұзақ әндетеді және көп ұшады. Бозторғайдың әні ішіндегі - ең жақсы , сыңғырлаған қатты әуен . Құс әнін бағалаушылардың көбі бұлбұл әнінен гөрі бозторғай әнін ұнатады. Барлық бозторғайлар сияқты жұптасып, ұя салады . Жердегі құрғақ шөп төселген шұңқыр ұясындағы 4-5 шұбар жұмыртқаларын аналығы басып шығарады, кейде аталығы кезектесуі мүмкін. 17 күнде жұмыртқаны жарып , балапандары шығады. Олар ұясын 10 күннен кейін тастайды, бірақ тағы бір апта ата- анасы асырайды. Жазда екі рет балапан басып шығарады. Жаз соңында , ұшар алдында , үлкен топ құрайды.
Дуадақ - өте ірі құстардың бірі , ересек аталық дуадақтың салмағы 16 кг жетеді . Күшті ұзын аяқтарында кескінді кеудесі , ұзын жуан мойнында кішілеу басы орналасқан және тұмсығының шетінде мұрты – қатты қауырсындары орналасқан болады. Қазіргі кезде тарнатәрізділер отряды, дуадақтар тұқымдасында небары 22 түрі ғана бар, оның үшеуі Қазақстанда тіршілік етеді. (дуадақ, безгелдек, жекдуадақ). Дуадақ –сақ құс. Егістік алқаптарын мекндейді, ұясы жерде болады. Ұясына 2-3 жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын аналығы басып шығарады., ал аталығы оларды қорғап , маңында жүреді. Дуадақтар өсімдік тұқымдары , тамырсабақ жәндіктер , құрттар тіпті ұсақ омыртқалы жануарлармен – бақа кесіртке тышқан және ұсақ құстардың балапандарымен қоректенеді. Қазақстандағы тың жерді жырту және шектен тыс аулаудың салдарынан , 20- ғасырдың 70- ші жылдарнда елімізде дуадақ жоқ болып кетті. Дуадақ Қазақстанның Қызыл кітабына жойылап кетуі ықтимал деп енгізіліп отыр , аулауға толық тыйым салынған. Қазақстанда соңғы
5 жылда дуадақтың саны жайлап өсуде.
Достарыңызбен бөлісу: |