арнайы
әлеуметтік
тұлғалық
Өзінің мамандығына сәйкес білімі, біліктіліг, дағдысы, жаңа білім мен білікті өз бетімен меңгеру, өз еңбегінің нәтижесін бағалау, біліктілігінің болуы
Тіл туралы білімнің, коммуникативті мәдениетінің, топтың іс-әрекетке, басқамен ынтымақтастыққа қабілеттелегінің, өзінің іс-әрекетінің нәтижесіне, қоршаған ортасы мен құндылыққа дайындығының болуы
Өзін-өзі тану бойынша біліктілік, дағдысының, кәсібін үнемі жетілдіруге, өзін-өзі белсендіруге, рефлексияға, кәсіби іс-әрекет тұлғаның дамуына дайындығының болуы
өзінің саласына сұранысы бар кәсіби маман
Бақылау сұрақтары:
“Қазақстан Республикасының жаңа формация педагогінің үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасында” жаңа қоғам мұғалімін қалай сипаттайды?
“Компетенция”ұғымын түсіндіріңіз?
М.Чошанов кәсіби құзырлылықты қалай түсіндіреді?
Құзырлылық ұғымының мазмұны қандай?
Жоспары:
1. Оқытушының “Инновациялық – креативтілік мәдениеті” ұғымы.
Педагогикалық қызметтегі оқытушылардың инновациялық-креативтілік мәдениет элементтері.
Лекция мақсаты: “Инновациялық – креативтілік мәдениеті” ұғымы туралы түсінік қалыптастыру.
Лекция мәтіні:
1. Педагогикалық қызметтегі оқытушылардың инновациялық - креативтілік мәдениеті ұғымы.
Мектеп оқытушысының “Инновациялық – креативтілік мәдениеті” ұғымы төмендегі мәдениеттерді қамтиды:
материалдық және рухани;
тұлғалық және әрекеттік;
қарым-қатынас және тәртіп;
ізгіліктілік және әдіснамалық.
Басқаша айтқанда педагогикалық мәдениет феноменін педагог-профессионал тұлғаның интегралдық сапасы ретінде, тиімді педагогикалық қызметтің шарты және алғы шарты ретінде, оқытушының кәсіби құзіреттілігінің жалпылама көрсеткіші ретінде және кәсіби өзін-өзі жетілдірудің мақсаты ретінде қарастыруға болады.
2. Әдістемелік негіздеу тұрғысынан инновациялық – креативті мәдениет моделін аксиологиялық, технологиялық және тұлғалық-шығармашылық элементтері құрайды.
Инновациялық – кретивтілік мәдениеттің аксиологиялық компоненті адамзат құрған жоғарғы мектептің қалыптасуының қазіргі заманғы даму кезеңінде біртұтас педагогикалық құндылықтар жиынтығынан құралған. Педагогикалық қызмет үрдісінде оқытушылар идеялар мен тұжырымдамаларды меңгереді, педагогикалық қызметтің ізгілік технологиясының құрамдасы білім мен іскерлікті игереді және олардың нақты өмірде қолданыс табу деңгейіне байланысты қаншалықты дәрежеде маңызды екенін бағалайды. Осы сәтте қоғам және жеке педагогикалық жүйе үшін аса маңызды идеялар, тұжырымдамалар педагогикалық құндылықтар болып табылады.
Педагог педагогикалық құндылықтарды мойындай отырып, педагогикалық қызметті меңгеріп, дамытқанына қарай, педагогикалық капиталды игергеніне байланысты өз ісінің шебері болады. Жоғары мектеп пен педагогикалық ойлардың тарихы – бұл үнемі бағалау, қайта аңғару, түсіну, құндылықтарды орнату, белгілі идеялар мен педагогикалық технологияларды жаңа жағдайға көшіру процесі. Ескіден, дәстүрліден жаңаны көре білу, оны абыройына қарай бағалау, оқытушының педагогикалық мәдениетінің айқын компоненті.
Инновациялық-креативтілік мәдениетінің технологиялық компонентіне оқытушының педагогикалық қызметінің тәсілдері мен әдістерін жатқызуға болады. Педагогикалық мәдениеттің құндылықтары мен жетістіктері тұлғаның іс-әрекет процесінде меңгеріледі және құрылады. Бұл – мәдениет пен іс-әрекеттің үзілмес байланысын дәлелдейтін факт.
Педагогикалық қызмет өз табиғатында технологиялық, сондықтан оны әр алуан педагогикалық мәдениеттің мәнін түсінуге көмектеседі, ол тарихи ауысып отыратын әдістер мен қарым-қатынасқа байланысты іс-әрекет бағыттылығын түсіндіреді. Нақ осы жағдайда педагогикалық мәдениет педагогикалық шындықты реттеу, сақтау, қайта жаңғырту және дамыту функциясын атқарады.
Инновациялық-кретивтілік мәдениеттің тұлғалық-шығармашылық компоненті шығармашылық акт ретінде оны игеру және іске асырудың механизмін ашады. Оқытушының дағдыланған педагогикалық құндылықтарды иемденуі тұлғалық-шығармашылық деңгейде өтеді. Педагогикалық мәдениет құндылықтарын игере отырып, тұлға оларды қайта өзгерту, өзінше беруге қабілетті, бұл оқытушының тұлғалық ерекшеліктері және оның ғылыми-педагогикалық қызмет сипаттарымен сипатталады.
Инновациялық – креативтілік мәдениеттің эвристикалық компоненті “эвристиканың ұғынымдылығы” атты когнитивті эмпирикалық әдісі түсіндіреді. Эвристика – қарапайым тиімді ойлау стратегиялары. Эвристиканың ұғынымдылығы айқын сипаттамалар негізгі базалық статистикалық ақпаратқа қарағанда нанымды екенін көрсетеді.
Жоғары мектеп оқытушысы өзінің кәсіби іс-әрекетінің ерекшелігіне байланысты ғылыми және педагогикалық шығармашылықты үйлестіреді. Әрине, ғылым іс-әрекет сипаты, ғылыми міндеттерді шешу алгоритмін педагогикалық тұрғыдан себептестігінің заңдылығын зерттейді. Бірақ, педагогикада шығармашылық процесс сұлбасы жалпы түрде эвристикалық ашылған шығармашылық құрылымына сәйкес келетіні белгілі. Бұл жағдай мазмұндық жоспарда сәйкестік фактісі орын алса, процессуалдық қарым-қатынаста педагогикалық шығармашылық ерекшеліктер қатары табылғандығымен маңызды.
Бақылау сұрақтары:
“Инновациялық – креативтілік мәдениеті” ұғымын түсіндіріңіз.
Педагогикалық мәдениет феноменін түсіндіріңіз.
Әдістемелік негіздеу тұрғысынан инновациялық – креативті мәдениет моделінің элементтері қандай?
Инновациялық – кретивтілік мәдениеттің аксиологиялық компонентін түсіндіріңіз.
Инновациялық-креативтілік мәдениетінің технологиялық компоненті дегеніміз не?
Инновациялық-кретивтілік мәдениеттің тұлғалық-шығармашылық компоненті дегеніміз не?
Инновациялық – креативтілік мәдениеттің эвристикалық компонентін түсіндіріңіз.
Жоспары:
1. Педагогикалық техника ұғымы.
2. Жас мұғалімнің типтік қателері.
Лекция мақсаты: Педагогикалық техника ұғымы туралы білім жүйесін қалыптастыру.
Лекция мәтіні:
1. Жаңашыл мұғалімдердің табыстарының құпияларының астарына үңіле отырып, шебер қойылым және әр түрлі практикалық міндеттерді шешуде педагогикалық ықпал ету тәсілдерінің дәлділігін аңғарамыз. Мұнда маңызды рөл кәсіби біліктіліктің үлесіне тимек, олар: интенсивті танымдық іс-әрекетке оқушыларды жегу, сұрақтар қою, жеке тұлғамен және ұжыммен қарым – қатынас орнату, бақылау жүргізу, ұжымды ұйымдастыру, өз көңіл-күйін, дауысыңды, мимикаңды, қимыл-қозғалысыңды меңгеру.
“Тәрбиеленуші сіздің жан-дүниеңізді сізді көріп, сізді тыңдап барып қабылдайды” – дейді А.С.Макаренко.
Педагогикалық техника мұғалімнің іс - әрекетінің ішкі мазмұны мен оның сыртқы әлпетінің үйлесімділік бірлігін сәйкестендіреді (способствует).
Педагог шеберлігі – рухани мәдениет пен педагогикалық мақсатқа сәйкес сыртқы мәнерлілік бірлігінде.
Олай болса, техника – тәсілдердің жиынтығы. Оның құралы – сөйлеу және невербальные средства общения.
“Педагогикалық техника” ұғымына екі компоненттердің тобын енгізу келісілген:
Бірінші топ компоненттері мұғалімнің өз мінез-құлқын басқара білу біліктілігімен байланысты:
өз дене қимылдарын басқара білу (мимика, пантомимика);
көңіл – күйімен эмоцияларын басқара білу (артық психикалық қысымды болдырмау, шығармашылық көңіл-күй орната білу);
әлеуметтік-перцептивтік қабілеттер (зейін, байқағыштық, қиял);
сөйлеу техникасы (тыныс алу, дауысты қоя білу, дикция, сөйлеу екпіні).
Педагогикалық техниканың екінші тобы жеке тұлға мен ұжымға әсер ете білу және оқыту мен тәрбие үрдісінің технологиялық жағын аша білу біліктілігімен байланысты:
дидактикалық;
ұйымдастырушылық;
конструктивтік;
коммуникативтік біліктілік;
талап қоюдағы технологиялық тәсілдер;
педагогикалық қарым-қатынасты басқару;
ұжымдық және шығармашылық істерді және т.б.
ұйымдастыру.
2. Жас мұғалімнің типтік қателері.
Педагогтардың бір қатарына жүргізілген зерттеулер, мұғалімдік жұмысты енді бастағандардың педагогикалық техникасындағы типтік қателердің болатындығын көрсетті. Мұндай педагогтардың басым көпшілігі біліктілігінің жетімсіздігінен оқушылармен, олардың ата-анасымен жақынырақ әңгімелесе алмайтындықтары белгілі болған, кек сақтап қалу керісінше ашу-ызасын тудыру, сенімсіздік көрсету белең алған. Практиканттар алғашқы сабақтары туралы шығармаларында былай деп жазады: сөйлеу мәнеріне көңілдері толмау, шектен тыс қаталдықта болуы, жай сөйлеуге қорқуы басынып кетеді деген оймен, қорқыныш сезімін бастарынан өткізуі, артық қылықтар көрсетуі немесе тұруы, тас сияқты қатып қалу және қолдарын қоярға жер таппауы. Студенттердің көпшілігі өздерінің сыртқы тұлғаларының еңкіштігіне, бастарының төмен түсіп кетпеуіне, дәрменсіз қолдарының қимылына зейін аударады.
Дауысты меңгерудегі басты кемшіліктері бір қалыптылық, сөйлеудегі мәнсіздік, мәнерлеп оқу дағдыларының жоқтығы.
Сөйлеудегі көптеген жеке дара кемшіліктері – дикцияларының айқын, анық еместігі, дауыстап сөйлеудің оптималдық вариантын табудағы икемсіздігі.
Педагогтың оқушыларға нәтижелі ықпал етуіне осы айтылған кемшіліктердің барлығы кедергі келтіреді. Сондықтан жоғары оқу орындарында оларды оқу-тәрбие үрдісін басқара алатындай етіп тәрбиелеуіміз керек және соған баса көңіл аударылғаны жөн.
Бақылау сұрақтары:
Педагогикалық техника дегеніміз не?
Педагогтың шеберлігі неде?
Техника дегеніміз не?
Педагогикалық техника ұғымына енетін компоненттерді атаңыз.
Жас мұғалімнің типтік қателері неге байланысты? Оны жою жолдары қандай?
Жоспары:
1. Педагогтың сыртқы келбеті туралы.
2. Эмоциялық жағдайды басқара білу.
Лекция мақсаты: Педагогтың сыртқы келбеті туралы түсінік қалыптастыру.
Лекция мәтіні:
Педагогтың сыртқы келбеті туралы.
1. Мұғалімнің сыртқы пішіні эстетикалық талапқа сай мәнерлі болуы керек. Өзінің сыртқы пішініне ұқыпты қарамаған адам кешірімсіз, бірақ оған шектен тыс мән беруге де болмайды.
Шаштың сәні де, костюмі де, әшекей бұйымдары да мұғалім киіміндегі барлық уақытта педагогикалық міндеттерді шешуде бағынышты болуы керек – тәрбиеленушінің тұлғасына қалыптасуына нәтижелі ықпал етуі тиіс. Косметикаға, сәнді киім кию құқын иемдене отырып, мұғалім барлығына да шектен аспай, жағдайды түсініп тәртіп сақтауы керек. Тәрбиешінің эстетикалық мәнерлілігі оның бет әлпетінің қаншалықты жылылығын, қимыл-қозғалыстағы ұстамдылығын, сыртқы келбетіндегі және жүрісіндегі жинақтылығын білдіреді. Оларға қарама-қарсы құбылмалылығы, әбіржушілік, жасандылық және немқұрайдылық. Керек десеңіз, сіз балаларға қалай кіріп келесіз, қалай қарайсыз, қалай сәлемдесесіз, қалай орындықты жылжытасыз, қалай сынып ішінде жүресіз – осы бір майда әрекеттердің өзінде сіздің балаға әсер ететін күшіңіз бар. Сіздің барлық қимыл-қозғалысыңыздан, мәнеріңізден, көзқарасыңыздан балалар өзіне деген өте үлкен сенімділікті, ұстамдылықтың күшін сезіне білетіндей болуы керек. Ұстамды, мейірімді, сенімді болудың арқасында – сіз мәнеріңіз жеткілікті адамсыз және осындай болу арқылы - сіз тәрбиеші ретінде күштісіз.
Мұғалімнің сыртқы көрінісіне тұлғасына, мимикасына, пантомимикасына, киіміне қойылатын нақты талаптар қандай? Оларды қалай басқаруға болады? Осы айтылған элементтердің барлығы адамның ішкі қалпынан өндірістік болып табылады, оларды педагогтың шығармашылық көңіл-күйін өзі реттеу техникасы ұғымымен бастап басқара білу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |