Лекция: 30 сағат Зертханалық-тәжірибелік сабақ: 10 сағат СӨЖ: 95 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат



бет5/12
Дата29.03.2017
өлшемі3,27 Mb.
#12682
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2. Эмоциялық жағдайды басқара білу.

Педагогикалық қызметті енді бастағандар үшін әдеттегідей кездесетін жағдайлар сипаты: өзіне сенімсіздік, қорқыныш, тоқтап қалушылық. Ата-ананың, балалардың, мұғалімнің іс-әрекеті қадағала қарағанда, яғни әрекеті көзге түскенде, мұғалім ойының жүйелілігі бейнеленеді, оның дауыс аппаратының жағдайы, физикалық көңіл-күйі (аяқтары қалтырайды, қолы таяқ сияқтануы), психикалық жағдайы (күлкілі болу қорқынышы, икемсіз болып көрінуі). Қарым-қатынас кезінде эмоциялық көңіл күйді басқара білу, психофизикалық көңіл күйді жүзеге асыру, осының барлығы білім мен біліктілікті талап етеді.

Өзін-өзі басқара білу қабілеттілігін келесі тесті қолдану арқылы тексеруге болады.

Сіз барлық уақытта ұстамды және сабырлысыз ба?

Сіз үйде және аудиториядағы кезіңіздебарлық уақытта зейінді және зейінді бір жерге жинақтай аласыз ба?

Сіз өз эмоцияңызды басқара білесізбе?

Сіз барлық уақытта жолдастарыңызбен және туысқандарыңызбен қарым-қатынаста оларға көңіл бөлетін мейірімді жансыз ба?

Сіз оқылған материалды қиналмай, оңай меңгере аласыз ба?

Сізде “осы бір жаман әдеттен өзіме тиым салайыншы” деген кездеріңіз болған жоқ па?

Сізде қандай да бір жағдайда Сіз өзіңізді - өзіңіз ұнамсыз кейіпкер ретінде сезініп, аяп кеткен кездер болды ма?

“Иә” және “жоқ” деген жауаптардың санын алып, қорытынды жасаңыздар. Егер барлық жауаптар дұрыс, жағымды болса, онда бұл оның сабырлылығы туралы, еш нәрседен үрейленбейтіндігінен, өзін басқара алуға икемділігі бар екендігінен немесе өзін-өзі жоғары бағалайтындығы туралы мәлімет береді; егер жауаптар кейбір сұрақтарға немесе барлығына жағымсыз, нашар болса, онда бұл үрейленушілік, сенімсіздік, өзіне қанағаттанбаушылық, өзін-өзі сынаушылығы туралы мәлімет береді. “Иә” және “жоқ” жауаптарының араласып келуі, сол адамның өзінің кемшіліктерін көре алатындығын көрсетеді, ал бұл өзін-өзі тәрбиелеудегі алғашқы қадам болып есептеледі. Келесі қадамды, егер өзін-өзі басқара білу тәсілдерін жете түсінгенде және оның әдістемесін меңгергенде жасау мүмкін.

Өзін-өзі басқара білу тәсілдерінің арасындағы маңыздысы деп, төмендегілерді бөліп қарауға болады:



  • болашаққа сенушілік және жақсылық тілеушілік тәрбиесі;

  • өз мінез-құлқына бақылау жасай білу (бұлшық еттің ширығуын, қимыл-қозғалысын темпін, сөйлеуді, тыныс алуды басқара білу);

  • іс-әрекеттегі бәсеңдік (еңбектерапия, музыкатерапия, кітаптерапия, юмор, имитациялық ойындар);

  • өзін-өзі иландыру.

В.А.Сухомлинскийдің жан дүниеңдегі рухани тепе-теңдік тәрбиесі туралы пайдалы кеңесін ұғынуды қажет етеді:

  • жабырқаушылықтың ұлғаюына, бөтеннің кемістігін өсіріп айтуға жол бермеу;

  • әзілмен жеңе білу;

  • оптимист, қайырымды болу.

Жас мұғалімге сабақ алдындағы сенімсіздікті, балалар алдында қорқу т.б. сезімдерді жою үшін мүмкіндігінше мынадай сеанс өткізу ұсынылады: аутогендік жаттығулар (психикалық өзін-өзі реттеу) – бұл психофизикалық гимнастикаға жатады. Бұл сеансты орындауда физикалық және психикалық тұрғыдан босаңсу талап етіледі.

Мысалы: “Мен сабырлымын. Мен сабақта сенімді жүргізе аламын. Балалар мені тыңдайды. Сабақта өзімді еркін сезінемін. Мен сабаққа жақсы дайындалғанмын. Сабақ өте қызық! Балалардың барлығын жақсы білемін және көріп тұрмын. Мен сабақты жақсы беремін. Балаларға менімен қызықты. Мен сенімдімін, күшім жетерліктей. Мен өзімді жақсы меңгеремін. Көңіл күйім сергек әрі жақсы. Оқыту қызық. Оқушылар мені сыйлайды, тыңдайды және менің қойған талаптарымды орындайды. Сабақта жұмыс істеген маған ұнайды. Мен - мұғаліммін ”.



Жас мұғалімге сабаққа дайындалуда балалармен қарым-қатынас жасауда психологиялық өзін-өзі даярлау қажет.
Бақылау сұрақтары:

  1. Мұғалімнің сыртқы келбеті қандай болу керек деп ойлайсыз?

  2. Мұғалімнің эстетикалық мәнерлілігі дегеніміз не?

  3. Мұғалім оқушыларға қалай ықпал жасай алады?

  4. Мұғалімнің сыртқы көрінісіне тұлғасына, мимикасына, пантомимикасына, киіміне қойылатын нақты талаптар қандай? Оларды қалай басқаруға болады?

  5. Мұғалімнің өзін-өзі басқара білуін қалай байқауға болады?

  6. Өзін-өзі басқара білудегі маңызды тәсілдерді ата.

  7. “Аутогендік жаттығулар” дегеніміз не және оларды қалай жүзеге асырамыз?

  8. Жас мұғалім өзін-өзі психологиялық жағынан қалай дайындайды?



Жоспары:


1. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мүкіндіктері.

2. Сөз мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының

маңызды құралы.



Лекция мақсаты: педагог сөзінің тәрбие және мәлімет беру құралы екенін түсіндіру.

Лекция мәтіні:

1. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мүмкіндіктері.

Тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі – сөздердің дұрыс айтылуы мен дұрыс жазылуы болса, оқытушының сөйлеу тілінде сөз бен сөз тіркесін, сөйлемді дұрыс қалыптастыра білу үшін ой тиянақтылығы, әсерлілігі, сөз дәлдігі, сөйлемдердің өзіне тән әуені, ырғағы, үні, интонациясы, т.б. сөйлеу тілінің сапасын арттыруы қажет.

Сөздерді айтудағы дыбыс өзгерістері орфоэпиялық нормаларға сай болғанымен, жазуда олар ерекше жағдайда ғана болмаса, орфографиялық ережелер бойынша жазылады. Орфографиялық норамалардың ғылыми негізі – сөз құрамының дәстүрлі қалпын бұзбай, дыбыстардың ілгерінді, кейінді ықпалы, ығыспалы заңдылықтарын біліп, орфоэпиялық нормаларды сақтап сөйлеу оқытушының сөйлеу сапасын арттырады. Мәселен: Сарыарқа, Ағжар, Ағбота, өртау, өзөн, тұрұс, жұмұшшұ, Жетіғара т.б.

Оқытушының сөйлеу тілінің сапасы мен студенттің қабылдаған білімі, оның сөйлеу әуені, үні, айту заңы дұрыс қалыптасуы керек. Ол үшін кез келген мәтінді не кеспе қағаздарды оқығанда дауыс ырғағын келтіріп, сөздің анық, түсінікті болуын естен шығармау керек.

Оқытушы тілінен кездесетін кемшіліктердің бірі – сөз арасында жиі кездесетін: жаңағы, яки, яғни, және мінекей, жалпы, маған, иә, мәселен, әлгі, т.б. қыстырма сөздердің қайталануы. Студент ондай жағдайда сабақ тыңдамай “жаңағы” деген сөзін оқытушы бірнеше рет айтты деп санап отырады. Ол студенттерді де, тыңдаушыны да мезі етеді.

Оқытушы тілінде кездесетін кемшіліктер және мыналар:



  • диалект, жаргон, кейбір қолданыста жоқ, әдебинормаға жатпайтын сөздерді жиі қолдану;

  • барғын, айтқын, жазғын, келген;

  • келгентұғын, келгемді, айтқамды;

  • келгентұғым, айтқантұғым;

  • кесей, айтсай;

  • баралық, жазалық, көрелік;

  • -ыншы, -інші формаларын дұрыс пайдаланбай “жиырманшы” деп қолдану;

  • аудитория жағдайында дәл емес, тұспалдап жеткізуде бірқатар сөздердің беретін мағынасын дұрыс айтпау.

Ұстаздың басты мақсатының бірі – студенттің тілін дамыту. Бұл өмір талабынан, тұрмыстық қажеттіліктен туындайды. Қоғамдық мәдениет өскен сайын өмірдің сан-саласында қолданылатын тілдің мәдениетіне қойылатын талап та күшейе түсері анық. Ол үшін студенттер тілін ауызша да, жазбаша да дамытуды алғашқы кезден бастап қолға алу керек. Студенттердің сөз тіркесін, сөйлем құрылысын, морфологиялық тұлғаларды дұрыс қолдана білуі тіл мәдениетінің негізін арттыруға үлес қосады.

Студенттердің білімді тереңдету негізінде тілді жетілдіру жолдары мынадай:



  1. Тілдік терминология. Тілдік терминологияны терең меңгеру үшін негізгі және қосымша әдебиеттермен, сөздіктермен жұмыс істеу керек. Қос тілді сөздіктермен, анықтағыштармен жұмыс істеу ерекшеліктері де үлкен.

  2. Мамандыққа дайындауда ғылыми-зерттеу жұмысының орны. Курстық және дипломдық жұмыстарды дайындау, материалдарды жинақтаудың және картотека жүргізудің тиімді тәсілдерін іздеу.

  3. Курстық және дипломдық жұмыстарды қорғауға қойылатын талаптарды орындау, қорғау кезінде сұрақтарға дұрыс жауап бере білу қажет.

Тілді қадірлейтін мәдениетті оқытушы әрбір сөзді өз орнымен, стилдік шеберлікпен қолданады. Стиль дегеніміз – белгілі бір қатынастың түрінде тілдік единицаларды сұрыптап пайдалану арқылы ойды жеткізу мәнерінің көрінісі. Демек, стил тілдің бәріне тән құбылыс. Қазақ әдеби тілінің екі түрі бар: ауызша сөйлеу стилі және кітаби жазба стилі. Шетелдік мамандар стилді жіктеуге байланысты түрлі пікірге ие. Мысалы, Р.Будагов ауызекі-жазбаша, ғылыми-көркем әдеби стил деп бөлсе, М.Конина ресми-әдістемелік, тұрмыстық іс-қағаздар, ғылыми-техника, т.б.стилдер бар дейді.

Қазақ стилистикасын зерттеуші ғалым жоғарыдағы пікірлерді есепке ала отырып, тілдің өзіндік ерекшеліктерін ескере келіп, тілімізде мынадай стил бар деп есептейді: сөйлеу стилі, кітаби-жазба, іс-қағаздар стилі, ресми стил, публицистикалық стил, ғылыми стил.

Лектор халыққа білім негізін берумен қатар халықты тіл мәдениетіне баулиды, сондықтан олар қарым-қатынас жасау құралы, шындықты жеткізу құралы – тілдің ойды білдіру мүмкіншіліктеріне, тіл мәдениетіне қанық болуы керек. Ол тілді өткір де әсерлі, икемді де бай ету қамын жасау керек. Жұрт алдында сөйлеу өте қауіпті әрі қиын жұмыс. “Сөйлей-сөйлей шешен” болған кісілер де кейде үлкенді-кішілі аудиторияға келіп, көпшілікке қарап тіл қатқанда, жүрегі алып - ұшып тұрады. Оның себебі, “айтайын деген ойымды қатесіз, дұрыс айта аламын ба, тыңдаушыларды менің сөзім қанаттандыра ма?” деген уайым қыстайды. Оның үстіне аузына қадала қарап жаудыраған көп көздер, оның әр сөзін сынай қабылдайтыны белегілі. Тыңдаушылар алдында өзін-өзі дұрыс ұстай алмаған кісінің сөзі де өтімді болмайды, сондықтан мінбеде ұстамды болу, қобалжымау, сасқалақтамау – сөйлеушілерге қойылатын басты талаптардың бірі. Сөйлеуге алдын ала ұқыпты дайындалған, не айтатынын, қалай айтатынын, тілдік амал-тәсілдерді қалай пайдаланатынын әбден көңілге қондырып алған кісі қысталаңның құлы болмайды, өзін нақты ұстап, еркін сөйлейтін болады. Тыңдаушыларды бірден өзіне тарта, еліктіре алады.

Дауыс булығып шығып, бірсыдырғы әуенмен, жігерсіз, баяу сөйлейтін болсақ, айтқаның қаншама маңызды болғанмен, тыңдаушыларды тез жалықтырады, олардың көңілі басқаға ауып кетеді.

Сөйлеу дауысы құбылмалы әрі ойыңды белгілі қисынды байланыста сөйлемдердің бірін-бірі тудырып тұрғандай етіп сөйлеу керек. Сөйлемдер арасында табиғи байланыс болмаса, тыңдаушы ондай сөзден нәр ала алмайды, көпшілік алдында жақсы сөйлеудің ең негізгі шарты – даярлық. Дәрістің мазмұны, құрылысы, формасы алдын ала жоспарланып, қағазға жазылып дайындалуы тиіс.

Мәдениетті адамның сөйлеу мәнері жағымды болмақ. ән сияқты дұрыс айтылған сөз де құлақтан кіріп бойды алады. Қазақ халқы келістіріп сөйлей алатын кісіні “сөзі мірдің оғындай екен” деп дәріптейді. Ал қабілеті жоқ адам ынжық “аузынан сөзі, қойнынан бөзі түсіп тұр” деп сынайды. Сөйтіп, сөзді қалай болса, солай айта салмай, сөйлеуде оның мазмұнына үйлесімді ырғақ, екпін, әуен тауып, дауысты түрлендіріп сөйлеудің үлкен мәні бар. Жалпы тіл өнеріне, шешендік өнерге, дұрыс сөйлеу, дұрыс оқу өнеріне үйрететін орынның бірі – жоғары оқу орны.


2. Сөз мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының маңызды құралы.

Ана тілін жақсы білу, сол тілде таза сөйлеу де мәдениеттілік. Ана тілін, оның байлықтарын бағаламау – қарым-қатынас жасаудың, ойды айтудың, жеткізудің құралы тілді бағаламау деген сөз. Таза сөйлеу дегеніміз – сол тілдің жалпыға ортақ байлықтарын пайдаланып, “бөгде” сөздерді араластырмай сөйлеу. Жөн-жосығы, тіпті керегі жоқ жерде өзге тілдің сөздерін пайдаланып сөйлеу айтайын деген ойды түсініксіз етеді. Тілдегі орашолақтық, оспадарсыздық – ой жүдеулігінің белгісі. Ойы саяз адамның көпшілігі бос сөз болады, күнгірт ойлы кісілердің сөзі айқын, таза болмайды. Көмескі, күнгірт сөзді желді күнгі қаңбақ секілді ешкімнің көңілінен қоныс таппақ емес.

Кәсіби қарым-қатынасты қалыптастыруға негізделген Н. Бакланованың “Личность в профессиональных видах деятельности и общения” талдауында кәсіби шеберлік психологиялық феномен ретінде оның пәні мен құрылымы, кәсіби шебер жеке тұлғаның қалыптасуы (жеке адамның іс-әрекеті, жеке адамның қарым-қатынасы, кәсіби шеберліктің психологиялық құрылымы) көрініс тапқан. “Сөйлеу” тақырыбында маңызды сөйлеудің психологиялық сипаты мен қатар ойлау негізі, сөйлеудің түрлері қарастырылады. Болашақ оқытушы аудиторияда сөйлейді, ол тек ойы мен сезімін жеткізіп қоймай, тыңдаушылардың ойы мен сезіміне әсер етуі қажет, олардың қызығуын арттыра отырып, психологиялық байданыста болуы керек.

Көрнекті ғалымдар сөйлеу өнерінде көңіл бөлу психологиясы мен тыңдау психологиясына баса назар аударады. Сөздің негізгі қызметі – қатынас. Мәдениет пен қарым-қатынас әдебі тыңдаудың тиімді шарты болып табылады. Тыңдаушының ұстанған бағытындағы, қатынасындағы саналы және санадан тыс ақпарат алмасудың үш түрі бар: шынайы тіл, бейнелі ойлау, сенсорика.

Ауызша сөйлеудің негізгі ұстанымы – қарым-қатынастық бағыт.

Сөйлеуді оқытуды , сөйлеу іс-әрекеті жеке тұлғаның қалыптасуына әсер етеді. Өз ойын айту және біреуге жеткізу – болашақ маманның кәсіби талдауының алғашқы шарты, сонымен бірге оның интеллектік кәсіби ойлауының қалыптасуының негізі.

Қарым-қатынас қоғамда үлкен рөл атқарады. Қатынассыз оқу үрдісі , тәрбие , жеке адам дамуы, адамдар арасындағы қатынас, басқару, қызмет ету, ғылыми және басқа іс-әрекет мүмкін емес. Қарым-қатынас мәселесі көп аспектілі. Ол көптеген ғылымның зерттеу көзі: философия, әлеуметтану, лингвистика, этнография, психология, педагогика, т.б.

Жоғары оқу орнына өз пәнін, түрлі әдістемелік құралдарды толық меңгерген, педагогикалық – психологиялық дайындығы бар, мәдениетті, шығармашылыққа бейім, студентті түсінетін және оларға жұмыс барысында әсер ететін шебер педагог керек.



Бақылау сұрақтары:


  1. Оқытушының сөйлеу сапасы мен оқушының қабылдауының арасындағы байланысты түсіндіріңіз.

  2. Оқытушының тіліндегі кездесетін кемшіліктерді атаңыз және оның себебін түсіндіріңіз.

  3. Студенттің тілді жетілдіру жолдарын көрсетіңіз.

  4. Стиль дегеніміз не?

  5. Шетел мамандарының стильді жіктеуге байланысты ой-пікірлері қандай?

  6. Қазақ стилистикасын зерттеуші ғалымдарымыздың пікірлері қандай?

  7. Қарым-қатынаста сөйлеудің алатын орны қандай?




Жоспары:

1. Мұғалім сөзінің функциялары.

2. Әрбір функцияның өзіндік ерекшеліктері.


Лекция мақсаты: мұғалім сөзінің функциялары және ерекшеліктері білім жүйесін қалыптастыру.

Лекция мәтіні:

1. Мұғалім сөзінің коммуникативтік сапасына қойылатын талаптар , ең алдымен оның педагогикалық функцияларымен байланысты. Мұғалім сөзінің бірден-бір негізгі функциясы – білім беруде толыққанды қамтамасыз ету.

Мұғалім сөзінің коммуникативтік ерекшеліктерімен және оқушылардың білімді қабылдауы мен есте сақтауының табысты болуының арасында тікелей байланыс бар екендігі белгілі. Мұғалім сөзі бұл қабылдауды түсінуге оңай, қызықты етуі немесе оны қиындатуы мүмкін.

Мұғалімнің сөзінің бұл функциясының мәнділігі мынадай факт туралы болмақ, білімнің оқушылардың есінде ұзақ уақытқа дейін сақталуы педагогикалық сөйлеу мәдениетінің ерекшелігіне байланысты: мұғалім дауысында эмоционалдық реңктің сақталуы, оның интонациясы, сөйлеудегі ырғақтылығы, сөздердің айтылу сипаты. Былайша айтқанда, мұғалім сөзі шеге сияқты қағылу керек. Кейін қанша жыл өтсе де ол сөздер шәкірт есінде қалып, олар айта-айта жүретіндей мәңгі жүректе сақталыну керек.

Жаңа материалды меңгертудегі мұғалім сөзінің педагогикалық міндеті – оқушыларға білім алуға мүмкіндік туғызып қана қоймай, оларда осы білімге деген эмоционалдық – құндылық қарым-қатынас қалыптастыру, сенім негізінде өз мінез-құлқын басқаруда оларға қажеттілік тудыру. Мұғалім, егер оның сөзі тек ақпараттандырып қана қоймай оқушылардың санасына, сезіміне әсер ете алса, оларды бір әрекет жасауға талпындыра алса ғана бұл міндеттерді шеше алады.

Мұғалім сөзінің міндеттерін логикалық байланыстылығын құрастырып көрейік:



ақпараттандыру дамыту әсер ету





білімге қатынасын

қалыптастыру


білім негізінде әрекет етуге ұмтылдыру


интеллектісін байыту, білімді құндылық ретінде

арттыру қабылдау




білім мәнін жете

түсіну, ұғыну

өз мінез-құлқын басқару ретінде

білімді қолдану

Өкінішке орай, бұл логикалық байланыс жалпы мектеп іс-тәжірибесінде “жүзеге аса бермейді” және оқушылардың білімі жалған жинақталған түсінікте қала береді. Оқушылардың жүрегімен сезілмеген, оған жетпеген, ақыл-ойына әсер етілмеген, көптеген қателермен, оқулықтан алынған жаттанды бос сөз тіркестері, ақпараттың аз ғана мөлшерін бере алады. Мұғалім бағдарламаға сай оқу материалын айтқанмен, білім оқушылардың санасында шындық өмірмен байланыспаған, тек абстракция көлемінде ғана қалыптасады. Оқушының шындық дүние мен білім арасындағы алшақтық осылай пайда болады. Педагогикалық кемеліне жетпеген мұғалім сөзінің құны осындай.



Мұғалім сөзінің және бір функциясы – оқушылардың нәтижелі оқу іс-әрекетін қамтамасыз ету. Педагогикалық сөз оқушылардың сабақта нәтижелі тыңдауын қамтамасыз етуі керек. Әдетте оқушы мұғалім сөзін тыңдай отырып, көптеген әр түрлі операцияларды жүзеге асырады:

  • дыбысталған ақпаратты көрнекілік бейнесімен нақтылайды;

  • оны алған білімімен, тәжірибесімен байланыстырады;

  • оқытушының ойының логикасын аңғаруға тырысады, оны есте сақтайды, мәнін ұғынады.

Осылайша бастауыш сынып сабағында педагогикалық сөздегі ырғақтың мәнділігін талдау мына жағдайды көрсетті: мұғалім сөзіндегі ырғақтың кемшілігінен, оқушыларда ақпартты қабылдаудың дәл және толық еместігі байқалған. Сонымен бірге, қате қабылданған ақпараттар саны ұлғайған.

2. Сабақта оқу материалын дұрыс қабылдау үшін мұғалім сөзінің логикалық екпінінің мәнділігіне жүргізілген зерттеулерде де осыған ұқсас жағдайлар байқалған. Дұрыс қойылмаған екпіннен оқушылардың 40 пайызы берілген ақпаратты ешқандай қабылдамаған, 11 пайызы тек бір бөлігін, 47 пайызы тек бас жағын ғана қабылдаған. Мұғалім сөзінің екпінінің бірқалыптылығы, шектен тыс дауысты көтеріп сөйлеу, ғибраттылық оқушыларды шаршатады.

Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің нәтижелілігіне, мұғалімнің сабақтағы коммуникативтік мінез-құлық стилі де әсер етеді. Мұғалім сөзіндегі тиымдар, “үндеме”, “тоқтат”, “отыр”, “жап”, “болды” деген зілді сөздер және “әдеттегідей ештеңе білмейсің”, “сенің ата-анаң қайда қарап отыр”, “мұны түсіну саған қайда” деген оқушыны қағытудағы таныс сөздер, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бұзып қана қоймай, ақыл-ой белсенділігін де төмендетеді.

Грузия педагогы Ш.А.Амонашвили оқытушы мен оқушы арасындағы ізгілікті қарым-қатынас құрудың негізін қалады. Ш.А.Амонашвилидің коммуникативтік тәсілдерінің бірнешеуін келтіріп көрейік: оқушының сенім мүмкіндігін туғызуда “меніңше, саған менің көмегімнің керегі жоқ сияқты. Сен өзің де керемет орындайсың”, оқушының сәтсіздігіне күйінішін позитивтік мазмұнда көрсетеді : “қалайша бұлай боп қалды? Бұл кездейсоқ осылай болып қалған шығар. Себебін түсіндіріп көрейік, қане”.



Педагогикалық сөздің келесі бір функциясымұғалім мен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастың жемісті болуын қамтамасыз ету.

Мұғалім сөзі бұл қарым-қатынаста реттеушілік рөл атқарады. Мұнда мұғалімнің оқушылармен әңгімелесуі, сәлемдесуі, өз талаптарын қоюы, ескерту жасауы, тілегін білдіруі; оның сөзінің мәнерлілік бояуы , интонациясы, бет келбеті, көзқарасы, мәнері қандай, осының барлығының маңызы ерекше.

Көп нәрсе мұғалімнің қарым-қатынастағы дербес стиліне байланысты (қорқытуға негізделген қарым-қатынас, әзілдесу арқылы жасалатын қарым-қатынас, достыққа негізделген қарым-қатынас және т.б.).

Бұл авторитарлық және демократиялық стилдерге де байланысты. Ұлы педагог А.С.Макаренко өзінің тәрбиеленушілерімен қарым-қатынасты “оқушыға қаншалықты талапты көп қойсаң, соншалықты оны құрметте” деген принцип негізінде құрды. Нақты жағдайларға байланысты ол сабырлы және көңілді, әзілкеш және қатал, өктем және жұмсақ бола білді.


Бақылау сұрақтары:


  1. Мұғалім сөзінің - білім беруді толыққанды қамтамасыз ету функциясын түсіндіріп беріңіз.

  2. Оқушының материалды ұзақ уақыт есте сақтауының, педагог сөзіне байланысын түсіндіріңіз.

  3. Жаңа материалды меңгертудегі мұғалім сөзінің міндеті қандай?

  4. Мұғалім сөзінің міндеттерінің логикалық байланыстылығын “Топтастыру” стратегиясы бойынша көрсетіңіз.

  5. Оқушы білімі мен өмірдегі алшақтықтың пайда болу себебін түсіндіріңіз.

  6. Мұғалім сөзінің оқушылардың нәтижелі оқу іс-әрекетін қамтамасыз ету функциясының маңыздылығын түсіндіріңіз.

  7. Мұғалім сөзіндегі ырғақтың кемшілігі қандай жағдайлар тудырады.

  8. Мұғалім мен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастың жемісті болуын қамтамасыз ету функциясының маңыздылығы неде?



Жоспары:

1. Мұғалімнің ауызша сөйлеу ерекшеліктері.

2. Мұғалім сөзіндегі импровизация.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет