Лекция: 30 сағат Зертханалық-тәжірибелік сабақ: 10 сағат СӨЖ: 95 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат



бет9/12
Дата29.03.2017
өлшемі3,27 Mb.
#12682
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Лекция мақсаты: коммуникативтік іс-әрекет ұғымының мәнін ашып көрсету, түсіндіру.

Лекция мәтіні:

1. Кәсіби – педагогикалық қарым-қатынасты қалыптастыру мәселесіне талдау жасағанда кері қатынас барысында рефлексивтік жағдай төмендеп және диагностика нақты болмай қалуы мүмкін, бірақ, бұл, көбінесе, ескеріле бермейді. Сол себапті педагогикалық қарым-қатынастың технологиясын толық шешу үшін коммуникативтік міндеттердің орындалу сатысы төмендегідей болмағы ләзім:



  • қарым-қатынас жағдайына бейімделу;

  • сырттағы адамдарды өзіне қарату;

  • нысанның жан дүниесін жаулап алу;

  • сөздік қарым-қатынасты іске асыру;

  • эмоционалды және мазмұнды байланысты ұйымдастыру.

Педагогикалық қарым-қатынас келесі бөліктерді қамтиды және педагогикалық үрдіске (ой қорыту, талдау және баға беру) сәйкес бір қарқындылыққа ие болады:

  • мерекелік шараға немесе сабақты дайындау үрдісі кезінде қарым-қатынасты қалыпқа келтіру;

  • қарым-қатынастың үзбей ұйымдастырылуын қамтамасыз ету (қарым-қатынастың басталу кезеңі);

  • педагогикалық үрдісте қарым-қатынасты басқару.

Кәсіби – педагогикалық қарым-қатынастың технологиялық мазмұны “коммуникативтік міндетпен” тығыз байланысты және бір жүйеде қалыптасады. Коммуникативтік міндеттің өнімділігі төмендегідей жұмыстардың мазмұнынан көрінеді: белгілі жағдайды талдау, тиімді шешімді табу, таңдау, коммуникативтік өзара әрекеттестік және нәтижесін талдау.

Мысалы, педагогикалық жағдаятқа талдау жасау, ең дұрыс жауапты таба білу, әдістеменің бағытын табу және педагогикалық әрекеттің мазмұнын аша білу керек. Барлық педагогикалық міндеттің шешімін табу мақсатында педагог қарым-қатынас технологиясын педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырудың жолдарын қарастырып, іздестіреді.

Сонымен бірге, коммуникативтік міндеттер педагогикалық міндеттер болып табылады, яғни коммуникативтік міндет педагогикалық міндеттерді орындау барысында педжагогикалық көзқарастарға әсер ете отырып, оның коммуникативтік қабілетінің жүзеге асуына мүмкіншілік жасайды.

Кейбір педагогтер коммуникативтік міндетті педагогикалық үрдістің бөлігі ретінде есепке алмайды. Жалпы айтқанда, коммуникативтік міндеттер хабар алуға және оны жалғастыру үшін қолданылады. Сонымен бірге педагог коммуникативтік міндеттерді шешу барысында екі негізгі мақсатқа жүгінеді: оқушыларға хабарды жеткізу немесе белгілі бір әрекетке ұмтылдыру.

Кәсіби – педагогикалық қарым-қатынастың туындау және мағлұматтарды жинақтау бөліктері мінездемелеу болып табылады. Педагогикалық қарым-қатынасты модельдеу өзара әрекеттестік жүйесін айқындаумен байланыстырылады. Осы педагогикалық өзара әрекеттестіктің тиімділігін арттыру мақсатында педагогикалық міндеттер коммуникативтік міндеттер ауысуын қамтамасыз етеді және олардың сәйкестігін айқындау маңызды рөл атқарады.

2. Коммуникативтік дайындық жас маманға сабақты бастаудағы педагогикалық қарым-қатынастың аса маңызды элементі. Оның іске асуының технологиясына негізгі негізгі элементтің бірі ретінде төмендегілер жатады:



  • белгілі бір топқа немесе ұжымға нақты білім беру барысын елестету;

  • нақты ұжыммен қарым-қатынас жасау барысында нақты топқа сәйкестендіру және жағымды эмоционалды жағдайды қалыптастыра келе жағымсыз әсер ететін факторлардың туындауына жол бермеу;

  • бұл топқа қарым-қатынастың қай түрі сәйкес келетіндігін анықтау;

  • сабақтағы материалды және сыныпты қалай қабылдайтындығына көңіл бөлу;

  • қарым-қатынас стилін (оқытушы, дамытушы, тәрбиеленуші) күн талабына сәйкестендіру;

  • конспектімен жұмыс жасауды сабақтың бір бөлігі және фрагменті ретінде жоспарлау және психологиялық ауанды бір қалыпқа келтіру, т.б.

Шапшаң ұйымдастырылыған педагогикалық қарым-қатынаста педагог барлық күш-жігерді өзі иемденеді және басқару барысында қолданады. Егер қарым-қатынас барысында оны тез иемдене алатын болса, ол өзінің педагогикалық стилін сезініп, қарым-қатынаста өзін сенімді, жоғары деңгейде көрсете алады.

Кәсіби – педагогикалық қарым-қатынастың шынайы тұрғыдан әр түрлі жолдары бар. Яғни, жоғары оқу орнына қабылданған студенттерді алғашқы күндерден бастап-ақ оқуға ынталылығын арттыруға ұмтылып, қарым-қатынас мәдениетінің кейбір өлшемдерін меңгеру аса маңызды болып табылады. Себебі, студент қауымның ішінде тұлғалық көрсеткіші, мәдениеттілігі мен іскерлігі, әдептілігі жағынан “нашар” көрінгісі келетін студент жоқ.

Студенттер арасында қарым-қатынас мәдениетін қамтитын саулнамалар жүргізгенде, олардың ой-пікірлерін сарапқа салып тұжырымдағанда, соның нәтижесінен алынған мәлімет мынадай үш деңгейге сәйкестендірілді.



І деңгейі (жоғары)



ІІ деңгейі (орташа)


ІІІ деңгейі (төмен)

Қарым-қатынаста сөйлеу дағдысы бір қалыпты, әңгіменің бағыт-бағдарын тез ұғынып, сөзді бөлмейді. Әңгіменің барысында мақсат қоюға дағдыланған, қоғамдық орындарда мінез-құлық дағдысы, ересектермен, құрбыларымен қарым-қатынас жасау дағдысы бекітілген. Құрбылармен қақтығыс барысында юмормен кикілжіңсіз шығып кете алады.

Сөйлеу икемділігі бар, бірақ көп жағдайда әңгімені ұштастыра алмай қалады. Дегенмен, әңгімені мұқият тыңдап, сөзді бөлмейді. Өзін-өзі бағалауы орташа, орташадан жоғары. Құрбылармен ренжісу барысында сөз таластыруға дайын, алайда, өзін-өзі тез меңгереді. Әңгімені өз бетінше іліп алмай, өзгелердің сілтемесін қажетсінеді.

Қарым-қатынаста сөйлеу дағдысы, сұрақ қою икемділігі төмен. Құрбылармен сөз таластырып, айқай, дау-жанжалға, төбелесуге дейін бар. Әңгіменің барысын жүргізе алмайды (өз бетімен). Рухани-сөздік тұрғыдан өзін-өзі реттеу қабілеті төмен. Сөздің барысында мақсат қоя білу икемділігі жоқ.

Осы әдістеме негізінде қарым-қатынас мәдениетінің негізгі үш бөлігін айқындадық, олар: білім, дағды, икемділік. Ал қарым-қатынас үрдісінде сабақ үстіндегі әр түрлі оқыту мәселелерін шешу барысында әр түрлі педагогикалық функциялар қолданылады. Атап айтқанда, мына функциялар: сүйемелдеуші, басқарушы, ұйымдастырушы.



Болашақ маман иесі тек оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырып, басқарып қана қоймай, оның оқу әрекетін айқындаудың жолын табатын педагогикалық коммуникативтік міндеттерді шешуге талпынуы тиіс-ақ.
Бақылау сұрақтары:


  1. Педагогикалық қарым-қатынастағы коммуникативтік міндеттердің орындалу сатылары.

  2. Педагогикалық қарым-қатынас бөліктері қандай?

  3. Коммуникативтік міндеттің өнімділігі неге байланысты?

  4. Коммуникативтік дайындықты жүзеге асырудағы элемменттер қандай?

  5. Студенттерді педагогикалық қарым-қатынасқа қалай тәрбиелеуге болады?





Жоспары:

1.Адамдық қадір-қасиетті құрметтеу.Ықпал жасау шамасы. Шешімге келу.

2. Көңіл қалдырмау. Оқушымен жеке әңгімелесудегі мінез-құлық.

3.Оралымды жолдар. Білімді бағалау. Көңіл күйі.


Лекция мақсаты: оқушылармен тіл табысу құралдары туралы түсінік қалыптастыру.

Лекция мәтіні:

Оқушылармен тіл табысуда , оларға әсер етудің әр түрлі құралдары.

1. Адамдық қадір-қасиетті құрметтеу. Сөз оқушылардың адамдық қадір-қасиетін құрметтеу жайында болып отыр. Педагогикалық әдеп мәнінің өзі адамды кемсітпеуде. Адамдық қадір-қасиет – адам бойындағы ең қымбат байлық. Біз оқушылармыздың, қоғамның болашақ құрылысшыларының бойындағы осы байлықтың әрбір бүршігін қызғыштай қорғауымыз керек. Оқушымен оның үлгерімі, тәртібі туралы сөйлесіңіз, екілік қойыңыз, екінші жылға қалдырыңыз, бірақ сөзбен де, көзбен де оның адамдық қадір-қасиетін қорламаңыз, оны күлкі етіп, мазақтамаңыз, ащы мысқылға үйір болмаңыз. Оқушыны қалай қатты ренжітуді емес, оған қалай жуысу, қалай көмектесу жолын ойластырыңыз.

Тәрбиесі қиын балалармен жүргізілген жұмыста олардың адамдық қадір-қасиетін кемсіту арқылы емес, керісінше оларды сүйемелдеу, көтермелеу, дамыту арқылы табысқа жетуге болады.



Ықпал жасау шамасы. Ықпал ету құралдарын пайдалану – медицинада дәрі-дәрмектерді жұмсаумен тең: оны дұрыс шамалай білу керек. “Көп болса, жақсы болады” принципі мұнда жарамайды.

Педагогикалық әдептің өзі көбіне шаманы сезіне білу ретінде де қарастырылады. Өйткені шамадан шығып кету әдептен озуға әкеліп соғады. Әдепті мұғалім – салмақты, ұстамды, байсалды (жақсы мағынада айтқанда) болады. Ол мінез-құлықтың да, сөйлесудің де, әдет-қылықтың да, киім киюдің де тым қалыптан шығып кетуіне жол бермейді. Ол шамалап кейиді, шамалап кінәлайды, шамалап мақтайды. Бірақ кейісті тоқтататын, әзілді тежейтін, ақыл айтудан бұлтаратын сәтті қалайша дөп басып табасың? Міне, осы сәтті шамалауды – педагогтың өзі табуы, оны оқушылардың көздерінен, олардың назарынан, үнсіздігінен білуі, жайт-жағдайлардан ұғынуы, жалпы көңіл-күйден, жеке көріністерден сезінуі, ақыры тәжірибесі негізінде іштей сезініп түсінуі керек. Бұл мұғалімнің дара шығармашылығы. Сол шаманы сезінсе – табысқа қолы жетеді, сезінбесе – оның тактикасы ойдағыдай нәтиже бермейді. Олай болса, мүмкін, тәуекелге бармау үшін тәрбие құралының әрқайсысын ептеп қана (ептеп қана жеку, ептеп қана мақтау, т.б.) қолдану керек шығар? Тіпті де олай емес. Ондай қарым-қатынас біздің тәрбиелік құралдарымыздың әсерін шектейді. Бұл арада, тәжірибелі мұғалімдер сияқты бар мүмкіндікті сарқа пайдаланған жөн. Тәрбие құралдарын пайдаланудағы сақтық та шектен тыс болмауы тиіс.



Шешімге келу. Белгілі бір жағдайда ең қажетті шешімге келу – педагогтық тактикадағы ең басты нәрсе емес пе? Ал ең жақсы шешім – байсалды ойластырылған шешім болдып табылады. Ашу, ыза үстінде көбіне оқушылардың қылығына немесе жалпы тәртібіне сай келе бермейтін шешімдер қабылданады. Педагогта адам, сондықтан оның да бар сезімге, ашулануға, буырқануға қақысы бар. Кей жағдайда мұндай сезімдерді тежеудің қажеті де жоқ, ал кейде солай ету керек те болады. Істің мәні олардың формасы мен көрініс беруінің шамасында. Мұғалім өз сезімдерін шынайы (жоқ жерде сезім білдіргенсімей), бірақ “жалпы адам” ретінде емес, шебер-педагог ретінде білдіруі керек. Сіз ренжіп тұруыңыз мүмкін, бірақ ол қалайда педагогикаға жат формада болмауы тиіс, - А.С.Макаренконың бұл кеңесінің мәні зор. Ал ашу кернеп бара жатса ше? Ең жөні – сабаға түсу, барынша өзіңді-өзің ұстау. “Өзіңнің не өзіңмен сөйлесіп тұрған адамның шамдана бастағанын байқасымен сөзді тоқтат” деп кеңес береді Л.Н.Толстой. Ашу-нашар кеңесші. Біз өзімізге қойылатын талапты білгенімізбен педагогикалық әдепті көбіне шамданған кезде бұзамыз. Ашуланғанда талап ұмыт қалады.

2. Көңіл қалдырмау. Көңіл қалдыру – адамдардың өзара қарым-қатысындағы бәлекет көзі. Ол ызаны қоздырады, кек тудырады, достарды араздастырады. Мектепте ол, атап айтсақ мұғалімдер мен оқушылар арасындағы көптеген қайшылықтардың, байлансытардың жоқтығының себепшісі. Көңілі қалған оқушы өзінің көңілін қалдырған мұғалімнің ешқандай талаптары мен кеңестерін іштей қабылдамайды. Көңіл қалдыру мұғалім мен оқушы арасында өзіндік психологиялық кедергі, ұзаққа созылатын психологиялық сыйыспаушлық тудырады. Көңілі қалған оқушы сырттай болмағанмен іштей сізге қарсы, ол сіздің шынайылығыңызға сенбейді, сіздің сөздеріңізге сезікпен қарайды, сіздің қайырым-ілтипатыңызға күмән келтіреді, сізден көңіл қалдырар жаңа қылық күтеді. Мұндай оқушымен байланысты қалпына келтіру қиынға соғады, бірақ ол бір кездерде өзінен-өзі қалыптасып кетеді деп күтуге де болмайды. Көңілдің қалуы әмәнде ізсіз өтпейді. Мұғалімнің өзінің кінәлі сіз бе, әлде оқушы ма, кінәлілігі үшін кешірімді оқушы бұрынырақ сұрай ма, әлде сіз сұрайсыз ба, тым санасып жатудың қажеті жоқ. Бұл мәселе әлдеқашан шешімін тапқан: кім әдептірек, кім тәртіптірек болса, кешірімді сол бірінші сұрайды. Оқушыдан дер мерзімінде кешірім сұрамау оны мұғалімнен жырақтатады, онымен ішкі байланысты салқындатады.

Оқушымен жеке әңгімелесу кезіндегі мінез-құлық. Оқушымен жеке сөйлесу – мұғалім шеберлігінің көрсеткіші. Ондай әңгімеге сабақтан кем дайындалмау керек. Оның жоспарын, барысын, өзіңіз оқушыға қояр сұрақтарды, сонымен қатар ол тарапынан болуы мүмкін сұрақтарды, ол сұрақтарға жауаптарды, сіздің сұрақтарыңызға оның берер мүмкін жауаптарын ойластыру қажет.

Әңгіменің аяқталу варианттарын міндетті түрде ойластырыңыз. Бәлкім, сізге оқушымен әңгімені “кешеуілдетуге”, кейінге қалдыруға тура келер. Сондықтан тиісті сылтауларды ойластыру қажет. Бұл – мұғалім айқайлап, оқушы үндемейтін, былайша айтқанда, екі жақ та өз пікірлерінде қалатын әңгімеден құтылуға көмектеседі. Бұған қолайлы жағдайда ғана қол жетеді. Ал әңгіменің қиюы келіспеген жағдайда оқушы өз қылығын ертеңіне, енді өз мұғаліміне ерегісіп, әдейі қайталауға бел байлайды.

Кінәлі оқушымен әңгіме барысында оның алдын-ала қорғану тәсіліне көшетінін және ол жай, қайшылықсыз жағдайда ықыласпен мойындай салардық дәлелдердің өзін жоққа шығаруға тырысатынын ескеру керек. Оқушы сіздің логикаңыз, сіздің өзіңізге әбден орынды көрінетін дәлелдеріңізге құлақ асудан гөрі, өзін қалай ақтаудың және осы әңгімені тағы қанша уақытқа созу жайын ойластырады. Егер мынадай тактикалық тәсіл қолдансақ: оқушының позициясына көшсек, не болар еді? Онда оқушыға қорғанудың қажеті болмай қалады да ол бар назарын мұғалім логикасына аударатын болады. Ал мұғалім болса, оқушы позициясынан дәлелденуі оңай, олқы жерлерін таба алатын болады. Оқушы позициясын бұзбауға, оның дәлелдерімен келісуге де болады, бірақ әңгімені, олқылықты оқушының өзі мойындайтындай логикаға тіреу керек.

Мұндай жолдар өте көп болуы мүмкін олардың педагогикалық әдепті бұзуға жетейлейтіндерін қолдануға болмайды.



3. Оралымды жолдар. Оралымды (тікелей емес) жолдарды пайдалануда педагогикалық әдеп педагогикалық тактикамен ұштасады. Әрине, сіздер, педагогикалық тактика, біз қандай бір тәрбиелік әсер ету шараларын қолдансақ та ол әрқашанда оқушыларға тәрбие беру мүддесіне бағындырылуы керек деп түсінесіздер.

Оқушыларға тікелей ықпал ету ылғи да тиімді бола бермейтіндігі белгілі. Ең жақсы тәрбие – оқушыларды өздеріне білдірмей, ықтиярымен тәрбиелеу. Басқа бірегей жағдайларда оқушылар үшін “”мен сені үйретейін деп тұрғаным жоқ

Деу, “бар да оқы” дегеннен тәуірірек. Оқушылар мұғалімнің турашылдығын тұтас қабылдайды, бірақ оның тікелігін жатсынады. Сондықтан да оқушы “кездейсоқ” кездесулер мен әңгімелесулерде мұғалім алдын-ала белгіленген әңгімемен салыстырғанда өзін неғұрлым еркін ұстайды, сенгіш келеді. Оқушылар бұйрық, кеңес, құрғақ ақылдан гөрі өтінгенді жақсы қабылдайды. Мұғалімнің еппен, әдеппен аяғына дейін айтып шықпаған ойларын олар өз ойларындай көреді, ондай ойлар оқушы көзқарасына айналады. Осы тақылеттес, бірақ тіке, оның үстіне үзілді-кесілді айтылған ойды оқушылар қабылдамауы да мүмкін. Әдепті педагогтың оқушылары өз қалағандарын істейді, ал олары мұғалімге керектігінің өзі болып шығады.

Әдепті мұғалім оқушылардың бастама көрсетулерін шектемейді, тіпті қателікке ұрынарын сезсе де, оқушыларға күмәндана тұрып, сенім білдіреді. Әрине, оның тіктеу келетін кездері де болады, бірақ мұндай жайт мейлінше сирек ұшырасады. Әдепті мұғалім талап қойғыш, бірақ қазымыр болмайды. Оқушылар дәл осындай талап қойғыштық көбірек ұнатады.



Білімді бағалау. Оқушылардың басым көпшілігінде қанағаттанарлықсыз (немесе күткендегіден төмендеу) баға теріс сезім тудырады. Ал кейбір оқушылар үшін ол – барып тұрған қайғының өзі. Мұндай жағдайда оқушылар ерекше кінәмшәл, ал олардың көрінер көзге немкеттілігі – кейбір мұғалімдердің, дәл мұғалімдер тарапынан бой көрсетуі мүмкін әдепсіздіктен қорғану ғана, өйткені оқушылар жолдастарына сенімді, олар бірге күйінеді. Мұғалім де ондай оқушылардың күйінішіне ортақ болып, олардың қанағаттанарлықсыз бағаны уақытша сәтсіздік деп қабылдауларына көмектесулері керек. Оқушы сіздің қанағаттанарлықсыз баға қоюыңыздың өзінен сіз оны өшіге немесе рахаттана қоймайтыныңызды байқауы тиіс.

Педагогикалық тактика тұрғысынан ең жақсы баға – объективті (оқушылар сөзімен айтқанда -әділ ) баға. Төмен де, көтеріңкі де баға педагогикалық тактикаға жат. Оқушылардың білім көрсеткіші ретіндегі баға түрлі тактикалық сылтаумен өзгертіле алмайды. Бағалайтын ой-пікірлер арқылы ғана арылы-берілі орағытуға болады.



Көңіл күйі. Мерзімді басылымдарда: “Байқаңыздар – балалар бар!” деген тартымды атпен берілетін мақалалар жиі кездеседі. Қалаларда: “Мектеп” деген ескертпе белгілер ілініп қойылады. Мектепке кірер есіктің өзі, ләйім, осындай белгі болғай. Оның алдында бір сәт кідіріңіз, мектепке өз кейіс-ренішіңізді, босаңдығыңызды, бойкүйездігіңізді әкеліп тұрған жоқсыз ба, соны ойлап алыңыз. Егер көңіл күйіңіз нашар болса, оны табалдырықтан тыс қалдырыңыз. Оқушылар алдында мұғалім қалай болғанда да тек қана жайдары, қайратты және көңілі көтеріңкі болуы тиіс. Педагогтық кәсіп сыры осында.

Педагогтың көңіл күйі – оның тәрбиелейтін зор күш-қуаты. Кімде-кім мұғалім көңілін бұзса, ол оқушыларымыздың тәрбиесіне зиянын тигізеді. Өзіңіздің де, өз әріптестеріңіздің де көңіл күйіне абай болыңыздар.



Әзіл. Тапқыр сөз. Оқушылар әзілді сүйеді. Олардың біріне –бірі қандай тапқыр сөздер айтып жататандарына құлақ салып көріңіздер. Оқушылар әзілі – олардың ақыл-ой және жалпы өсуінің көрсеткіші. Олар үшін әзіл – рухани өсу қажеттілігі. Оларға әзілсіз өмір сүру қиын. Оқушылар кейде, шынын айтсақ, тапқыр сөзі үшін ащы таяқ та жейді, бірақ олар бәсеңсімейді.

Өзі әзілді сүйетін, тапқыр сөзді мұғаліммен оқушылар ықыласты араласады, оның қателіктерін, тіпті күрттігін де кешіре береді. Ал әзілге жоқ мұғаліммен араласу әлдеқайда күрделірек. Айта кету керек, ондай мұғалімдерде көбіне әдеп те шамалы болады. Оқушылардың әзіліне олар үсті-үстіне кінәлау, үркіту, дауыс көтеру, “тап қазір тоқтатыңдар!” деп талап қоюмен жауап береді. Егер сіз әзілге жоқ болсаыңз, ең болмаса сол кемшілікті әшкере ете бермеңіз. Бұл сізге басы артық қайшылықтан құтылуыңызға көмектеседі. Тапқыр сөзбен айтылған ескерпені орындамастан бұрын оқушылар сізге де дәл сондай тапқыр сөзбен жауап қайыруға тырысқанымен, оны әрдайым дерлік назардан тыс қалдырмайды.



Педагогтық тактика. Ол мұғалімде оқушыға әсер теудің жағдайға қарай орағытуға болатын әр түрлі құралдарының мол қоры болуын ескереді. Онда бір сөз тіркесін сан құбылтып айтатын алуан түрлі дауыс ырғағы, күлімсіреу, әсерлі көзқарас, ым қимылдардың жинақталған шоғыры, тұрақты сөз нұсқаларының, мәтелдердің айтарлықтай қоры, сондай-ақ. Бірқатар артистік қимыл қозғалыстар және шешендік тәсілдер қоры болуы тиіс.

Мұғалімнің сырттай қолапайсыздық сияқты оқушыға әсер ету мүмкіндігін шектей түседі. Сан құбылатын дауыс ырғағы байлығының ішінен тек бажылдауды, ал бар сөздік құралдардан: “Қимылдама! Үніңді шығарма! Сөйлемей отыр!” деген сияқты мезі болған сөздер жиынтығын қолданатын, “техникалық” жағынан қаруланбаған мұғалімнің табысқа жетуі шамалы болады. Әсер етудің бірөңкей құралдарын ұзақ уақыт пайдалана беруге болмайтыны белгілі. Олар “тозады”. Егер ондай педагог ткатикасын өзгертпесе, ол өз оқушыларының көңілін таппайды, сыйластығына жетпейді, сүйіспеншілігіне ие болмайды. Бала жанын жараламау, ренжітпеу, әсер етудің әдепке жат құралдарын қолданбау үшін мұғалімнің қаншама алуан түрлі әдістерді меңгеруі қажет екенін елестетіп көруге болады.



Педагогтық әдеп пен педагогтық тактиканың оқушыларға ықпал ету мүмкіндіктері мол, оларды қолданудың өрісі кең. Сабақта және үзілісте, мектепте және мектептен тыс жерде, оқушылардың оқуға деген ынтасы мен моральдық көзқарастарын қалыптастыруда, сенімділік пен сыпайылыққа тәрбиелеуде, т.б. айнымас көмекшілеріміз.

Бақылау сұрақтары:

    1. Адамдық қадір-қасиетті құрметтеу.дегенді қалай түсінесіз?

    2. Бірақ кейісті тоқтататын, әзілді тежейтін, ақыл айтудан бұлтаратын сәтті қалайша дөп басып табасың?

    3. Тәуекелге бармау үшін тәрбие құралының әрқайсысын ептеп қана (ептеп қана жеку, ептеп қана мақтау, т.б.) қолдану керек шығар?

    4. Белгілі бір жағдайда ең қажетті шешімге келу – педагогтық тактикадағы ең басты нәрсе емес пе?

    5. Сіз ренжіп тұруыңыз мүмкін, бірақ ол қалайда педагогикаға жат формада болмауы тиіс, - А.С.Макаренконың бұл кеңесінің мәні зор. Ал ашу кернеп бара жатса ше?

    6. “Өзіңнің не өзіңмен сөйлесіп тұрған адамның шамдана бастағанын байқасымен сөзді тоқтат” деп кеңес береді Л.Н.Толстой. Сіз не дейсіз?




Жоспары:

1. Ұстаздың кәсіби шеберлігінің негізі.

2. Кәсіби шебер мұғалім қасиеттері.


Лекция мақсаты: кәсіби шеберлікті қалыптастыруда өзін-өзі тәрбиелеудің рөлі туралы бүсінік қалыптастыру.

Лекция мәтіні:

1. Мұғалімнің кәсіби деңгейінің жиынтық көрінісі.

Қазіргі кезде білім беру үрдісінде сабақтың дәстүрлі емес, яғни жаңа түрлері қолданылып келеді. Олар – тренинг сабақтар, дебат сабақтар. Бұл сабақтардың негізгі мақсаты – оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту. Сондықтан университет жағдайында болашақ педагогтердің таным белсенділігін арттырып, оларды оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық технологияны пайдалануға дайындау қажет. Ол үшін студенттердің үнемі ізденуіне жол беріп, кәсіби шығармашылық әрекетін қалыптастыру керек.

Бүгінгі біздің қозғап отырған мәселеміз, мұғалімнің жан-жақтылығы. Жалпы мұғалім ол тек білім беруші ғана емес, бала жүрегіне жол табатын психолог болуы шарт. Ал мұғалім әлемдік білім беру жүйесінен мол ақпарат алып отырса, оның шәкіртке берген білімі нәрлі болады, кәсіби даярлығы мол мұғалімнің ілімі ғұмырлық сақталады деген тұжырым жасаймыз.

Бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға – ұстаз. Яғни жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты. Мемлекетіміздің жарқын болашағы мен гүлденуі үшін қазіргі жоғары оқу орнында мұғалім қандай болуы керек? деген заңды сұрақтар тууы сөзсіз. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі оқу орнына ойшыл, зерттеуші, өз ісіне қатып қалған қасаңдық пен жаттандылықтан аулақ, өмірлік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген, психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет.

Мұғалімнің кәсіби біліктілігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі және өзіндік жеке педагогтік тәжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады. Ұстаздың кәсіби шеберлігінің негізі:

Біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы.

Екіншіден, пәнді жетік білуі, ойын оқушыларға толық жеткізу үшін жан-жақты қасиеттерді бойына сіңіруі, моральдық нормаларды білуі.

Үшіншіден, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде меңгеруі тиіс. Педагог көп біліп қана қоймай, сол білгендерін оқушыға бере білуі қажет.

Ұстаз шеберлігінің төртінші құрамды бөлігі педагогикалық әдеп деуге болады.

Сонымен, педагогтік шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы жан-жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол - әр сөзді оқушыға жеткізе білуі, олардың толық қабыл алуын, толғанып бойға сіңіруін үйретуі.

Педагогикалық әдеп – мұғалімнің әрбір нақты іс үстінде тәрбие мәселесінің ең ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы. Оқушылармен қарым-қатынас тұрғысынан қарағанда педагогикалық әдеп мұғалімнің жан-жақтылығының, оның идеялық сенімінің, жүріс-тұрыс мәдениетінің, жалпы және арнаулы білімінің, мамандығына байланысты ізденіс жемістері қорының жиынтығы іспетті. Шебер педагог болмай тұрып әдепті педагог болу әсте мүмкін емес.

Қазіргі заманда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналды. Дүние жүзінде білімнің маңызды рөлі артты. Адамның болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасына, көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты.



Мұғалімнің кәсіби деңгейі мен әлеуметтік беделі оқушы жүрегіне жол таба білумен мөлшерленеді. Бүгінгі күн талабы тұрғысынан қарасақ, оқыту ісі тек сабақ беру ғана емес, оқытудың басты міндеті: мұғалімнің білім беруі және оқушының білім алу қызметтерінің біріккен түрі екендігінде. Өскелең заман әрбір студентті жеке тұлға ретінде тәрбиелеуді қажет етуде. Сондықтан студент қызметін басымдау етіп, үйренуші тұлға тек шәкірттер екенін ескеріп, білім беру ісін ұйымдастыруды дамыту жоғары оқу орынының бүгінгі басты нысанасы болмақ. Ұстаз шәкірттің білім алуға деген құлшынысын тудыра алмаса, оның ынтасы, пәнге қызығуы қалыптаспайды. Өйткені, мұғалім тақырыпты бастан-аяқ талдап, өзі түсіндіріп, тек аз уақыт оқушының жаттығуды өзі орындауына ғана көңіл бөледі. Ал қазіргі жаңа технологияға байланысты білім беруді студент өзі ізденіп, жаңа тақырыпты оқып, түсініп, пәнге байланысты әдебиеттермен жұмыс жасап, жолдастарымен ой бөліссе, өз білгенін көпшілікке жүйелі түрде жеткізе алса, онда ұстаз нәтижеге қол жеткізеді.

2. Кәсіби шебер мұғалімнің бойында мынадай қасиеттері болуы тиіс:

  1. сергектік, байқағыштық;

  2. сезімталдық;

  3. сенім;

  4. әділдік;

  5. байсалдық;

  6. ұстамдылық, төзім, сабыр сақтау;

  7. ілтипаттық.

Бүгінгі таңда жоғары оқу орнындағы студенттерге білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін оқытушылардың қолынан ғана келеді. Жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру, ең алдымен, мұғалімнің кәсіби даярлығына, оның іс-тәжірибесінің қалыптасуына байланысты. Сондықтан болашақ мұғалімнің кәсіби біліктілігін жоғары оқу орнында жүйелі қалыптастыруға тиіспіз. Әсіресе, болашақ мұғалімдерді оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді, озат тәжірибелерді сараптап, шығармашылықпен жұмыс атқарып, олардың жеке шығармашылығын қалыптастыруға көңіл бөлу қажет.
Бақылау сұрақтары:

  1. Мемлекетіміздің жарқын болашағы мен гүлденуі үшін қазіргі жоғары оқу орнында мұғалім қандай болуы керек?

  2. Ұстаздың кәсіби шеберлігінің негізі неде?

  3. Педагогтік шеберлік пен педагогтік әдептің айырмашылығы неде?

  4. Оқытудың басты міндеті неде деп ойлайсыз?

  5. Кәсіби шебер мұғалімнің бойында болатын қасиеттерді атаңыз?



Жоспары:

  1. Кәсіби біліктілік” түсінігі.

  2. Біліктілікті арттырудың маңыздылығы.

  3. А.Маркова анықтаған мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің психологиялық критерийлері.


Лекция мақсаты: өз бетінше кәсіптік білімін жетілдіру жолдары туралы білім жүйесін қалыптастыру.

Лекция мәтіні:

1. Кәсіби біліктілікті арттыру – басты мақсат.

Еліміздің болашағы мұғалімнің білімі мен біліктілігіне, рухани әлеуетіне, құқықтық және саяси мәдениетіне байланысты. Білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыру, жаңа буын оқулықтарын оқыту үрдісіне енгізу тәрізді келелі мәселелер ұстаздарға шеберлік пен іскерлікті, кәсіби дайындығының сапасын өсіру және дамыту міндеттерін қойып отыр.

Біздер, әрбір адам қоғамның дамуынан, қоршаған әлемнің, академик В.Вернадскийдің айтуынша, ноосфераның өзгерістерінен артта қалып келеміз. Сондықтан бұл мәселе әр адамның жасына, қызметіне қарамай, үнемі білім алу қажеттлігін арттыра түсетін фактор ретінде қарастырылады.

Осыған орай, мемлекетіміздегі білім беру жүйесін модернизациялаудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасындағы басты мәселе де “өмірлік білімнен – баршаға өмір бойы игерілетін білім ұстанымына” өту болып отыр.

Білім және ғылым министрлігі үстіміздегі оқу жылы бірінші рет тамыз педагогикалық кеңестерін мұғалім мәселесіне арнап, “Егемен Қазақстанның мұғалімі: оның әлеуметтік беделі мен кәсіби мәртебесі” деген тақырыпта өткізді. Мұғалімнің әлеуметтік беделі мен кәсіби мәртебесін көтеру қажеттігін алдымен білім беру және ғылыми қызметкерлерінің ІІ респуликалық сиезінде еліміздің Президенті Н.Назарбаев айтқан болатын.

Мұғалімнің кәсібилігі туралы әңгіме қозғағанымызда өте көп мәселелік сұрақтар туындайды. Сөз жоқ, мұғалімнің кәсіби деңгейін оның оқушыларға тиісті дәрежеде білім беру, біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру тұрғысынан бағалау қажет-ақ.

Қазіргі өмір талабына сай педагогикалық жоғары оқу орындары білімді мұғалім ғана емес, әрі тәрбиеші, әрі қоғамшыл, әрі зерттеуші, әрі ұйымдастырушы мұғалім даярлау – күрделі үрдіс.

Бүгінгі білім беру саласындағы көкейкесті мәселенің бірі – біліктілікті арттыру. Яғни біліктілікті арттыру жүйесінің жаңа дидактикасын жасау.

Педагогика саласында “біліктілік” термині әр түрлі аспектіде, соның ішінде кәсіби даярлық, кәсіби шеберлік мәселелеріне жақын қарастырылады. Н.Кузьмина “кәсіби біліктілік – іс-әрекеттің сапалылығының сипаттамасы және еңбектің ең жоғарғы бағасы, ал іс-әрекеттедегі кәсіби біліктілік – бұл маманның кәсіби міндеттерді шешуде бүгінгі заманға сай мазмұн мен жаңа сараланатын, іс-әрекеттің субъектісіне, нақты мамандық өкіліне сапалы мінездеме мен баға беру” деп атап көрсетті.

2. Кәсіби біліктілік – бұл кәсіби іс-әрекеттегі субъекттің үнемі өсу үстінде болатын өзін-өзі дамыту үрдісі. Осыдан келіп кәсіби біліктілікті іс-әрекеттегі субъекттің жеке интегративті қасиеттерінің мінездемесі ретінде қарастырудың өзектілігі туындайды.

Әдебиеттер мен нормативтік құжаттарда біз мынадай анықтамаларды кездестіреміз: “Оқытушының кәсіби біліктілігі ретінде оның педагогикалық қызметі, педагогикалық қарым-қатынасы, мейлінше жоғары деңгейде жүзеге асырылатын еңбегі, мұғалімнің жеке қасиеттерінің жүзеге асырылу көрсеткіштері, оқушыларды тәрбиелеу және оқыту ісіндегі биік нәтижелер мен жетістіктері ескеріледі”. Өз кезегінде “білікті маман – мамандыққа тән нормалауды меңгерген, өз бетінше кәсіби мақсаттарды жүзеге асыра алатын, мотивациясы мен өзін-өзі жүйелеудің жоғары деңгейін иемденген, өзін-өзі басқара білетін адам” деп көрсетіледі.

Кез келген білім беру мекемесінде кәсіби шеберлікті көтеру мәселесі, педагогикалық ұжымды қалыптастыру кезеңінен басталады. Оқытушының кәсіби шеберлігін, біліктілігін көтеру – білім беру сапасын көтерудің ең маңызды шарттарының бірі.

Кәсіби шеберлікті қалыптастыру – оқытушының шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыру, жаңаны қабылдауға деген дайындықты қалыптастыру, педагогикалық инновацияларға деген қабылдауларын дамыту.

Білік – игерілген білімдер мен өмірлік тәжірибе негізінде орындалуы тез, дәл, саналы теориялық және тәжірибелік әрекеттерге даярлығы. Жүйенің мазмұны мен мақсатын, әдіс-формаларын, ұстанымдарын, білім алушылар мен оны ұйымдастырушылар арасындағы қарым-қатынасты өзгерту жаңа нәтижелерге әкеледі. Бұл мәселені шешудің жолдарының бірі – осы дидактикалық жүйедегі негізгі бөлік оқытуды жаңаша ұйымдастыру немесе технологияландыру деп түсінеміз.

Орыстың белгілі педагог ғалымдары Н.Крупская, А,Луначарский, А.Макаренко, В.Сухомлинский, Н.Блонский, т.б. мұғалім даярлаудың негізін қалаушылар. Қазіргі ғалым педагогтар, психолог әдіскерлер В.Сластенин, С.Полянский, Л.Керімов, А.Қадыров, А.Щербаков, К.Әбдімажитұлы, Н.Кузьмина, т.б. жоғары оқу орындарын білім мен біліктілікті, кәсіби іскерліктерін жетілдірудің және мұғалімдерді мұғалімдік мамандыққа даярлаудың бірден-бір үрдісі ретінде дәлелдейді.

Біздің елімізде кәсіптік білім берудің екі сатысы бар: орта мамандар даярлайтын арнайы оқу орындары, жоғары мамандар даярлайтын оқу орындары. Кәсіптік білімнің негізі – жалпы және политехникалық білім.

Мұғалімнің жеке басының үлгісі – кәсібилікпен біте қайнасқан қасиет. Сонымен мұғалімнің кәсібилігі іс жүзінде жас ұрпақты өмірге әлеуметтік қажеттілік деңгейінде дайындап шығаруды қамтамасыз ететін оның психологиялық, педагогикалық және ғылыми-пәндік білімдері мен оларға сәйкес мәдени-адамгершілік бейнесі және имиджінің жиынтығының жоғары сатысы болып табылады.

3. Педагогикалық әрекеттің шыңына апаратын келесі баспалдақ – кәсібилік. Қоғамның жаңаруы мен қарыштап дамуы оның азаматтарының барлық саладағы кәсібилігіне байланысты. Осы мәселені терең зерттеген А.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің мына төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған:


  1. Объективті критерийлер: мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес, әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі. Жоғары еңбек көрсеткіші, әр түрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері, т.б. жататындығын атап өтеді.

  2. Субъективті критерийлер: адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығуларына сәйкес. Мұғалім еңбегіндегі субъективті критерийлерге, сондай-ақ, кәсіби-педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын, оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады.

  3. Нәтижелі критерийлер: мұғалім өз ісінде қоғам талап етіп оытрған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе. Бұған қатысты қазіргі уақытта әр түрлі түсінік бар екені белгілі. Біреулер нәтиже ретінде оқушылардың білімдерінің стандартқа сай болуын алса, енді біреулері олардың қарым-қабілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері оқушылардың өмірге дайындығын басты назарда ұстайды.

  4. Шығармашылық критерийлеріне: мұғалімнің өз кәсібінің шекарасынан шыға алу, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады. Шындығында да шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алудың шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор. Тек сонда ғана ол өз оқушыларының дамуына қол жеткізіп, өзінің кәсіп иесі ретіндегі ішкі сұраныстарына жауап бере алады.

Болашақ мамандардың кәсіби құзырлылығын қалыптастыру мәселесінің теориялық негізін айқындау “компетенция”, “компетенттілік” ұғымдарының бірлігі мен ерекшеліктерін қарастырумен тығыз байланысты.

Ғылыми әдебиеттерд бұл ұғымдарға әр түрлі бағытта анықтамалар берілген. “Компетенция” ұғымы латын сөзінен шыққан, ол адамның мәселелерге жақсы хабардарлығын, танымдар мен тәжірибелерді меңгеру аумағын білдіреді. Мысалы, Францияда “компетенция” мен “біліктілік” ұғымдары синоним болып табылады.

“Компетенция” латын сөзі, аударғанда адамның жақсы хабардар мәселелер шеңбері және танымдық пен тәжірибеге ие болуы деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладан компетентті болу – осы салаға негіздемелік талдау жасау және ондағы тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін лайықты білім мен қабілетке ие болу дегенді көрсетеді.

Сондықтан мұғалімдердің сапасын арттыру ісімен айналысатын біліктілікті арттыру мекемелерінің негізгі мақсаттарының бірі – олардың кәсіби біліктіліктің шыңына шығуына жағдай жасау.



Шығармашылық деген шыңға түзу жолмен көтерілу мүмкін емес, ол жолдың соқпағы, сүрлеуі болады. Дегенмен, ізденімпаз, өзіне талаптар қоя білетін, кәсіби деңгейі жоғары, рухы биік, даралық сапалары жетілген мұғалімнің шығар тауының биік болу мүмкіндігі мол.


Жоспары:

1. Педагогикалық шығармашылық және

оның кезеңдері.

2. Шығармашылықтағы мұғалімнің психологиялық

сапалары
Лекция мақсаты: педагог шығармашылығы туралы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.

Лекция мәтіні:

1. Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер. (Ж.Аймауытов)

Мұғалім еңбегі – ғылым, педагогикалық өнер, таланттылық сияқты элементтерден тұратын әр қырлы әрекет. Әр жастағы, дайындығы мен табиғаты әр түрлі балаға білім мен тәрбие беруде белгіліні өзгертіп, ал жаңадан жаңаны тудырушы суреткерлік шығармашылықтың белгісі. Ескілікті елемей жаңа жолмен жүруге бағыт алу, біртүрлілікті қабылдамау, ойлап табу, тудыру, жасап көру – жаңашыл мұғалімнің күнделікті кәсіби жағдайы. Шығармашылық – барлық әрекеттің сапа белгісі, ал шығармашыл мұғалім – барлық реформаның негізігі кейіпкері.



Шығармашылық – мәселені белгілі тәсілдермен шешуге болмайтын жағдайда туындайды. Дегенмен, бұл қисынсыз әрекет емес. Жаңа тапқыр шешім қабылдауға әкелетін әрекет - әр түрлі деңгейде, бірнеше кезеңдерден тұратын күрделі психологиялық үрдіс. Осы мәселені зерттеген ғалымдар педагогикалық шығармашылық төмендегідей кезеңдерден тұратынын анықтаған:

  1. педагогикалық ойдың пайда болуы;

  2. түпкі ойды талдау;

  3. педагогикалық ойды әрекетке айналдыру;

  4. шығармашылықтың нәтижесін талдап бағалау (В.А.Кан-Калик, Н:Д.Никандров);

  1. жаңалықты көру;

  2. педагогикалық өнертапқыштық құрастру, модельдеу;

  3. жетілдіру (В.И.Загвязинский).

Бұл кезеңдерде қызығушылық, интеллект, қажетті білімді тез арада меңгере білу, байқампаздық, ойлау операцияларын іске қоса алу, тапқырлық, энтузиазм, табандылық, еркіндік пен өзіне деген сенушілік сияқты тірек сапалардың болуы шығармашылық әрекетті нәтижелі етеді.

Шығармашылық әрекетте мұғалімнің өз еңбегіне сыни тұрғыдан қайта қаруы, қанағат табуы, оны орындаудағы дербестігі, жағымды мотивацияның қалыптасуы т.б.орын алады. Сонымен қатар шығармашылықта мұғалімнің төмендегідей психологиялық сапалары дамиды: жалпы білімнің тереңдігі, сараланған арнайы білімдер, дамыған ақыл-ой қабілеттері мен икемділігі, өнертапқыштыққа және еңбектегі жаңалыққа қуана білу, мәселені терең түсіне білу және оны шешудің ең тиімді жолын таңдай алу, эмоциядағы қалыптылық, шыдамдылық, бастаған істі аяғына дейін жеткізе алу, тәуекелге бел байлай білу, саналылық, белсенді өмірлік позиция. Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамыту теориясы үшін әдіснамалық қағидалардың негізгілерінің бірі әрекеттік ұстаным болып табылады. Әрекет теориясының психологиялық негізін жасаған ғалымдар Б.Г.Ананьев, А.И.Леонтьев, А.Р:Лурья, С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский оны төмендегідей сипаттайды. Әрекет – іс-қимыл бірлігі, саналы түрдегі, мақсатқа жетуге бағытталған тікелей жасалатын, еркін ниеттілік, белсенділік. Әрекетте адам субъект ретінде танылып, оның жасампаздығы, іскерлігі, қайраткерлігі қалыптасады. Осы авторлар әрекеттің төмендегідей ішкі құрылымдардан тұратынын белгілейді: қажеттілік және мотив, мақсат, құрал, амал-тәсіл, нәтиже, рефлексия.



Шығармашылықты әрекет ретінде қарастыру адам дамуының мүмкіндігінің шексіздігін танытады. Білім алушының үздіксіз білім алу жолындағы белсенділігі туралы Ю.Н.Кулюткин, А.В.Даринский, т.б. атап өткен. Шығармашылық сөзсіз мұғалімнің өзінің даралығын, жасампаздығын қалыптастырады.

Педагогикалық шығармашылыққа байланысты зерттеулер аз емес, бірақ жаңа субъект-субъектілік парадигма жағдайында шығармашылық адамның өзін-өзі өзгерте алуы ретінде қарастырылады. Себебі - шығармашылық жағдайында жұмыс жасайтын мұғалімнің әрекеті ең алдымен өзіне бағытталады. Ол өзінің “кәсіби дамуының жақын аймағын” ұйымдастыру арқылы ең алдымен өзін дамытады, соның нәтижесінде педагогикалық еңбекті жаңа деңгейге көтереді.

Ғалымдар шығармашылықты әлемді жаңартудың формасы ретінде қарастырады (А.Бергсон, В.И.Вернадский, т.б.). Оны жасаушы адам өзіне табиғаттан берілген қабілеттері мен қажеттіліктеріне орай жасампаздықсыз өмір сүре алмайтындығына, ал кейбір адамдарда шығармашылыққа деген қажеттілік болмай жатса, ол оның деградацияға ұшырауы деп түсіндіреді. Ғылыми-теориялық еңбектерге талдау жасау: тек шығармашылықта, шығармашылық арқылы ғана адам өз табиғи қалпының шыңына шығады, шығармашылыққа қабілетті адам-қайталанбас, біртуар адам (В.А.Караковский), жеке тұлға деңгейіндегі шығармашылық “ішкі” өзін-өзі жсау және сыртқы қоршаған әлемді өзгерту жағдайындағы диалектикалық бірлікте жүреді деген қорытынды жасауға негіз болды.

Прогрессивті даму моделі шеңберінде мұғалімнің шығармашылық әлеуеті: бейімделу, өзін-өзі айқындау және өзін-өзі іске қосу кезеңдерінен тұрады. Бейімделу кезеңіне шығармашылықтың әлеуеттің құндылықтары туралы бастапқы білімдерді жинақтау жатады. Бұл кезеңде ойлау стилін және дүниетанымды қайта құру орын алады. Мұғалім әрекетінде болашақ шығармашылыққа негіз болатын репродуктивті элементтер молаяды.

Шығармашылыққа бейімделу кезеңі оған белсенді араласумен алмасады. Бұл кезеңде мұғалім өз тәжірибесіне жаңа талаптар мен өзінің ішкі қажеттіліктері тұрғысынан баға беріп, оның шеңберінен шығып, жаңа, нақты өмір сұраныстарына сәйкес қызмет етуге бет бұрады.

Өзін-өзі іске қосу кезеңінде мұғалім шығармашыл әрекеттің мәнін түсіну, сол жолда өзін сынап көру, өзінің ашылмаған мүмкіндіктерін, шығармашылық қабілеттерін іске қосады.

Мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің дамуының нәтижесінде болатын өзгерістер терістеуді терістеу және сабақтастық қағидаларына сәйкес жүріп отырады. Жаңа құндылықтар жүйесі, ойлау тәсілдері, тұлғаның шығармашылық тәжірибесі бұрынғыны мүлдем жоққа шығармай, соның негізінде жаңалықты тудырады. Бұл – мұғалімнің өзінің педагогикалық әрекетіне өзіндік сыни баға беру, оның бағытын айқындау, қайта құруды нәтижелі ететін рефлексивтік қабілеттерін дамытудың ең тиімді жолы.

Шығармашылық әрекетті жүзеге асыратын субъект – тұлға. Қандай типтегі тұлға шығармашылықта мұратына жетеді десек, ойы ұшқыр, ақылы алғыр болуы керек екендігі ғылымда дәлелденген. Ең бастысы, шығармашыл тұлғада шығармашылыққа деген тұрақты қажеттілік, тұрақты сұраныс болып, өз ісінен қанағат табу сезімі болуы қажет.

Осыған байланысты “адам идея, жаңалық аштым деп ойлайды, ал шын мәнінде олар адамды ашады” – деген К.Г:Юнгнің сөзін келтіре кеткіміз келеді.

2. Бұл шығармашылық – адамды дамытады, шебер етіп шыңға көтеретін факторлардың бірі екеніне – дәлел бола алады. Білімнің гуманистік пардигмасы тұрғысынан қарасақ, тұлғадағы шығармашылық басқа адамдарда жоқ немесе аз мөлшердегі жекеліктерді дамытады. Таза жаңалықта жаңа “адам” туады, оның келбеті кескінделеді.

Біліктілікті арттыру ісінің әлемдік тәжірибесі мазмұндық, процессуалдық, жеке адамның сұранысын қанағттандыруға бағытталған тәсілдеріне негізделген.



Бірінші жағдай дәріскердің мазмұнды тыңдаушысына жеткізуді мақсат етеді;

екінші тәсіл – оқыту үрдісін білім алушының өз әрекеті арқылы ұйымдастыруды көздейді, ал

соңғысында оқыту білім көтерушінің сұраныстарына сәйкес ұйымдастырылады. Мазмұндық тәсілде дәстүрлі оқыту жүйесінің белгілері басым болса, ал процессуалдық - әрекеттік тәсіл андрагогикалық оқыту үлгісінің талаптарына сәйкес. Соңғы жол тәжірибеде кеңінен тарай қойған жоқ, себебі білім көтеруді бізде топтар, ағымдар бойынша ұйымдастыру үрдісі қалыптасқан.

Бұл үш тәсілдің қазіргі талаптарына сай келетіні – мұғалімді субъектілік жағдайға қоятын, тұлғаға бағытталған, белсенді танымдық әрекетке негізделген, тұлғаға бағытталған – оқытудың андрагогикалық үлгісі. Тұлғалық-бағдарлы оқыту – адам бойындағы адами қасиеттерді іздеу, табу, олардың әрі қарай дамуына барынша қолдау көрсету. Оның өзін-өзі жүзеге асыру, ретке келтіру, дамыту, өзінің тұлға ретіндегі болмысын жасаудың механизмдерін меңгеруін қамтамасыз етеді.

Қоғамдық санада шығармашылық іс-әрекеттің негізгі басымдылық ретінде танылуы жаңаша педагогикалық ойлауды, білім беру деңгейлерінде мұғалімнің өзін-өзі, өзінің бар күш-қуатын іске қосуға бағытталған шығармашылығын дамытуға жағдай жасауды талап етуде.

Мұғалімнің кәсіби шығармашылыққа деген еркіндігі мол деп ресми түрде жарияланып жүргенімен, шеберлікті меңгеріп, шығармашылыққа жету үшін арнайы дайындықтың қажет екені даусыз. Сондықтан әр деңгейдегі әдістемелік жұмыстардың басты мақсаты – мұғалімнің сұраныстарын қанағттандыру, тиісті ғылыми-педагогикалық сүйемелдеу арқылы жаңаша жұмысқа деген ұмтылысына дем беру, өз философиясына, кәсіби бағыттылығына сәйкес технологияны таңдап алуына көмектесу болып табылады. Демек, әдістемелік, білім көтеру жұмыстарының сапасын арттыру - кезек күттірмейтін шаруа. Осыған орай республикадағы мұғалімдердің біліктілігін арттыратын институттар жүйесі өз жұмыстарына инновациялық тұрғыдан қайта қарап, мамандардың шығармашылық әлеуетін арттыруды технологияландыру, оның мазмұнының тыңдаушылардың сұраныстарына жауап беруін қамтамасыз ету, ақпараттық технологиялардың соңғы мүмкіндіктерін пайдалану жолға қойылып келеді.

Мұғалімдердің білімін көтеру жұмыстарын ұйымдастыруды жоғарыдағы құрылымнан тұратын әрекеттік негізде жүргізу – олардың кәсіби шығармашылығын арттырудың басты кепілі. Жаңа білімді танымдық белсенділік арқылы меңгеру білімдік әрекеттер арқылы іске асады. Білімдік әрекеттер – тұлғаның өз өмірін өзгертуге бағытталған әлеуметтік белсенділігі. Білімдік әрекетте мұғалім жаңалықты ашып, оның дамуының диалектикасын меңгереді, “өткен тәжірибеге қайта қарап”, “оның құрылысын жаңартады”, сол арқылы өзін-өзі таниды, табады, айналаны, қоғамдық өмірді өзгерте алатын белсенді субъектілік жағдайына келеді.

Қазіргі педагогикалық технологиялардағы жаңашылдықты тану, тиімді қолдану барысында мұғалімнің шығармашылық әлеуетіне негіз болатын қасиет-сапалары іске қосылып, танымдық үрдістерді өн бойынан өткізеді. Өйткені кез-келген технология ғылым мен практика арасындағы аралық құрылым болып есептелінеді.



Оқыту теориясы – мұғалімнің шығармашылығының негізі. Ал, педагогикалық технология – оқыту теориясын мұғалім мен оқушы әрекеті түрінде жобалау, қойылған нақты мақсаттарға сәйкес оқыту процесін тиімді құрып, жүзеге асыру болып табылады. Дұрыс мақсат қойып, нәтижені интутивті түрде жобалай алу, оның оқушының дамуының іргелес аймағына сәйкес болып, қызыға еңбек етуге әкелетін сабақ жоспарын құру, ұйымдастыру алу – сөзсіз, шығармашылықтың нәтижесі.

Қорыта келе айтарымыз, “шығармашылық проблемалық сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіретін, нәтижеде жаңа материалдық және идеалдық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекеті” деген тұжырым жасауға болады. Мұғалімнің өз білімін көтеруге қатысуы оның педагогикалық , әлеуметтік, кәсіби әрекетіндегі мәселелерді табысты шешуін қамтамасыз етеді, басқаша айтсақ, кәсіби шығармашылығын дамытады.



Шығармашылық жолы – ол үміттер мен күдіктер, жеңілістер мен жеңістер жолы. Осы жолдан өзіне сабақ ала білу, жетер биігін белгілей алу, өзінің жетістіктері мен кемшін тұстарын талдай алу – мұғалімнің өзін-өзі шығармашылықпен дамытудағы стратегиялық бағыттары болып табылады.
Бақылау сұрақтары:

1. Шығармашылық дегеніміз не?

2. Педагогикалық шығармашылық кезеңдерін ғалымдардың зерттеуіне сүйене отырып, дәлелде.

3. Шығармашылықтың мұғалімдердің дамуына септігі тие ме?



  1. Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамытудағы әрекеттік ұстаным қағидасы туралы түсіндіріңіз.

  2. Әрекеттің құрылымдары қандай?

  3. “Шығармашылық адамның өзін-өзі өзгерте алуы” деген пікірге көзқарасыңыз қандай?

  4. Прогрессивті даму моделі шеңберіндегі мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің кезеңдері .

  5. Шығармашылық бейімделу кезеңі неден тұрады?

  6. Өзін-өзі іске қосу кезеңінде атқарылатын істер қандай?




Жоспары:

    1. Ұлы педагогтардың “өзін-өзі тәрбиелеу” туралы пікірлері.

    2. “Өзін-өзі тәрбиелеу” тәсілдері.

    3. “Өзін-өзі тәрбиелеу” әдістері.

    4. Жаһандану кезіндегі педагог даярлығы.



Лекция мақсаты: өзін-өзі тәрбиелеу құралдары мен әдістері туралы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.

Лекция мәтіні:

1. Оқыту және тәрбиелеу мәселелерімен шұғылданған әлемге әйгілі ғұламалар Я.А.Коменский, Ж.Руссо, Песталоций, Дистервег, орыс ғалымдары К.Ушинский, Л.Толстой, А.Макаренко, В.Сорока-Росинский, В.Сухомлинский, т.б. “егер кез келген адам өзін-өзі тәрбиелеу дәрежесіне жеткен күнде оны тәрбиелеудің қажеті жоқ, өйткені оны тәрбиелеу аяқталды” деген пікірді дәріптеген. Өйткені “оның тәрбиесімен басқа біреулердің шұғылдануының қажеті жоқ, ол енді өзін-өзі тәрбиелей алады” деген пікірге келгені педагогиканың тарихынан белгілі.



Өзін тәрбиелеуге ықпал ететін факторлар – қоғамның немесе көпшіліктің пікірі, сынды қабылдау және өзін сынға алу мүмкіндігі, ұжымдағы жағымды тыныс, жақын әлеуметтік орта, ұстазы, дос-жараны, ата-ана және басқалардың көмегі.

2. Педагог, психолог ғалымдардың еңбектеріне және өз тәжірибемізге сүйене отырып өзін-өзі тану және оның нәтижесі ретінде өзін-өзі тәрбиелеудің мынадай тәсілдерін анықтадық:



  • Өзін-өзі талдау – бұл өзінің ой-сана ағымы мен сезім қызметінің дұрыс-бұрыстығын ой елегінен өткізіп, саралау;

  • жүріс-тұрысы мен мінез-құлқын талдау іс-әрекеті, басқалармен қарым-қатынасы, іс-қимылы, тағы басқа сараптау;

  • өзінің сөйлеу мәнері мен сөздік қоры және сөзді ұғынуы мен түсінуін талдау;

  • өзін өмір сүрген жақын ортадағы адамдармен салыстырмалау;

  • өзін-өзінің мұраты мен (идеалы) салыстырмалау;

  • өзін мұрат тұлғамен салыстырмалау;

  • өзін-өзінің жақын құрбысы мен салыстырмалау;

  • өзін басқалармен салыстырмалау;

  • өзінің ішкі жан дүниесіндегі кемшіліктерді саралау;

  • өз бойындағы іш тарлық, жалқаулық, салғырттық, өзімшілдік, көреалмаушылық, қулықпен көзге шалыну, басқаларды азаптап пайда табу, адамдардың арасына іріткі салу секілді нашар мінездердің бар-жоғын сараптаудан өткізу.

3. Бұларды анықтаған соң енді олардың ішінен кейбір кемшіліктер бойында бар болса оларды жою жолдарын қарастыру керек. Осыған орай мынадай өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін ұсынамыз:

    • өз мінез-құлқын реттеу үшін өзіне бұйрық беру;

    • белгілі бір істі жүзеге асырудағы жалқаулығын жою үшін өзін-өзі мәжбүрлеу;

    • өзін-өзі жаттықтыру – белгілі бір әдет, дағдыларды бойына сіңіру үшін қолданатын бір істі көп рет қайталау арқылы жаттығу;

    • көндігу - әр түрлі өмір жағдайларына, жаңа өмір салтына, жаңа тұрмыстық және кәсіптік талаптарға бейімделу үшін жүзеге асырылатын ішкі саналық және сыртқы іс-қимылдық әрекеттер;

    • әдеттену – жаңа мінез-құлық, жүріс-тұрысқа дағдылану үшін істелетін тұлғаның өзіндік әрекеті;

    • өзін-өзі қайраттандыру (қайрау) немесе жігерін жану арқылы бойындағы салғырттықты жою, жігер қайратын ояту, өз ойы мен сезіміндегі жасқаншақтықты жою үшін иландыру тәсілін қолдану;

    • өзін-өзі бойындағы қуатына сендіру;

    • өзін-өзі нандыру – ойша және сөз түрінде белгілі бір арнайы формулаларды орындау арқылы жүзеге асады. Өзі мен өзі кеңесуді “қабырғаңмен кеңес” дейді халқымыз.

Адамның белсенділігі оның әрекетшілдігінің көзі – қажеттенуін қанағаттандыруға бағытталған іс-қимылы. Ғалым-психологтар Қ.Жарықбаев, Ж.Түрікпенов және т.б. пікірлері бойынша жалпы ағзаның анатомиялық-психологиялық қасиеттері мен тұлғаның қандай да болса қасиеттерінің дамуына жүйке жүйесі мүмкіндік жасап, туа пайда болуы мүмкін, бірақ, бұл мүмкіндіктер тек тәрбиеге байланысты жүзеге асады.
4. Жаһандану кезіндегі педагог даярлығы

Қоғамның жоғары педагогикалық білімді мамандарға қойылатын талаптары соңғы жылдары күрделенді. Жаңа қоғам мұғалімі – ол рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді жасампаз, рефлексияға қабілеті басым, экологиялық білімді шығармашыл тұлға, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі көрсету (ұмтылысы, әдіснамалық қалыптасуының жоғары деңгейін сипаттайтын әлеуметтік, тұлғалық, коммуникативтік), ақпараттың және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары маман. Сондықтан мұғалім білімнің өзіндік құндылығын анық саналы түсініп, өз пәнін жетік білуі тиіс. Ендеше болашақ кәсіби маман мына сапаларды меңгеруі шартты міндет:

1. Ол өз пәнін біліп қана қоймай, сонымен қатар педагогикалық үрдістегі әр қатысушының орнын көре білуі, оқушылар іс-әрекетін ұйымдастырып, оның нәтижелерін алдын ала байқап, мүмкін болатын жағдайда артта қалушылықты реттеуі;

оқушылардың негізгі құзырлығын қалыптастыруға дайындығы (құндылық-бағдар, жалпы мәдениет, оқу-танымдық, коммуникативтік, ақпараттық, әлеуметтік-тұлғалық, құзырлық және т.б.)

2.Оқушылардың адамгершілік-рухани, азаматтық-патриоттық, көп-мәдениетті, экологиялық, денсаулығын сақтау тәрбиесін жүзеге асыра білуі;

3.Білімге ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеуді жүзеге асыру (мүмкіндігі шектеулі балалар, дарынды балалар, жетім балалар, ішімдікке, нашақорлыққа тәуелді балалар, т.б.).

Бұндай нәтижеге жету үшін болашақ мұғалімдерді даярлау жоғары оқу орындарында біртіндеп жүргізілуі қажет, тұлға болып сатылап қалыптасуы үшін оған жағдай жасау керек. Ол үшін алынған білім негізінде тұлғаның бағыты айқындалған сала бойынша кәсіби іс-әрекетін қалыптастыру шарт. Болашақ мұғалімдер тәжірибеде жинақталған теориялық білімдерін өмірде қолдану арқылы олардың кәсіби әдісі жинақталады. Сонымен кәсіби іс-әрекеттің технологиясы мен кәсіби өзіндік санасы қалыптасады.

Мамандықты меңгерген әрбір адам оның үш аспектісімен кездеседі: тұлғалық, мазмұндық, процессуалдық (технологиялық). Бұл аспектілер педагогтерге тән (профилге байланысты емес) пәндердің жеке ерекшеліктер іс-әрекетінде бейнеленеді.

Болашақ мұғалімдер “адам - адам” жүйесінде әсер ете білуі керек. Әлеуметтік – гуманитарлық пәндерден алған білім жүйесі болашақ мұғалімдерге оқу орнының педагогикалық үрдісінде ізгілікті қарым-қатынасты саналы меңгеруге көмектеседі. Бұл тек қана балалармен үздіксіз қарым-қатынас ұйымдастырған жағдайда ғана жүзеге асады. Мұғалімнің идеялық-адамгершілік позициясы тәрбие жұмысының әдістемесінде көрініс табады.

Сонымен қатар болашақ мұғалімдерді өндірістік іс-әрекет жағдайына бейімдеу қажет.

Психологиялық бейімделу – педагогикалық үрдісте субъектілердің психологиялық жағдайын түсінуге икемделуі десек, технологиялық бейімделу – оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың әдістерін меңгеру. Бұдан басқа жоғары оқу орындарының көлденең және тігінен үйлестірілген педагогикалық әкімшілік іс-әрекеті жүйесіне де болашақ мұғалімдерді бейімдеу қажет.

Болашақ жаңа формация мұғалімін қалыптастырудың басты бағдарына инновациялық, шығармашылық ойлары бар тәрбие идеясы жатады. Соның нәтижесінде әлеуметтік мәнді сипаты, қарым-қатынасы, түрткісі және қалыптасқан құзырлық тірегі бар оқушының жаңа тұлғасы қалыптасады. Сол себепті болашақ мұғалімнен шығармашылық бағыттағы педагогикалық іс-әрекеттер талап етіледі. Олар төмендегілер:

1.болашақ педагог өзінің мүмкіндігін нақты бағалай білуге үйренуі, әлді және әлсіз жағын, мүмкіндіктерін әділ бағалауды білуі (өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бағалау, эмоционалды көңіл-күйді көрсете білу, қарым-қатынастық, дидактикалық қабілеттері, ерекшеліктері, т.б.);

2.жалпы мәдени-интеллектуалдық іс-әрекетті меңгеруі (ойлау, есте сақтау, қабылдау, елестету, көңіл бөлу);

3.әлемдік білім беру кеңістігінің даму тенденциясында өтіп жатқан интеграциялық үрдісінде қазіргі білім берудегі көпмәдениеттілігі және мұғалімнің көптілділік даярлығына болжам жасауға бағдарлана білуі;

4.жастарды патриоттық рухта тәрбиелей отырып Отан игілігі үшін жемісті еңбек етуге ұмтылдыру және мемлекет пен қоғам үшін өзінің іс-әрекетінің маңыздылығын түсінуі.



Педагогикалық білім берудің мақсаты – педагог біліктілігінің дамуына көмектесу, кәсіби міндеттерді шешу қабілеттілігін жетілдіру, Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңіндегі білім беру жүйесінің даму ерекшелігін қамтамасыз ету және жалпы 12 жылдық білім беруді енгізу. Сондықтан еліміздегі педагогикалық білім берудің маңыздылығы педагогикалық кадрлар даярлығының сапасын жетілдіруді, әлемдік білім беру кеңістігінің даму тенденцияларын қоғам дамуының тұрақтылығы контексіне сәйкестендіріп реформалауды қажет етеді. Осыған орай, республикамыздың жоғары оқу орындарында сапа менджменті жүйесін енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Басты мақсат – білім беру жүйесін әлемдік деңгейге көтеру, елдің индустриялдық-инновациялық стратегиясын қамтамасыз ету, т.б.жүйелі жұмыстарды жүзеге асыру.
Бақылау сұрақтары:

    1. Ұлы педагогтардың “өзін-өзі тәрбиелеу” туралы пікірлері.

    2. “Өзін-өзі тәрбиелеу” тәсілдері қандай?

    3. “Өзін-өзі тәрбиелеу” әдістері қандай?

    4. “Өзін-өзі тәрбиелеу” құралдары қандай?

    5. Жаңа қоғам мұғалімі – ол қандай болу керек?

    6. Болашақ кәсіби маманның меңгеруі тиіс сапалары қандай?

    7. Мамандықты меңгерген әрбір адам оның үш аспектісімен кездеседі. Ол қандай аспектілер, түсіндіріңіз.

    8. Психологиялық бейімделу дегеніміз не?




Жоспары:

    1. Сыныпта педагогикалық қарым-қатынас, ынтымақтастық орнатудың ерекшеліктері.

    2. Оқушылардың білім алу процесінің тиімділігін арттыру.



Лекция мақсаты: оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.

Лекция мәтіні:

1. Сабақ процесінде оқытушыға үлкен тапсырмалар жүктеледі. Оқушыларды сабаққа белсенді қатыстыра алу, оларға өздері орындаған тапсырмалардың нәтижесін көрсете алу, кемелдендіруге үндеу және дамыту.

Педагогикалық ынтымақтастық дәстүрлі тәсілдерден ерекшелеген түрде оқытушы мен оқушының бірлескен еңбегі арқылы білім алуға ынтаны күшейттіреді.

Педагогикалық ынтымақтастық мәні және ерекшелігі – ол әлеуметтік өмір, құрылым өзгеруіне байланысты жаңаланып, күрделеніп, нығайып барады.

Педагогикалық ынтымақтастық білім алуда оқушылардың еркін, өз қалауына тән әрекетету қағидалары мен әрекетке сүйенеді. Педагогикалық ынтымақтастық оқушылардың алдына жоспарланған мақсаттарына жетуге бағыттайды, үйретеді, оларды өзінше, өз бетімен жұмыс істеуге өз қимыл - әрекетін талдауға, анализ жасауға ынталандырады.

Педагогикалық ынтымақтастық процесінде оқушы өзін сынып ұжымының ажырамас бір бөлшегі ретінде сезінеді. Шебер оқытушы әрбір оқушы сабақта өз-өзіне тапсырма белгілеп алуына, өз бағасын өзі белгілеуіне жол таптырады.

Қазіргі күнгі сабақ өзінің тәсілі, формасы, мазмұнымен шектеліп, шекараланып қалмайды. Қазіргі күнгі сабақтың мақсаты білім, тәрбие және дамытуды көздейді. Мұнда оқушы мен оқытушының ынтымақтастығының енбегі зор мәнге ие.

Оқытушы сабақ процесіне дайындық көруде тәлім құралдарынан өнімді пайдалануы қажет. Қазіргі күнгі сабақ оқытушыдан саяси, экономикалық, рухани, психологиялық - әлеуметтік, педагогикалық жағынан жете дайындықты талап етеді. Яғни, сабаққа дайындық шебер оқытушыдан әрдайым оқулықтар, психологиялық – педагогикалық және әдістемелік сипаттарға ие болған кітаптарды оқып-үйретуді талап етеді.

Оқытушының қолында сабаққа қажет болған әдебиеттер тізімі болуы керек. Мұндай әдебиетті оқып-үйрену, олардың мазмұнымен танысу оқытушының сабақ үстіндегі шеберлігін шыңдайды. Оқытушы сабағының нәтижелілігін арттыру үшін әр түрлі арнайы диафильм, кинофильм және бейнелегіш ерекше орын алады. Әрқандай сабақ тәрбие, тәлім және дамыту мақсаттарын көздеуі қажет.

Тәрбие мақсаты – оқушылардың дүниетанымын қалыптастырады, әлеуметтік саяси өзгерістер, жаңалықтармен таныстырады, оқушыларды отанға сүйіспеншілігін, жетілген, -------- адам болып тәрбиеленуіне ақылды, саналы азамат болып жетілуіне қаратылған болуы қажет.

Тәлімдік мақсаты – оқушыларда оқу бағдарламаларында белгіленген білім, дағды, іскерлік қабілеттерін дамытуға, қалыптастыруға қаратылған.

Дамытушылық мақсаты – оқушыларда өз бетімен пікірлерді дамытуы, қиыншылықтарды жеңуге, оқу процесі барысында алған білімдерінің негізін анықтай алуға бағыттайды.

Оқытушы өз сабағының авторы болып саналады. Сабақты қай деңгейде ұйымдастыру оның тек білімі емес, шеберлігіне тікелей байланысты.

Шебер мұғалім өз сабағын ұйымдастыруда төмендегі элементтерге көңіл бөлуі қажет:


  • мемелекет тарапынан белгіленген бағдарламаға сәйкестігіне;

  • оқу материалы заман талабына және оқушылардың даму деңгейіне сәйкес келуіне;

  • оқытушының рухани жағдайының сәйкес болуына;

  • оқу материалының өтілген сабақтармен байланыстылығына;

  • оқу материалының сынып психологиясына сәйкестігіне.



2. Оқушылардың білімді игеру тиімділігін арттыру.

Сабақтың нәтижелілігін арттыру үшін оқытушы сабақтың әдістемесі мен технологиясын терең игеруі қажет. Сабақта оқытушының шеберлігі оның сабаққа деген талабы, дайындық деңгейімен белгіленеді.

Бірінші кезекте сабақтың мақсатын сабақ барысында орындалатын анық міндеттерді, тапсырмаларды белгілеп алуы қажет.

Сабақтың мақсаты : тәлім-тәрбие беретін қабілеттерді өсіру, дамыту міндеттерін көздеу. Ол үшін сол сабақ мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруда қажет болатын сабақтың формасы мен түрлерін анықтап алған жөн.

Қазіргі заман сабағын ұйымдастырудың негізгі қағидалары төмендегідей : мақсатты анықтап алу, сол мақсатқа сай оқу материалының мазмұнын анықтау, тәлім процесінде тапсырма мен міндеттердің құрылымы, тиімді тәлім әдістерін таңдау, оқушы мен оқытушының еңбегін дұрыс ұйымдастыра білу, сабақ түрі мен оның жүйесін анықтап алу. Оның сабақ құрылымы негізінде сабақ жоспары құрылады. Құрылған жоспарға негізделіп сабақтың конспектісі жазылады. Сабақтың нәтижелі және мақсатқа сай ұйымдастырылуы, өткізілуі көбінесе таңдалған тақырып пен дұрыс әдіс таңдауға байланысты.

Өтілетін сабақ нәтижелі болуы үшін оқытушы дәстүрлі емес сабақтардан да пайдалануы мүмкін. Сабақ сынатын дәстүрлі тәртіпте анықтау мүмкін: сұрақ, түсіндіру, пысықтау, үй тапсырмасы және т.б. Бірақ сабақ дидактикалық талаптарға жауап беруі үшін төмендегі дидактикалық категорияларды таңдауымыз және оларға жауап таба білуіміз қажет:


  1. Сабақтың дидактикалық принциптерге, оқу-тәрбие процесі талаптарына жауап беруі;

  2. Сабақтың өтілуі мен нәтижесі оқу бағдарламалары мен дидактикалық мақсаттарға сәйкестігі;

  3. Сабақтың дидактикалық міндеті тапсырмалары және оқушыға берілетін білім, дағды, іскерлік, сонымен қатар жаңа білімдерді игеруге қол жетті ме?

  4. Сабақтың бірізділігі мен жүйелілігіне қол жетті ме?

  5. Сабақта көрнекілік құралдар, сонғы жаңа құралдар мақсатқа сай практикада қолданыс тапты ма?

  6. Бұл сабақтың өмірмен байланыстылығының мәні неде?

Бұл критериилер оқытушыдан сабақты бір қалыпта емес, жаңа педагогикалық технология негізінде алып баруға бағыттайды.

Бірінші кезекте оқытушы сабақ барысында ақыл-ой еңбегін басқара алуы қажет. Яғни, оқытушы өз сабағын оқушыларға қызықты етіп ұйымдастыру қажет. Сабақ қаншалықты қызықты өтсе, оқушыларда сабақта берілген материалдарды игеру жеңіл өтеді.



Сабақ барысында оқушыларға сұрақтар беруде оқытушы оның дұрыс құрылғанына мән беруі қажет. Оқытушы тарапынан құрастырылған сұраққа оқушы тек жауап іздеп ғана емес, олардан пікір, дүниетанымның кеңеюінен күш-қуат, әсер алуы қажет болады.
Бақылау сұрақтары:

    1. Педагогикалық ынтымақтастық мәні және ерекшелігі неде?

    2. Сабақ мақсаттары қандай?

    3. Шебер мұғалім өз сабағын ұйымдастыруда қандай элементтерге көңіл бөлуі қажет?

    4. Қазіргі заман сабағын ұйымдастырудың негізгі қағидалары қандай?

    5. Сабақ қандай дидактикалық талаптарға жауап беруі керек?




Жоспары:

  1. Сабақтың психологиялық аспектілерін есепке алу.

  2. Мұғалімнің оқушыға қоятын талаптар сипаты.

  3. Юморлық сезім.

  4. Сабақ темпі.

  5. Сабақта өзін-өзі бақылау.

  6. Сабақтың сапалы жақтары.


Лекция мақсаты: психологиялық аспект ұғымы, юморлық сезімі, сабақ темпі туралы түсінік қалыптастыру.

Лекция мәтіні:

1. Педагогтің білім мен ақпаратты тасымалдаушы ғана болуы, өзінің пәнін жете меңгеруі педагогтік шеберлік үшін жеткіліксіз. Ол сонымен қатар көп нәрседен хабардар болуы қажет. Яғни, адамдарды толғандыратын тарих, саясат, ғылым, өнер, техника, спорт салаларының өзекті мәселелерімен жан-жақты хабары болуы орынды.

Сабақта әрқашанда оқу-тәрбие жүйесімен қатар саяси бағыттағы мәліметтер, дереектер, ақпараттар мол болуы абзал. Сабақ әрі кафедра, әрі трибуна, қорыта айтқанда – ұстаным, онда оқытушы өзінің және балалардың өмірге деген дүниетанымы, көзқарас, пікірлерін айқындайды, белгілейді. Педагогтік шеберліктің кілті де осында – ол өзінің кәсіптік деңгейін, шеберлігін жетілдіреді, шыңдайды, өзінде педагогтік, психологиялық мәдениетті кемелдендіреді, қалыптастырады.

Сабақтың психологиялық аспекттерін (жақтарын) есепке алу.

Оқытушы оқушының даму деңгейін, есте сақтау, зейінін, еркін, жинақылығын және т.б. қасиет-қабілеттерін әрдайым зерттеуден өткізеді. Ондағы мақсат – оқушыны жан-жақты білу және түсіне білуге әрекеттену.Өз оқушысы жөнінде ол ешқашан ұнамсыз пікір ойларға бармуы қажет.Оқытушылық кәсіп ол жөнінде ешқашан ойланбай әрекет жасауға ерік бермеуі керек: баланың жан-дүниесіне, психологиясына тереңінен үңілу тек шебер, мәдениетті педагогтарға ғана тән қасиет.

Сабақ барысында тиімді психологиялық режимді сақтау мүмкін бе? Бірінші кезекте сынып жағдайында, достарының немесе оқытушының мінез-құлқында оқушыға бір тоқтамға келуге кедергі болатын, оны алаңдатуға, тітіркенуге мәжбүр ететін нәрселерді жоғалту, жою қажет.

Орта және жоғарғы сыныптарда сабақ беретін жас оқытушы оқушылар іс-әрекетін қадағалап, бақылауда ұстауы қажет. Өзін сабақтан «тыс» жағдайда ұстайтын оқушылар да баршылық, олар тілшілер, географтар, тарихшылар сабағында кездеседі. Неліктен? Өйткені жас оқытушылар педагогикалық шеберлік, оқушыға әсер ету біліктілігі жетіспейді.

Ал оқушыны сабақ үстінде көп нәрселер ойландыруы мүмкін: сабаққа дайындалып келмегендігі, жаңадан оқыған шығармадағы кейіпкер бейнесі, өзінің сүйікті футбол немесе хоккей командысының кезектегі жетістігі, өзінің сыныптағы досымен арасындағы келіспеушілік және т.б.

Сондықтан да оқытушы оқушы көңіл күйіндегі және оның пішін, бет әлпетіндегі өзгерістерді, олардың зейінін басқаруға көмек беретін арнайы психологиялық білім мен практикалық дағдыларды өзінде қалыптастыра алуға әрекеттенуі қажет. Сондай жағдайда ғана оқытушы, ең сылбыр, әрекеті төмен оқушыларды да әрекетке келтіреді, сабаққа жұмылдыруы мүмкін.



2. Мұғалімнің оқушыға қоятын талаптар сипаты

Кейбір педагог-зерттеушілердің айтуынша, 45 минуттық сабақ барысында оқытушы өз пікірлеріне 100-ге тарта талап қоюы мүмкін екен. Мәселе талаптың көптігінде емес, оның қалай қойылуында, кімге, қандай талаптар, тапсырмалар берілуінде болуы керек. Сонда ғана оқушы ол талаптарды орындау барысында біліктілік аңғартып, оларға белгілі бір орындау стиль, мәнерін өзінде қалыптастыра бастайды. Тағы бір ескере кететін жайт, талаптарды орындау үшін педагогикалық ситуация, жағдай жасай білу, оны есепке алу, талаптардың тиімділігі, айқындылығы, оқушының күш-әрекетіне сәйкестігі, оқушылар тарапынан олардың соңына дейін орындалуы оқытушы тарапынан қадағаланып, бақылауға алынуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет