Лекция 30cағат Практикалық сабақ 15 сағат ожсөж- 45сағат CӨЖ 45 сағат Емтихан 6 семестрде


ӨЖСӨЖ-ы бойынша әдістемелік нұсқаулар



бет10/13
Дата29.03.2017
өлшемі2,74 Mb.
#12539
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13



7. ӨЖСӨЖ-ы бойынша әдістемелік нұсқаулар

1 апта

Практикалық жұмыс№1:

Тақырыбы: Топырақтың морфологиялық белгілері.

Мақсаты: Топырақтың түсін, қалындығын, құрылымын, бөлшектік құрамын, тұтқырлығын, жаңа заттарды, кірме заттарды, қайнауын, ауысуын, ылғалдылығын және т.б. анықтау.

Негізгі сұрақтар:

Топырақ кесіндісін талдау және суретін салу:

а) топырақ кабаттарына бөлу

б) HCl-дан қайнау тереңдігі

в) әр генетикалық горизонтта: қалыңдығын, түсін, құрылымын, механикалық құрамын, тұтқырлығын, түзілімдер, бөгде заттарды анықтау.

Әдістемелік нұсқаулар:

А) Топырақтың морфологиялық белгілерін зерттеу кезінде оның құрамын, топырақтың қабаттарын баяндап жазады. Топырақ негізінен үш генетикалық тектік қабаттардан тұрады. Олар: қарашірікті қабат (А), өтпелі қабат (В) және аналық жыныс қабаты (С).

Б) Топырақ құрамында марганец немесе кальций карбонаттары болған жағдайда топыраққа 5-10 процент тұз қышқылын тамызғанда топырақтан СО2 газы бөлінуі нәтижесінде топырақ «қайнайды». Жалпы қатты, орташа, әлсіз «қайнау» деп ажыратылады. Қайнау деңгейі карбонаттар мөлшеріне байланысты.

В) Топырақтың генетикалық қабаттарының қалыңдығы бірнеше сантиметрден бір метрге және одан да көпке жетуі мүмкін. Топырақ қабаттарының қалыңдығын бейнелеу үшін әр қабат пен қабатшалардың үстіңгі және астыңғы тегін анықтайды.

Топырақтың тектік генетикалық қабаттарының түсі топырақтардың түзілу ерекшеліктерін, химиялық құрамына, гумус мөлшеріне, темір, марганец, алюминий, кальций карбонаты т.б. қосылыстарға байланысты.

Топырақ кесектерінің түріне қарай топырақтың негізгі үш түрлі құрылымын ажыратады. Олар: шықпақ, призма және қыш (плита) тәріздес құрылымдық бөлшектер.

Топырақтың механикалық құрамын «ылғалдау» әдісімен анықтау (топырақты ширату әдісі). Топырақты ылғалдап, қамырша илегеннен соң, оны қалыңдығы үш миллиметр болатындай етіп ширатады да, қолма қол диаметрі үш сантиметр болатындай етіп саусаққа иіліп сақина жасайды. Осы ширатылған сақинаның түрі топырақтың механикалық құрамының көрсеткіші болады.

Саз - ширатылған топырақтан жарылмайтын бүтін сақина жасалады.

Ауыр саздау – топырақ жақсы щиратылады, бірақ сақинаға иген кезде жарылады.

Орташа саздау – топырақ жеңіл ширатылады, бірақ сақинаға иген кезде бөлшектеніп кетеді.

Жеңіл саздау – ширатылған топырақ сақиналап иген кезде сынып кетеді.

Құмдақ топырақ – толық ширату, есу кезінде бөлшектеніп кетеді.

Құм топырақ – топырақ ширатылмайды.

Топырақтың тығыздығы мен кеуектілігіне байланысты бір қасиеті оның тұтқырлығы, былайша айтқанда топырақ бөлшектерінің айыру кезіндегі соқамен қарсылықты жоюға қажетті күш. Тұтқырлықтың мынадай түрлері бар:

Тығыз топырақ – күрек (пышақ) әрең батады, қолмен әрең сынады.

Тығыздау топырақ – күрек (пышақ) оңай батады, қолмен тез сынады.

Бос топырақ – күрек (пышақ) жеңіл батады, құрамды бөлшектеріне оңай бөлінеді.

Үгілгіш топырақ – бөлшектері байланыспаған, құм немесе құмдауыт, гумусы аз топырақ.

Топырақ құрамындағы түзілімдер химиялық көмірқышқылды әктің, темір мен марганецтің т.б. тұздардың қосылыстары және биологиялық құрттардың нәжістері, өсімдіктердің тамырларының «табы» т.т. болып бөлінеді. Бөгде заттарға топырақтардың жетілуіне қатысы жоқ заттар жатады: тау жыныстарының кесегі, тас, кірпіш, көмір, шыны, сүйек, ағаш, археологиялық қалдықтар т.б.

Сипаттамалар нәтижесін жұмыс дәптеріне төмендегі үлгі бойынша толтырыңыздар:





Топырақ қабаттары

Қабаттардың тереңдігі мен қалыңдығы

Түсі

Құрылымы

Механикалық құрамы

Ылғалдығы

Тұтқырлығы

Жаңа заттар

Кірме заттар

Қайнауы

Ауысуы


































Әдебиеттер:

1. Асанов Ж. А. Ауыл шаруашылық негіздері Алматы, 1987 5-15 беттер

2. Мырзаханов Н. Ауыл шаруашылық негіздеріне арналған тәжірибе құралы Республикалық баспа кабинеті, Алматы, 1994 4-10 беттер

3. Ващенко И.М. Практикум по основам сельского хозяйства Москва «Просвещение» 1982, 5-14 беттер

4. Александрова Л. Н. Лабораторно-практические занятия по почвоведению Ленинград Изд. «Колос» 1967 173-192 беттер

5. Александрова Л.Н., Найденова О.А. Лабораторно-практические занятия по почвоведению Изд. «Колос» 1967 173-189 беттер

6. Добровольский В.В. Руководство к лабораторным работам по курсу «Основы почвоведения и география почв» Учпедгиз Москва 1962 85-99 беттер
2 апта

Практикалық жұмыс№2:

Тақырыбы: Топырақтың құрылымдық және бөлшектік құрамы.

Мақсаты: Студенттерге топырақтың бөлшектік құрамың М.М. Филатов әдісімен және топырақтың құрылымдық құрамың аңықтауды үйрету. Топырақтың бөлшектік және құрылымдық құрамы туралы толық мағлұмат беру. Саз бен құмның пайыздық мөлшерлерін анықтай білуді үйрету.


Негізгі сұрақтар:

  1. Топырақ құрылымы дегеніміз не?

  2. Топырақ құрылымының типтері, пішіндері,түрлері ?

  3. Топырақтың құрылымдық құрамың қалай аңықтайды?

  4. Топырақтың механикалық құрамы дегеніміз не?

  5. Механикалық құрамын далада қалай анықтайды?

  6. Топырақтың бөлшектік құрамы дегеніміз не?

  7. Бөлшектік құрамы бойынша топырақтар қандай топтарға бөлінеді?

  8. Топырақты талдауға қалай дайындайды?

  9. Топырақтың бөлшектік құрамың М.М. Филатов әдісімен аңықтау?

  10. Бөлшектік құрамның маңызы?

Әдістемелік нұсқаулар:

  1. Топырақтың бөлшектік құрамын М.М. Филатов әдісімен анықтау.

а) Топырақтағы саздың мөлшерін анықтау

1. Көлемі 50 мм цилиндрге көлемі 5 мм /см/ топырақ салынады;

2. Сол цилиндрге 30 мл су және 5 мл СаСІ2 ерітіндісі құйылады. /органикалық бөлшектерді іріту, коагуляция үшін/;

3.Цилиндрдегі заттарды шыны таяқшамен араластыра отырып, оны 50 мл деңгейіне дейін суға толтырады;

4. 30 минут тұндыруға қояды;

5. Тұнбадағы топырақтың 1 см3 есептелген, оның алғашқы көлеммен салыстырғандағы көлемі анықталады. Ол үшін цилиндрдегі сұйықтық өсімін 5-ке көбейтеді;

6. Топырақтағы судың проценттік мөлшері кесте бойынша анықталады.
б) Топырақтағы құмның мөлшерін анықтау.

1. 100 мл цилиндрге сол топырақтың үлгісінен 10 мл /см/ топырақ салынады;

2. Сұйықты араластыра отырып, судың деңгейін 100 мл дейін жеткізеді;

3. Сұйықты 1,5 минут тұндыруға қояды;

4. Лай суды төгіп, шөгіндіге қайтадан 100 мл деңгейіне дейін су құйылады да, қайтадан 1,5 минут тұндырылады. Осылайша шайынды су таза мөлдір болғанша қайталанады.

5. Цилиндрде қалған топырақтың әрбір мл 10 процент құмға тең болады деп есептеледі.




  1. Топырақтың құрылымдық құрамын анықтау.

1. Салмағы 0,5-2,5 кг топырақтың орталанған үлгісін өлшеп алу;

2. Оны тастардан, түбірлерден және басқа бөгде заттардан тазарту;

3. Көзі 10, 7, 5, 3, 1, 0,5 және 0,25 мм елеуіштер жиынтығын жинау;

4. Өлшенген топырақтарды жеклеген 100 г бөліктерге бөліп елеу;

5. Әр елеуіште қалған еленділердің салмағын анықтау;

6. Төмендегі кесте бойынша топырақтың әрбір құрылымдық бөлшектерінің проценттік мөлшерін анықтау

Х= А/В х 100% , мұнда Х - әрбір құрылымдық бөлшектің проценттік мөлшері

А – белгілі құрылымды бөлшектің салмағы, г;

В – барлық құрылымдық бөлшектердің жалпы салмағы, г;

7. Анықталған нәтижелерді төмендегі үлгі бойынша дәптерлеріңе түсіріңдер:




Бөлшектердің көлемі, мм

Бөлшектер массасы, мм

Бөлшектердің пайыздық үлесі %

Топырақ

10










7










5










3










1










0,5










0,25











Әдебиеттер:

1. Асанов Ж. А. Ауыл шаруашылық негіздері Алматы, 1987 14 -15 беттер

2. Мырзаханов Н. Ауыл шаруашылық негіздеріне арналған тәжірибе құралы Республикалық баспа кабинеті, Алматы, 1994 10-13 беттер

3. Ващенко И.М. Практикум по основам сельского хозяйства Москва «Просвещение» 1982, 19-24 беттер

4. Методикалық нұсқау

5. Добровольский В.В. Руководство к лабораторным работам по курсу «Основы почвоведения и география почв» Учпедгиз Москва 1962 29-31 беттер



3 апта

Практикалық жұмыс№3

Тақырыбы: Топырақтың физикалық қасиеттері

Мақсаты: Топырақтың сыбағалы салмағын немесе қатты фазасының тығыздығың, топырақтың көлемдік салмағың немесе тұтқырлығының тығыздығың, топырақтың кеуектілігің және аэрацииясың аңықтау

Негізгі сұрақтар:

  1. Топырақтың сыбағалы салмағы дегеніміз не?

  2. Топырақтың сыбағалы салмағын қалай аңықтайды?

  3. Сыбағалы салмақты қалай есептейді?

  4. Топырақтың көлемдік салмағы дегеніміз не?

  5. Топырақтың кеуектілігі дегеніміз не?

  6. Топырақтың аэрацииясы дегеніміз не?

  7. Топырақтың көлемдік салмағың қалай аңықтайды?


Әдістемелік нұсқаулар:

А) Топырақтың сыбағалы салмағын анықтау.

1. Квартования әдісімен топырақтың орташа үлгісі алынады.

2. Топырақты көзі 1 мм болатын електен өткізеді.

3. Гигроскопиялық ылғалдылық анықталады.

4. Көлемі 100 немесе 250 мл пикнометрді дистелденген сумен толтырады да техникалық таразыда өлшейді. Одан соң шамамен судың жартысы құйылып алынады.

5. Техникалық таразыда 10 немесе 25 г топырақ өлшеніп алынады.

6. Өлшенген топырақ пикнометрге салынады да, 30 минут қайнатылады.

7. Пикнометр суытылып, үстіне құйылып алынған суды құйып, таразыда өлшейді.

8. Топырақтың сыбағалы салмағы келесі формула бойынша анықталады:


Р

d =


P + Р1 – Р2
Мұндағы:

Р – құрғақ топырақ салмағы;

Р1 – суы бар пикнометр салмағы;

Р2 – суы және топырағы бар пикнометр салмағы;


Р0 х 100

Р =


100 + W

Мұндағы:


Р0 - құрғақ топырақ салмағы;

W – гигроскопиялық судың пайыздық мөлшері;

Б) Топырақтың көлемдік салмағын анықтау.

1. Қақпағы бар металл цилиндр таразыда өлшенеді;

2. Цилиндр топырақ қабаттары мен ылғалды монолит қабырғасына батырылады. Төменгі жағынан пышақпен тегістеліп кесіліп алынады. Бір уақытта бұрынғы әдістеме бойынша ылғалдылық анықталады.

3. Цилиндрдің қақпағын жауып, өлшенеді.

4. Көлемдік салмақ келесі формула бойынша есептеледі:
Р1

d1 =

v
Мұндағы:

d1 – топырақтың көлемдік салмағы;

Р1 – құрғақ топырақ салмағы;

V –цилиндр көлемі;

100 (Р - Р0)

Р =


100 + W
Р – цилиндрдегі сулы топыоақ салмағы,

Р0 – топырақсыз цилиндр салмағы;

W – топырақ ылғалдығы;
В) Топырақтың кеуектілік және аэрация дәрежесін анықтау.

Кеуектілік келесі формула бойынша анықталады.


d1

П = 1 - х 100%

d
П – топырақтың кеуектілігі

d1 – топырақтың көлемдік салмағы,

d – топырақтың сыбағалы салмағы;

Аэрация дәрежесі мына формуламен анықталады:


Va = П – Wd

Va – 100 куб см топырақтағы ауа көлемі

П – кеуектілік

W – топырақ ылғалдығы

D – топырақтың көлемдік салмағы

Әдебиеттер:

1. Асанов Ж. А. Ауыл шаруашылық негіздері Алматы, 1987 18-20 беттер

2. Ващенко И.М. Практикум по основам сельского хозяйства Москва «Просвещение» 1982, 36-40 беттер

4. Александрова Л. Н. Лабораторно-практические занятия по почвоведению Ленинград Изд. «Колос» 1967 156-161 беттер

5. Александрова Л.Н., Найденова О.А. Лабораторно-практические занятия по почвоведению Изд. «Колос» 1967 156-161 беттер

6. Добровольский В.В. Руководство к лабораторным работам по курсу «Основы почвоведения и география почв» Учпедгиз Москва 1962 42-50 беттер


4 апта

Практикалық жұмыс№4:

Тақырыбы: Топырақтың жұту қабілетін анықтау.

Мақсаты: Топырақтың жұту қабілеттері түрлерін айыра білуге және лабораториялық жағдайда жасап үйренуге тәрбиелеу.

Негізгі сұрақтар:

  1. Жұту қабілетінің түрлері?

  2. Топырақтың механикалық жұту қабілеті.

  3. Топырақтың физикалық жұту қабілеті.

  4. Топырақтың биологиялық жұту қабілеті.

  5. Коагуляция дегеніміз не?

  6. Пептизация дегеніміз не?

  7. Золь және гель дегеніміз не?

  8. Коагуляция шегі дегеніміз не?

Әдістемелік нұсқаулар:

А) Механикалық жұту қабілетін анықтау.

1. Темір штативке диаметрі 8 см болатын екі шыны сүзгіш воронка орнатылады.

2. Топырақты фарфор ступкамен уатып, техникалық таразыда 30 г топырақ өлшеп алынады.

3. Екінші воронкаға осындай салмақта құ салынады. Салынған топырақ пен құм воронкадан түсіп кетпеу үшін оған алдын-ала түбіне қиыршық тастар салынады.

4. Сазды және құмды массадан алдын-ала дайындалған сазды ерітінді фильтрленеді. Бірінші және екінші воронкадан өткен фильтраттың мөлдірлігі әр түрлі болады.

5. Тәжірибе нәтижесі дәптерге жазалап, қорытынды жасалады. Құм кеуектерімөлшері үлкен болғандықтан одан өткен фильтрат лайлы болады.
Б) Молекулалық-сорбциялық (физикалық) жұту қабілетін анықтау.

1. Штативке бекітілген шыны воронкаға 25 г құм мен топырақ салынады.

2. Дайындалған үлгіден кез-келген жақсы боялған ерітінді құйып фильтрлейді.

3. Молекулалар жұтылуы жүреді. Жұту қарқындылығы фильтраттың түссізденуімен анықталады.

4. Әрбір үлгі фильтраттың түсі жазылып, қорытынды жасалады. Топырақ жоғары сорбциялық қасиетке ие, себебі құрамында ұсақ дисперсті бөлшектер көп.
В) Ионды-сорбциялық жұту қабілетін анықтау.

1. Гумусты қабаттан алдын-ала диаметрі 3 мм жоғары болатын агрегат алынады. Техникалық таразыда 20 г өлшеп алынып, шыны воронкаға салынады. Екінші воронкаға 20 г құм салынады. Шыны воронкаларды штативке бекітеді.

2. Дистелденген су мен 5% калий хлориді ерітінділері құрамындағы кальций анықталады. Ол үшін 5-6 мл дистелденген су мен калий хлориді ерітінділеріне 1 мл 4% аммоний оксалаты құйылады. Дистелденген суда кальций жоқ. КСІ ерітіндісінде аздап лайлану байқалады. Ондағы Са мөлшері 0,01% аспайды.

3. Алынған үлгі арқылы дистелденген су фильтрленеді. Үлгілер арқылы өткен сұйық құрамында азды-көпті механикалық қоспалар болады. 5-6 мл фильтрат алынады.

4. Екі фильтрде де кальций тексеріледі. Егер лай пайда болса, 0,01-0,001% кальций болғаны.

5. Бұл үлгілер 5% калий хлориді ерітіндісімен шайылады. Фильтратты қайта фильтрлеп, кальцийге тексереді.



Әдебиеттер:

1. Асанов Ж. А. Ауыл шаруашылық негіздері Алматы, 1987 17-19 беттер

2. Ващенко И.М. Практикум по основам сельского хозяйства Москва «Просвещение» 1982, 40-42 беттер

3. Добровольский В.В. Руководство к лабораторным работам по курсу «Основы почвоведения и география почв» Учпедгиз Москва 1962 70-76 беттер

4. Методикалық нұсқаулық

Практикалық жұмыс№4:

Тақырыбы: Топырақтың органикалық затын анықтау.

Мақсаты: Студенттерге Тюрин әдісі бойынша топырақтың органикалық затың анықтауды үйрету. Гумус туралы білімдерін толықтыру.

Негізгі сұрақтар:

Гумус дегеніміз не?

Гумустың маңызы?

Гумустың құрамы?

Гумус қоры?

Гумустың шіру денгейлері?



Әдістемелік нұсқаулар:

Топырақтың құрамындағы қара шіріктін (гумустын) мөлшерін анықтаудың бірнеше әдістері бар. Олардың ішіндегі ең ынғайлы – Тюрин әдісі.

Тюрин әдісі бойынша – топырақтың құрамындағы гумус (органикалық көміртегі) хром қышқылымен тотығады:
2Cr2O7+8H2SO4+3C=2H2SO4+2Cr2(SO4)3+3CO2+8H2O

Хром қышқылының қалдығы Мор тұзыментитрленеді.


Жұмыс барысы;

1. Топырақтың орташа үлгісінен 1г топырақ алынады.



  1. Топырақты ақ қағаздың үстіне жайып, өсімдік қалдықтарынан тазартады. Үсақ қалдықтарды лупамен қарайды.

  2. Тазартылған топырақтан техникалық таразымен 0,2г топырақ алынады, оны конус тәрізді колбаға салып 15 мл хром қоспасын құяды. Сонымен қатар бақылау колбасы алынады, оған топырақ салынбайды, 15 мл хром қоспасын құяды.

  3. 2 колбаны электрикалық плиткаға қойып 5 мин қайнатады. Колбаларды сүзгіштермен жауып қояды.

  4. Колбалар суығаннан кейін, 20 мл дистилденген су, 5 тамшы фенилантронил индикаторы қосылады.

  5. 0,2н Мор тұзынын ерітіндісімен колбаларды титрлейді. Титрленген кезде ерітінді жасыл түске айналады. Мор тұзының мөлшерін бюреткіден байқалады.

  6. Гумусты формула бойынша анықтайды:

(a-b) N*K

А = x 100%

А-гумустың мөлшері, %



а- топырақсыз колбаны титрлеуге кеткен Мор тұзының мөлшері, мл

b-топырағы бар колбаны титрлеуге кеткен Мор тұзының мөлшері, мл

N- Мор тұзының концентрациясы (0,2н)

K-коэффициент (0,00517)

∑-топырақтың салмағы (0,2г).

Әдебиеттер:

1. Асанов Ж. А. Ауыл шаруашылық негіздері Алматы, 1987 31-132 беттер

2. Александрова Л. Н. Лабораторно-практические занятия по почвоведению Ленинград Изд. «Колос» 1967 38-40 беттер

3. Александрова Л.Н., Найденова О.А. Лабораторно-практические занятия по почвоведению Изд. «Колос» 1967 38-40 беттер

6. Добровольский В.В. Руководство к лабораторным работам по курсу «Основы почвоведения и география почв» Учпедгиз Москва 1962 67-70 беттер
5 апта

Практикалық жұмыс№5:

Тақырыбы: Топырақтың сулы қасиеттері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет