Ескерту: Сессияға оқу ақысын толық төлеген, сабаққа 75% -тен жоғары қатысқан, ағымдық және межелік бақылаулардан өту балын жинаған (өту балы 0,15*АБ1+0,15*МБ1+0,15*АБ2+0,15*МБ2≥30 балл) академиялық демалыста немесе ұзақ мерзімді емделуде жоқ студенттер жіберіледі.
Назар аударыңыздар: Барлық тапсырма түрлерін орындау және тапсыру барысында, сонымен бірге межелік бақылау мен емтихан тапсырған кезде академиялық адалдық қағидаттарын сақтау қажет. Межелік бақылау мен емтихан кезінде барлық ақпараттық, есептегіш құралдарды пайдалануға немесе басқа студентпен сөйлесуге, көшіруге тыйым салынады. Бұл талап орындалмаған жағдайда емтихан тапсыру тоқтатылып, акт толтырылады. Акт толтырылған студенттер академиялық адалдық қағидаттарын бұзғаны үшін факультет декандары шара қолданады. Егерде студент емтихан барысында академиялық адалдық қағидаттарын өрескел бұзған жағдайда оқудан шығару мәселесі қаралады.
Қорытынды бақылаудың оң бағасын емтихан сессиясының осы кезеңінде көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
«FХ» белгісіне сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, білім алушы оқу пәнінің бағдарламасын қайта өтпей-ақ қорытынды бақылауды қайта тапсыру мүмкіндігіне ие. Бұл ретте емтихан сессиясы біткен соң факультет деканының рұқсатымен студент емтиханды жеке кесте бойынша тапсырады
«F» белгісіне сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, білім алушы осы оқу пәніне/модуліне келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, бағдарламаға сәйкес оқу жұмысының барлық түрлері орындайды және қорытынды бақылауды қайта тапсырады.
Білім алушы аралық аттестаттау кезінде оқу пәні бойынша емтиханды екі реттен артық емес қайта тапсыруға жол беріледі.
Үшінші рет «қанағаттанарлықсыз» бағаға сәйкес келетін FX немесе F бағасын алғанда, білім алушы қаншалықты «қанағаттанарлықсыз» бағасын алуына қарамастан университеттен оқудан шығарылады және осы пәнге қайтадан жазылу мүмкіндігінен айырылады.
2-кесте. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар шәкіле және ECTS (иситиэс) аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі