Лекция: 52 сағ Семинар: 50 сағ СӨЖ: 17 сағ обсөЖ: 16 сағ Барлығы: 135 сағ


Ақ орда. Ортағасырлық саяхатшылар Қыпшақ даласы (дашт-и Қыпчак) аталған жердің шығыс бөлігінде XIV—XV ғасырдың алғашқы ширегі аралығында Ақ орда атты мемлекеттің болғанын хабарлайды



бет2/7
Дата09.11.2016
өлшемі1,6 Mb.
#1333
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7

Ақ орда. Ортағасырлық саяхатшылар Қыпшақ даласы (дашт-и Қыпчак) аталған жердің шығыс бөлігінде XIV—XV ғасырдың алғашқы ширегі аралығында Ақ орда атты мемлекеттің болғанын хабарлайды.


Рашид ад-диннің (XIVғ.) айтуына қарағанда Жошы ұлысының шығыс бөлігін (сол қанатын) Жошының үлкен ұлы Орда (Орда Ежен, Орда Иген) әкесінің тірі кезінде еншіге алған. Әбілғазының (XVIIғ.) көрсетуі бойынша Ордаға бұл жерді кіші інісі Батый хан ХІІІ ғ. орта тұсында бөлген. Орданың мұрагерлері Батый ханның тұқымына сырттай тәуелді көрінгенімен, іс жүзінде олар өз ұлысының дербес билеушілері болды.

Ақ орда жері Алтын Ордадан алған тәуелсіздігінің нығаюы барысында XIVғ. екінші жартысына қарай қалыптасып, алғашында Жетісудың солтүстік шығыс бөлігі, Ертіс бойы, Ұлытау мен Кентау далаларын қамтыды. Ал Жайық, Ырғыз, Тобыл мен Сарысу өзендері аралығы, Арал теңізі төңірегі мен Сырдарияның төменгі сағасы Жошының тағы бір ұлы Шайбан ұлысына қарады.

ХІІІғ. орта тұсында Орда Еженнің ел басқарған ордасы Ертістің бойында және Алакөл көлінде болған. XIVғ. Орда Еженнің мұрагерлерінің билігі Шайбан ұлысына да тарайды, яғни бүгінгі Қазақстанның аумағын түгел қамтиды. Тек Жетісу өңірі ғана бұл кезде шағатайлық ұлысына, соңынан Мағолстанға қарайды. Ақ Орданың күшеюіне байланысты оның орталығы енді Қазақстанның оңтүстігіне, Сығанақ қаласына ауысады.

XIVғ. бас кезінен Орда Еженнің мұрагерлері Шағатайлықтармен Сыр бойы қалалары және Жетісу үшін күрес жүргізе бастайды. Ертістен сырдарияға шейін, Алтайдан Ұлытау және Аралға шейінгі аралықта қалыптасқан дәстүрлі мал шаруашылығына қуат бере отырып, Ақ Орда билеушілері сыр бойы, Талас, Шу және Ұлытау өңірлерінде отырықшы егіншілік пен мәдениеттің қайта жандануына ден қойды. Сығанақ, Отырар, сауран және Жентте бірақ жаңа құрылыстар өмірге келді, Ақ орда хандары өз аттарынан теңге құйғызды.

Орта Азия мен Хорезмнің қала, егіншілік және сауда аудандарымен байланыс орнатқан Ақ Орда хандары біртіндеп Алтын Орда билігінен алыстай бастайды да, XIVғ. алғашқы жартысында, яғни Ерзен және Мүбәрәк қожа (1320—1344жж.) хандар тұсында біржола дербестікке өтеді. Ақ Орданың күшеюі Ұрыс ханның билігіне тұс келеді (XIVғ. 60-70жж.). Тарихшы қадырғали би Қасымұлы Ұрыс ханды ақылды да батыл билеуші ретінде сипаттайды. Осы ханның тұсында қысқа мерзімге болса да Ақ Орданың билігі жеріне де тарайды.

XIVғ. соңғы ширегінде және XVғ. алғашқы ширегінде Ақ Орда Әмір Темірдің, оның мұрагерлерінің, ең ақыры шайбандықтардың шабуылдарына ұшырады. Тынымсыз әскери қақтығысулар нәтижесінде әлсіреген Ақ Орда жерінің үлкен бөлігін XVғ. 20-шы жылдарының соңына қарай шайбандықтар өздеріне бағындырды.

Мұсылман деректері Ақ Орданы билеген хандар шежіресін шамамен мынадай жүйеде береді: Орда Ежен, Сартақтай, Қойыншы, Баян, Сасы Бұқа, Ерзен, Мүбәрәк, Шымтай, Ұрыс хан, Құйыршық және Барақ.

Ақ Орда — Қазақстан жерінде манғолдар шабуылынан соң жергілікті этникалық негізде қалыптасқан алғашқы мемлекеттік құрылым.

Бұл жер ерте замандардан түркі тілі мен мәдениетіндегі, сондай-ақ осы тарихи кезеңде жолында тұрған қазақ ұлтының негізін құраған үйсін, қаңлы, қарлық маңғыт сияқты ортағасырлық елдердің, сондай-ақ басым бөлігі Шыңғыс хан шабуылы тұсында Қазақстанға іргелес оңтүстік-шығыс аудандардан және Алтайдан ығысқан жалайыр, найман, керей, арғын, қоңырат және басқа ірі тайпалық одақтардың атамекені болды.

Ақ Орда мемлекетінде феодалдық меншік түрі отырықшы-егіншілік және көшпелі мал шаруашылығы аудандарында кемел қалыптасқан түрінде көрінді. Деректер отырықшы жұрт арасындағы ауқатты топтың інджеу, мильк, сүйірғал сияқты жер иелігі, сондай-ақ салықтың көпчүр, зекет, тағар сияқты түрлері болғандығын айтады. Елдегі билік жүйесінің басында орда Ежен ханның үрім бұтағынан шыққан хан тұрды, оған жергілікті аймақтарды билейтін оғландар мен бек, әмір, батырлар бағынды.



V-лекция.
Монғол шапқыншылығынан кейінгі мемлекеттердің саяси-құқықтық жағдайы.
(2 сағат)

Қарастырылатын мәселелер:


  1. Шыңғысхан империясының саяси жағдайы және ұлы жасақ (ясы) заңдары.

  2. Шыңғысханның заңдары – ұлы жасақ.

  3. Алтын Орда және Ақ Орда мемлекеттері.


Пайдаланатын әдебиеттер:


  1. Мұхаммед Хайдар Дулати. «Тарих-и Рашиди» (перевод с персидского языка). – Алматы, «Санат». 1999. стр.3-318.

  2. Байұзақ Қожабекұлы Албани. Тарихи таным. – Алматы, «Ататек».1994.

  3. Қазақ ССР тарихы. Бес томдық. 2-том. – Алматы, «Наука», 1979.

  4. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы.1-2 кітап. - Алматы, 2002.

  5. Қозыбаев М. Ермак: Аңыз және ақиқат. «Қазақ әдебиеті» газеті.

1989, қарашаның 3, 17, 24.
Монғол империясы жеріндегі билік Шыңғыс ұрпақтарына ғана тән болды. Алдыңғы кезде азаматтық өкімет жергілікті ақсүйектер қолында болып, Шыңғыс ұрпақтары отырықшы өлкелерді басқаруға және халықтан салық жинауға араласа алмайтын.

Хан мемлекеттік биліктің иегері ретінде мемлекет басшысы, әскери, заң шығару және әкемшілік билігін қамтыды. Хан атынан бүкіл әскери билікті бектер-бегі басқарды, ал азаматтық биліктің басы уәзір болып, ол мемлекетті азаматтық тұрғыдан басқару кезінде ханның кеңесшісі болды. Салық жинауды даруғалар болып, басқақтар басқару міндетімен жергілікті халыққа әскери бақылауды жүзеге асырды.

Әскери жүйе ондық, жүздік, мыңдық, туменнен құралып, оны ірі нояндар, әмірлер, бақадурлер басқарды.

Яса (жасақ) Шыңғысханның тұсында қабылданған заңдар мен ережелердің жиынтығы. Бұл заң көшпелі монғол өмірінің нормаларын ғана реттестірді. Отырышқы қоғамның дәстүріне, әдет-ғұрпына қойшы келетін тұстарымен, уақыт оза Шыңғыс ұрпақтарының ислам дінін қабылдап, түріктену процесінде мұсылман мәдениеті қағидаларымен өзгеріп отырды. Мемлекеттік салық жүйесі тағар, қаман, құшыр, зекет және басқа салықтардан құралды. Көшпелі тұрғындардан құшыр-мал басына салынатын салық, отырықшы егіншілікпен айналысатындар қала тұрғындары хараж, баж салығын төмеді.

Ақ Орда мемлекетінде феодалдық меншік түрі отырықшы-егіншілік және көшпелі мал шаруашылығы аудандарында кемел қалыптасқан түрінде көрінді. Деректер отырықшы жұрт арасындағы ауқатты топтың інджеу, мильк, сүйірғал сияқты жер иелігі, сондай-ақ салықтың көпчүр, зекет, тағар сияқты түрлері болғандығын айтады. Елдегі билік жүйесінің басында орда Ежен ханның үрім бұтағынан шыққан хан тұрды, оған жергілікті аймақтарды билейтін оғландар мен бек, әмір, батырлар бағынды.


VІ-лекция.
Моғолстан
(2 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:


  1. Моғолстан мемлекетінің құрылуы.

  2. Моғолстанның жер аумағы мен халқы.

  3. Оңтүстік Шығыс Қазақстан Моғолстанның құрамында.

  4. Моғолстанның ыдырауы.

  5. Моғолстанның мемлекеттік-әкімшілік құрылысы.


Пайдаланатын әдебиеттер:


  1. Мұхаммед Хайдар Дулати. «Тарих-и Рашиди» (перевод с персидского языка). – Алматы, «Санат». 1999. стр.3-318.

  2. Байұзақ Қожабекұлы Албани. Тарихи таным. – Алматы, «Ататек».1994.

  3. Қазақ ССР тарихы. Бес томдық. 2-том. – Алматы, «Наука», 1979.

  4. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы.1-2 кітап. - Алматы, 2002.

  5. Қозыбаев М. Ермак: Аңыз және ақиқат. «Қазақ әдебиеті» газеті.

1989, қарашаның 3, 17, 24.
Мақсаты: Алтын Орданың ыдырауы кезінде пайда болған Мағолстан мемлекетінің саяси тарихын көрсету.
Тірек ұғымдары: Мағолстанның құрылуы. Тоғылық-Темір ханның сыртқы саясаты. Мауеренахрды жаулау. Әмір Темір және Мағолстан. XIVғ. соңы - XVғ. Басындағы Мағолстан. Уәйіс, Есен-Бұғы хандар саясаты. Жергілікті түркі тайпалары және хандар билігі. Жүніс хан тұсындағы Мағолстан. XV ғ.соңындағы ыдыраушылық процесстер Сұлтан Махмұт және Сұлтан Ахмет хандар саясаты. Мағолстанның ыдырауы. Мағолстанның қазақ хандығы мен қазақ халқының қалыптасуына
Мағолстан. Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатайдың ұлысы құрамына Оңтүстік Алтайдан Әмударияға шейінгі аралық, ұйғыр жерлері Самарқан және Бұқара, яғни Шығыс Түркістан, Жетісудың үлкен бөлігі және Мауреннахр енген болатын.

XIVғ. орта тұсында Шағатай мемлекетінің батыс және шығыс бөліктері дербес екі мемлекетке бөлініп кетті. Мағолстан атанған шығыс бөлігінің Әмір Болатшы дулат бастаған билеушілері 1348 жылы Шағатай ұрпағы Тоғлық Темірді хан сайлайды. Бұл тарихи кезеңде дулат тайпасы Мағолстанның үлкен бөлігін иемденді, сондай-ақ оның ел билеуші ақсүйектері мемлекеттің саяси өмірінде жетекші роль атқарды, тәуелсіз, тұрақты мемлекеттік орнықтыру жолында болды. Тарихшы Мұхаммед Хайдар дулаттың көрсетуіне қарағанда дулаттар бұл тарихи кезеңде дәстүрлі мал шаруашылығымен қатар, отырықшы егіншілікпен де айналысқан. Дулат шонжарларының Шығыс Түркістанда ірі жер иеліктері (иқта) болған. Тоғлық Темір дулат әмірлері мен жергілікті қожалардың қолдауымен ислам дінін қабылдап, оны мемлекеттік дінге айналдырады. Ислам діні жергілікті халыққа қарақандықтар заманынан бері таныс болғанымен, билеуші топтың, сондай-ақ қара халықтың біраз бөлігі әлі де болса мұсылмандыққа өте қойған жоқ еді.

Мұхаммед Хайдардың көрсетуі бойынша Мағолстанның жері шығысында, қалмақ жерімен шектесіп, Барыскөл, Еміл, Ертісті қамтиды. Терістікте оған Көкше теңіз (Балқаш), Бұм, Қаратал қарайды. Батыста — Түркістанмен Ташкентпен, оңтүстігінде Ферғана уалайатымен, Турфанмен шектеледі. Басқаша айтқанда Мағолстанның үлкен бөлігі оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қырғыз жерлерінен тұрды.

Бұл ортағасырлық мемлекет құрамындағы халқы Мағолдардың (“могол”, “маңғұл”) атымен “Мағолстан” атанғанымен, Мағолдар оның тұрғындарының өз ғана бөлігін құрады, ал оның халқының басым бөлігі Шығыс Түркістан, Жетісу және Солтүстік Қырғызтанның жергілікті тұрғындары, яғни түркі халықтары еді. Олардың арасында көне ұйғыр, керей, барлас және басқа түркі тайпалары жетісулық қазақтар, ыстық көлдік және Шу бойындағы қырғыздар да берді. Мағолстанның орталығы алғашында Жетісуда Алмалықта болды.

Тоғлық Темір өз билігін Мауреннахрға жайып, Шағатай мемлекетін қалпына келтіру әрекетін де жасайды (1360, 1361жж.), бірақ оның мұндағы билігі ұзаққа созылған жоқ. Оның мұрагері Ілияс Қожаның тұсында Мағолстан ыдырау жолына түсті.

Әмір Темірдің XIVғ. соңғы ширегінде жасаған бірнеше дүркін жорығы Мағолстан мемлекетін қайтып күшею мүмкіндігінен біржола айырды. Сөйтіп, ол XIVғ. ортасына қарай дербес мемлекет ретінде өмір сүруден қалды.

XIVғ. ортасында Ақ Ордамен бір мезгілде Мағолстан мемлекетінің өмірге келуі Қазақстан тарихындағы маңызды кезең болды. Мағолстан түркі халықтарының Орталық Азияда қуатты мемлекет құру, сол арқылы өздерінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету әрекеті ретінде тарихта өз ізін қалдырды. Сондай-ақ ол, феодалдық, ұлыстық мүдденің үстемдік алуы жалпыелдік, жалпыұлттық мүдденің аяқ асты болуына соқтырмай қоймайтындығын да көрсетті.

Әмір Темірдің әскери жорықтары Мағолстанда феодалдық бытыранқылықтың күшеюіне, ал Ақ Орданың Ноғай Ордасы және Әбілқайыр хандығы болып ыдырауына алып келді.



VІІ-лекция.
Әмір Темір мемлекеті.
(2 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:


  1. Әмір Темірдің билікке келуі.

  2. Мауренахрда бір орталыққа бағынтын мемлекет құру саясаты.

  3. Моғолстан, Хорезм, Индияға жорықтары.

  4. Темір жорықтарының түркі хлықтары үшін трагедиялық зардаптары


Пайдаланатын әдебиеттер:


  1. Мұхаммед Хайдар Дулати. «Тарих-и Рашиди» (перевод с персидского языка). – Алматы, «Санат». 1999. стр.3-318.

  2. Байұзақ Қожабекұлы Албани. Тарихи таным. – Алматы, «Ататек».1994.

  3. Қазақ ССР тарихы. Бес томдық. 2-том. – Алматы, «Наука», 1979.

  4. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы.1-2 кітап. - Алматы, 2002.

  5. Қозыбаев М. Ермак: Аңыз және ақиқат. «Қазақ әдебиеті» газеті.

1989, қарашаның 3, 17, 24.
Әмір Темір

 

Шағатай мемлекетінің екіге бөлінуі салдарынан XIV-70-ші жылдарында Маураннахрдағы билікті барлас руынан шыққан Темір (1336—1405) басып алды. Әмір Темірдің үлкен империя құрудағы жаугершілік әрекеті, алдымен әлсіз көршілері Моғолстан мен Ақ Ордадан басталды. Осы шапқыншылық соғыстарында Темір Ақ орда билеушісі өлтірткен Маңғыстау өңірі басшысының баласы Тоқтамысты пайдаланды.



1374—1378жж. аралығында Ақ орда хандарынан жеңіліп келген Тоқтамыс 1379 жылы Ақорданы, келесі жылы, Сауранды, Қырымды, Масай ордасын басып алды. Ендігі жерде екі одақтас Алтын Орда иеліктері үшін өз ара соғысқа түсті. Темірдің үздіксіз жорықтары Алтын Орданың ыдырауының негізгі сыртқы себептерінің бірі болып табылды. Темір билігінің соңғы кезінде, оның империясына Хорезм, Түркістан, Иран, Ирак, Ауғаныстан, Кавказ бен ‡ндістанныњ бір бөлігі бағынды.

Темір 1405ж. Қытайға бағытталған әскери жорығының басында, Отырарда қайтыс болды.



VІІІ-лекция.
Әбілқайыр хандығы

(«Көшпелі өзбектер мемлекетті»)
(2 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:


  1. Әбілқайыр хандығының құрылуы.

  2. Әбілқайырдың Сырдария қалалары үшін Темір әулеттерімен жүргізген күресі.

  3. Әбілқайыр хандығының этникалық құрамы.

  4. Әбілқайыр хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылысы.


Пайдаланатын әдебиеттер:


  1. Мұхаммед Хайдар Дулати. «Тарих-и Рашиди» (перевод с персидского языка). – Алматы, «Санат». 1999. стр.3-318.

  2. Байұзақ Қожабекұлы Албани. Тарихи таным. – Алматы, «Ататек».1994.

  3. Қазақ ССР тарихы. Бес томдық. 2-том. – Алматы, «Наука», 1979.

  4. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы.1-2 кітап. - Алматы, 2002.

  5. Қозыбаев М. Ермак: Аңыз және ақиқат. «Қазақ әдебиеті» газеті.

1989, қарашаның 3, 17, 24.
Мақсаты: Алтын Орданың ыдырауы кезінде пайда болған Әбілқайыр хандығының саяси тарихын көрсету.
Әбілқайыр хандығы. Ақ Орданың ыдырауы нәтижесінде XVғ. 20-шы жылдары Орталық және Солтүстік Қазақстан жерінде жергілікті ру-тайпа билеушілерінің қолдауымен Жошы ұлы Шибанның (Сабан, Шайбан) ұрпағы Әбілқайыр жаңа мемлекеттік құрылымның негізін қалайды. 1428ж. Батыс Сібірдегі Тұр атты мекенде ол хан жарияланады. Ханды сайлау салтанатына сұлтан, оғлан, батыр, ру-тайпа басыларымен қатар ислам дін басылары да қатынасады. Ал Әбілқайырды қолдаушылардың арасында қыят, маңғыт, чинбай, жан, табғұт, дүрмән, құщы, утарчи, найман, өкреш-найманғ тубай, таймас, чат, хытай, барақ, ұйғыр, қарлық, кенегес, үйсін, қоңырат, құрлауыт, ичкі, ичкі-маңғыт, түмен және басқа ру-тайпалардың өкілдері болады. Басқаша айтқанда Әбілқайыр хандығының этникалық құрамы Ақ Орданың, белгілі дәрежеде Ноғай Ордасының құрамына да жақын болды. Міне осы тілі, шаруашылық түрі, тұрмыс-салты жағынан туыс тайпалар одағын дерек көздері XIVғ. 60-шы жылдарынан жинақы атпен “өзбек” деп атады. Бұл кезде ол халық аты (этноним) емес, тек саяси мағнадағы сөз еді.

Деректер Әбілқайыр ханның Шибан тұқымы сұлтандармен бірге маңғыт жұртының билеушілеріне де сүйенгендігін айтады. Қадырғали би Жалайыр Әбілқайыр ханның маңғыт Уақас бимен арадағы достығын суреттеп “екеуі бір кесенің екі шетінен бөліп бал ішетін еді” дейді. Соған қарағанда ханның тасының өрлеуіне бидің көмегі аз тимесе керек.

Әбілқайыр ұлысы батысында Хайықтан шығысында Балқашқа, оңтүстігінде Арал теңізімен Сырдарияның төменгі ағысының солтүстігінде Тобыл мен Ертістің орта сағасына дейінгі аралықты қамтыды.

XVғ. 30—40-шы жылдары Әбілқайыр хан Мауреннахр және Сырдың орта сағасындағы қалаларға бірнеше жорықтар жасайды. 1430ж. оның әскері қысқа мерзімге Хорезмді алады. 1446ж. Әбілқайыр хан қолдары сыр бойындағы және Қаратау етегіндегі Созақ, Сығанақ, Ақ Қорған және Өзген қалаларын өзіне қаратып, Сығанақты хандығының астанасына айналдырады.

Дегенмен, Әбілқайыр ұлысының ішінде саяси тұтастық терең тамыр жая алған жоқ-тын. Жошы ұрпағынан тарайтын сұлтандардың біразы, арасында Ұрыс ханна тарайтын Жәнібек хан мен Керей сұлтан бар топ Әбілқайыр ханмен жараса алмай, өз ара араздық отын жағады. Ішкі алауыздыққа сырттан қалмақтар тарапынан төнген шабуыл қаупі қосылады.

Маңғұл халқының батыс қанатын құрайтын қалмақтар (ойраттар) XVғ. 20-шы жылдарына қарай Орталық Азиядағы елеулі саяси және әскери күшке айнала бастайды. Қалмақтардың әсіресе көз тіккен жері Жетісудың шұрайлы жайылымдары мен егіншілік оазистері болды. XVғ. 50-ші жылдары ойраттар қолы Сыр бойына да жетеді. 1456—1457жж. Көк-Кесеке атты жерде (Сығанақ маңы) Әбілқайыр қолдары Ұз-Темір тайшы бастаған қалмақтар қолынан жеңіліс табады. Бұл шайқас Әбілқайыр ұлысының әлсіреуіне себепші болған оқиға еді. Қалыптасқан саяси ұтымды пайдаланған Жәнібек хан мен Керей сұлтан бастаған ұлыс халқының біраз бөлігі Мағолстанға қарайтын Шу өзені бойындағы Қозы-Басы атты мекенге келіп қазақ хандығының құрылғандығын жария етеді. 1468ж. Әбілқайыр хан Мағолстанға жорыққа аттанып, жол үстінде қазаға ұшырайды.

Сонымен, Әбілқайыр опат болған соң көп ұзамай оның құрған ұлысы да ыдырауға ұшырады. Оған себепші болған билеуші сұлтандар тобының өз арасында билік үшін жүрген таластың толастамауы, қала және отырықшы егіншілік мәдениетінің ұлыс халқы арасында кең етек жая алмауы болды. Бұл Ақ Орда, Ноғай ұлысы, Әбілқайыр хандығы сияқты мемлекеттік құрылымдардың ыдырауына негіз болған ортақ себептер еді.

ІХ-лекция.

XIII-XV ғғ. Ноғай Ордасы, Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір.
(2 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:


  1. Ноғай Ордасының құрылуы.

  2. XIII-XV ғғ. Солтүстік Қазақстан

  3. Батыс Сібір.

  4. Ноғай ордасының мемлекеттік-әкімшілік құрылысы.



Пайдаланатын әдебиеттер:


  1. Мұхаммед Хайдар Дулати. «Тарих-и Рашиди» (перевод с персидского языка). – Алматы, «Санат». 1999. стр.3-318.

  2. Байұзақ Қожабекұлы Албани. Тарихи таным. – Алматы, «Ататек».1994.

  3. Қазақ ССР тарихы. Бес томдық. 2-том. – Алматы, «Наука», 1979.

  4. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы.1-2 кітап. - Алматы, 2002.

  5. Қозыбаев М. Ермак: Аңыз және ақиқат. «Қазақ әдебиеті» газеті.

1989, қарашаның 3, 17, 24.
Мақсаты: Алтын Орданың ыдырауы кезінде пайда болған Ноғай орданың саяси тарихын көрсету.
Ноғай Ордасы. Алтын Орданың ыдырау барысында өмірге келген ірі мемлекеттік құрылымдардың бірі Ноғай Ордасы. XIV—XV ғасырларда ол Батыс Қазақстан жерінің бөлігін қамтыды. XIVғ. соңына қарай Жайық пен Еділдің арасындағы тайпаларды біріктірген қауым өзін маңғыттар, ал өз ұлысын “Маңғыт жұрты” атады. “Ноғайлар”, “ноғайлықтар”, “Ноғай Ордасы” деген атаулар деректерде XVIғ. бас кезінде пайда болады. Ноғай Ордасының мемлекеттік құрылым ретінде оқшаулануы Едіге бидің Алтын Орданы билеген кезеңіне түс келеді (1396—1411жж.). “Беклар-бегі” атанған би іс жүзінде бұл құрылымның негізін қалаушы болды. Ол бес жыл бойы Алтын Орданың саяси өмірінде шешуші роль атқарған Едіге би өз елі маңғыттар ұлысын күшейтуге біраз күш жұмсайды. Едіге би опат болған соң (1419ж.) маңғыттардың билеушілері шығыс жағындағы көршілерімен жақын қатынаста болуға ұмтылды, Әбілқайыр ханмен одақ құрды. Ноғай Ордасы дербестікке біржола Едігенің ұлы Нұр ад-Дин билігі (1426—1440жж.) тұсында қол жеткізеді.

Ноғай Ордасының жер көлемі өзгеріп отырған. XVғ. Екінші жартысында ноғайлар Жайықтың сол жағалауынан асып өтіп, шығыс және оңтүстікке жылжыды. Сыр бойы қалалары үшін күрес және Мауреннахрға ықпалын арттыру жолында жүрген Әбілқайыр хан ноғайларға ешқандай да кедергі жасаған жоқ, қайта одақтастық пиғылда болды. Мұны пайдаланған ноғай билеушілері солтүстік-шығыста жайылымдарын Батыс Сібірге дейін жеткізді. Төменнің оңтүстік шығыс беті Ноғай даласы аталды. Сондай-ақ, ноғайлар көші ауық-ауық Сыр бойы мен Арал теңізі жағалауына шейін де жетіп жатты. Ноғайлардың сол кездегі билеушілері, Едіге бидің үрім-бұтағы Уақас би, Мұса мырза, Ямғұрчи және басқалары Әбілқайырға Сыр бойы қалаларын алуға көмек береді. Қазақ еліне тілі, салт-дәстүрі жақын ноғай жұрты қазақтармен жылы, одақтастық қатынаста болды. Алғашқы қазақ ханы Жәнібектің тұсында (XVғ.) қазақпен ноғай жылы, туыстық қатынаста болды. XVIғ. орта тұсында деректер Хақназар ханды “қазақтар мен ноғайлардың ханы” атады.

Ноғай ордасының этникалық құрамы төңірегіндегі түркі халықтарының, яғни олардың жеке ұлттық тұтастыққа көшкенге шейінгі құрамына ұқсас болды. Оның құрамына маңғыттардан басқа қыпшақ, қаңлы, қоңырат, найман, үйсін, қарлық, алшын, тама және басқа тайпалардың бөліктері енді. Әуелде этносаяси құрылым ретінде пайда болған Ноғай Ордасы негізінде кейінірек, яғни XVғ. соңына қарай ноғай халқы қалыптаса бастайды.

Ресейдің Қазан және Астрахан халықтарын өзіне қосып алған соң, XVIғ. екінші жартысына қарай Ноғай хандығының да тәуелсіз жағдайы әлсірей түсіп, ақыры бірнеше өзара тәуелсіз иеліктерге ыдырайды. Оның халқының бір бөлігі Кіші жүздің құрамына енді.



Х-лекция.

Қазақстанның XIV-XV ғғ. экономикасы.
(2 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:


  1. Мал шаруашылығы мен егіншілік.

  2. Әлеуметтік-экономикалық қатынастар.

  3. Қалалар, қалалық және селолық қоныстар.

  4. Қолөнер.

  5. Керуен жолдары, сауда және ақша айналымы.


Пайдаланатын әдебиеттер:


  1. Мұхаммед Хайдар Дулати. «Тарих-и Рашиди» (перевод с персидского языка). – Алматы, «Санат». 1999. стр.3-318.

  2. Байұзақ Қожабекұлы Албани. Тарихи таным. – Алматы, «Ататек».1994.

  3. Қазақ ССР тарихы. Бес томдық. 2-том. – Алматы, «Наука», 1979.

  4. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы.1-2 кітап. - Алматы, 2002.

 

  Шаруашылықтың негізгі түрі жыл бойы тебінді жайлымда жүретін жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Онымен қатар Қазақстанның оңтүстік аудандарында Сырдария, Шу, Талас, Арыс өзендерінің жағалауында отырықшы мал шаруашылығы да таралды.



Қазақтар негізінен жылқы, қой және түйе өсірумен шұғылданды, ал отырықшы шаруашылықпен айналысатындары ірі қара мен ешкі де өсірген. Бойы ұзын, қысқа аяқты жылқыларды қазақтар қысы-жазы мал бағуда мініске ұстайтын, олар қазіргі “жабы” дейтін жылқылар тұқымына ұқсас келеді. Қазақтар асыл тұқымды сәйгүліктер мен арғымақтарды өсіру мен де жақсы айналысқан.

Қазақ халқы түйе өсіруге көп мән берген. Себебі көшпелі және жартылай көшпелі өмірде түйе негізгі көлік ретінде пайдаланылѓан, суыққа және шөлге төзімді жануар. Түйе жыл бойы үй маңында ашық далада жатады, тек қатты суық түскенде ғана үстіне киізден жабу жабатын. ХV-XIXғ. қазақтар жалғыз өркешті “қар түйелерді” өсірсе де, шаруашылыққа қолайлы қос өркешті түйелерге көбірек мән берген.

Қазақтар ірі құйрықты қойлар мен қатар ұсақ, биязы жүнді қой өсірумен де шұғылданған. Табиғи жағдайдың ерекшелігіне байланысты мерзімдік жайылымдары болған. Қыста қыстап шығу үшін өзен бойына, қамысты жерлерге, тау аңғарларына, жота бөктерлеріне, орманды жерлерге қыстау салған. Ал қоры ерте кететін жас төлдің жайылымына ыңғайлы жерлерді көктеуге қойған. Көктеуден соң жаздың нағыз ортасында қойдың жүнін қырқып, шыбыны мен масасы аз, шөбі шалғын, суы мол жайлауға көшкен. Күз түсе қайтадан қыстауларына жақындау жерге көшіп келген, оны “күздеу” дейді. Мұндай айнала көшудің себебі, мал жеп кеткен шөптің қайта өсуін қамтамасыз ету, малға жақсы жағдай жасау.

Қазақстанның шөлейт аудандарында малды қолдан суару үшін құдықтар қазып, қауғамен су алатын. Қауға теріден тігілетін үлкен шелек тәрізді ыдыс, онымен бірнеше мәрте құдықтан су алып бүкіл табынды суару оңай емес, сондықтан оны тартуға түйе мен өгізді жиі пайдаланған. Терең, тас құдықтардан қауға тарту ісі – Маңғыстау мен Үстірт жерлерінде жиі пайдаланылған.

Қазақтар малын жайылымға қыста да шығаратын болған, оны “тебінді жайылым” деп атаған. Себебі қар астында қалған шөпті мал тұяғымен теуіп, тартып, жұлып жейтін болған. Ондай жерлерге алдымен жылқыны, одан соң сиыр мен түйені жайған, олар қарын аршып бетіндегі шөбін жеген соң, аршылған жерге ұсақ малды, қойды жайып отырған.

Кейбір жерлерді қиын-қыстау кезең үшін әдейі сақтап “қарамал жері” деп қорып отырған.

Малшылар үшін ең қауіпті жағдай-малдың жаппай қырылуын-жұт дейді. Жаздың құрғақ болуы, шөптің шықпай қалуы, қыстың қатты болуы немесе ауа-райының күрт өзгеруі жұтқа ұшыратқан. Қыс қатты болған жылдары қазақтар “күрек-ашу” деген әдеті қолданып күрек, бөренелерді арқанмен атқа байлау арқылы жайылымды қардан тазартқан.

Қыстауға көшіп келген соң әр жан соғымға ең семіз малдарын сойып, бір-бірін қонаққа шақырысып “соғым басын” берген. Соғымнан қалған қазы-қарта көктемгі жаңа жыл мерекесі-наурыз тойына дейін жеткен. Наурызда жеті түрлі азық-түлік түрінен наурыз көже жасалып (халық мейрамы) ойын-сауығымен қызған халықтық мереке өткізіліп тұрған.



Суармалы егіншілік. Қазақтардың шаруашылық өмірінде жер өңдеудің де маңызы зор болған. Әсіресе Қазақстанның оңтүстігінде Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ, Созақ аймақтарында кең таралған. Жер өңдеумен Батыс Қазақстан мен Сары-Арқаның қазақтары да айналысқан.

Қазақстанда жерді суландырудың түрлі әдіс-тәсілдері болған. Көктемі еріген қар суына да бөгеттер жасалып, егін суаруға пайдаланған, немесе сол жыртылатын егістік жерлерде бөгеп кейін сол жерді өңдейтін болған. Талас өзенінің суы азайып құрғаған салаларына да дән сеуіп “көл табан” жерлер деп атаған.

Ал тұрақты суландыру үшін арықтар қазып, тоғандар, жасанды көлдер жасаған. Оған үлкен өзен сулары арнайы арықтармен әкелініп құйылған. Сырдарияның солтүстік жағалауында жер суландыруға қажетті 2-3 жасанды көлдер жасалып, өзара арықтар мен жалғасқан. Қаратаудың оңтүстік баурайындағы егісті суаруда жер асты суларын жинайтын каналдармен өзара жалғасқан терең құдықтар пайдаланылған.

Суды бұрып пайдалану қиынға соғатын жерлерде оны арнаулы құралдармен көтеріп арықтарға құю арқылы пайдалану әдістері де қолданылған. (“Атпа”, “Шығыр” қолдану арқылы).

Қазақтарда жер суландырудың үш түрлі әдісі болған: жаппай суландыру, атыздар арқылы және бороздалар бойымен суландыру.

ХІХ ғасырдың басына қарай табиғи (құрғақшылықтың әсері) және саяси (Ресейдің отарлық саясатының күшеюінен) жағдайларға байланысты суландыратын жерлердің көлемі қысқара бастады. Бірақ Қазақстанның оңтүстігі мен орталық аудандарда Жем, Торғай, Ырғыз бойында және Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жер өңдеу қазақтардың қосалқы шаруашылығы ретінде дами берді.

 

ХІ-лекция.



Қазақстанның XIІІ-XV ғғ. мәдениеті.
(2 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:


  1. Қазақстанның XIІІ-XV ғғ. рухани мәдениеті.

  2. Діни нанымдар.

  3. XIV-XV ғғ. ислам

  4. Архитектура мен өнер.


Пайдаланатын әдебиеттер:


  1. Мұхаммед Хайдар Дулати. «Тарих-и Рашиди» (перевод с персидского языка). – Алматы, «Санат». 1999. стр.3-318.

  2. Байұзақ Қожабекұлы Албани. Тарихи таным. – Алматы, «Ататек».1994.

  3. Қазақ ССР тарихы. Бес томдық. 2-том. – Алматы, «Наука», 1979.

  4. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы.1-2 кітап. - Алматы, 2002.


ХII -тақырып.
Қазақ халқының қалыптасуы.
(2 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:


  1. Антропология деректері бойынша қазақ халқының этногенезі.

  2. Монғол шапқыншылығыннан кейінгі этникалық процестер. Халықтың аумақтық орналасуындағы, рулық-тайпалық құрамындағы өзгерістер.

  3. Қазақ этногенезінің қайнар көздері және қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдері.

  4. Қазақстан аумағында этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы.

  5. «Қазақ» термині туралы.

  6. Қазақ жүздері. Этникалық аумақ.


Пайдаланатын әдебиеттер:


  1. Әбілғазы. Түрік шежіресі. - А., 1991.

  2. Елеуұлы М. Шу өңірі: аңыз бен тарих //ҚазМУ хабаршысы. Тарих сериясы. № 3. - А., 1996.

  3. Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. - А., 1997.

  4. Құрбанғали Халид. Тауарих хамса /Бес тарих/. - А., 1992.

  5. Мухаммед Хайдар Мырза. Тарихи Рашиди. - Ташкент, 1996.

  6. Мухаммед Хайдар Мирза Дулати. Тарихи Рашиди. Мына кіт.: "Материалы по истории казахских ханств ХV-ХVІІІ веков".

- А., 1969. (бұдан былай-МИКХ).

  1. Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса. - М., 1983.

  2. Карибаев Б.Б. Қазақ хандығының күрылуы. //Қазақ тарихы. 1995. № 4-5

  3. Қазақстан тарихы. 5томдық 1,2 т. - А., 1996, 1998.

  4. Құдайбердиев Ш. Қазақ, қырғыз, түрік һәм хандар шежіресі. - А., 1990.


Мақсаты: Қазақ мемлекетігінің қалыптасуының тарихи жағдай мен негізгі заңдылықтарын көрсету.

Тірек ұғымдары: Қазақ хандығы құрылуы жөніндегі жазба деректер, тарихи аңыз-әңгімелер. Этногенез мәселесі. Этникалық процес туралы түсінік. Этникалық процеске қажет негізгі шарттар: территория, экономика, тіл және мәдениет ортақтығы.

Қазақстан территориясындағы этникалық процестің кезеңдері. Сак-үйсін дәуіріндегі этникалык процестер. Мәдениеттегі ортақ негіздердің қалыптасуы. Түркі қағанаттары дәуіріндегі этникалық процестер. Мәдениеттегі ортақ негіздердің одан әрі нығая түсуі. Өзін-өзі тану процесі. Қыпшақ дәуіріндегі этникалық процестер. Саяси-территориялық ұйым және оның этно-генетикалық процесте алар орны.

Алтын Орда, Ак, Орда, Моғолстан және Әбілхайыр хандығы тұсындағы этникалық процестер. Мұхаммед Хайдар дулат қазақ халқының қалыптасуы және Керей мен Жәнібек хандар ұлысына қазақ этнонимінің орнығуы жөнінде. Дешті Қыпшақ тайпаларына қазақ этнонимінің таралуы. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы.

 

Қазақ халқының қалыптасуы. Этногенез мәселесі. Қазақстанның этникалық тарихы да Орталық Азияның барлық аймақтарындағыдай өте күрделі. Ғасырлар бойы бұл аймақта да көптеген халықтар мен тайпалар тағдыры тоғысып, небір тарихи оқиғалар өтті. Олар туралы шығыс және европа халықтарының тілдерінде жазылған деректер де баршылық. Шығыстанушылардың бірнеше ұрпақтары да этникалық тарихшы зерттеумен айналысып, көп еңбек сіңірді.

Ғылыми әдебиеттерде “этнос” деген түсінікті (яғни халық, тайпа, ұлт т.б.) тарихи қалыптасқан, адамдардың тұрақты тобы. Олардың тек сыртқы физикалық белгілері ғана ұқсас емес, тұрақты мәдениеті (тілі), психикасы және өзге де ерекшеліктері ортақ болып келеді. Этностың қалыптасуы мен сақталуын қаптамасыз ететін оның өзіне тән мекендейтін территориясы болады.

XV—XVI ғғ. Қазақ халқының және оның этникалық территориясының қалыптасуының ұзаққа созылған процессі негізінен аяқталды. Қазақ халқының этникалық құрамын Орта Азияның басқа да түркі тілдес халықтарындағыдай әр тілді тайпалар мен халықтар құраған. Олар: сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, түрік, түргеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, қыпшақ, найман, арғын, керей, қоңырат, жалайыр, дулат және т.б. Қазақстан территориясын мекендеген тайпалар. Бұлардың көпшілігінде өз уақытында мемлекеттері болған. Ертедегі түріктердің көптеген ру-тайпа аттары қазақтарда күні бүгінге дейін сақталған.

Қазақ халқының шығу тегіне жағдай жасаған этногенетикалық процесстердің негізі алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Бастапқы кезде бұл процесстер автохтонды тұрғындармен байланысты болды. Бірақ та келесі даму барысында олар Орталық Азияның этникалық процестеріне тікелей тәуелді болды. Қазақстан территориясындағы этникалық тарихтың қозғалысы, ірі этникалық және Этносаяси қауымдастықтардың құралуы, түптеп келгенде қазақ халқының қалыптасуы шаруашылықтың, көшпелі мал шаруашылығының, жер шаруашылығы мен қала мәдениетінің өзара байланысты дамуына тікелей байланысты болды.

 Этногенездің қалыптасу кезеңі. Этногенетикалық процесстер даму барысында бірнеше этаптарға бөлінеді. Антропологиялық зерттеулерге қарағанда ұзақ мерзімді этникалық даму барысында тұрғындардың европоидтық нәсілі тұрақты сақталса да, уақыт өте келе монғолоидтік нәсіл басым бола түскен. Тілдік тұрғыда да өзгерістер болып, осы территорияларда өмір сүрген ертедегі иран тілдес тайпалар түркі тілдес тайпаларға ауыса бастайды.

Европалық кескіндегі үндіирандық андронов тайпалары қола дәуірінде мал шаруашылығымен және жер өңдеумен айналысқан. Олардың ерте темір дәуіріндегі мұрагерлері сақтар мен совроматтар .

Евразияның далалық аймақтарын бүтіндей алғанда және Қазақстандағы этникалық процесстердің шешуші кезеңі б.з.б. 1 мың жылдықтың ортасындағы түркілердің батысқа қарай жаппай қоныстануымен тікелей байланысты болды...

Кең байтақ территорияда оңтүстік, оңтүстік-батыс бағытта солтүстік Монғолиядан Әму-дарияға дейінгі (Жетісуды қоса) аймақта түркі тайпалары біртіндеп қоныстана бастаған.

Ежелгі сақ, сармат, үйсін, қаңлы тайпаларының ұрпақтары болып табылатын бұғы, бойырқу, беклі, қыбыр, түргеш, бұлақ, қарлұқ тайпалары Қазақстан жерінің негізгі тұрғындары.

VI ғасырдағы жаңа әлеуметтік қатынастар, ерте феодалдық түрік мемлекеті — Түрік қағанатының, кейінгі Батыс түрік қағанатының құрылуы түркі тілдес тайпалардың батысқа қарай үздіксіз ағысуына түрткі болды.



Қазақстанның оңтүстік-шығысында құрылған Түргеш қағанаты (VII—VIII ғғ.) орталығы Талас пен Суябта орналасып Шу мен Іле өзендері аралығындағы үлкен территорияда мекендеген тайпаларды біріктірді. Түріктер отырықшы егіншілікпен айналысып, қалалық өміре жақындай түсті.

VIII—Xғғ. Қарлұқ федерациясына қарлұқдеген жалпы атпен көптеген: тукси, шігіл, азкіші, дулу, чоджи, чорук, арғу, барсхан тайпалары кірді. Сонымен қатар оғыз, ұйғыр, жетісулық соғдылар тобы да кірді. Қарлұқ этносаяси бірлестігінде аудан монғолоид нәсілі араласқан европеоид нәсілі басым болды. Қарлұқтардың үлкен бір бөлігі Мәуеренахр жағына кетіп, өзбек халқының қалыптасуына негіз болған.

Оңтүстік Қазақстан территорияда қаңлы, қанғар-печенег (Сырдария даласын мекендеген), арал-каспий бойынан ас және аландарды және Жетісудан батысқа қарай жылжыған қарлұқ, холодж, чагра, чарук тайпаларын біріктірген оғыз мемлекеті (ІХ—ХІ ғғ.) өмір сүрді.

Оғыздар антропологиялық жағынан монғолоид нәсіліне жатты. Оғыздардың үлкен бөлігі Орта Азияға қарай жылжып Қазақстан территориясында құрылған жаңа этно-саяси бірлестік қыпшақ мемлекетінің құрамына енді.

VIII—XI ғғ. Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аудандарында өздерінің ерте феодалдық мемлекеттерін құрған қимақ және қыпшақ тайпалары өмір сүрді. Қимақ саяси бірлестігінің құрамына көшпелі және жартылай көшпелі түрік тайпалары қыпшақ, эймур, имақ, татар, баяндур т.б. кірді. Қимақ мемлекетінің мұрагерлері қимақ бірлестігіндегі ењ ірі тайпа қыпшақтар болды.

Қыпшақ тайпаларының мемлекеттік бірлестігі (ХІ—ХІІ ғғ.) құрамына көптеген түрік тайпаларын біріктіре отырып Ертістен Оралға және Еділден батысқа дейінгі, оңтүстікте Балқаш көлінен оңтүстік—Батыс Сібірдің орманды алқаптарына дейінгі жерді алып жатты. Қыпшақ этносы жақын, туысқандық тегі жағынан емес, аймақтық-шаруашылық байланысы негізінде біріккен көптеген рулар мен тайпалардан тұрды (қимақ, баяндұр, боғут, қаңлы, урох, югур, тоқсаба, өлтүрлі, иет, бұржоғлы, анджоғлы, дұрұт т.б.).

ХІ ғасырдың екінші ширегінде сол кезге дейін жазба деректерде “Оғыздар даласы” аталып келген дала Дешті-Қыпшақ атата бастады. Дешті-Қыпшақтың тарихи-географиялық аумағы Ертістек Днестрге дейінгі аймақты қамтыды... Оны шартты түрде Еділ өзені бойымен екі ірі этноаумаққа: Батыс қыпшақ және Шығыс қыпшақ бірлестіктеріне бөлуге болады.

Шаруашылықтың бірдей түрімен айналысуы, қоғамдық қатынастарының ұқсастығы, тілдерінің түсініктілігі бұл этникалық топтардың бір-бірімен бірыңғай этносқа жататындарын сезікті, қыпшақ атауын қабылдап, бірігіп кетулеріне көмектесті.

Кейінгі жүз жылдықтағы саяси оқиғалар, түрлі соғыстар қыпшақ бірлестігін де ыдыратып, шығыс қыпшақтардың қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ, ноғай халықтарының шығуына негіз болуына алғышарттар жасады.

ХІІІ ғасырдың басында Шығыс және оңтүстік-шығыс Қазақстанға Монғолия мен Алтай жерлерінен Шыңғысхан жаулауынан ығысқан өздерінің саяси мемлекеттік бірлестіктері бар түркі тілдес наймандар мен керейлер келіп орналаса бастады. Кейіннен олар да түркі халықтарының қалыптасуына өз әсерін тигізді.

Сөйтіп ХІІІ ғасырдың басында-ақ Қазақстан жерінде тұрғындардың этникалық жағынан бірігуі басталды. Орта ғасырда Қазақстанда отырықшы, қалалық, көшпелі және далалық мәдениет қалыптасты. Бірақ, тұрғындардың этникалық жағынан бірігуін монғол шапқыншылығы тоқтатты.
Монғол дәуіріндегі этникалық процесстердің ерекшеліктері. Монғол шапқыншылығы мен үстемдігі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан шаруашылығы дамуының экономикалық негізін бұзуы, бұл аудандардың бірігу процессін тежеді, өзара және іргелес жатқан кең-байтақ дала халқымен шаруашылық, этникалық және мәдени байланыстарын тиянақсыздыққа ұшыратты, халқын құлдыққа мәжбүр етті. Жаулап алынған елдердің көшпелі және жартылай көшпелі халқы Шыңғыс ұлдарының ұлыстары құрамына еніп, жергілікті халықтың рулық-тайпалық құрылымы бойынша ондық, жүздік, мыңдықтарға бөлінді, мұның өзі рулық бөлінушілікті ұзақ уақыт сақтап қалуға әсер еткен маңызды фактордың бірі болды. Жошы ұлысы (кейіннен Алтын Орда) Ертіс пен Алтайдан Дунайға дейінгі қыпшақ жерлерін иеленді. Алайда бірте-бірте шаруашылық өмір қалпына келе бастады. Қазақстанның оңтүстігінде қалалар тұрғызыла бастады. Бұрынғы отырықшы мәдени аймақтардағы жер шаруашылықтары қалпына келтірілді, тауар айырбас кеңейді, әр-түрлі облыстар халықтар шаруашылықтары қалпына келе бастады. Бұл рулардың, ру бірлестіктерінің, басқа да этно саяси топтардың өзара қарым қатынасын қамтамасу етті. Бұл процесстер Ақ орда, Әбілхайыр хандығы Ноғай ордасымен Моғолстан мемлекеттерінің пайда болу және нығаю тарихымен байланысты. Осы мемлекеттердің шеңберінде Монғол ұлыстарына қарағанда Шығыс қыпшақ және Жетісу халықтарының саяси, шаруашылық және әлеуметтік дамуы үшін өте ыңғайлы жағдайлар туды, барлық қоғамдық өмір нысандарындағы өзара қарым-қатынаспен өзара әрекеттестік пайда болды.

Рулардың этникалық территориясын саяси түрде біріктіре отырып Алтын Ордамен Шағатай мемлекетіндегі өзара жанжал мен соғыстың нәтижесінде пайда болған кіші ұлыстар мен иеліктер, осы аталған мемлекеттер өзіне кірген рулармен ру бірлестіктеріне территориялық және саяси бірлікті, экономикалық мәдениетті әр аудан халықтарының бейбіт тіршілігін дамыту мүмкіндігін қамтамасыз еткен ең этникалық себептелген мемлекеттік ұйым болып табылды. Рулардың халық болып қалыптасуының маңызды шарты сол шаруашылықтың, шаруашылық байланыстарының дамуы болып табылатындағы белгілі. Нақ осы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы кезінде отырықшы – жер шаруашылығы және қала мәдениеті аралас территориясыменен шаруашылық байланыстары аса қажеттілікпен орнады. Шаруашылық, сондай-ақ, этномәдениетілік, этносаяси тұрғыда халықтардың тұрақты байланысының арқасында біріңғай экономикалық аймақ жасалды. Жақын этностар өкілдерінің сондай-ақ, басқа да этникалық топтардың арасында тұрмыстық қарым-қатынастар орнатыла бастады.



XIV-XVғғ. І жартысында Ақ орда кезеңінде көшпелі өзбектер мемлекетінде Қазақстан территориясында рулардың этникалық құрамы тұрақталады, жергілікті және орын ауыстырған түрік монғол руларының көптеген айырмашылықтары азаяды, әр ру бірлестіктерінің этникалық белгілерінің артықтығы қалыптасады. Бұл мемлекеттер халықтарының құрамы бойынша негізінде полиэтникалық болды. Ақ орда хандығының этникалық құрамы: Әбілхайыр хандығы (көшпелі өзбектер мемлекеті, ноғай ордасы негізінде ұқсас бірдей болды). Онда сол кездегі жазбалардан белгілі өзбек”, қыпшақ, үйсін, қоңырат, керей, маңғыт, арғын, қарлық, қаңлы, найман деген этносаяси терминмен белгілі түрік тілді рулар өмір сүрген. Бұдан басқа бүркіт қият, отаршы, жат, шынбай, кенегес дұрман, қарлауыт, таймас, шабдахлы, мажар, ойрат деген руларды да атайды. Бұл рулардың көбісі қазақтың кіші және орта жүздерінде бар. Ал XV-XVIғ. Орта Азияға өзбек деген ат өтіп кетті. Ноғай ордасында қыпшақ, қаңлы, найман, үйсін, қoңырат рулары, маңғыт, алшын, қытай, тама, ас деген рулармен қатар ноғай халықтығының құрамына кірді.

Бұлардың бәрі түрік және түріктенген рулар мен тайпалар болды.

Орта Азия Қазақстанның түрік халықтарына ортақ және ХІІІ-XIVғ. болған оқиғаларға байланысты осы үлкен территорияда шашылып араласып кеткен тайпалар болды. Бұл халықтар Орта ғасырдың даму дәуірінде бір мезгілде қалыптасты. Бұл қалыптасу оңаша емес, этникалық топтардың тығыз қатынасы мемлекеттік бірлестіктердің саяси байланыстары, халықтардың шаруашылық және мәдени өзара қарым-қатынасы арқасында қалыптасты. Этносаяси даму процессі осы мемлекеттердегі өзбектер, ноғайлар, қарақалпақтар, сібір татарлары, қазақтар үшін белгілі дәрежеде артық болды.
 Қазақ этнонимі. Қазақ түрік сөзі. Оның бастапқы түрі екі к дыбысы. Левшиннің қазақтар туралы (1932) белгілі кітабы шыққан уақыттан бері кейбір ғалымдардың еңбектерінде Фирдаусидің “Шах-наме” Рустам тарауында қазақ халқымен қазақ хандары туралы айтылады мыс деген пайымдаулар тарады. Алайда бұл шындыққа негізделмеген. Данышпан Фирдаусидің өлмес шығармасының мазмұны ориенталистерге жеткілікті мәлім, онда қазақ сөзі туралы еш нәрсе жоқ.

Қазақ сөзі жөніндегі ерте естеліктерді мұсылман жазба ескерткіштерінде ол мүмкін мысырда құрастырылып 1245 қолжазба бойынша белгілі және 1894 Лейденде басып шығарылған, осы анонимдік түрік араб сөздігінде кездестіреміз, оның мәні “үйсіз”, “панасыз”, “кезбе”, “құылған” дегенді білдіреді.

Тарихи әдебиетте қазақ сөзінің шығу туралы әртүрлі түсіндірмелері бар. Олардың бірін түрік етістігі “қаз”, “қазу” деген сөздермен байланыстырады. Ал енді бірі бұл сөзді “қаз”, қазу және “ақ” деген сөздердің этнимологиясынан құрайды. Енді бір зерттеулер қазақ деген сөзді манғолдың көсек-терген деген арбаның түрін білдіретін сөзден шығарады.

Қазақ сөзінің пайда болуы қандай болмасын оның бастапқы мағынасы “еркін” “үйсіз”, “кезбе”, “қашқын” деген болымсыз мәні болған сөзбен байланысты.

Сонымен не саяси мәні, не этникалық мазмұны жоқ “қазақ” сөзі өз халқынан не руынан немесе өз иесінен бөлініп шыққан және көп жағдайды бастан кешіруге мәжбүр, еркін адам дегенді білдірген. Орыс тіліндегі “казак” деген сөзі де осыдан шыққан. Русьте “казактар” деп белгілі бір қызметі және тұрақты тұрғын жері жоқ адамдарды, еркін адамдарды, сондаяқ еркін жалданушы батрактарды айтқан. “Казак” сөзі XIVғ. аяғ. Русьтің солтүстігінде тіркелген болса да алайда орыс казактарының бастапқы отанын тарихшылар қыпшақ даласымен араласып жатқан, осы еркіндікке әскери қоғамдық сипат беретін Русьтің оңтүстік жағын айтады.



Басқаша айтсақ “қазақ” терминінің бастапқы мәні-әлеуметтік бұл жағдай жәй күйі бір тұлғаның мәртебесі. Сонымен өзінің қылышыменен өзін асырап жүріп, әр жерде кезіп жүрген. Ол “қазақ”. Алыс жолға жалғыз қиындыққа қарсы жүретін адам. Ол – қазақ. Бабырдың айтуынша “жаудың үйір жылқысын ерлікпен әкетуші жігіт. Ол да – қазақ. Белгілі бір уақыт қазақтың өмір салтын ұстаушы адамдар – ол мейлі қажеттілік немесе өз еркімен болса да. Ондай адамдар аз болған жоқ. Бұған сол кездегі күнделікті тіршілік жағдайы себеп болады. Былайша айтқанда “Тарихи Рашидидің” авторы Бабырдың айтуынша сол уақыттың түсінігі бойынша әрбір ер адам өзінің жастық кезін бір қатар уақытта жалғыздықта, шөлейтте, тауда, немесе тоғайда, өзінің тұрғылықты жерден бір немесе екі айлық ара қашықтықта құстың етін жеп, аңның терісін киіп өткізуі мақтаныш болып есептелетін.

Мейлі түрік, не парсы, қатардағы көшпелі малшы, немесе он атадан хан-ханзада да кез келген адам қазақ бола алатын. Мыс: Тоқтамыс ханның үлкен ұлы Жалел-ад-Дин “көшпелі” өзбектер мемлекетінің негізін қалаушы”, Шайбанит Абул-хайыр оның немересі Мұхамед Шайбани, Шағатай Уайс пен Саид бірқатар уақыт қазақтар болған. Темір ұрпақтары, ішінде қылышты еркін меңгерген Сұлтан Хусаин де көп айлар казактықта өткізген. Өзінің атақты “жазбаларында” Бабыр өзінің қазақтық кезінде Масча таулы елінен сұлтан Махмұд ханға сапар шегуі жөнінде еске түсіреді. Бұл жерде мынаны айтқан жөн қазақ болған адам бұл ниетінен қайтып, өзінің бұрынғы жағдайына, өзінің қоғамына қайтып келуі мүмкін, бұны осы жоғарыда аталған, сол кездегі жоғарғы дәрежедегі қазақтар да істеді. Сұлтан Хусаин мен Сұлтан Саид кейін өз елінің билеушілері болды: Мухамед Шаибанимен Захир-ад-Дин Бабыр әр қайсысы жаңа мемлекет құрды.

Сонымен сол ежелгі уақытта қазақ болып қалыптасты. Қазақтардың өмір тіршілігін белгілеу үшін мұсылмандардың сөздерінде қазақылық деген зат есім құрылды. Қазақтық кезіндегі түсінік әдетте: қазақылы қтарда (түркі тілдерінде) дар-аями и казак, мудатти казак иран тілдес сөздерде деп белгіледі.

Қазақтың өмір сүру тіршілігі қарапайым болғаны белгілі. Осыдан қазақ және яғни қазақша “қарапайым” түріктің сөзінен шығып парсының казакане “ане” деген жалғау қосылып жазылған. Мыс: осы сирек сөздің ортағасырдағы мәтіндерде қолдануының мысалы Шағатай сұлтан Ахмад нағыз дала ұлы болды. Ол да қатаң өмір тіршілік етті. Бабыр Сұлтан Ахмадты 1502ж. танбала әмірге қарсы жорық кезіндегі үй жайын сипаттайды, былайша: “Сұлтан Ахмад жер шалғайында өмір сүргендіктен оның шатыры мен тұратын жағдайы қарапайым қазақша болатын. Қауындар, жүзім, ат әбзілдері барлығы осы шатырда жататын, ол осылайша өмір сүрді. (Бабыр-нама с 133: бабыр-нама факсимиле 1861).

Қазақ әр қашан жалғыз “Қазақшылаған” жоқ. Еркін қазақтың ерекше өмірін сұраған адам қазақдаштанып кетеді. Қазақдаш сөзі мынаны түсіндіреді: юлдаш – “серік”, аркадаш “дос”, аул-дат “жерлес”, ватандаш – “құрдас” орта ғасыр мұсылман авторлары.

Мұндай коллективтер әр уақытта, әр жерде, әртүрлі себептерге байланысты туды. Өз уақытында XVғ. тарихшысы Абд ар-Раззак Самарканд, “қазақ болып кеткен өзбек әскерлерінің біразы Мазандеранға келіп, онда ұрлық істеп қайта артқа кетті. Кейде “қазақ қоғамы” престолға қарсыластарынан қашып құтылғандармен, оларға берілген жақтастарынан тұрды, олар қала мен ауылдан шетте, ойын-сауық іздеушілер. Қазақ сөзі тағы мемлекеттен алыс тек соғыс кезінде бірігіп тұратын көшпенділер тобына да қолданады. Міне Абылхайыр ханның мемлекеттерінің көшпенділері мынадай коллектив болды, оған қарсы шығып, 1459ж. оның үстемдігінен кеткен, басына Ұрыс хан тұқымы Кереймен Жәнібекті қойып, басқа жерден бақыт іздеген. Өзбек ұлысының біраз адамы біраз уақыт Жетісу маңын мекендеп, “өзбек-қазақтар” деген атқа ие болады.

Қос ат бізді таңдатпауы, ұялтпауы керек. Біздің қарап отырған дәуірде, қазақ сөзі бөлек халыққа, этникалық, саяси және т.б. топтарѓа және біз білетіннен де көп жеке адам атына да қойылады..... могол қазақтары, дешті-қазақтары, чу-тур қазақтары (кавказда), тағы да “Әмір Тањбала қазақтары”, “біздің қазақтар” (Бабур сөзі), “шибан-қазақтары” және т.б. яғни қос терминді Мұхаммед Хайдар өзінің оқушыларына Керей мен Жәнібек және оның ұрпақтары шынымен Өзбек ұлыснан шыққан деп ескертеді. Сонымен өзбек тектес қазақтар Кереймен Жәнібек: ол Өзбек ұлысынан қашқандардан құралған, бұл өзбек-қазақтар деген алғашқы мағынадан алған. Көрші Моғолыстанның батыс аймақтарындағы “өзбекеш-қазақтар” бойынша: олар өз жерінен бостандық үшін қашқандармен байланысты. Бұдан мынадай сұрақ туады көшпенді Керей мен Жәнібек қазақ халқының этногенезінде қандай роль атқарады? Өзбек ұлысының көшпенді Керей мен Жәнібегі Жетісуда қазақ халқының этногенезінде шешуші роль атқарды. Тек халықтың құрылуын, тек оның атына ғана емес, яғни 1945ж. көшу, қазақ халқының пайда болуын айқындады, оның құрылыс процесін тездетті. Осы процестің өтпелі суреттемесі “өзбек-казах” терминімен айқындалады. Осыған байланысты мынаны айтуға болады, қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы – бұл бөліну процесі, бір факторға байланысты белгілі тайпа тобының жекеленуі, өзінің полиэтникалық ерекшеліктеріне қарап, конгломерат, руынан, тайпа мен халық құраушылар; Өзінің әртүрлі даму этапында тұрған XVғ. ІІ жартысының басындағы Шығыс Дешті-қыпшақ тұрғындары қандай болды: Әбілхайыр хан мемлекеті, Ноғай ордасы мен басқа саяси құрылыстар?. Бұл енді бөлінген тайпа немесе тайпа бірлестігі емес. Бұл құрама халық арасында көршілерге белгілі болған өзбек деген атпен әлдеқашан бірнеше халықтардың нығаю процесі жүріп жатқан, кейіннен казақ деген атпен алады. Басқа сөзбен айтқанда, Әбілхайыр ханның саясатана наразы, бірақ румен Дешті-қыпшақтағы Ұрыс хан тұқымдарының халқы қосылған руымен тайпа қосылысы Жетісуда қоныстанып, өзбек ұлысынан белінгендер.

Бір сөзбен айтқанда 1459ж. көшу қазақ халқының құрылуының басы не аяғы емес . Бірақ бұл көп процестің ішіндегі басты кезең: 1459ж. Жетісу жерінде халықтың бірігуінде тарихи кездесу болды. Яғни Керей мен Жәнібектің көшуі – қазақ сөзінің тарихтағы бастамасы.

Шыныменде. Міне Ұрыс ханның ұрпақтары өздерінің ұлыстарымен Батыс Жетісуды мекендеді. Дұрыс айтқанда сол оқиғалардан кейін Қазақстан тарихының жаңа белестері ашылады. Көршілес тұрған Әбілхайыр ханның үлкен топтары, бұрынғы қарамағындағылар көшпелі өзбектерге соғыс тұғызды, бұл 1468ж. ханның өліміне байланысты тоқтайды. Әбілхайыр өлген соң Керей мен Жәнібектің қоластындағыларға өзбек ұлысына қайтуына жол ашылды, келіп өздерінің қарсыластарын қуып, жоғарғы билікті қолдарына алады. Өзбек ұлысының ғулетін Шыңғыстың басқа тұхымының ауыстыруы “өзбек-қазақ”экономикалық және әлеуметтік құрлысына ең өзгеріс әкелмеді. Одан кейін көп өзбектердің басына өзбек ұлысынан отырды. Буған бұрынғы Ишбан ұрпақтарынан бақталастар туды.

Бұрын Өзбек ұлысындағы рулар бір сөзбен өзбектер деп аталса, енді олар: өзбектер (Ишбаниттер), қазақтар (қазақтар) және манғыттар (ноғайлар) деп аталды. Ал Дешті-қыпшақтағы сарай тарихшыларының бірі Ибн Рузбихан бұл этносаяси жаѓдайды былай суреттейді. “3 тайпа өзбекке жатады. Олардың бірі – ишбаниттар және осылар басшы болған. 2 ші тайпа қазақ, дүние де даңқымен, қайратымен, қорықпас-қайсарлығымен танылған, 3ші маңғыттар астрахан хандары. Өзбектердің жерлері теңізбен шектес, ал басқасы – Түркістанмен, 3-ші Дербентпен, 4-ші – Хорезммен, 5-ші – Астрабадпен. Осы жердің бәрі көшпелі өзбектердің, жаздық және қыстық қоныстары болды. (“Ибн-Рузбихан. пер., с.62).

 


ХІII -тақырып.
XV ғғ. Қазақ хандығы.
(2 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:


  1. Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттары.

  2. Әбілқайыр хандығының әлсіреуі. Жәнібек пен керей хан ұлысы адамдарының Жетісуға көшіп келуі.

  3. Қазақ мемлекетінің құрылуы.

  4. Жетісудағы қазақ хандары билігінің орнауы.

  5. Мұрындық хан.

  6. Сыр бойындағы қалалар үшін күрес.


Пайдаланатын әдебиеттер:


  1. Әбілғазы. Түрік шежіресі. - А., 1991.

  2. Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. - А., 1997.

  3. Құрбанғали Халид. Тауарих хамса /Бес тарих/. - А., 1992.

  4. Мухаммед Хайдар Мырза. Тарихи Рашиди. - Ташкент, 1996.

  5. Мухаммед Хайдар Мирза Дулати. Тарихи Рашиди. Мына кіт.: "Материалы по истории казахских ханств ХV-ХVІІІ веков".

- А., 1969. (бұдан былай-МИКХ).

  1. Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса. - М., 1983.

  2. Карибаев Б.Б. Қазақ хандығының күрылуы. //Қазақ тарихы. 1995. № 4-5

  3. Қазақстан тарихы. 5томдық 1,2 т. - А., 1996, 1998.

  4. Құдайбердиев Ш. Қазақ, қырғыз, түрік һәм хандар шежіресі. - А., 1990.


Тірек ұғымдары: Қазақ хандығы құрылуы жөніндегі жазба деректер, тарихи аңыз-әңгімелер. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары. XV ғ. ортасындағы Әбілқайыр Ұлысы және оның Моғолстанмен ара-қатынасы. Керей мен Жәнібек хандардың Шу бойына көшіп келуі. Қазақ хандығының құрылуы, оның күшейе бастауы. Есен-Бұғы ханның қайтыс болуы. Жүніс хан. Әбілқайыр ханның Қазақ хандығына жорығы (1469 ж.). Қазақ хандығының Дешті Қыпшақ үшін күресі. Жәнібек хан. Дешті Қыпшақта Қазақ хандары билігінің орнауы. Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы.

Сыр бойы. Тарихи-географиялық сипаттама. Сыр бойы - дәстүрлі өркениет ошағы. Сыр бойы қалаларының қазақ қоғамының саяси-әкімшілік, экономикалық, әскери-стратегиялық және діни-мәдени өміріндегі орны. Сыр бойының қысқы жайылым мен қыстау ретіндегі маңызы. Қазақ хандығының Сыр бойы үшін күресінің басталуы, оның кезеңдері. Бұрындық хан (1480-1511). XV ғ. 90-шы жж. шиеленісті жағдайлар және 1495/96 жж. келісімдер.


Қазақ мемлекетігінің құрылуы. Хандық билік түрінде өмірге келген қазақ мемлекеттігінің құрылуының негізінде, әрине, қазақ ұлысының қалыптасу процесі жатты. Жоғарыда айтылған Керей хан мен Жәнібек сұлтан бастаған жұрттың Әбілқайыр хан билеген өзбек ұлысынан бөлек көшіп, Шу бойына келуі, жүріп жатқан терең тамырлы этносаяси процестің сыртқы көрінісі ғана болатын. Сондай-ақ бұл көне жаңа мемлекеттік құрылымның өмірге келуіне ғана емес, сонымен бірге бұдан бұрынғы ғасырларда басталып, енді біржола аяқталуға бет алған ұлттық ұю процесін де тездете түскен оқиға, кезең болды.

Шамамен Хиджраның 870 жылы, яғни 1465—1466 жыл қазақ мемлекеттігің құрылған мезгілі ретінде қабылданған. Мұхаммед Хайдар бұл тарихи оқиғаны Жошы ұрпағы Керей хан мен Жәнібек сұлтан бастаған жұрттың Әбілқайыр ұлысынан бөліке көшіп, сол кезде Мағұлстанға қараған Шу бойындағы Қозыбашы атты мекенге келіп дербес хандықтың шаңырағын көтерулерімен байланыстырады. Бұл әрине көздейсоқ оқиға емес-тін. Деректік материалдар Әбілқайыр ұлысынан біраз жұрттың жаңадан өмірге келген хандыққа бет бұрып, жарыла көшуі бір емес, бірнеше мәрте қайталанғандығын білдіреді. Демек, Керей хан мен Жәнібек сұлтан бастаған жұрттың Өзбек ұлысынан бөліне көшуіне себепші болған негізгі жағдай — халықтың қалың арасындағы ықпалды билеуші топтарының ішінде саналы әрі мақсатты түрде мемлекеттік құрылымды көздеген әрекеттің орын алғандығы. Өкінішке орай, хандар мен сұлтандардың қызметін қырағы бақылай отырған ортағасырлық деректер қара халықтың терең ортасынан бастау алған белсенді әрекеттерге самарқау қараған. Сондықтан да болу керек тарихи маңызы бар істерге келгенде қара халықтың шешуші қызметі мен рөлі қалтарыста қала береді, халық үнсіз тобырдың орнында жүреді.

Басқаша айтқанда, кезінде XIVғ. соңына қарай Жетісуда біраз уақыт патшалық құрған Ұрыс Ханның ұрпағы Жәнібек пен Керей сұлтандардың XVғ.екінші жартысында мұнда қайта оралып жаңа хандықтың негізін қалауы, әрине тіптен де кездейсоң құбылыс емес. Жәнібек пен Керей сұлтандарға Ұрыс хан “атасының ұлысын” жаңғырту жөніндегі ұсыныстың жергілікті халықтың билеуші топтары тарапынан да түскендігі анық. Ал Ұрыс хан болса, тарихшы Қадырғали бидің айтуына қарағанда, Алтын Орда тарихында аласапыран кезеңі басталғанда (XIVғ. 60-70жж.) өз әскерімен Жетісуға келіп хандық құрады. Оның ұлы Құйыршық сұлтан да әкесінің ұлысын билейді. Ал бұл оқиғалар қазақ хандығы шаңырақ көтерген тұста “өмірде кеше ғана болып өткен істер” еді.

Сонымен, Шыңғыс хан Әулеті билеген ортағасырлық кеңістікте кең қолданыста болған “әке ұлысы”, “ата ұлысы” деген ұғымдар қалыптасып, артынша ыдырай жатқан мемлекеттік құрылымдарды мұраға иемденушіліктің өзіндік бір көрінісі болатын.

Сондай-ақ XIV—XVI ғасырларда ортаазиялық кеңістікте ру-тайпааралық сапырылыс, аралсумен бір мезгілде пәрменді жүріп жатқан ұлттық екшелеу және қалыптасу процестеріне “ата ұлысы” бейімделген аса қолайлы идеологиялық және саяси фактор есебінде ешқандай кедергі жасаған жоқ.

Жергілікті билеуші топтардың төре тұқымына Жетісу жерінде мемлекеттік дәстүрді қайта жандандыру жөнінде ұсыныспен қайрылуына негіз жетерлік еді. Солардың негізгісі, әрине, Жетісуға көрші жоңғар қалмақтары тарапынан төнген қауіп болатын.

XVғ. орта тұсына қарай бүкіл батыс мағұлдарды (ойраттарды) мемлекеттік шеңберде біріктірген Тоған тайшаның ұлы Есен тайша шығысындағы Мин империясы әскерімен болған шайқаста жеңіске жетіп, император Чжу Цисженді тұтқындайды. Бұл жеңістен соң қанаттанған Есен тайша енді құнарлы Жетісу өңіріне көз сала бастайды.

1452ж. Есен тайшаның қолдары Моғолстанға басып кіріп, сонан соң Жетісуға еніп, одан ары оңтүстікке бет алып Сыр бойы өңірін, Түркістан, Ташкент. Отырар сияқты орталықтарды тонап, Сығанаққа жақын Көк Кесене атты жерде Әбілқайыр ханның әскерімен кездесіп, оны талқандай жеңеді. Қалмақтардың бұл жорығы 1455 жылы Есен тайшы өлгеннен соң аяқталады.

Қуатты қалмақ мемлекетінің өмірге келуі бұл кездегі Мағұлстан билеушісі Исабұғы ханды, көрші қырғыз жұртын, Алаш елі мен оның билеушілерін де терең ойға батырғандығы анық. Сондықтан да Исабұғы ханның жергілікті қазақ жұртының басшыларына, Керей мен Жәнібек сұлтандарға қызу қолдау көрсетіп Шу бойындағы Қозыбашыда қазақ хандығының шаңырағын көтеруге ықылас білдіруін қалмақтар тарапынан төнген қауіпке тосқауыл қою қажеттігінен туған шара есебінде қарауға толық негіз бар. Бұдан былайғы кезеңдегі тарихи оқиғалар бұл шешімнің әбден орынды қабылданғандығын көрсетті. Қазақ хандығы XVI—XVIII ғасырларда мағұл хандығы ортаазиялық кеңістікте ыдырай жоқ болғаннан кейінгі кезеңде тұрақтылыққа, сондай-ақ түрлі мүделер арасындағы ара салмақты теңестіруге қажет саяси күшке айналды.

Қазақ елінің тарихына қатысты ішкі және сыртқы дерек көздерімен жақсы таныс болған тарихшы Қадырғали би Қосымұлының көрсетуіне қарағанда қазақ елі өмірге тайпалар одағы ретінде келген, ал бұл одақтың бастапқы аты “Алаш мыңы” қалыптасқан мезгілі шамамен ХІІІғ. орта тұсы — XVIғ. бас кезі. Бұл Орталық Азиядағы көне түркі және мағұл елдері арасында ерте кезеңдерден орныққан ру-тайпа аралық дәстүрлі қатынасқа сүйенген бұл одақтың құрамында кейіннен, яғни уақыт өте қазақ ұлтының негізін құраған үйсін, қаңлы, дулат, арғын, найман, қыпшақ, керей, алшын сияқты ірі ортағасырлық тайпалардың бөліктері болғандығы күмән тудырмайды. Өйткені Әбілқайыр хан ұлысы, яғни Өзбекия (XVғ. алғашқы жартысы) құрамында болған Алаш мыңы үш сан, басқаша айтқанда үш жүз ұлы, орта, кіші жұрттан тұрды. Үш жүзге бөлудің негізінде мағұлдар империясы кезіндегі қатал әскери өмірге, қажеттілікке бейімделумен қатар, одан да бұрын тамыр жайған ру-тайпалық қауымдастықтың ішкі өмірін оның әрбір мүшесіне тиесілі орынын анықтау арқылы реттеу дәстүрлі жатты.

Қазақ тарихына қатысты аса құнды деректерді айналымға қосқан тарихшы Мұхаммед Хандар “қазақ” есімін белгілі бір себептерге байланысты көрші елдердің бергендігін білдіріп, ал оның орныққан мезгілі ретінде XVғ. орта тұсын атайды.

Сонымен “Алаш мыңы”, “Алаш” ХІІІғ. екінші жартысынан бері келе жатқан халықтың бастапқы ішкі өз аты, ал “қазақ” шамамен XVғ. орта тұсында оған Өзбек ұлысындағы көршілері берген есім. Алаш мыңы осы аталған мерзімде қалыптасқан қазақ ұлты мен оның мемлекеттігінің ұйытқы элементі болды.

Сонымен біздің көз алдымызға қазақ хылқының қалыптасу кезеңдегін жетерліктей айғақтайтын екі кезеңнің сұлбасы келеді. 1) XVғ. алғашқы жартысы — Әбілқайыр хан ұлысы (Өзбекия) құрамындағы үш сан жұрттан тұратын Алаш мыңы одағы; 2) XVIғ. екінші он жылдығы — көрші мемлекеттер дербес ел ретінде мойындаған Қасым хан билігіндегі үш жүзден тұратын қазақ ұлты. Яғни, бұл арада қазақ ұлтының қалыптасу процесінің аяқталуы қазақ мемлекеттігінің құрылуымен тұс келіп, бұл екі процесс өзара үйлесімділік тауып, бірін-бірі толықтырды.

 Қазақ мемлекетігінің нығаюы. Дербес қазақ хандығының өмірге келуі Өзбек ұлысының ханы Әбілқайырға жайсыздық туғызып, бөліне көшкен сұлтандарды жазалау үшін 1468 жылы Жетісуға жорыққа аттанған хан кенеттен жолда өз ажалынан қазаға ұшырайды. Әбілқайыр қазасынан соң Өзбек ұлысында берекесіздік етек алады. Билік үшін тынымсыз талас бұл кездегі жалпы ортаазиялық кеңістіктегі мемлекеттерге тән құбылыс-тын. Бұл жағдай жаңа ғана өмірге келген мемлекеттің нығаюына қолайлы жағдай туғызған еді.

Өзбек ұлысындағы дағдарыс Керей хан мен Жәнібек сұлтанға 1468 жылдан кейінгі уақытта стратегиялық тұрғыдан аса маңызды аймақ Сырдың орта ағысындағы қалалар, Түркістан үшін күрес жүргізуге мүмкіндік береді. 1470ж. бастап Сыр өңірінде қазақ қолдары көріне бастайды. Осы кезден бастап XVIғ. екінші он жылдығына шейінгі мезгілде бұл өңір үшін күрес қазақ хандары қызметінің негізгі мазмұнына айналды. Сыр өңірі және Қаратау етегіндегі қалалар үшін табанды күрес жүргізудің мынадай себептері бар еді.

Орта Сыр өңірі қалалары ерте кезеңдерден дәстүрлі экономикалық, саяси және рухани орталық міндетін атқарып келді. Ал Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығы кезеңінде көшпелі мал шаруашылығы аудандары мен отырықшы егіншілік оазистерін жалғастырып жатқан бұл өңірдің стратегиялық маңызы арта түспесе кеміген жоқ. Сондықтан да қазақ хандарының қазақ мемлекеттігінің болашағын Түркістан мен оған таяу орналасқан Отырар, Сығанақ, Сауран, Сайрам, Созақ сияқты қалалармен байланыстыруы толық негізді шешім еді.

 Мұрындық хан. Жас Қазақ хандығы өзінің құрылғанынан бастап барлық қазақ тайпаларын біріктіру мен Сырдария маңы қалалары үшін күрес жүргізді. Мұса мырзаның өлімінен соң ноғайлықтардың бір бөлігі Қазақ хандығына қосылды да оның аумағы батыста Еділге дейін жетті.

Керей өлген соң 1474 жылы оның ұлы Мұрындық хан болды (1474-1511). Оның билігі тұсында мемлекеттік билікті орталықтандыру, хандықтың Қазақстанның батыс және оңтүстік аудандарында позициясын нығайту жолында едәуір шаралар жүргізілді.

80 жылдардың басынан Мұхаммед Шайбанимен сырдария жағалауы қалалары үшін күрестің жаңа кезеңі басталды. Ферғана мен Сырдарияның орта ағысын иемденуге ұмтылған моғол хандарының араласуымен бұл күрес тіпті шиеленісіп кетті. 1482-1485 жылдары Ж‰ніс хан Сайрам мен Ташкентке ие болып, Мұрындық Мұхаммед Шайбани иеліктеріне таяу келді. Соңғыға аз уақытқа Сығанақты иеленудің сәті келді. Қазақтар Отырарды, Түркістанды, Арқұқты қоршап, Шайбаниді бұл жолы Хорезмге қашуға мәжбүр етті. Сайрам мен Ташкентте билік еткен Моғол ханы Сұлтан Махмұд Түркістанда өзінің ықпалын кеңейтуге тырысты және осы мақсатпен 90 жылдардың басында Мұхаммед Шайбаниді одақтасы ретінде қолдап, Отырарды бағындырды. Бұл стратегиялық қатынаста маңызды қаланы иеленген Шайбани Сауран мен Түркістанды басып алды. Сауранда Мұхаммедтің бауыры Махмұд сұлтан отырғызылды.

Моғолдардың өзбектермен одақтасуына алаңдаған қазақ сұлтандары әскерлерін Сырдария алқабына тағы қозғады. Екі рет болған шайқаста моғолдар талқандалды, ал Сауран тұрғындары өзбек гарнизонына қарсы көтеріліс жасап, Махмұд сұлтанды серіктерімен қазақтарға ұстап берді. Мұрындық хан Отырарды бағындырғысы келгенімен, оның сәті түспеді, Отырар Түркістан сияқты Шайбанидың қолында қалды. Сонымен XV ғасырдың соңына таман Сырдария алқабы үш мемлекеттің – Өзбек, Қазақ және Моғол арасында бөлінді.

Қазақ хандары мен Әбілқайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани хан арасындағы Сыр бойы қалалары үшін күрес XVғ. 80-90-шы жылдары ымырасыз және тынымсыз соғыс жағдайында өтті. Бұл талас нәтижесіне әмір Темір мұрагерлері мен Мағұлстан хандары да мүдделілік танытып, ауық-ауық араласып отырды. Дегенмен, қазақ ханы Мұрындықтың (1474—1511ж. билік құрған) бұл соғысты XVғ. соңына қарай жеңіспен аяқтау мүмкіндігі болған жоқ. Тынымсыз күрес нәтижесінде шайбанилар Отырар, Ясы (Түркістан), Арқұқ және Өзгеннен әмір Темір мұрагерлерін ығыстырады. Кезінде Сырдың сол жақ бетіндегі Арқұқ, Өзгеннен басқа Сығанақ, Созақ және Аққорғанды (1446ж.) Әбілқайыр ханның уақытша иемденгені болмаса, өзге қалаларды Мұхаммед Шайбанидың ата мұрасы санауға ешқандай да негізі жоқ-тын. Ал Ташкент пен Сайрамда бұл кезде Мағұлстан ханы Сұлтан Махмұд билік құрды.

Қазақ хандары Сығанақты, Сауранмен қоса Түркістанның солтүстік жақ бетін, Қаратаудың Созақ және басқа елді мекендерімен бірге солтүстік және оңтүстік беткейін, Сырдария төменгі ағысы өңіріп, Арал жағалауын иемденді.

XVғ. соңғы он жылдықтарында шайбанилар мен қазақ хандары арасындағы күрес Түркістан мен Қаратау өңірі қалалары үшін жүргендей көрінгенімен, шын мәнінде бұл күрес белгілі дәрежеде Орталық және Оңтүстік Қазақстан далалы аймақтарын мекендеген халықтарды да өз биліктеріне қарату үшін болған талас еді. Сондықтан да Жетісу, Түркістанның солтүстік бөлігін, Қаратау мен Сырдың төменгі ағысы өңірлерін билеген қазақ хандары, осы аймақтарға жалғасып жатқан дала халқын да біртіндеп өзіне қарата бастайды. Мұхаммед Шайбани болса бұл мезгілде Түркістанның тек оңтүстік бөлігін ғана иемденіп, одан ары ұзап шыға алған жоқ.

Соынмен, XVғ. соңы алғашқы қазақ хандарының қазақ мемлекеттігін нығайта түсуге тікелей қатысы бар маңызды шараларды атқарған тарихи кезең болды. Мұхаммед Шайбани хан атасы Әбілқайыр ұлысын енді қайтып сол бұрынғы аумағында қалпына келтіре алған жоқ. Дегенмен, бұл тарихи мезгіл қазақ хандығының нығая түсуінің алғашқы кезеңі ғана еді. XVIғ. бас кезінде Мауреннахрды әмір Темір мұрагерлерінен тартып алған Мұхаммед Шайбани ханмен күрес жаңа қарқын алды. Тура осы мезгілде Шығыс Түркістанды (Қашғария) билеген Мағұл хандары бірнеше мәрте қазақ хандарынан Жетісуды тартып алу әрекетін жасап көрді. Қайткенде де Сыр бойы қалаларына орнығу міндетін алдына қойған Мұрындық хан Жетісу, Орталық және Оңтүстік соңынан біртіндеп Батыс Қазақстан өңіріндегі көшпелі ру-тайпаларды хандық билігінің төңірегіне жұмылдыра білді.

XVIғ. алғашқы он жылдығы қазақ хандығы үшін Мұхаммед Шайбани хан қолдарының тегеурінді шабуылына топтарыс беру жағдайында өтті.
ХІV -тақырып.
XVІ ғғ. І-ші жартысындағы Қазақ мемлекеті.
(2 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:


  1. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы.Хандықтың өрлеуі.Жер аумағының кеңеюі.

  2. XVI ғ. ІІ ширегіндегі қазақ әміршілері. Ішкі саяси оқиғалар.

  3. XVI ғ. 30-50 жж. Қазақтар, моғолдар және қалмақтар.

  4. Қасым ханның Мұхаммед Шайбанимен күресіндегі жеңісі және оның ішкі, сыртқы саясаты.


Пайдаланатын әдебиеттер:


  1. Әбілғазы. Түрік шежіресі. - А., 1991.

  2. Елеуұлы М. Шу өңірі: аңыз бен тарих //ҚазМУ хабаршысы. Тарих сериясы. № 3. - А., 1996.

  3. Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. - А., 1997.

  4. Құрбанғали Халид. Тауарих хамса /Бес тарих/. - А., 1992.

  5. Мухаммед Хайдар Мырза. Тарихи Рашиди. - Ташкент, 1996.

  6. Мухаммед Хайдар Мирза Дулати. Тарихи Рашиди. Мына кіт.: "Материалы по истории казахских ханств ХV-ХVІІІ веков".

- А., 1969. (бұдан былай-МИКХ).

  1. Карибаев Б.Б. Қазақ хандығының күрылуы. //Қазақ тарихы. 1995. № 4-5

  2. Қазақстан тарихы. 5томдық 1,2 т. - А., 1996, 1998.

  3. Құдайбердиев Ш. Қазақ, қырғыз, түрік һәм хандар шежіресі. - А., 1990.



Тірек ұғымдары: Қасым ханның Сыр бойы үшін жүрген күреске қатысуы. Қасым хан (1511-1518) және XV ғ. соңы - XVI ғ. басындағы Қазақ хандығының, ішкі саяси жағдайы. Шайбани ханға қарсы күрес. Қасым хан тұсында Сыр бойы мен Жетісудың Қазақ хандығына өтуі, оның маңызы. XVI ғ. басындағы Моғол және Мауреннахр билеушілерімен арадағы қатынас. Еділ мен Жайық аралығының Қазақ хандығына өтуі. Қасым ханның билігі тұсындағы Қазақ хандығының нығаюы. Қасым ханның "Қасқа жолы". Оның қызметі туралы тарихи мәліметтерҚазақ хандығының Қасым хан билігінен кейінгі саяси жағдайы. Мамаш хан (1518-1523). Тахир хан билігі (1523-1533). Хандықтың ішкі және сыртқы саяси жағдайы. Буйдаш хан (1533-1534). Мауреннахр және Моғолстанмен ара-қатынасы. Моғолстан ханы Абд ар-Рашид әскерінің 1537 жылғы Қазақ хандығына жорығы. Буйдаш хан әскерінің жеңіліске ұшырауы. Хақназар хан (1538-1580). Қазақ хандығының қайта өрлеуі. Мауреннахрмен және Ноғай ордасымен арадағы қатынас. Орыс патшалығымен байланыстың қалыптаса бастауы. Хақназар ханның өлімі.

Шығай ханның (1580-1582) билігі. Билікке Тәуекел ханның (1586-1598) келуі. Мауреннахр билеушісі Абдулла ІІ-мен қатынасы. Сібір хандығымен байланысы. Қазақ елшілігінің Москваға баруы (1594). Оның мақсаты. Тәуекел ханның 1598 ж. Мауреннахрға жорығы, оның қорытындылары.



Мақсаты: Қасым хан, Есім хан ел басқарған кезіндегі қазақ хандығының өрлеу тенденциясын көрсету.
Қасым хан

  • Шекарасы



 

XVI ғасыр басындағы Қазақ хандығының нығаюы Қасым ханның есімімен тығыз байланысты. Деректердің хабарлауынша, “Қазақ хандары мен сұлтандары арасында Қасым хан сияқты ешкім сондай құдіретті болған жоқ және Мұрындық туралы ешкім ойламады да”. Мұрындық хан тұсында-ақ Қазақ хандығында барлық билік тұтасымен Қасымның қолында болды. 1519 жылы Мұхаммед Шайбанидің қазақ даласына шабуылы кезінде Қасым ханның қоластында 200 мың жауынгер болды. “Тарих-и рашидиде” өте қызғылықты мағлұмат бар: “Қасым ханның әмірлерінің бірі Бойын Мір Хасан Шайбанидің басып кіргенін естіп, өз адамдарын жинап, бұл тобырлы жиынға қарсы тұрды және де Қасым хан келе жатыр деген қауесет таратып, өзі осы қауесетті растау үшін алыстан бой көрсетті. Өздерінің алдарында Қасым ханның өзі екендігіне шүбәсіз сенген Шахибек ханның (Шайбани) әскері өздері тартып алған және өздерімен ала келгендерінің бәрін тастап, байбалам мен абыржуда Шахибек ханға оралып, Қасым ханның жақындағаны туралы хабар жеткізді. Бір сәт Шахибек хан шегіну дабылын қақтырып ешкімді күтпей қозғалды, үлгергені кетті, қалғаны қалды. Қыс соңында олар Самарқанға жетті”.

XVI ғасырдың екінші онжылдығының басында Қасымның жеңісімен аяқталған Мұрындық пен Қасымның арасында билік үшін күрес жүрді. 1511 жылы беделден айырылған Мұрындық қуылды да, Қасым хан билігіне толық ие болды. Осы мезгілден бастап жоғарғы билік ұзақ уақытқа Жәнібек ханның ұрпағына өтті.

XVI ғасырдың алғашқы он жылдығы Мауреннахр билеушісі Мұхаммед Шайбанимен шиеленіскен күрес кезеңі болды. Мауреннахр билеушісінің 1503-1504, 1505-1506, 1509-1510 жылдары қазақ жеріне жасаған жорықтары ол қалағандай нәтиже бермей, әр кез оңтүстікке шегінуіне тура келді. 1510 жылдың соңында Мұхаммед Шайбани хан Иран шахымен болған шайқаста қаза тапты. Қасым хан осы сәтті пайдалануға ұмтылды. 1513 жылы қазақ қолы Сайрамға таянды. Қала билеушісі Қатта бек Қасым хан жағына шығып, қаланы соғыссыз берді. Қасым хан Ташкентті де иеленуге тырысты, алайда өзбектермен болған шайқаста жараланып, кері шегінуге мәжбүр болды. Осылайша сырдария өңіріндегі қалалар қазақтарға түпкілікті бекітілді.

Қасым ханның моғол билеушілерімен қарым-қатынасы сәтті орайласты. Моғолстанның негізі аудандары болған Жетісу мен Тянь-Шань маңы Қазақ хандығының құрамына кіргендіктенде, моғол билеушілері бұл жерлерден айырылған еді. Моғол хандары негізінен Оңтүстік-батыс Моғолстанда ғана билігін жүргізіп, қазақ хандарымен одақтасуға мүдделі болды. Бұл кезде Қазақ хандығының батыстағы аумағы да кеңейе түсті. Батыстағы маңғыт жұртында билік үшін өзара күрес жүріп, ауыр дағдарысты бастан кешіруде еді. Маңғыт жұртының біраз бөлігі өз ішіндегі берекесіздіктен қашып қазақ хандығына келіп паналады.

Сонымен XVI ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан қазақ даласының басым бөлігіне билігін орнатты. Хандықтың шекарасы оңтүстікте Сырдарияның оң жағалауына жетіп, Түркістан аймағындағы қалалардың біразын, оңтүстік-шығыста Жетісудың тау етектері мен алқабын қамтыды, солтүстік-шығыста Ұлытау мен Балқаш көлі арқылы өтіп, солтүстік-батыста Жайық өзенінің аңғарына дейін созылды. Қасым ханның қоластында миллион адам болғанын тұстастары жеткізеді. Қазақ хандығы біртіндеп сол уақыттағы халықаралық қатынасқа тартылды. Онымен алғашқылардың бірі болып дипломатиялық қатынас жасаған Мәскеу мемлекеті болды. Қасым хан тұсында қазақтар жеке этнос ретінде Батыс Европаға да белгілі болды. Әрине XVI ғасырдың бірінші ширегіндегі хандықтың нығаюын Қасым ханның жеке қасиеттерімен түсіндіруге болмайды, ол бәрінен бұрын ішкі әлеуметтік-экономикалық пен этникалық процесстің нәтижесінде болды, оған аймақтағы саяси жағдай мүмкіндік туғызды.



Қазақ хандыѓы XVI ѓасырдыњ 20-30 жылдарында

 

Қасым хан µлген соњ с±лтандар арасында билік ‰шін Талас-тартыс басталды. Соњында 1523 жылы Ғдік с±лтанныњ ±лы Таһир хан сайланды. Таһир хан мемлекет басқару ісінде жоѓарѓы қабілет таныта алмады. Ењ негізгісі хан мен ел билеушілері арасында µзара т‰сінісу болмады. Қадырѓали би ол жµнінде: “Таһир хан біраз к‰н хандық қ±рды, бірақ патшалық сырын білмеді”, — дейді. Қазақтар арасында µзініњ билігін ныѓайтуѓа ±мтылѓан Таһир Ташкент билеушісі Келді-М±хаммедтен қолдау іздеді. ¤зініњ билігі уақытша ныѓайѓанда, ол Ташкенттіњ кезекті бір елшілігін қырып, Ташкентке жорыққа дайындалды. Алайда Келді-М±хаммед бірінші болып Қазақ хандыѓына басып кіреді. Т‰ркістан мањында болѓан шайқаста Таһир жењіліске ±шырады да, оныњ иелігініњ біраз бµлігі қарсыластарыныњ қолына µтті. Таһир ханныњ мањѓыт ж±ртымен қарым-қатынасы да қарама-қайшылықта болды. Б±рын қазақ хандарыныњ билеуінде болѓан батыс, Орталық Қазақстан жерлерініњ біраз бµлігіне мањѓыт ж±рты иеленді.



Халық м±ндай билеушіден бас тартты да, кµтерілген тайпалар оныњ інісі Әбіл-Қасымды µлтірді. 1526 жылы Таһир балаларымен жғне бірнеше жақтастарымен қырѓызѓа қашуѓа мәжб‰р болды. Ол шамамен 1532 жылы қаза болды.

Осы оқиѓалардан соњ Орталық және Батыс Қазақстан руларыныњ ‰лкен бµлігі мањѓыт билерініњ бодандыѓын қабылдады. Олардыњ арасында мањѓыт ж±ртында негізгі жерлерді – Еділ мен Жайық µзендерініњ арасын иемденген Алшаѓыр ‰лкені болып саналды. Арал мањы оныњ інісі Шаѓымныњ, ал Торѓай даласы келесі інісі Сейдақтыњ иелігіне кірді.

Қазақ хандарыныњ билігінде тек Жетісу мен сырдария қалалары ѓана қалды. Жетісудіњ билеушісі Б±йдаш қазақ пен қырѓыздыњ аз ѓана бµлігіне билік етті. Сырдарияда б±л уақытта Тоѓым хан мен Ахмет билік ж‰ргізді. Ахмет хан тµменгі Торѓайды басып алуѓа тырысты, алайда Сейдақтан тойтарыс алып, он бес баласымен т±тқынѓа т‰сті. XVI ѓасырдыњ 30-шы жылдары Орталық Қазақстан ‰шін Ахмет ханныњ ж‰ргізген к‰ресі сәтсіз аяқталды. Ахмет хан мањѓыт Орақ батырдыњ қолынан қаза тауып, б±л µњірдіњ біраз бµлігі мањѓыттардыњ билігіне µтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет