Лекция: 52 сағ Семинар: 50 сағ СӨЖ: 17 сағ обсөЖ: 16 сағ Барлығы: 135 сағ



бет6/7
Дата09.11.2016
өлшемі1,6 Mb.
#1333
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7

Байқасам келіседі соған сының


 

Ат қоярлық әкем жоқ бір баламын,

Тегім-түбім сөйлеуге арланамын.

Әке-шеше, ел-жұртым, туғаным жоқ,

Атымды сіз кім қойсаң құп аламын.

 

Алынбай көптен бері шашы да өскен,



Сабалақ, жыртық тұмақ көзге түскен.

Болған соң үсті-басы далба-далба,

“Сабалақ” мұның аты болсын дескен.

(“Төле би” Алматы, 1991. 4 бет)

 

Асқан тапқырлығымен, нәзік сезімталдығымен, биік парасатымен үш жүзге аты тұтас жеткен Төле биді көзінің тірісінде Бұхар сияқты ұлы жыраудың мадақтауы, қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке сынды алты алашқа қадірлі, жалпақ жұртты аузына қаратқан билердің аға тұтынуы тегін емес. Төле өзінің алдындағы “түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би” делініп ел арасына мақал болған, хан біткеннің қазығы, қара бұқараның азығы атанып, кедей-кембағалға пана, қамқор болған Майқы би, Сыпыра жырау, Асан қойғы, Жиренше шешендердің жалғасы еді.



Төленің атақ-абыройы әз Тәуке ханның тұсында “Жеті жарғы” заңының ел ішінде таралуымен көтерілсе, “Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұламадан” кейін елге егін салдыру мәселесімен де асқақтап биіктеген.

 

Шығарсам арық қазып Сырдан бойлап,



Ел болсаң отырысты болар еді-ау,

Қысталақ Алатауды жазда жайлап,

Бір жағымыз қалалы диқан болсақ,

Көшпелі, бір жағымыз бие байлап,

Елдерден қатар жатқан үлгі алайық,

Болашақ келер ұрпақ қамын ойлап, — дейді.

(“Төле би”, 8 бет)

 

“Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер” дегендей Төленің халық арасындағы қадір-қасиеті хан-сұлтандардан артық болған. Ол күні-түні ел-жұрт бірлігін, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған әлеумет бүтіндігін ойлаған. Тәуке тұсында бір орталыққа баѓынған қазақ мемлекетін құруды, халық бірлігін нығайтуды мақсат еткен қайраткер.



Жоңғар шапқыншылығынан босып ел қаша көшкенде Төле үйін жықпай жұртта қалыпты — мыс. Қалмақтың әскербасшысы бұған таңданып, көшпеген себебін сұрағанда, Төле би:

— Биыл шаңырағыма бір қарлығаш ұя салып еді, бұл бүкіл дүние жүзін топан суы басқанда Нұқ пайғамбардың кемесін суға батудан сақтап қалған, жыланға адам баласының жем болу қаупі туғанда содан қорғаған жануар еді. Мен өз бала-шағамды қорғап қалған құстың ұясын бұзып, балапандарын қырып кете алмадым, — дейді. Мұны естіген қалмақ хонтайшысының да беті қайтып, айналып өтіп, елге тимепті.

Ташкент пен Шымкент айналасындағы қазақтар мен өзбектер Төле бидің есімін тура атамайды, күні бүгінге дейін “қарлығаш әулие”, “Қарлығаш би” — деп қадірлейді.

Төле би көршілес елдермен: “Бұхар, Қоқан, Жоңғар хандықтарымен мүмкін болғанша тату, достық қатынас жасауды жақтаған. Әсіресе Орта Азиядағы хандықтардан мәдениеті жоғары, өндірісі ілгері орыс елімен мәмілені қолдаған, тіпті Кіші жүзді бастап 1731 жылы Ресейге қараған Әбілхайыр ханның артынша Ұлы жүзді де қамқорлығына алуды сұрап, бір топ сұлтан, билермен бірге император Анна Иоановнаға 1733 жылы ресми хат жазған адам”.

Анна Иоановна 1734 жылғы 10 маусымдағы сенім қағазы бойынша Ұлы жүз ресми түрде Ресей қарамағына алынған. Бірақ бұл әр түрлі себептермен қағаз жүзінде қалады. Сондықтан Төле би Ұлы жүзді қамқорлығына алу туралы өтінішін 1749 жылғы тамызда екінші рет қайталайды. Бұл жолы Төле би хатқа бір өзі қол қойып, мөрін басады және Орынбордың губернаторы И.Неплюевке хатты апарып тапсырумен бірге, ауызба-ауыз сөйлесу үшін баласы Айтпай мен Жолдас батырды жібереді.

Төле би әйел мен ерлер теңдігін қолдаушының бірі болды. Ол өзінің баласына таңдап алып берген ақылды Данагүл деген келініне: “Өзімнің ұлым қандай болса, сондай болып жүре бер. Атаға көрінбей қашып кетуді қой. Ол ескірген әдет” деген.

Төле би адам өмірінде жанұяның атқаратын рөліне өте қатты мән берген, жігіттің алған жары бүкіл тағдыры мен әулетіне әсер ететінін тамаша нақыл сөздерімен өсиет етіп қалтырған “Батырда Қаракерей Қабанбайдан асқан батыр жоқ, үйсін Төле биден асқан би жоқ” деген Мәшһүр Жүсіп Көбейұлының сөзі күн өткен сайын дәлелденуде “Халықтың бақытты ауқаттылардың байлығымен емес, даналардың барлығымен өлшенеді” деген Төле бидің сөзі өз өмірін де сипаттайды.

 Қазыбек би

 Қазыбек Келдібекұлы (1667—1764жж.) халыққа “Қаз дауысты Қазыбек” деген атпен белгілі болған тұлға. Бұл атты қазақтың жауы болған Қонжайшы Қалдан Керен таққан дейді. Себебі ол Қазыбектің қызыл тілі мен тапқырлығына риза болған көрінеді. Ол Сырдария өңірінде дүниеге келген (нақты туған жері белгісіз), Орта жүздің арғыны, руы-Қаракесек (Болатқожа). Әкесінің аты Келдібек, атасы — Шаңқар. Шаңқардың аты халыққа әйгілі болғандықтан Қазыбектің нағашы атасы (анасының әкесі) Сүлеймен де алыстан Шаңқар ауылына көшіп келген. Шаңқарды халық тазалығы мен әділдігі үшін “Абыл” деп атаған. Осындай жанұяда тәрбиеленген Қазыбек те жас шағынан өткір тіл, ұшқыр ой иесі болып өсіп, біртіндеп атақты биге айналады.

Ол өзі алғаш рет қатынасқан жоңғар билеушісіне барған елшілікте көпшілік назарын өзіне аударған:

Сен — қалмақсың, ал біз қазақпыз.

Сен — темірсің, ал біз сол темірді ерітетін көмірміз. Біздің келу себебіміз, ортақ мәселені бетпе-бет отырып шешу. Тұтқындағы әйелдер мен балаларды азаптаудың қажеті жоқ! Сендердің ойларыңды, мақсаттарыңды білгіміз келеді. Егер тіл табыса алмасақ, бұл мәселелерді шайқас даласында шешейік. Арыстанша ақырына дейін арпалысуға дайынбыз. Келіссөзге де дайынбыз, қуланба, сөзіңді айт! Ақымақ қылмай тура бетімізге айт! — деген сөзінен шыққан. Оның екі түрлі мағынасы бар: 1. Басқару, билеу. 2. Білу.

Қазақ халқы маңызды мәселелерді шешуде шешендерді өте жоғары бағалаған. Қазыбек бидің шешендігі, ақылдылығы, тапқырлығы, ұшқыр ойы халықаралық дипломатия мен түрлі айқастарда маңызды рµл атқарған. 1680 жылы Тәуке хан “Алты алаштың” (Қазақстанның үш жүзі, ноғай, башқұрт, өзбек, қырғыздың) ханы болып жарияланғаннан кейін ұлы жүзде — Төле биді, орта жүзде — Қазыбек биді, кіші жүзде — Әйтеке биді танығаны белгілі.

Қазақ халқының өмірінде Қазыбек бидің рµлі жоғары. Ол орталықтанған қазақ мемлекетінің қалыптасуына, нығаюына негіз салушының бірі. Оның территориясы мен тұтастығы үшін күрескен қайраткер. Қазыбек те “Жеті жарғыны” жазуға қатысқан. Ол жоңғарлар тұтқынға алған әскерлер мен әйелдерді босату үшін Қалдан Церенмен үш рет келіссөз жүргізген 1741 жылғы қалмақтардың орта жүзге шабуылы кезінде Абылай да тұтқынға түсіп қалады. Сол тұтқыннан Абылайды құтқарып, еліне аралуына да үлкен үлес қосқан осы Қазыбек.

Абылай тұтқыннан босап, еліне келген соң Қазыбектің қолдауымен Сарыарқаның ханы болады: Ол хандықты алған соң халықтың жағдайын жақсартып, ру аралық талас-тартысты тоқтатады.

Қазыбек би 1764 жылы желтоқсанда Теректі бұлағындағы Семіз бұға тауында қайтыс болды. Баласы Бекболат әкесінің мүрдесін төрт ай бойы сақтап, кейіннен Түркістанға апарып, Яссауи мавзолейіне жерлейді.



Әйтеке би

 Әйтеке би Байбек ұлының өмірбаяны туралы мағлұматтар өте аз, оның туған жылы мен жері де белгісіз. 1666—1722 жылдары Бұхара маңында дүниеге келген болу керек деген жорамал бар. Себебі ол үш жүздің бірігуі туралы жиналған кеңесте шешуші роль атқарған екен.

Әйтеке жас шағында Бұхара медресесінде атақты қоғам қайраткері, саясаткер, әрі өзіне туыстық жағы да бар Жалаң төспен елге танылып, 30 жасында Кіші жүздің биі болды, сол уақыттан бастап-ақ оның есімі Төле би, Қазыбек би және Тәуке ханның аттарымен бірге айтылып, құрметке ие болды. “Жеті жарғыны” құрастырушы басшы автордың бірі ретінде Әйтеке би “қанға-қан” алатын кек алу принципін тоқтатып, оның орнына әділ шешім мен құн төлеуді енгізіп, тайпалар арасындағы өзара жауласуды тоқтатуға күш салды. Ол Тәуке ханның көмекшісі және ақылшысы болды, Сайран түбіндегі ұрысқа бірге қатысты. Қазақ жерін орталықтанған мемлекет шеңберіне біріктіріп, жеке конститутциясын жасағаны үшін халық Тәукені “әз-Тәуке”, “ұлы хан” деп атаған. Тәукеге көмектесіп ойраттармен және орыстармен қарым-қатынастарды реттеуге қатысқан, жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ, қарақалпақ және қырғыз халықтарын бірігіп қимылдауға шақырып, ұйымдастырған да осы Әйтеке би. Оның ойынша билердің өзінің биікте көрінетін беделі болуы керек және кейінгі ұрпақтың жүрегінде жарқын із қалтыратындай саналы да Әділ шешім қабылдауы қажет. Әйтеке билердің “қара қылды қақ жаратындай” Әділ болғанын қалаған.


ХХVI-лекция.
Абылай (Әбілмансұр 1711-1781 жж.)
(2 сағат)

Қарастырылатын мәселелер:


  1. Абылай (Әбілмансұр) тұлғасының қалыптасуы.

  2. Абылай ханның Қазақ хандығының біріктіруі.

  3. Абылай ханның саясатындағы гео-саяси және әскери стратегиялық факторлар.

  4. Абылайдың өлімі мен мәңгілігі.


Пайдалынған әдебиеттер:


  1. Машимбаев С.М. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. - А., 1994.

  2. Күзембайұлы А., Абилев Е. История Казахстана (с древнейших времен до 20-х годов XX в.). Изд.2-е, - А., 1996.

  3. Асфендияров С. История Казахстана (с древнейших времен). - А., 1993.


Мақсаты: Патша өкіметінің Қазастандағы отарлау саясатының және оған қарсы ұйымдастырылған ұлт-азаттық көтерілістердің мәнін ашу.
Тірек ұғымдары: Абылай хандығы (1771-1780). Абылай ханның біртұтас қазақ мемлекеттігін құру әрекеті. Абылай ханның Қытай және Ресей билік орындарымен қатынасы. Қырғызстан мен Орта Азия хандықтарына жасаған жорықтары. Қазақтардың Шығыс Түркістанға қоныстануы.
Абылай хандығы (1771—1781) және оның саясаты.

 Сыртқы қауіппен күрескен бір мезгілде, Абылай қазақ жерлерін біріктіруде зор қажыр-қайрат жұмсады.

1740ж. Ташкентте Жолбарыс хан өлтіріліп, Ұлы жүздің көпшілік рулары төлебидің қолдауымен Қазақ хандығының ресми басшысы — Әбілмәмбетке ант береді. Әбілқайырдың орыс азаматтығын алып кетуіне Кіші жүздің Батырхан басқаруындағы көптеген рулары да Әбілмәмбет пен Абылайға бағынды. 1759ж. патша әкімшілігі Абылайға Әбілмәмбетті алып тастап, оның орнына өзі отыруына қолдау көрсетеміз деп уәде етті, алайда сұлтан бұл қолдаудан бас тартты. Тек ханның қазасынан кейін ғана, Түркістанда, Қожа Ахмет Иассауи Мешітінде Абылай ақ киізбен көтеріліп, үш жүздің ортақ ханы болып жарияланды. Абылай хан — барлық қазақ жерлерінде беделі шүбәсіз жүрген соңғы қазақ ханы болды. Шекара маңында көшіп жүрген Кіші жүздің аз ғана бөлігі Әбілхайыр балаларының билігін мойындады.

Саяси тәуелсіздігін сақтай отырып, Абылай патша сый-сияпаттарын қабылдаудан және Петербургте ант беруден бас тартты. Абылай оңтүстіктегі қазақ қалаларын қайтарып алды, ол аз ғана уақыт ішінде Созақты, Шымкент пен Ташкентті алды. Алайда Орта Азия мемлекеттерінің Қытайға қарсы Одағын құру жолындағы ісі табысты болмады. Одаққа Ауғанстан, Бұқара, Қоқан және Қырғызстан кіреді деп топшыланған еді, алайда Қоқан хандығымен және қырғыздармен арадағы қайшылықтар қарулы қақтығысқа апарып соқты. Қазақстанмен одаққа тек Бұқара ғана келісім берді. Абылайдың мемлекет ішіндегі қызметі анағұрлым табысты болды. Шоқан Уәлиханов: “Абылай хан өкіметін шектеуге тырысып отырған күшті ру басшылары мен сұлтандарды ауыздықтап өзіне бағындырды”, — деп жазды. Сонымен бірге ол билердің беделін толықтай жая алмады және олардың еркімен санасуға мәжбүр болды. Хан маңындағы неғұрлым ықпалды саяси тұлғалар Қазыбек би мен Бұқар жырау болды. Абылайдың есімі қазақ халқының жадында мәңгі қалды және ұлттық тәуелсіздік үшін, қазақ мемлекетін қалпына келтіру жолындағы күрестің символына айналды. Абылайхан 1781ж. Ташкентте қайтыс болды, ол Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи мешітіне жерленді.




Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.

«Сырдария » университеті.


«Заңтану-тарих» факулътеті.


«Тарих - география» кафедрасы.

«Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы» пәні

бойынша 050114 - «Тарих»

мамандықтарының студенттері үшін.



Семинар сабағының жоспары

Жетісай-2005ж.



Семинар сабағының жоспары




Семинар тақырыбы, мазмұны


Сағат

саны

Бақылау сұрақтары

1.

Кіріспе. Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстанның тарихнмасы және деректемелері.

  1. “Қазақстан тарихы” пәнінің міндеті мен мақсаты.

  2. Пәннің жас ұрпақты тәрбиелеп, білім берудегі алатын орны.

  3. Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу.

  1. Тарихи деректердің түрлері және оны зерттеудің әдіс-тәсілдері.

2

6,7,10

2.

Ежелгі тас (палеолит) дәуіріндегі Қазақстан.

  1. Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс және оның ыдырауы. Әскери демократия.

  2. Алғашқы қауымдық құрылыстың археологиялық кезеңдерге бөлінуі.

  3. Ежелгі тас дәуірі (Палеолит), Оңтүстік Қазақстанның (Обалысай, Мұзбол 1, Қосмола және Қызылжар, Бетпақ 7, Қарақас 3 т.б.) ескерткіштері.

  4. Солтүстік Шығыс (Қанай, Нарым, Бұқтырма және т.б.) ескерткіштері.

2

1,2,4,5,7,9,

3.

Мезолит және Неолит дәуіріндегі Қазақстан.

  1. Мезолит

  2. “Неолит төңкерісі” (Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының дамуы)в

  3. Энеолит.

  4. Қаратау жотасының ескерткіштері.

  5. Арал, Ертіс өңірінің тұрақтары.

2

4,7,8,9,10,

4.

Қола дәуіріндегі Қазақстан .

  1. Қола дәуіріндегі Қазақстан территориясының ескерткіштері.

  2. Қазақстан территориясындағы Андронов мәдениеті.

  3. Қола дәуіріндегі мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы.

  4. Қола дәуіріндегі қоғамдық қатынастар, діни нанымдар.

2

10,15,16,55,

5.

Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары.

  1. Қола дәуіріндегі Орталық Қазақстанның тайпалары. Беғазы-Дәндібай мәдениеті.

  2. Солтүстік және Батыс Қазақстанның тайпалары

  3. Шығыс Қазақстан тайпалары.

  4. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы қола дәуіріндегі тайпалар.

2

8,10,12,13,

14,15,16,17,

6.

Ерте темір дәуірінің тайпалық одақтары мен мемлекеттік бірлестіктері.

  1. Ертедегі көшпенділер дәуірі.

(б.з.б. І мың жыл)

  1. Қазақстан аумағындағы тайпалар және олардың қоныстануы туралы жазба деректер.

  2. Сақтар (скифтер) массагеттер, дахтар (даилар) исседондар «аримаспы». Сарматтар бірлестіктерінің этногенезі туралы мәселенің тарихнамасы.

  3. Сақ тайпаларының көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы. (Иран, Қытай)

2

9,10,21,22,

23,24,25,30

7.

Қазақстандағы ертедегі темір дәуірінің ескерткіштері мен мәдениеті.

  1. Ертедегі темір дәуіріндегі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның ескерткіштері

  2. Шығыс Қазақстан. Майәмір, Берел, Құлжорға кезеңі.

  3. Ертедегі темір дәуіріндегі Солтүстік, Орталық Қазақстанның ескерткіштері. Тасмола мәдениеті.

  4. Сақ тайпаларының зергерлік өнері.

  5. Батыс Қазақстандағы савромат-сармат мәдениеті.

  6. Арал-Каспий даласының тайпалары.

2

10,16,17,18,

19,23,24


8.

Ертедегі темір дәуірі тайпаларының қоғамдық құрылысы, тұрмысы, шаруашылығы.

  1. Сақтардың шаруашылығы, әлеуметтік құрылысы және тұрмысы.

  2. Көшпелі және жартылай көшепелі мал шаруашылығына өту.

  3. Діни нанымдар мен ғұрыптар

2

25,27,28,30,

31,32,33,34,

35,36,37

9.

Үйсіндер.

  1. Үйсіндердің шығу тегі мен орналасу жайлы дерек.

  2. Үйсіндерің көрші мемлекеттермен қарым-қатынастары.

  3. Үйсіндердің саяси тарихы.

  4. Шаруашылығы мен мәдениеті.

2

1,2,24,26,

28,38,


10.

Қаңлылар

  1. Қаңлылардың қоныстанған жері.

Саяси тарихы.

  1. Қаңлылардың қоғамдық құрылысы.

  2. Қаңлылардың археологиялық ескерткіштері

  3. Қаңлылардың материалдық рухани мәдениеті. Шаруашылығы.

2

1,2,38,47,

11.

Ғұндар

  1. Ғұн мемлекетінің құрылуы және нығаюы.

  2. Ғұндардың этникалық және саяси тарихы.

  3. Ғұндардың Әлеуметтік-экономикалық қатынастары. Шаруашылығы. Мәдениеті. Діни нанымдар.

  4. Ғұндар Еуропада. Ұлы қоныс аудару.

2

1,2,8,38,39,

40,46,47,60

12.

Түрік қағанаты.

  1. Түрік қағанатының құрылуы.

  2. Түркілердің тегі туралы деректермен зерттеулер.

  3. Өндіргіш күштердің дамуы.

  4. Қоғамдық құрылысы, халық кәсібі.

2

1,2,8,38,44,

49,54,65

13.

Батыс Түрік және Түргеш қағанаты.

  1. Батыс түрік қағанаты.

  2. Түргеш қағанатының әлеуметтік-экономикалық жағдайы, қоғамдық құрылысы.

  3. Қазақстан территориясындағы қала, қоныстары

  4. Түргеш қағанатының Соғдымен байланысы.

  5. Арабтардың Оңтүстік Қазақстанды жаулауы.

2

1,2,8,38,51,

55,65,74

14.

Қарлұқ мемлекеті.

  1. Қарлұқ мемлекетінің этникалық саяси тарихы.

  2. Қарлұқтардың қоныстануы.

  3. Арабтармен жүргізген соғыс қимылдары.

  4. Қарлұқ мемлекетінің қоғамдық саяси құрылысы.

2

1,2,8,38,65,74

15.

Оғыз қағанаты.

  1. Оғыз тайпаларының Қазақстан территориясында қоныстануы.

  2. Оғыз қағанатының құрылуы.

  3. Оғыз қағанатының этникалық және тайпалық құрамы.

  4. Оғыз қағанатының қоғамдық саяси-құрылысы.

2

1,2,8,38,65,74

16.

Қимақ қағанаты.

  1. Қимақ тайпаларының Қазақстан территориясында қоныстануы.

  2. Қимақ қағанатының құрылуы.

  3. Қимақ қағанатының этникалық және тайпалық құрамы.

  4. Қимақ қағанатының қоғамдық саяси-құрылысы.

2

1,2,8,44,59,

61,65,74

17.

VI-IX ғғ. І-жартысындағы отырықшы және көшпелі мәдениет.

  1. Көшпелі және отырықшы мәдениеттің өзара әсері.

  2. Қала мен қоныс құрылысы. Зираттар.

  3. Көшпелілердің материалдық мәдениеті.

  4. Қолөнер, сауда, ауыл шаруашылығы.

  5. Архитектура және өнер.

  6. Наным сенімдер және дін. Тіл, жазу және әдебиет.

2

1,2,8,44,59,

61,65,74

18.

Қарахандықтар мемлекеті.

  1. Территориясы мен халқы.

  2. Қараханыдықтар мемлекетінің қалыптасуының этносаяси мәселелері.

  3. Феодалдық қатынастардың дамуы.

  4. Жер иеленудің түрлері “Икта”.

  5. Қарахандықтардың Маверенахрға жасаған әскери жорықтары, Селжүктермен соғыс.

  6. Қарахандар мемлекетінің ыдырауы.

2

1,2,8,44,59,

61,65,74

19.

Наймандар мен Керейттер.

  1. Шығыс Қазақстан мен Жетісудағы наймандар мен керейлер.

  2. Наймандар мен қидандар арасындағы соғыстар.

  3. Наймандар мен Керейлердің ұлыстарының қоғамдық саяси-құрылысы.

2

1,2,8,44,59,

61,65,74

20.

Қарақытайлар мемлекеті.

  1. Қарақытайлар мемлекеті.

  2. Қарақытайлар Жетісуда.

  3. Қарақытайлар билігінің құлауы.

  4. Қидандардың этникалық құрамы, басқару жүйесіндегі ерекшеліктері.

2

1,2,8,44,59,

61,65,74

21.

Қыпшақ хандығы.

  1. Қыпшақ қауымдастығының пайда болуы.

  2. Этникалық құрамы, қоныстануы.

  3. Орта Азия, Ежелгі орыс хандықтарымен экономикалық және саяси байланыстары.

  4. Қыпшақ хандығы қоғамдық саяси-құрылысы.

2

1,2,8,44,49,50,

59,61,65,74

22.

Әуелгі орта ғасырлық Қазақастанның экономикалық және мәдени өмірі.

  1. Қазақстандағы ерте орта ғасырлардағы қалалар мен қалалық қоныстар.

  2. Көшпелі және отырықшы мәдениеттіерпдің өзара әсері.

  3. Қолөнер, сауда, ауыл шаруашылығы.

  4. Қазақстандағы көне сәулет өнерінің ескерткіштері.

  5. Тіл, жазу және мәдениет.Діни наным-сенімдер.

2

1,2,8,44,49,50,

59,61,65,74

23.

Қазақстан территориясы әлемдік өркениет жүйесінде.

  1. Қазақстан территориясын мекендеген Түрік, Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Найман, Керей, Қидан тайпалары мәдениетінің салыстырмалы сипаттмасы.

  2. Кәсібі, сауда және ақша айналымы.

  3. Қалалардың өрлеуі.

  4. Ежелгі түрік тапйпалар бірлестіктері мен мемлекеттерінің тарихи әдебиеттерде бейнеленуі

2

1,2,8,44,49,

50,59,61,

65,74,75

24.

Қазақстанның көне сәулет өнерінің ескерткіштері.

  1. Қ.А. Яссауи кесенесі.

  2. Айша бибі, Қарахан кесенелері.

  3. Алаша хан. Арыстанбап кесенелері.

2

1,2,8,44,49,50,

59,61,65,74

25.

Ғылым мен мәдениеттің дамуы.

  1. Әл-Фарабидің әлемдік мәдениетке қосқан үлесі.

  2. Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Х.А.Яссауи және олардың әдеби мұралары.

  3. Діни нанымдары.

  4. Ислам дінінің тарауы.

2

1,2,8,44,49,

50,59,61,65,

74,75


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет