Лекция. Адам қоғамы тарихындағы отбасының эволюциясы. Жоспар Отбасы мен некенің туындауына ретроспективалық көзқарас. Неке-отбасы қарым қатынастарының классификациясы


Неке-отбасы қарым - қатынастарының классификациясы



бет2/3
Дата09.01.2022
өлшемі61,5 Kb.
#110562
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
Lekcija 2

Неке-отбасы қарым - қатынастарының классификациясы

Адамзат тарихында жыныстар арасындағы қарым-қатынастарды қоғамдық реттеудің көптеген түрлері алмасып үлгерді. Олардың кейбіреуі жеке тайпалық одақтарға тән болса, басқалары кеңірек тарап кетті, алайда олардың барлығы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының белгілі бір деңгейіне сәйкес болды. Алғашқы адамдардың тайпасына жыныстық қатынастардың реттелмеген түрі тән болды, «себебі кейін дәстүрмен бекітілген шектеулер ол уақытта болмады». Мұндай қарым - қатынастар бірте-бірте алғашқы адамдардың өмірінде шиеленіс туғызады (аңға шығуға дайындық кезеңіндегі қақтығыстар мен төбелестер, аң аулау барысында бірлескен әрекеттің болмауы және т.б.). Бұл өндірістік қатынастардың дамуын тежеді, тіпті алғашқы қауымның өміріне қауіп төндірді. Зоологиялық жекешелікті ауыздықтаудың, алғашқы қауымдық ұжым мүшелері арасындағы қақтығыстарды жеңілдету қажеттігі туындады. Жыныстық сезімді ауыздықтау алғашқы қауымның жыныстық қатынасқа қатысты тыйым белгілеуден басталды, тыйым салу сезімді белгілі бір шектен шығармауға көмектесті. Ата-аналар мен балалары, бабалар мен ұрпақтары арасында жыныстық қатынасқа жол бермеу еркек пен әйелдің жыныстық қарым-қатынастарын реттеудегі маңызды қадам болды. Бұл санкцияны адамдардың жыныстық өмірі тек олардың табиғатымен ғана анықталған қоғамның некеге дейінгі жағдайы мен жыныстар арасындағы әлеуметтік реттелетін қатынас ретіндегі неке аралығындағы тарихи шекара деп атауға болады. Рудың туындауына байланысты топталған неке де пайда болады. Алғашқы қауымдық құрылыстың ерте кезеңдеріне дуалды-рулық неке тән деп саналады. Топталған некенің бұл түрі экзогамия болып табылды – ру ішінде жыныстық қатынастарға үзілді-кесілді тыйым салу, басқа ру мүшелерімен ғана жыныстық қатынасқа бару талабы. Зерттеушілер арасында экзогамияның туындауына түрлі көзқарас бар:

- қандас туыстар арасындағы некеден кемтар балалар туды;

- өмір әлеуметтік байланыстарды кеңейтуді, басқа адамдардардың бірлестіктерімен байланыс жасауды талап етті;

- осындай жолмен ру ішінде әлеуметтік бейбітшілік орнатуға мүмкін болды, себебі жыныстық қатынастар мен оларға байланысты қақтығыстар рудан тысқа тарады.

Экзогамияның туындауының неғұрлым мүмкін болатын себебі осы жағдайлардың барлығының жиынтығынан тұрады. Топталған некеге полигамияны да (көп рет некелесу) жатқызады, оған полигиния (көп әйелдің болуы), полиандрия (көп күйеудің болуы) жатады. Полигиния - бір еркек бір мезгілде бірнеше әйелмен бірнеше некеде тұрады. Бұл негізінен патриархатқа тән. Гарем типті отбасы түріндегі көп әйел алу мұсылман елдерінде ( Пакистан, Египет және т.б.) осы уақытқа дейін орын алып келеді. Полиандрия – бір әйел бір мезгілде түрлі еркекпен бірнеше некеде болады.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет