Ашық интеграцияланған ҰОІӘ «Ақылды әңгімелер» жинағы бойынша



Дата11.01.2017
өлшемі448,54 Kb.
#7311

Ашық интеграцияланған ҰОІӘ

«Ақылды әңгімелер» жинағы бойынша


Тақырыбы: «Көгілдір атлас таспа»


мектепалды даярлау тобы
Құрастырған тәрбиеші: Сатенова Гулфарам Оспанқызы

5 «Күншуақ»



мектепалды даярлау тобындағы интеграцияланған ҰОІӘ



Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық», «Денсаулық»
Бөлімі
: Көркем әдебиет, ҚМҰҚ, Сауат ашу,

Тақырыбы: «Көгілдір атлас таспа»
Мақсаты:
Білімділігі: балаларды әңгіме мазмұнымен таныстыра отырып заттарды көлемі, пішіні, түсіне қарай топтауға; Таспа(лента) туралы білімдерін кеңейтуді ойындар,тапсырмалар арқылы үйрету.
Дамытушылық: креативтік ойлау қабілеттерін, коммуникативтік - тілдік құзіреттілігін жетілдіру, өздігімен тапсырмаларды шешу жолдарын таба білу дағдыларына машықтандыру.
Тәрбиелік: Адам бойындағы құнды қасиеттерді дарыта білуге, достыққа, қамқорлыққа, ұқыптылыққа, бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу

Қолданылатын көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, ашық алаңқайдағы театр бурышы, слайдтар, ленталар әр балаға,дидактикалық ойын «Не артық» ашық алаңқайдағы гүл, теректер макеттері
Қолданылатын әдіс - тәсілдер:АКТ көрсету, сұрақ - жауап, ойын ойнату
Танымды –оятушылық: Тәрбиеші: Саламатсыздар ма балалар!

Қуан шаттан алақай,

Қуанатын келді күн,

Қайырлы таң, қайырлы күн

Күліп шықты бүгін күн.

- Балалар, қараңдаршы бүгін біздің қыз балалар шаштарына түрлі түсті таспалар (лента) тағып келген екен. Балалардан қандай лента таққандарын түстерін сұрау.

Тәрбиеші: - Мен сендерге «Ақылды әңгімелер» жинағынан Көгілдір атлас таспа туралы әңгіме, яғни лента туралы қызық әңгіме оқып беремін. Ақылды әңгімелерді тыңдаған балада ақылды болады. Ал, ақылды болған жақсыма?

Ұйымдастыру – іздену

Әңгімені оқу. 1.Ертеде көгілдір таспа (Лента) өмір сүріпті. Күндіз ол бес жасар қыздың бұйра қоңыр шашында жүрсе, түнде жастығының астында ұйықтайтын.



Тәрбиеші: Балалар таспа дегеніміз не? Балалар қалай ойлайсыңдар лентамен не істеуге болады.

Балалардың жауаптары.

(қыздар шашына тағады, сыйлықтарды орайды, жаттығу жасайды, машиналарға тағады, бөпелердің көрпелеріне де орайды)

- Дұрыс олай болса осы таспа түрлерін ажыратып көрейікші



Ойын: «Таспа түрлерін ажырат» (интерактивті тақта көмегімен ойын ойнату)

\көлемін, пішінін, санын анықтау\

Олай болса әрі қарай не болды екен.

2. Бір күні анасы Таспаны бос байлағандықтан, қыз ойынға кіріскенде шашынан түсіп қалды.

Тәрбиеші: Балалар Таспа қыздың басынан неге түсіп қалды?(бос байлағандықтан, қыз қатты жүгірген шығар, мүмкін қызға ренжіген шығар) (Динара таспасын жоғалтып алғанын айтып кіреді)

  • Ендеше Динараға таспасын табуға көмектесеміз бе?

  • Олай болса тапсырмаларды орындай отырып көмектесейік.

Ойын: «Қызықты тапсырмалар» (әр лентадағы тапсырмаларды орындайды)

Сұақтары: Ұзын сөз ата, қысқа сөз ата

Таспа сөзіне дыбыстық талдау жасау, буынға бөлу

3.Таспа қатты жабырқап, жылап жіберді, сонан соң иесін іздеуге шықты.

Тәрбиеші: Көгілдір атлас таспа неге жабырқап қалды? Ол кімді іздеуге шықты?

Балалар жауабы.



  • Ал олай болса балалар таспа жабырқап қалған екен, біз оны көңілдендірейік, түрлі таспамен жаттығу жасайық Сергіту сәті:

«Түрлі түсті таспамен жаттығу»
4. Таспа жүріп - жүріп, қалың орманға кезікті. Қараса бұтаның арасында Қоян жылап отыр. (тақта арқылы қалың орман суреті көрсетіледі)

- Сен неге жылайсың? - деп сұрады Таспа.

- Шалғында ойнап жүріп аяғымды жаралап алдым, енді сол жараның орны ауырып тұр, - деп мұңайды Қоян.

Тәрбиеші: -Балалар Таспа орманнан кімді кездестірді? Қоян неге жылап отыр?

Балалар сендер қоянға қандай көмек берер едіңдер?

Балалар жауабы (мен байлап берер едім, дәрігер шақырар едім)

Ендеше Қоянға көмектесу үшін дәрігерге қажетті құралдарды білуіміз керек.



Ойын: «Не артық?»
Шарты: Балалар интерактивті тақтадан дәрігердің құралдарын тауып орындарына қояды.

5. Қане мен сені емдейін, - деді Таспа.

Таспа сиқырлы шөпті жұлып алып, Қоянға беріп:

-Мына шөпті жараңа қойып, менімен қатты таңып байлап таста, - деді.

Қоян қуанып Таспаға «рақмет» айтты, жарасы жазыла бастаған кезде, Таспа шешіліп, әрі қарай кетті. Ал Қоян болса Таспаның қалай жоғалып қалғанын байқамады.

Таспа әрі қарай жүре берді. Жүріп келе жатса Қайың жылап тұр.

Қайың сен неге жылап тұрсың?- деп сұрады Таспа.



- Балалар жүгіріп бара жатып менің бұтақтарымды сындырып кетті. Ал енді орны ауырып тұр, - деді Қайың.

Тәрбиеші: -Балалар Қайың неге жылап тұр екен? Балалар ағашты сындыруға болама? Ағаштардың қандай түрлерін білесіңдер? Ағаштардың қандай пайдасы бар?

Балалар жауаптары



Ойын: «Ағаштар жапырағын тап» (тақтадан ағаштар суреттерін көрсетеді)

Ойын шарты: Ағаштар аттарын атап, жапырақтарын табады.

7. Таспа Қайыңның сынған бұтағына байланды. Қайың жасыл жапырақтарымен бірге шу етіп рахмет айтты. Бұтақтары жазыла бастаған кезде, қатты жел тұрып Таспа шешіліп, ұшып барып ашық алаңқайға түсті. (Қатты жел әуені қосылады.)

Дыбыстық Ойын-жаттығу: « Құм әні» . (Ә. Ысқабаев)

Жел улесе ышқынып,

Ызыңдайды ысқырып:

-Ыс-ыс-ыс!

Ең бір ғажап қызығы,

Құмның бітпес ызыңы



8. Қызды көрген таспа қуанып, оның қасына баяу келіп қонды.

Қыз көгілдір таспаны көріп қатты қуанды. Оны қолына алып, балалардың ортасына келді.

(Қызға Таспаны тәрбиеші мен балалар тауып, шашына тағып береді.)
Рефлексифті түзету

Қорытынды.



Сұрақтар мен тапсырмалар:

Әңгіменің соңында не болды?

Таспа қандай кейіпкерлерге көмек көрсетті?

Егер Таспа қыздың басынан түспесе әңгіме қалай аяқталар еді?

Неліктен Таспа барлығына көмек көрсетті?

Балалар жауабы.



Тәрбиеші: - «Көгілдір атлас Таспа» туралы өлең шығарып көрейікші. Балалар: Көгілдір атлас Таспа өте ақылды,

Менде сондай таспа болса егер,

Мен қуанар едім.

Тәрбиеші: -Балалар сендер де осындай таспа болғанын қалайсыңдар ма?

Балалар олай болса өзімізге түрлі түсті Таспалар қиып жасап алайық.



«Түрлі түсті таспалар» Балалар түрлі түсті таспа суретін қияды.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!

Күтілетін нәтиже:
Білу
: Әңгіме мазмұнын білу, жақсылық жасай білу;
Игеру : Таспа түрлерін, сұраққа толық жауап беруді;

Меңгеру : Адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу;
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет