Лекция бейімделу ұғымына шолу жасау. Ғалымдардың жасаған ой тұжырымдарының сипаттамалары. Сенсорлық бейімделу. Әлеуметтік бейімделу



бет67/81
Дата11.01.2022
өлшемі1,26 Mb.
#110795
түріЛекция
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   81
Байланысты:
ЛЕК ЖИНАҚ ӘЛЕУ-ПСИХ ҚОЛДАУ (1)

психопрофилактика - психолог маман баланың мінез-құлқына жіті көзбен қарап, психологиялық жағымсыз жағдайлардың (психикалық даму тұрғысынан артта қалу, жаман әдеттерге бой алдыру, т.с.с.) алдын алу, себебін анықтау, дер кезінде танып-біліп, оны жоюға ат салысуы;

психокоррекция – бұл жұмыс түрі балалар мен ересектердің мінез-құлқындағы кемшін тұстарды жоюға бағытталады. Мұнда психолог психологиялық коррекцияның психотерапия, әлеуметтік-психологиялық тренинг, аутотренинг т.с.с. әдістерін меңгеруі қажет.

Мектеп психологы психологиялық қызметтің төрт бағытын бір мезгілде қолданады. Психологиялық қызметтің көп деңгейлі күрделі жүйесі психолог маманнан терең теориялық білімді, іскерлікті, кәсіби шеберлікті қажет етеді. Өйткені жоғарыда аталып өткен психологиялық қызметтің төрт түрі үлкен-үлкен төрт түрлі мамандықтың: психодиагност, консультант, психопрофилактик, психокорректордың қызметтерін қамтиды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет