Лекция бейімделу ұғымына шолу жасау. Ғалымдардың жасаған ой тұжырымдарының сипаттамалары. Сенсорлық бейімделу. Әлеуметтік бейімделу


Мектеп жасына дейінгі балалармен психолог жұмысының спецификасы



бет80/81
Дата11.01.2022
өлшемі1,26 Mb.
#110795
түріЛекция
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
Байланысты:
ЛЕК ЖИНАҚ ӘЛЕУ-ПСИХ ҚОЛДАУ (1)
Желі дәріс, ЛЕК ЖИНАҚ ӘЛЕУ-ПСИХ ҚОЛДАУ (1)
Мектеп жасына дейінгі балалармен психолог жұмысының спецификасы, ең алдымен, мыналармен байланысты:

  1. дамуында артта қалушылық, еркелік, агрессивтілік және т.б. мінез-құлықтың бейнелері арқылы жанама түрде ғана көрінетін өзінің проблемалары жайында бала өз бетімен ешкімге айта алмайды;

  2. психологиялық көмекті баланың өзі емес, педагогтар мен ата-аналар сұрайды;

  3. бала өз алдына саналы түрде мақсат қойып, оған қол жеткізе алмайды;

  4. кішкентай балалардағы рефлексияның қалыптаспауы баламен «қазір және осында» жұмыс жасау қажеттілігін тудырады;

  5. бала психологпен қызықты болған жағдайда ғана жұмыстанады;

  6. бала – дамушы тұлға, бұл психикалық функцияларды дамытумен қатар дамудағы ауытқушылықтарды жеңумен жұмыстануды қажет етеді;

  7. мектепке дейінгі жасқа дейінгі баламен дамытушы жұмыс кейбір психикалық процестерді арнайы дамыту принципі бойынша емес, оның дамуы жүретін баланың заттар, адамдар және қарым-қатынастар әлемімен жан-жақты және толық, жалпы танысуына бағытталған;

  8. балалар ересек адамдармен біріккен іс-әрекетке түсуді қажет етеді;

  9. баламен жұмыс оның тек өзекті даму аймағында емес, жақын даму аймағында да жүргізілуі тиіс.

Балабақшада психологиялық жұмыстардың жүргізілуі баланың алғаш балабақшаға келу күнінен басталады. Балабақшаға алғаш келгенінен бастап мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі уақыт аралығын үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші оның жаңа ортаға бейімделуі, адаптациядан өту кезеңі, жаңа жағдайдың бала денсаулығына әсері, екінші кезеңде баланың балабақшадағы өмірі, оның өз қатарымен қарым-қатынасы,психологиялық дамуы, танымдық процестерінің дамуы, үшінші мектепке жан-жақты және психологиялық дайындығы.

Бірінші кезеңге тоқталып өтетін болсақ,балалар ұжымына алғаш баланы қалай қабылдайды? Тәрбиешімен баланың арасында ара қатынас қандай болады? Ол жиі сырқаттанып қалмай ма? Ол қаншалықты тез үйренеді, жаңа ортаға тез бейімделе ала ма? Бұл үйреншікті сұрақтар ата-аналарды толғандырары сөзсіз...

Бұл мәселелер баланы топқа қабылдаған тәрбиешіні де мазалайды.Бұл түсінікті жағдай,өйткені жаңа көпшілік ортаға келу баланың физиологиялық және психологиялық жай-күйіне әсер етеді.Әсіресе шағын отбасында тәрбиеленген бала, көпшілік ортамен қарым-қатынаста қиналады.

Дәлелденгеніндей, 2 жастағы балада бейімделу ұзақ уақытты қажет етеді және қиын өтеді.Жиі сырқаттанып қалады. Бұл кезеңде бала организмі физиологиялық және психологиялық жағынан дами бастайды. Бала жаңа жағдайға үйрену үшін жанұя тарапынан көп дайындықты қажет етеді.

Қазіргі таңда балабақшаға түскен балаға, оның денсаулығына, аурудың алдын-алу шараларына, сезімталдық жағдайына медициналық және педагогикалық жағынан қолдау көрсетіледі.Бірақ ол баланың ауыр жағдайының себептерін анықтамайды.

Баланың денсаулығы, дене бітімі, психикасындағы ауытқулар бала дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Бірақ бұл факторлар жан-жақты тәрбие барысында түзетіледі.Педагогтар мен ата-аналар баланың дене бітімінің дамуына әсер етіп қана қоймай, оның үлкендермен қарым-қатынас жасау заңдылықтары мен психикасының дамуына да көңіл бөлуі керек. Осы заңдылықтарды білу және оны жанұя тәрбиесінде жүзеге асыру- баланың жаңа ортаға тез бейімделуіне оң әсерін тигізеді.


Баланың жаңа ортаға келуі, алдымен оның сезімталдық жағдайының бұзылуына әкеліп соғады,ол оның мазасыздануынан, тұйық мінез танытуынан байқалады.Бала көп жылайды, үлкендерге жақындай түседі немесе керісінше олардан және өз қатарынан өзін оқшау ұстайды.

Мұндай жағдайда балада ұйқысыздық пайда болады, тамаққа тәбеті төмендейді.

Айнала қоршаған ортаға, ойыншықтарға қызығушылығы төмендейді. Тілдесуі азайып, жаңа сөздерді қабылдауы қиынға соғады.Баланың селқостық жағдайы оның ауруға қарсы тұру реакциясын төмендетіп, жиі сырқаттану жағдайы туындайды.

2 жастағы балалар,балабақшаға 2 жастан асып келген балаларға қарағанда организмі әлсіздеу болып келеді.Көптеген ауруларға шалдығады. Денсаулығы қалпына келу ұзақтығы 2-3 айға созылады.

Жаңа ортаға бейімделу қашып-құтыларлық жағдай емес. Бірақ, біз осы қиыншылықтарды жеңе білуге тырысуымыз керек.

Мысалы,балабақшаға бір мезгілде келген екі баланың мінез-құлық ерекшеліктерін салыстырайық.Жанар алғашқы екі аптада жылап, үрейленіп, айналаға қызығушылығы болмады.Ойыншықпен ойнамай, үлкендермен эмоционалды қарым-қатынас іздеп,оларды қасынан жібергісі келмеді.Егер тәрбиеші оған жылы сөйлеп жұбатса, оған жабысып алып, ажырағысы келмей, жылады. Балалармен араласып ойнамады.Тек үлкендермен және таныс адамдармен қатынасты қажетсінді.

Ал онымен қатар Айжан өзін басқаша ұстады. Оның қылықтарынан үрейлену, мазасыздану белгілері байқалмады.Тек аздаған көңілсіздік байқалды. Айжан басқа балаларға ата-аналары келген кезде ғана мазасызданып, оны анасына апаруын өтінді.Тәрбиешінің өзіне деген жақсы қарым-қатынасын қабылдады, бірақ тез арада басқа нәрселермен шұғылданып кетті.Айжан өз бетімен ойнап,қуыршақты жатқызып,онымен сөйлесіп ойнады.Басқа балалармен жақсы қарым-қатынаста болып,олардың қылықтарын сырттай бақылап отырды.

Бұл екі қыздың жаңа ортаға кіруі екі түрлі болды.Екеуінің өзін-өзі ұстауында көп айырмашылықтар кездесті.Егер Жанар үлкендерден жылу іздеп,бөтен адамдардың арасында үрейленіп,ойыншықтарға, өз қатарлы балаларға немқұрайды қараған болса, Айжан керісінше өзін жақсы сезінумен,үлкендерге деген сабырлы түрде, ойыншықтармен ойнап, өз қатарына да жақсы көзқараста болды.


Неліктен екеуі екі түрлі мінез-құлық танытты? Психологтардың зерттеуі бойынша баланың үлкендермен жиі қарым-қатынаста болу баланың психикалық дамуы үшін маңызды роль атқарады.

Бірінші жарты жылдығында балаға эмоционалды жақын болу, мейіріммен қарау оның үлкендерге бауыр басуын, оған сенімдік сезімін оятып, баланың бойында танымдық қасиеттерінің қалыптасуына, жеке басының дамуына, айнала қоршаған ортаға қызығушылығын оятады.

Бала өмірінің екінші жарты жылдығында заттарды қолдануда үлкендермен іскерлік қарым-қатынасы дамиды.Үлкендер енді баланы тәрбиелеп қана коймай, оның заттарды пайдалану, ойыншықпен ойнау дағдыларына араласып, өзі үйрете отырып, баланың қылықтарын бақылап, бағалап отырады. Бала осы кезден бастап үлкендер мәдениетінен хабардар бола бастайды. Бала үлкендермен араласа отырып, күнделікті тұрмысқа қажетті қасық, тарақ,ыдыстарды пайдалануды үйренеді.Бала үлкендерге еліктеп,солардың істерін қызығушылықпен қайталайды. Қасық қанша аузына жетпесе де,кесесі аузына апарғанша төгіліп қалса да, осы ыдыстарды өзіне бағындыруға тырысып бағады. Бала заттарды қолдана білумен қатар жас ерекшелігіне сай ойыншықтармен ойнауы керек. Алдымен бала ыдыстарды жинастыру, қуыршақты тамақтау сияқты эпизодты ойындар ойнайды.Бірақ үлкендер ойынын бақылап, өз ойынында соны жүзеге асыруға тырысады, үлкендерден көмек сұрайды.Біртіндеп, үлкендер көмегімен заттардың орнын басқа нәрселермен толықтыруды үйренеді.Бұл баланың ойнау дағдысымен қатар психологиялық дамуына да әсерін тигізеді.

Бала үлкендермен іскерлік қарым-қатынаста айналасындағы адамдармен де қатынасы дамиды.Эмоционалды қатынас іскерлік қатынастан айырмашылығы бар. Егер ол бірінші жарты жылдығында бөтен адамдарды жатырқамай , олардың бәріне жақсы қатынаста болса, екінші жарты жылдығында ол бөтен адамдар мен өзіне жақын адамдарды жақсы айыра білетін болады.Бұрын анасынан ажырауында көп қиналмаса, енді үлкейген сайын ол қиынырақ болады. Ол тамаққа тәбеті болмай, ұйқысы қашып,бөтен адамдарға бағынғысы келмейді. Бұл баланың жақынымен тек жеке араласуынан пайда болатын құбылыс. Бала ойынды бөтен адамдармен ойнағаннан гөрі жақын адаммен ойнағанын жақсы көреді.Бірақ ол үлкендермен іскерлік қатынас жасай алса, бөтен адамға да тез үйренеді.Оған эмоционалды жақындықты қажетсінбей, онымен араласа алады.Бұл үлкендер тарапынан көп күш жұмсауын талап етеді.

Бала бір ортадан екінші ортаға келгенде көп қиналады.Оған үйдегідей көңіл аударушылық жетіспейді.Тәрбиешінің жалпы балаға деген біркелкі қарым-қатынасына оның көңілі толмайды.Ойыншықтармен қызығып ойнай алмайды, үйдегідей эмоционалды қарым-қатынасты іздейді, тәрбиеші оның тілегін қанағаттандыра алмайды.Тәрбиеші баланың үлкендермен эмоционалды қарым-қатынасты қажет ете ме, жоқ әлде іскерлік қатынасты яғни бірлесе ойнауды қажет ете ме, соны анықтап алған жөн. Сонда ғана тәрбиеші баланың қызығушылығын оятып, бірлесе ойнау кезінде онымен жақын араласа алады.Оқылған кітаптар желісінде диалог ұйымдастыруға,драматизациялық ойындар ойнауға болады.Бала алғашында тәрбиешінің сыртынан бақылап отырады да, артынша өзі сол ойынға кірісіп кеткенін де байқамай қалады.

Тағы бір мәселе, баланың өз қатарымен қарым-қатынасы.Біреулері тез үйренісіп кетеді, ал біреулері өзін алшақ ұстайды.Бұл арада тәрбиеші балаларға мейірімді, адал,олардың өзіне деген жылы сезімдерін оята білуі керек. Сонда балалардың бір-біріне деген жақсы қарым-қатынасы қалыптасады.

Бірлесе ойнау, мысалы «Допты қуып жет», «Поезд», «Трамвай» ойындарын ойнатуға болады.Тәрбиеші ойынды басқару арқылы – балалардың бірлесіп ойнауына мүмкіндік береді.Өзі ойыннан білдірмей шығып кетеді де, балалар өздері ойнау арқылы ойыннан рахаттанады.

3 жасына қарай балалар секіріп, жүгіріп, шулау арқылы өзіне серіктес тауып алады.Бір-бірінің алдында мақтанып, бірінен бірі асып түскісі келетін сияқты көрінеді.Бірақ олардың осы қылықтары арқылы өзін басқамен салыстыру қабілеті дамиды.Олар үлкендермен қарым-қатынастан басқа өз қатарымен байланыста өзін-өзі және өзгегелерді де тани бастайды.

Сюжетті-рольдік ойындар «Анасы мен қызы», «Ойыншықтар дүкені», «Қуыршақты тамақтау» ойындары бірлесіп ойнау дағдысын қалыптастырады. Осындай ойындар балалардың бір-біріне қарым-қатынасын дамытып, баланың жаңа ортаға тез үйренуіне ықпалын тигізеді.

Бала қандай жаста болмасын, балабақшаға алғаш түскен күнінен оның жасына қарай психологиялық ерекшеліктері ескерілгенде, үлкендермен және өз қатарымен қарым-қатынасы анықталғанда ғана, оның жаңа ортаға бейімделуі жеңіл өтеді.

Балабақшада балалар алаңы олардың ойнауына ыңғайлы, түрлі-түсті бояулармен боялып, әсемделгені жақсы.

Қабылдау бөлмесінің балаларға жағымды әр-түрлі ойыншықтармен безендірілгені дұрыс. Далаға алып шығатын ойыншықтар ыңғайлы,ашық түсті болғаны жақсы. Олар сол ойыншықтарды пайдаланып, құммен, қармен,сумен ойнау арқылы айнала қоршаған ортамен танысады.Одан басқа ойыншықтармен ойнау арқылы балалардың ата-анасынан азғантай уақыт болса да ойы бөлінеді.

Тәрбиеші өзінің киім-киісі, жүріс-тұрысына көңіл бөлген жөн.Ол тиянақты киініп жүрсе, баланың жақсы қарым-қатынасына себепші болады. Бала оған жақындай түседі.Баланың балабақшаға тез үйренуі тек тәрбиешіге ғана емес,
оның топтағы таным дүниесіне әсер ететін құралдардың жас ерекшелігіне сай болуына да байланысты. Ол баланың физиологиялық,психологиялық және ақыл-ойының дамуына әсер етеді. Топтағы балалар жиһазы биіктігі жағынан екі түрлі, яғни үлкендер мен балаларға ыңғайлы болуы керек. Көп орынды алмауы керек,себебі балалар ойын аумағы кең болуы тиіс. Ойыншықтар да балалар жас ерекшелігіне сай болғаны дұрыс.

Баланың балабақшаға бейімделуіндегі ата-анамен қарым-қатынас маңызы

Бейімделу мезгілі жеңіл өту үшін балабақшаның ата-анаға мамандар атынан көмек берілген дұрыс. Балабақша меңгерушісі, әдіскер, психолог ұйымдастырған ата-аналар жиналысы, жеке кеңестер ж/е басқа шаралар ұйымдастырылады.

Бірінші жиналыста ата-аналарға балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерінен мағлұмат береді.Оқу-тәрбие жұмыстарымен ж/е күн тәртібімен таныстырылады.Әр күнде 2-3 баланы ата-аналары топқа әкеліп, өз қатарымен жақын танысуға, олармен ойнап, топ ішімен танысуға мүмкіндік берілгені жөн. Осы мезгілде ата-ана балаға қатысты оның үйдегі өмірі, мінез-құлқы, денсаулығы,күн тәртібі, үлкендермен қарым-қатынасы туралы айтып немесе анкета толтырту;

Тәрбиеші ата-анаға балаларға жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын, жұмыс бағыттарымен таныстырып, олардың балаға маңызы туралы айтып түсіндіру;

Балалармен жұмыс жасайтын балабақшаның басқа да қызметкерлерімен таныстыру;

Күн тәртібімен және сабақ кестесімен таныстыру;

Ата-аналармен келісім-шартқа отыру;

Келесі кездесулерде күн тәртібі сақталуының маңызын, ұйықтау уақытын,серуендеу мезгілінен хабардар ету. Балалардың ас мәзірімен, оларды гигиеналық-машықтарға тәрбиелеу бағыттарымен таныстыру.Ата-ананың міндттері мен балабақша талаптарын ескерту.

Белгілі күндері ата-аналарға ашық есік күнін ұйымдастырған жөн. Бұл ата-ананың тәрбие орнына сенімін нығайтады. Баламен күн тәртібінде жүргізілетін жұмыстарын, тамақтану,ұйқыға жату, шынықтыру шараларын көру арқылы тәрбиешіге жақсы көзқараста болады. Әрі осы көргендерін үйде балаға толықтырып үйретеді.

Бүгінгі  таңда даму мүмкіндігі шектеулі балалар проблемасы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.  Дене кемістігінің қай түрі болса да, мейлі ол соқыр, не саңырау, не туғаннан кем ақыл болса да, оның өмірге деген көзқарасы өзгеріп қана қоймай, айналасындағы адамдармен де  қарым- қатынас жасауын қиындатады. Дене кемістігі адамның әлеуметтік өмірдегі мінез құлқының ауытқуына әкеп соқтырады.

1919 жылдың 10 желтоқсанында ақыл-ой кемістігі бар балалардың денсаулығын сақтау жөніндегі қаулы қабылданды. Ұлы педагог А.С.Макаренко «Баланың өскенде қандай болатыны,оны бес жасқа дейінгі тәрбиеге байланысты»-деген.

Ақыл-ой тәрбиесі тек ойдың дамуы ғана емес,оның дамуы ойлау процесінің құрылысымен де сипатталады.Даму баланың сандық,сапалық жағынан жетілуі, психикасының, ой-санасының өсуі.Ақыл-ойдың дамуы дегеніміз- оқушының жасына байланысты білім мен тәрбиенің әсерінен,оның ақыл-ой әрекетінде болатын сандық және сапалық өзгерістерінің жиынтығы.Ақыл-ойды дамытудың шарты,іс-әрекеттін тиімді ұйымдастырылуы, әлеуметтік ортаның әсері,адамдардың қарым-қатынасы, тілді меңгеруі, қабылдауы мен түйсінуі,берілетін білім сапасы.Жас ұрпақтың ақыл-ойының дамуы еңбек пен ғылым,білімнің ұштасуына байланысты.

Даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларды анықтауда дұрыс диагностика жүргізу, оларды табысты және нәтижелі оқытуға, ал болашақта әлеуметтік ортаға бейімделіп кетуіне жағдай тудыратын арнайы сыныптар мен топтарға орналастыру - қазіргі уақыттағы аса маңызды әлеуметтік және педагогикалық мәселе болып табылады.

Жас ұрпақты оқыту-тәрбиелеу жұмысын қазіргі заман талабына сай стандартқа енгізуді оқушылармен жеке дифференциалды жұмыс істеу нәтижесінде қол жеткізуге болады. Демек, оқушыларға қажетті білім, білік көлемі мен дағдыларын қазіргі қоғамның талабымен сәйкестендіріп беру қажет.

Даму мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыс істеген, кезде балалардың есте сақтау, онан кейін жатталатын материалды қайта жататырғанда қалай қиналатын көрген мұғалім, интеллектісі бұзылған және ақыл-ойы кемтар балалардың есте сақтауын дамытуға оңтайлы екі әсер ететін түрлі жаттығуларды топтастырып, дамытуға көңіл бөлу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет