Лекция бейімделу ұғымына шолу жасау. Ғалымдардың жасаған ой тұжырымдарының сипаттамалары. Сенсорлық бейімделу. Әлеуметтік бейімделу


Жанұяға жедел психологиялық-педагогикалық көмек қажет



бет78/81
Дата11.01.2022
өлшемі1,26 Mb.
#110795
түріЛекция
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
Байланысты:
ЛЕК ЖИНАҚ ӘЛЕУ-ПСИХ ҚОЛДАУ (1)

Жанұяға жедел психологиялық-педагогикалық көмек қажет. Белгісіз орташа оқушы жайында айтылатын дәрістен алынған ақпаратты ата-ана пайдалана алмайды. Егер олардың сұрақтарына жауап алынса, онда бұл жұмыс жасайтын психология және педагогика. Бұл міндетті жанұялық кеңес беру, сенім телефоны, психологиялық көмектің көшпелі формасын арқылы шешуге болады.

  • Ата-аналармен жұмыс практикалық, белсенді сипатқа ие болуы тиіс. Көпшілігі өз балаларын білместіктен емес, тәрбиелеудің жолдарын білмегендіктен дұрыс тәрбие бере алмайды. Жанұя тәрбиесінің технологиясын практикалық педагогикалық іскерліктерді, жанұялық қарым-қатынас дағдыларын, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық қырағылығындамытуға бағытталған жанұямен жұмыстың белсенді формаларына жүгінген дұрыс.

    Психолог жұмыстанатын күрделі категориялардың бірі – педагог. Олар психологиялық қызметті түрліше қабылдайды: ынтымақтастыққа ұмтылу, қызығушылықпен, бейтараптықпен, сенімсіздікпен, сын көзбен, жек көрушілікпен. Психологтың жоғары деңгейлі құзыреттілігі, объективтілігі, жұмысының практикалық бағытталуы және нәтижелілігі ғана педагогқа педагогикалық ұжымда беделге иеленуге көмек бере алады. Ең алдымен тұлғаны психодиагностикалаудан бастаған жөн, себебі әрбір адам өзін-өзі тануға ұмтылады. Тәрбиешінің ерекшеліктерін зерттегеннен кейін ынталандырушы кеңестер берген жөн: мінез-құлықтың күшті жақтарына сүйене отырып, педагогикалық еңбекті қалай тиімді ұйымдастыруға болады. Нақты диагноз қою үшін психолог педагогты қарым-қатынаста, іс-әрекетте бақылауы тиіс. Ол үшін оқу-тәрбие үрдісін талдау қажет. Алғашқы уақытта бақылауды әкімшілік көмегімен жүргізген дұрыс. Бірақ педагог педагогикалық құбылыстарды өзіндік тұрғыдан бағалауға құзыретті. Педагогикалық ұжымның сұраныстарына жауап беретін психологиялық-педагогикалық ақпарат жүйелі түрде, сауатты және негізді ұсынылса, ол әрқашан қабылданады.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет