3-форма
Оқушыға мінездеме (бірінші/екінші жартыжылдық, жылдың соңы)
(оқушымен жұмыс жасайтын мұғалім және ппҚк мамандары толтырады)
бақыланатын фактілерді жинақтау
|
Оқудағы табысты болу үшін оқушыда бар ресурстар
|
Оқу үрдісінде ескерілуі
тиіс шектеулер
|
Оқу процесін ұйымдастыруға ұсыныстар
(мүмкіндігінше нақты)
|
|
|
3-кезең. бірлесіп (мамандар, мұғалім және ата-аналар) оқушының ерекше білім беру қажеттілігін және психологиялық-педагогикалық қолдау мазмұнын анықтау, оқыту қиындықтарын талқылау.
Қолдау көрсету қызметінің бірлескен отырысында мұғалім және әрбір маман балаға өзінің ұстанымы бойынша мінездеме береді: оқытудың қиындықтарын сипаттайды, олардың пайда болу себептері мен механизмдері туралы өз пікірін білдіреді, баланың мүмкіндіктері мен күшті жақтарын ашады (ата-аналар жеке отырысқа шақырылады).
Бұл кезеңде оқыту қиындықтарының сипаты мен себептері туралы болжам оқу қиындықтарының түрін (себептерін) анықтау түріндегі соңғы қорытындысы болады (Қосымша-В). Қосымшада оқытудың негізгі қиындықтарының қысқаша сипаттамасы беріледі:
жұмысқа қабілеттілігінің төмендігі;
іс-әрекетін еркін реттеу, жоспарлау және бақылау жеткіліксіздігі;
есту-сөйлеу ақпаратының өңделуі;
көру және көру-кеңістіктік ақпараттың өңделуі.
Оқыту қиындықтарының сипатын (түрін) анықтағаннан кейін баланың жалпы мінездемесі ұжымда талқыланып жасалады, онда бастапқы және екіншілік қиындықтардың жалпы көрінісі, олардың себептері мен туындау механизмі баяндалады. табысты оқытудың ресурстары ретінде баланың күшті жақтары, ерекшеліктері мен мүдделері сипатталады (қосымша-,а 4-форма).
Достарыңызбен бөлісу: |