Лекция бейімделу ұғымына шолу жасау. Ғалымдардың жасаған ой тұжырымдарының сипаттамалары. Сенсорлық бейімделу. Әлеуметтік бейімделу


Отбасы әлеуметтік қызмет нысанасы ретінде



бет35/81
Дата11.01.2022
өлшемі1,26 Mb.
#110795
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   81
Байланысты:
ЛЕК ЖИНАҚ ӘЛЕУ-ПСИХ ҚОЛДАУ (1)

Отбасы әлеуметтік қызмет нысанасы ретінде. Бірге тұратын, өзара жақын және жауапты, бюджеттері біртұтас, халықтың физикалық көбею функциясын атқаратын қоғамның алғашқы ұяшығы отбасы.

Отбасы – бұл әлеуметтік институт және шағын әлеуметтік топтардың сипаттарына ие күрделі әлеуметтік жүйе. Қоғамның әлеуметтік институты ретінде отбасы әлеуметтік нормалардың, мінез-құлық үлгілерін, ерлі-зайыптылар арасындағы, басқа жақындар арасында өзара қарым-қатынас кестесін көрсетеді. Осыған байланысты ол адамға туғаннан бастап өлгенге дейін үлкен ықпалын тигізеді, бірақ оның ролі әсіресе адамның психологиялық, эмоционалдық-еріктік, рухани-адамгершілік негіздері қалыптасып жатқан өмірінің алғашқы кезеңдерінде өте басым. Сонымен қатар отбасы қоғамның даму деңгейіне тәуелді, оның проблемаларын бейнелейді.

Отбасы шағын топ ретінде – бұл тұрмыс құруға, қандық жақындақ, адамның жеке қажеттіліктерін өтеуге негізделген адамдардың қоғамдастығы. Оны ортақ экономикалық кеңістік, өзара тәуелді өмір салты, эмоционалдық-адамгершілік байланыс, өзара жәрдем, көмек беру, қорғау ерекшелендіреді. Отбасы туралы толық мәлімет алу үшін ер-әйел, еркек-бала, әйел-бала, бала-бала, еркек-жақын, әйел-жақын, бала-ата-ана, бала-жақын өзара қатынастарының барлық жағын ескеру қажет.

Шағын әлеуметтік топ ретінде отбасыға түрлі өмір кезеңдерінде өзгеріп отыратын қоғамдық мақсаттардың қатары тән: қызығушылықтағы, отбасы мүшелерінің қажеттіліктері мен ұстанымдарындағы шағын айырмашылықтар. Сондықтан, отбасының ұзақ та бақытты өмір сүруі ерлі-зайыптылар және басқа да отбасы мүшелері бір-біріне қалай көмектесетіндігі, түсінетіндігі, қиындыққа қарсы бірлесіп күресетіндігі, шыдамдылық танытатындығына байланысты.

Отбасының потенциалын анықтайтын оның интегралдық сипаттарына психологиялық денсаулық, функционалдық-рольдік кеісушілік,әлеуметтік-рольдік адекваттылық, эмоционалдық қанағаттанушылық, микроәлеуметтік қатынастағы бейімдеушілік, ұзақ отбасылық өмірге ұмтылыс жатады.

Отбасындағы маңызды роль қарым-қатынасқа бөлінеді. Оның құрамды бөліктері: коммуникативтік (ақпарат алмасу); интерактивтік (өзара әрекетті ұйымдастыру); перцептивтік (партнерлердің бір-бірін қабылдауы). Өйткені шыңдық өмірде адамдар арасындағы қарым-қатынас түрліше құрылады, отбасылардың тіршілік етуінің түрлі варианттары болуы мүмкін.

Ең кең тараған ерлі-зайыптлардан, ата-ана мен балалардан тұратын нуклеарлық отбасы. Мұндай отбасы айырылысу, жесірлік, тұрмысқа дейінгі баланың тууына байланысты толық және толық емес болуы мүмкін.Егер отбасында ата-ана мен балалардан басқа басқа да жақындар (ерлі-зайыптылардың ата-анасы, олардың іні-ағалары, апа-қарындастары, немерелері) болса ондай отбасын кеңітілген деп атайды. Отбасылар балалардың болу-болмауы және олардың санына байланысты бөлінуі мүмкін: баласыз, бір балалы, көпбалалы және аз балалы отбасылар.

Отбасылық міндеттердің бөлінуіне және кім көшбасшы болуына байланысты отбасының үш типі бар.

1. Дәстүрлі (патриархалдық) отбасы. Мұндай отбасында кем дегенде үш ұрпақ өмір сүреді және көшбасшылық роль үлкен ер адамға беріледі. Балалар мен әйелдер еріне экономикалық тәуелді, ер және әйел адамның міндеттері нақты бөлінген, ерадам басшы.

2. Дәстүрлі емес (эксплуататорлық) отбасы. Көшбасшылық ер адамға берілумен, ер әне әйел адамның міндеттерінің нақты бөлінуімен қатар әйел адамға ер адаммен қатар қоғамдық жұмысты атқару бекітіледі. Мұндай отбасыларда әйелдерге түсетін күштің көптігіне байланысты прблемалар кешені пайда болуы мүмкін.

3. Эгалитарлы отбасы – отбасы міндеттерді ерлі-зайыптылар және басқа да мүшелер арасында тең бөледі, эмоционалдық қатынас сенімге, сыйластыққа құрылады.

Сонымен бірге басқа да отбасы типтері белгілі. Мысалы, ана ролін әке не үлкен аға, апа атқаратын отбасылар. Мұндай тенденциялар әлеуметтік жұмыскерлерден отбасыға көмек ету проблемасына ерекше қарауды талап етеді.

Отбасы туралы мәліметтер бар көздерді талдау арқылы оған тиісті функцияларды кесте түрінде көрсетуге болады.

1 кесте. Түрлі іс-әрекет ортасындағы отбасы функциялары




Отбасылық іс-әрекет сферасы


Қоғамдық функциялар


Индивидуалдық функциялар

Репродуктивтік


Қоғамның биологиялық көбеюі


Удовлетворение потреб­ности в детях


Тәрбиелік


Жас ұрпақтың әлеуметтенуі. Қоғамның мәдени үздіксіздігін қолдау.


Ата-аналық, балалармен қарым-қатынаста қажеттілікті қанағаттандыру


Тұрмыстық-шаруашылық


Қоғам мүшелерінің физикалық денсаулығы, балаларды күтуді қолдау


Отбасының бір мүшесінің басқалардан шаруашылық-тұрмыстық қызмет көру


Экономикалық


Қоғамнң кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз мүшелеріне экономикалық қолдау


Отбасының бір мүшесінің басқалардан материалдық көмек алуы (еңбекке жарамсыздық жағдайында не қызмет орнына)


Алғашқы әлеуметтік қадағалау сферасы


Өмірлік іс-әрекеттің түрлі сфераларында отбасы мүшелерінің мінез-құлқн моральдық регламенттеу, ерлі-зайыптылар, ата-ана мен бала, аға және жас ұрпақ арасындағы қарым-қатынастағы жауапкершілік


Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынастың моральдық нормаларын бұзғаны үшін құқылық және моральдық санкцияларды қалыптастыру, сақтау


Рухани қарым-қатынас сферасы


Отбасы мүшелерінің тұлғалық өсуі


Отбасы мүшелерінің өзара рухани байытуы


Әлеуметтік-статустық


Әлеуметтік құрылымды өндіру


Әлеуметтік алға жылжудағы қажеттілктерді қанағаттандыру


Демалыс

Деалысты рационалды ұйымдастыру. Демалыс сферасындағы әлеуметтік қадағалау.

Қазіргі демалысты өткізудегі қажеттіліктерді қанағаттандыру, демалыстық қызығушылықтарды өзара байыту


Эмоционалдық


Индивидтердің эмоционалдық тұрақтануы және олардың психотерапиясы


Индивидтердің отбасында психологиялық қорғауға, эмоционалдық қолдауға ие болуы. Жеке бақыт пен махаббаттағы қажеттіліктерді қанағаттандыру.


Жыныстық

Жыныстық қадағалау

Жыныстық қажеттіліктерді қанағаттандыру


Осылайша, отбасы – кез-келген адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету функциясын орындайтын, жас ұрпақты әлеуметтендіретін ежелгі институттардың бірі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет