Лекция бейімделу ұғымына шолу жасау. Ғалымдардың жасаған ой тұжырымдарының сипаттамалары. Сенсорлық бейімделу. Әлеуметтік бейімделу


Отбасымен әлеуметтік жұмыстың мәні және мазмұны



бет36/81
Дата11.01.2022
өлшемі1,26 Mb.
#110795
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   81
Байланысты:
ЛЕК ЖИНАҚ ӘЛЕУ-ПСИХ ҚОЛДАУ (1)

Отбасымен әлеуметтік жұмыстың мәні және мазмұны.

Қазіргі уақытта көптеген отбасылар қоғам талап ететін функцияларды толық орындау үшін көмек пен қолдауды қажет етеді. Мұндай көмекті толық емес және көпбалалы, жалғыз басты отбасылар, әскери қызметкерлер, мүмкіндігі шектелген балаларды бағатын, асыранды бала бағатын, мүгедек ата-аналары бар, студенттік, қашқындар, мигранттар, жұмыссыздар т.б. отбасыларқажет етеді.

Бұл бойынша әлеуметтік жұмыс күнделікті отбасылық проблема, отбасындағы позитивті қатынасты дамыту және бекіту, ішкі ресурстарды қалпына келтіру, әлеуметтік-экономикалық қол жеткізген жағымды нәтижелерді және әлеуметтендіруші потенциалды тұрақтандыруға бағытталуы тиіс.

Осыған орай әлеуметтік қызметкер төмендегідей функцияларды орындайды:



  • диагностикалық (отбасы ерекшеліктерін, оның потенциалын зерттеу);

  • қорғаушылық (отбасын құқылық қорғау, әлеуметтік кепілдікпен қамтамасыз ету, оның құқылары мен бостандығын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау);

  • әлеуметтік-психолого-педагогикалық (отбасы мүшелерін психолого-педагогикалық ағарту, жедел психологиялық көмек, профилактикалық қолдау және патронаж);

  • ұйымдастырушылық-коммуникативтік (қарым-қатынасты, біріккен іс-әрекетті, демалыс, шығармашылықты ұйымдастыру);

  • прогностикалық (мекен-жайлық көмектің нақты бағдарламасын жасау және жағдаятты модельдеу);

  • координациялық (отбасылар мен балаларға көмек департаментерінің, халыққа әлеуметтік, реабилитациялық орталықтар мен қызметтердің, білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік педагогтардың, жағымсыз отбасылармен күресетін ішкі істер органдарының күштерін біріктіру, байланысты ұйымдастыру және қолдау).

Әлеуметтік жұмыстың негізгі үш бағытын бөліп көрсетуге болады: диагностикалық, реабилитациялық, профилактикалық..

1. Диагностика отбасы және оның мүшелері туралы ақпарат жинақтайды, талдайды, проблеманы анықтайды.



Отбасын диагностикалау - әлеуметтік қызметкерден төмендегідей принциптерді сақтауды талап ететін, қиын да жауапты процесс.

- обьективтілік, алынатын ақпараттың өзара бірін-бірі толықтыруы және тексеруі;

клиентоцентризм (проблемаға клиенттің қызығушылығына сәйкес қарау);

конфиденциалдық, әдістер мен әдістемлердің адекваттылығы;

- клиенттің жеке өміріне араласпау құқығын сақтау және ұсынылатын әрекетке оның реакцияларының мүмкін болатын варианттарыналдын-ала көру.

Отбасын диагностикалау – ойластырмаған іс-әрекет пен қорытындылар жасамауды талап ететін ұзақ процесс.

Отбасындағы жағдаяттың дамуын диагностикалау үшін мынадай зерттеу әдістері қолданылады: бақылау, әңгімелесу, анкеталау, тестілеу. Шешім қабылдау, түзету бағдарламаларын жасауға шкалалық, үлестірме қағаздық, проективті, ассоциативті, экспрессивті әдістемелер көмегін тигізеді. Көптеген пайдалы ақпараттарды маман отбасы, оның мүшелеріне қатысты өмірбаяндық және құжаттарды талдау әдістері арқылы ала алады.

Алынған диагностикалық материалдардың негізінде оның мүшелері, жастары, та-аналары мен балаларының білімдері, олардың мамандықтары, ерлі-зайыптылардың жұмыс орындары, отбасы кірістері, денсаулық жағдайлары, тұрмыстық жағдайлары, отбасындағы өзара қарым-қатынастағы негізгі проблемалар туралы мәлімет көрсетілген отбасының әлеуметтік картасын құрастыруға болады. Бұл картада мүмкіндігінше отбасының экономикалық дамуына болжау жасау, көмек вариантын (жедел, тұрақтандырушы, профилактикалық) ұсыну және реабилитацияның қажеттілігін аргументтеу керек. Картаны толтыруға әлеуметтік-педагогикалық паспорттағы мәліметтерді пайдалануға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет