Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған



бет38/73
Дата09.04.2023
өлшемі7,76 Mb.
#174032
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   73
Байланысты:
Лекция Ботаника п ніне кіріспе Ботаника сімдіктер туралы ілім.

ЖАПЫРАҚТЫҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ

Жоғары сатыдағы өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысы негізгі үш бөліктен тұрады. Олар: 1) жапырақ тақтасын үстіңгі және астыңш бет жағынан жауып тұратын жабындық ұлпа - эпидерма; 2) ассимиляциялаушы қоректік ұлпадан тұратын негізгі бөлігі - мезофилл; 3) мезофилл бөлігіңде орналасқан өткізгіш шоктар. Жапырақтың бұл ана-томиялық құрылысында жапырақ формацияларына, өсімдік-тердің жүйелілік топтарына және өсіп тұрған орта жағдайлары-ның әсеріне байланысты азды-көпті өзгерістер болады.


Қос жарнақты өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысы. Жапырақ тақтасын сырт жағынан жабыңдық ұлпа – эпидерма жауып тұрады. Эпидерма жасушалары тірі, бір-бірімен тығыз тіркесіп бір қатар, екі қатар, сирек жағдайда көп қатар түзіп, орналасады (71-сурет).
Негізгі қызметі - жапырақтың ішкі жұмсақ бөлігін кебуден, механикалық зақымданудан және микроорганизмдердің енуінен сақтау. Эпидерма жасушаларының сыртқы қабырғасын, әсіресе үстіңгі бетін, кутикула және балауызды дақтар жауып тұрады. Бұл қабаттар эпидерманың қорғаныштық қызметін арттыра түседі.
Дорсовентральды жапырақтардың үстіңгі бетінің эпидерма жасушалары астыңғы бетінен салыстырғанда ірі, түзу төрт бұрышты болады.


71-сурет. Қос жарнақтылар жапырағының жартылай схемалық көлемдік көрінісі:
1 - үстіңгі эпидерма; 2 - астыңғы эпидерма; 3 - бағаналы паренхима; 4 - борпылдақ паренхима; 5 - ксилема; 6 - флоэма; 7 - склеренхима; 8 -колленхима; 9 - шоқты қоршаған жасушалар; 10 - устьице; 11 - безді түк; 12 - жабындық түктер.

Жапырақ тақтасы көлбеу бағытта ұсталып, үстіңгі бетімен жарыққа бағытталған жағдайда устьице аппараттары негізінен астыңғы бетінде орналасады. Жапырақ тік бағытта өсіп, жарық екі бетіне бірдей түскен жағдайда устьице аппараттары жапырақтың екі бетіңде шамамен бірдей болады. Жапырағы су бетінде қалқып жүретін су өсімдіктерінде устьице жапырақ тақтасының тек үстіңгі бетінде кездеседі (эпидерманың, устьице аппаратының құрылысы мен қызметі туралы «Ұлпалар» бөлімінде толық баяндалған).


Мезофилл (mesos - орталық, phyllon - жапырақ) морфологиялық құрылысы, атқаратын қызметі жағынан бір-бірінен азды-көпті айырмасы бар екі түрлі бағаналы және борпылдақ ұлпалардан тұрады. Жасуша құрамыңдағы хлоропластарға байла­нысты бұл бөлімнің реңі жасыл болатындықтан, ол мезофилл хлоренхима (грекше chloros — жасыл, enqchyma — құйылган) деп те аталады.
Бағаналы ұлпа жасушаларының пішіні бағана немесе діңгек тәрізді болып, үстіңгі эпидерма жасушаларына көлденең бағытта, өзара тығыз орналасады.
Бағаналы ұлпа жасушаларында жапырақтағы барлық хлоро-пластардың 3/4-тен 4/5 -ке дейінгі бөлігі орналасқан, сондықтан жапырақтардың үстіңгі беті қою жасыл түсті және негізінен фотосинтез қызметін атқарады.
Кептеген өсімдіктерде бағаналы ұлпа бір қабатты, кейде екі кабатты (камелия, фикус, кәдімгі серігүлдің жарық сүйгіш жапырақтары), сирек жағдайда көп қабатты (ақ тұт ағашы) бо­лып келеді.
Борпылдақ ұлпа жасушалары дөңгелек, сопақтау және басқа да әр түрлі пішіңді, олар бір-бірімен тығыз жанаспай жасушаралық кеңістіктер қалдырып, астыңғы эпидермаға таяу орна­ласады. Бұларда хлоропластардың саны бағаналы ұлпамен салыстырғанда кем, сондықтан фотосинтез қарқындылығы төмен. Негізінен борпылдақ ұлпа арқылы ауа алмасу және транспирация жүзеге асады.
Борпылдақ ұлпаның бағаналы ұлпамен жанасып жатқан біраз жасушалары арнаулы қызметтер атқарады. Бұлар жинағыш жасушалар деп аталады. Бағаналы ұлпаның екі, үш жасушасына жинағыш жасушалардың біреуі жанасады да, оңда фотосинтездің нәтижесінде пайда болған органикалық заттар ерітіңділерінің сүзгілі түтік арқылы тезірек жылжуына әсерін тигізеді.
Мезофиллдің бағаналы және борпылдақ ұлпаға айқын жіктелуіне жарықтың мол түсуі үлкен әсерін тигізеді. Жапырақ тақтасы азды-көпті тік бағытта орналасса, жапырақ тақтасының екі бетіне жарықтың түсуі бір қалыпты болады да жапырақтың анатомиялық құрылысы бірыңғай, борпылдақ ұлпадан тұрады. Осы типтес құрылым көлеңкеде өсетін және су өсімдіктерінің суға батырылған жапырақтарына да тән. Осы сияқты мезофилі бірыңғай ұлпадан тұратын жапырақтар изолатеральды, яғни тең беткейлі деп аталады.
Өткізгіш шоқтар, әдетте жүйке аталып жапырақтың мезо­филл бөлімінде тор түзіп орналасады. Жапырақтағы өткізгіш шоқ - тұйық коллатералды. Кейде негізгі жүйкенің флоэмасы мен ксилемасының арасында камбий сақталады. Шоқтың ксилемасы жапырақтың үстіңгі бетіне, флоэмасы астыңғы бетіне қарай орналасады. Бұл өткізгіш шоқтың сабақтан жапыраққа өту барысында тік қалыптан көлбеу қалыпқа ауысуынан болар. Кейбір өсімдіктерде шоқты сырт жағынан қоршап тұратын бірнеше жұқа қабықшалы, құрамыңда хлоропластары жоқ арнаулы паренхималық жасушалар түзіледі. Бұлар жапырақтың ассимиляциялық ұлпасында түзілген қоректік заттарды флоэманың сүзгілі түтіктеріне бағыттап отырады. Өткізгіш шоқтар қоректік заттарды жылжытып қана қоймай механикалық қызмет атқарады. Флоэма мен ксилеманың сырт жағында, кейде шоқты қоршай склеренхима орналасады. Эпидерманы астарлай, шоқтың үстіңгі және астыңғы жақтарында колленхима жатады. Жапырақ кұрамыңда сондай-ақ тасты жасушалар - идиобластар да бар. Олар камелия, шай, тұңғиық және т.б. өсімдіктердің жапырағынан көрінеді.
Жүйкелер жапырақ негізінен, оның ұшына қарай жакындаған сайын шоқтардың гистологиялық элементтерінің құрамы өзгеріске ұшырап жатады. Алдымен механикалық ұлпалар, одан кейін сүзгілі түтіктер, соңында трахеялар жоғала бастайды. Жүйкенің жапырақ жиегіндегі ұсақ тармақтары тек қана трахеидтерден тұрады.
Дара жарнақты өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысы. Дара жарнақтылар жапырағының анатомиялық құрылысын астық тұқымдастарынан қарастырамыз. Өйткені астық тұқымдастарда дара жарнақтылардың басқа жүйелілік топтарымен салыстырғанда олардың жапырағына тән ерекшеліктер байқалады (72-сурет).
Жапырақ тақтасын екі бетінен эпидерма жауып тұрады. Астық тұқымдасында эпндерма жасушалары бірыңғай емес, көбінің пішіні сопақша келген тік бұрышты, бүйір қабырғалары иректеліп жатады. Мұндай жасушалардың сыртқы қабырғасы кутикулаланады және кремнезем сіңіп, оған мықтылық, шытырлақ (инкрустациялық) қасиет береді. Сонымен қатар астық тұқымдастардың үстіңгі эпндермасында жасуша қабықшалары жұқа, жасуша жолағы шырынға толы, эпидерманың басқа жасушаларымен салыстырғанда ірі жасушалар тобы айқындалады, бұлар будақ (моторные, двигательные) жасушалар деп аталады.

72-сурет. Селеу жапырағының көлденең 73-сурет. Қарағай жапырағының


кесіндісі. А;Б-жазылған және ширатылған көлденең кесіндісі. 1-эпидерма
жапырақ сызба-нұсқасы; В-толық сурет 2-устьице аппараты, 3-гиподерма
1-үстіңгі эпидерма, 2-механикалық ұлпа, 4-устьице асты қуыс, 5-склерон-
3-будақ жасушалар, 4-устьице аппараты, хима, 6-эпителалды жасушалар,
5-өткізгіш шоқ 7-шайыр жолы, 8-қатпарлы парен-
хима, 9-ядро, 10-хлоропластар,
11-эндодерма.

Құрғакшылық кезде бұл жасушалар ылғалын жоғалтып, тарылып, жапырақ жиектерін жоғары қарай тартады, соның нәтижесінде жапырақ алақаны ширатылып, одан түтік пайда болады. Бұл далалық астық тұқымдастарда (мысалы, селеу т.б.) жиі байқалады. Өйткені оларда устьицелер жапырақ тақтасының үстіңгі бетіңде орналасқан. Жапырақтың үстіңгі бетін ішке алып ширатылуынан судың булануы кеміп, өсімдік денесіндегі ылғал сақталып қалады. Жауын жауып топырақта ылғал молайған кезде бұл өсімдіктердің ширатылған жапырақ тақталары қайтадан жазылып, таспа тәрізденіп өзінің бұрынғы қалпына келеді.


Астық тұқымдастары устьице құрылысының өзіндік ерекшеліктері - жанаспалы жасушалардың гантель (екі ұшы енді, жіңішке түтікпен қосылған) пішінді болуы. Әрбір жанас­палы жасушаның енді бөлігі хлоропластары бар жұқа қабықшалы, ал жіңішке орталық бөлігі хлоропластарсыз қалың қабықшалы. Жанаспалы жасушаларда тургор көтерілген кезде жұқа қабықшалы, енді бөлімі ұлғаяды да орталық қалындаған бөлігі бір-бірінен қашықтап, устьице саңылауы ашылады.
Астық тұқымдастар жапырағының мезофилі бағаналы және борпылдақ ұлпаларға жіктелмеген, бірыңғай ассимиляциялық ұлпа - хлоренхимадан тұрады.
Астық тұқымдастардың жапырағында өткізгіш шоқтардың ірілері бір-біріне параллель орнасалады да, ұсақтары олардың арасын көптеген анастомоздар (қатар орналасқан екі шоқты қосатын трахеидтерден тұратын көпірлер) түзеді. Өткізгіш - шоқтары астық тұқымдастардың біразында (мысалы, жүгері, тары) хлорофилді жасушалармен қапталып тұрады, ал бас-қаларында мысалы, бидай, сұлы, арпа, қонырбас жасушаларының ішкі қабырғалары тозданатын эндодермаға ұқсас қорғаныш қынаппен қоршалған. Астық тұқымдастардың жапырағында механикалық ұлпалар дамыған, әсіресе құрғақшылық жағдайда өсетін өкілдерінде склеренхима жақсы жетілген.
Көптеген дара жарнақтылардың жапырақтарында өндірісте практикалық мәні бар склеренхималық талшықтар болады. Мысалы, рафии пальмасы мен агава жапырақтарынан бақ өсіру шаруашылығында қажетті материадцар жасалады. Жаңа Зелан­дия зығырының жапырақтарынан алынатын талшық тоқыма өнеркәсібінде паңдаланылады.
Қылқан жапырақтылар жапырагының анатомиялық құрылысы. Қылқан жапырақтылардың көбі орман зонасының құрылық бөлігін алып жатқан қылқан жапырақтылар орманын (тайга) түзеді. Орман аймағының бұл бөлігінің табиғат жағдайы қатал. Сондықган солтүстік еңдіктерде өсетін қылкан жапырақтылар қыстың аязына, ал оңтүстікте таралған қылкан жапырақтылар ауа мен топырақтың құрғақтығына (ылғалды субтропиканы есептемегенде), ауаның жоғары температурасына төзімді болады. Осыған байланысты қылқан жапырақтылардың солтүстік, сондай-ақ оңтүстік ендіктерінде таралған өкілдеріне жапырақтардың ксероморфтық құрылымы тән. Мысалы кәдімгі қарағай қылқанының анатомиялық құрылысын қарастырайық (73-сурет). Қылқанның сыртын қалың қабырғалы жасушалардан, тұратын эпидерма жауып тұрады. Эпидерма жасушаларының қабықшасы сүректенеді және кутикуламен жабылады. Устьицелер эпидерманың гиподерма қабатының деңгейіндегі ойыстарда жапырақтың екі бетінде түгел таралған. Эпидермадан төмен склеренхима талшықтарынан тұратын гиподерма қабаты бар. Бұл қабат механикалық қызметпен қатар, судың көбірек булануынан сақтайды.
Мезофилл бөлігінің ерекшелігі - оның бірыңғай паренхималық жасушалардан тұруы. Бұл жасушалардың қабырғалары жасуша жолағына енетін ерекше қатпарлар түзеді. Цитоплазма мен хлоропластар осы қатпарлардың ұзына бойына орнасалады. Қатпарлы паренхима жасушаларының мұндай құрылысы қылқан мезофилінің ассимиляциялық бетін едәуір ұлғайтады.
Мезофилде шайыр жолдар бар. Мұнда эпителийдің тірі жасушалары орналасқан. Бұл жасушалары склеренхима талшықтарынан тұратын қабатпен қапталған.
Қылқанның ортасында өткізгіш трансфузионды паренхимамен қоршалған екі коллатералды шоқ орналасқан. Трансфу­зионды паренхима жасушалары трахеидалар арқылы көтерілген минерал заттарын қатпарлы паренхимаға, ал қатпарлы паренхимада пайда болған органикалық заттарды сүзгілі тутіктерге жеткізіп, өткізгіш шоқтар мен мезофилл арасындағы байла­нысты жүзеге асырады. Осы байланыстың нәтижесінде шоқтар орталығында қылқанның қар жабынының салмағына қатты, жел екпініне төзе алатын механикалық тірек пайда болады. Қылқанның орталық бөлігі мезофилден оны қоршап тұрған эндодерма арқылы бөлінген. Эндодерма жасушаларының қабықшасы да қалыңдаған және сүректенген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет