Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған



бет6/73
Дата09.04.2023
өлшемі7,76 Mb.
#174032
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
Лекция Ботаника п ніне кіріспе Ботаника сімдіктер туралы ілім.

Ядро қабықшасы. Ядроның ішіндегі заттарды цитоплазмадан бөліп тұрады. Ядро қабықшасы екі қабат мембранадан тұрады, олардың арасында перинуклеарлық кеңістік деп аталынатын қуыс болады (15-сурет).
Мембрананың қалыңдығы 10 нм., ал перинуклеарлық кеңістіктің қалындығы тұрақты болмайды (өзгеріп отыра­ды). Қабықшаның жалпы қалыңдығы 60—80 нм. тең. Қабықшаның ішкі мембранасы агранулярлы болып келеді, ал сыртқы мембранасына рибосомалар бекінеді.
Құрылысы және химиялық құрамы жағынан ядро қабықшасы эндоплазматикалық торға жақын, оның сыртқы мембранасынан, тіптен цитоплазманың торына өтетін өсінділер түзіледі. Ядро қабықшасының ядролық поралары болады. Бұл диаметрі 30—100 нм. болатын күрделі құрылым, олар арқылы макромолекулалар нуклеоплазмадан гиалоплазмаға және керісінше өтіп жатады. Ядро қабықшасы ядро мен цитоплазманың арасындағы зат алмасуды реттеп отырады және ақуыздар мен липидтерді синтездеуге қабілетті.
Нуклеоплазма. Бұл ішінде хромосомдар мен ядрошықтар орналасқан коллоидты мөлдір ерітінді. Нуклеоплазманың құрамына әр түрлі ферменттер, нуклеин қышқылдары кіреді. Ол ядро органойдтарының арасындағы байланыстарды ғана реттеп қоймайды, сонымен бірге олар арқылы өтетін заттарды тасымалдайды.
Хромосомдар. Бұл тек электронды микроскоппен көрінетін, өте жіңішке (10 нм.) жіп тәрізді құрылымдар. Ядро бөлінген кезде олар спираль тәрізді ширатылады, нәтижесінде қысқарып жуандайды және оптикалық микроскоппен көрінеді. Хромосомдар көптеген бояғыш заттарды бойына сіңіруге және белсенді түрде боялуға қабілетті болып келеді.
Химиялық құрамы жағынан хромосом ДНК-дан және ақуыздан тұратын нуклепротеид. ДНК-ның молекуласының құрамдық бөлігі (мономері) нуклеотидтер болып келеді. Нуклеотидтің үш компоненті болады — фосфор қышқылының қалдығы, қант дезоксирибозасы және төрт азоттық негіздердің бірі: аденин, гуанин, тимин, цитозин. Нук­леотидтер кез келген реттегі ұзын тізбекке бірігеді (16-сурет). ДНК-ның молекуласы осындай аса ұзын екі тізбектен тұрады, олар өзара азоттық негіздермен байланысқан. Оның ішінде аденин барлық уақытта тиминмен, ал гуанин цитозинмен байланысады. Осындай қосарланған тізбек өсті айнала орап тұрады. ДНК-ның молекуласының ең қажетті қасиетінің бірі-репликация (өздігінен екі еселенуі). Бұл жағдайда екі қатар тізбек ажырап кетеді, олардың әрқайсы жоғалтқан бөлігін қайта түзеді. Жасушаға қажетті ерекше ақуыздың синтезделуін қамтамасыз ететін ДНК-ның молекуласының бөлігін геном деп атайды. Әрбір организмге тән, ДНК-ның молекуласындағы нуклеотидтердің орналасу жүйелілігін генетиқалық код деп атайды.



16-сурет. ДНК-нің молекуласының құрылысы (сызба-нұсқасы):


А-нуклеотид; Б-нуклиотидтердің тізбегі; В-ДНК-ның молекуласы;
Г-ДНК-ның молекуласының репликациясы: 1-фосфор қышқылының қалдығы; 2-дезоксирибоза; 3-азоттық негіз.

ДНК-ның құрамын айқындау жаратылыстануда ерек­ше жаңалық болды. Оны арнайы химиялық жене ренттеноструктуралық тәсілдерді қолдана отырып ағылшын ғалымдары Дж. Уотсон мен Ф. Крик (1953) ашты. Бұл жаңалық тұқымқуалаушылықтың молекулярлық механизін түсіндіріп берді.


Ақуыз хромосомда ДНК-ның молекуласының үстінде қаптама (футляр) түрінде орналасады. Хромосомды, алғашқы тартылған жері болады (спиральданбаған бөлігі), онда центромер орналасады, кейде хромосоманың, екінші рет тартылған бөлігі де кездесіп отырады. Соңғысы кішкентай спутник деп аталынатын үзіндіні (фрагмент) хромосомнан бөліп тұрады.
Өсімдіктің әрбір түрінің жасушаларындағы хромосомдардың саны әдетте тұрақты болады. Соматикалық жасушаларда бұл сан жұп болады (2п). Ол хромосом саны тақ болып келетін (п) екі жыныс жасушасының қосылуының нәтижесінде пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет