Лекция Экологияны оқыту әдістемесінің пәні Жоспары: Экологияны оқыту әдістемесінің пәні және оның басқа ғылымдармен байланысы. Экологияны оқыту әдістемесінің міндеттері



бет10/37
Дата07.05.2020
өлшемі428 Kb.
#66488
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37
Байланысты:
Сатаева Д.К. Жоғары және арнайы орта оқу орындарында экологияны оқыту әдістемесі ЭК-19-2(М)
Расписание пассажирских поездов по ст, Расписание пассажирских поездов по ст
Бақылау сұрақтары

  1. Сабақтан тыс орындалатын жұмыстар?

  2. Өсімдіктер мен жануарларға жүргізілетін кейбір бақылаулар?

  3. Биология кабинетінде орындалатын жүмыстар?

  4. Табиғатта орындаатын жүмыс түрлері?

  5. Оқу—тәжірибе учаскееінде орындалатын жұмыстар?



9 - лекция

Биологиялық білім беру құрылымындағы өзгерістер



Жоспары :

  1. Биологияның білім беру құрылымдары

  2. Білім беру құрылымдарын жаңарту әдістері


Лекция мақсаты: Биологияның білім беру құрылымдарын оқып үйрену?

Лекцияның мәтіні :

1. Биология пәнін оқытудағы ең бір тиімді дидактикалық ұстанымдардың бірі- пәнаралық байланыс. Бұл ғылыми- жаратылыстану пәндері мен қоғамдық- гумнитарлық циклдердің және жастарды еңбекке баулуда білім берудің арасындағы байланыстардың қамтамасыз етеді.

Пәнаралық байланыстың мақсаты:

ҚР- ның жалпы білім беру қағидасына байланысты, оқушылардың жиған- түйген білімдерін пән мұғалімі ескере отырып, сол қажетті элементтерді тиімді пайдалану арқылы табиғат және тіршілік жайлы ұғымдарды яғни биологиялық түсініктерді ғылыми көзқарасқа негіздеп, кең мағынада оқушының санасында қалыптастыру болып табылады.

Биология пәнін оқытудағы пәнаралық байланыстарды тиімді қолданулардың алғы шарттары:

а). Бұрын оқылған биологияның басқа курстарынан таныс түсініктерге сүйеніп, олардың арасындағы байланыстарды анықтау;

ә). Биологиядан басқа пәндерден алынған таныс түсініктермен байланысын ашу;

б). Болашақта оқылатын биология және басқада пәндерде кездесетін түсініктермен байланыс жоспарын алдын ала жасау;

Осы жоғарыда айтылғандарға сүене отыра, көздейтін мәселе «Биологияны оқытудағы пән аралық байларыстардың» мән- мағанасын ашу болып табылады. Сондықтан: қазіргі заман мектебіне қойылатын талапқа сай,

Биологиялық түсініктерді қалыптастыруда пән аралық байланыстардың тиімді жолдарын жан- жақты талқылап оны іс жүзінде насихаттау.

Пәнаралық байланысты қолданудың әдістемелік көкейтесті мәселесі: оқушыларға бағыт- бағдар бере отырып, олардың өз беттерімен ізденіс жұмыстарын арттыруға арналады. Пәнаралық және пәншілік байланыстарды өсімдіктану мен жануартану

курстарында қолдану.

Пәнаралық байланысты күнделікті сабақ өткізуге пайдалану биолгия пәнінің мұғалімінің теориялық білімінің теңдігін, және жан- жақтылығын, эрудициясын, іздемпаздығын талап етеді. Оқушылардың басқа пәндерден алған білім деңгейі қаншалықты екенін биология пән мұғалім жағында болу тиіс.

Себебі, биологиялық түсініктерді кең мағанада түсіну үшін оларды басқа пәндерден алған білімдерін ескере отырып, сабақта тақырыпқа сай сол элементтерді қолдану қажет.

Өсімдіктану курсын өткенде тақырыпқа сай «география » пәндерінен алған білімдеріне ой жүгірту керек. Өйткені олар география сабағында тропикалық, субтропикалық, шөлді және тағы басқа белдеулердегі топырақтық түрлерін, теңіз балдырын, сондай- ақ көптеген өсімдіктердің таралу аймақтарын жан-жақты, кең мағынада өткен болатын.

Ал орыс тілі пәнінен бесінші сыныпта түр және туыс жайлы түсініктер беріледі. Бесінші сыныпта биология пәнә мұғалімі тәжірибе жүргізер кезде алгебра пәнінен алған білімдерін яғни пайыз және бөлшек өлшемдерін қолдана отырып, оларға толық талап қоя алады.

2. Жетінші сынып оқушылары ағашты кесу, гүлді ұзыннан ұзақ жүйек түрінде отырғызу және клумб жасау үшін түзу бұрыштары, параллель түзулер, шеңбер жүргізуде геометрия пәнінен алған білімдерін іске асыра алады.

Пәнаралық байланыс көлденең (горизонтальді) сол сыныпта өтілетін пәндермен бір тұтас, сондай-ақ тігінен (вертикальді) жоспарда төменгі сыныптарда өтілетін пәндермен тығыз байланысты жүргізіледі.

Табиғаттану курсы бойынша алынған білім өсімдіктану курсының тек қана мазмұны жағынан немесе (ауаның құрамы, топырақ, миниралды тыңайтқыштар, торф, тас көмір), сондай- ақ оқушылардың іскерлігінде (оқулық пен үйде жұмыс істеу, сұраққа жауап беру, затттардың құрамын салыстыру, кесте толтыру, бақылау жүргізіп, коллекциялар жинау, отынды, пробирканың, термометрді қолданып тәжірибе жасау) арттырады. Мұндай жағдайда биология пәні мұғалімі пәншілік байланыс ретінде, өлі табиғатты вертикальдық жүйеде өсімдіктану мен байланыстыруына болады. Пәншілік байланыс биологиялық түсініктердің дамуын қарастырады.

Жануартану курсы бойынша жануарлардың тіршілік ету жағдайын қарастырғанда мұғалім бұнда білімдеріне арқа сүйеді. Осыған орай олар жануарлардың оттегі, көмірқышқыл газы, судың (О2, СО2, Н2 О) тыныс алу, қоректену, зат алмасу кезіндегі күйін қарастырады.

Жануартану курсында қосымша география пәнінен оқушылар жануарлардың әр түрлі континент және зоналарда таралуы туралы көптеген мәліметтер алады. Сегізінші сынып физика пәнінен Архимед заңы балықтардың жүзуі туралы түсінік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет