1.4. Корреляциялық және регрессиялық талдаудың міндеттері. Құбылыстар тәртібіне әсер ету мүмкіндігіне ие болу үшін және болжау жасау үшін анықталған байланыстар мен тәуелділіктерді пайдалану үшін оларды толығырақ зерттеу қажет. Корреляциялық байланыстарды зерттеуді біз корреляциялық талдау десек, бір жақты стохастикалық тәуелділікті зерттеуді – регрессиялық анализ деп атаймыз. Корреляциялық және регрессиялық талдауда әр түрлі статистикалық тәсілдер мен математика – статистикалық әдістер қооданылады. Соған орай, корреляциялық және регрессиялық талдау біріншіден, құбылыстардың сандық қатынасымен өлшенеді де, соңында пайда болған салдардан бір немесе бірнеше себептерді табуға болады. Ол тіпті мүмкін, себебі, себептегі өзгеру салдардың да өзгеру қажеттілігін тудырады.
Корреляциялық талдаудың міндеттері:
а) екі және одан көп құбылыстардың байланыс (тығыздылық,күш,қатаңдық,қарқындылық) деңгейінің өзгеруі.
б)айнымалылар арасындағы байланыс деңгейін өлшеу негізінде нәтижелі белгіге елеулі әсер ететін факторларды іріктеу. Іріктелген факторлар одан әрі талдау үшін пайдаланылады. Корреляциялық және регрессиялық талдау шеңберіндегі ең маңызды факторларға зерттеуге жататын құбылыстармен байланысы белсендірек факторлар жатады. Әсер етуші факторларды саналы түрде өзгерту арқылы қорытынды белгі – салдарда қалаған нәтижеге жетуге болады.
в) белгісіз себепті байланыстарды анықтау. Бұл міндетті шешкенде себеп – салдарлы кешендегі өзіндік арақатынасты және құбылыстар арасындағы сандық байланысқа сүйенетін статистикалық зерттеудің ғылыми – әдістемелік ережелерінің ерекшеліктерін ескеру қажет. Корреляция тікелей құбылыстар арасындағы себепті байланыстарды анықтамайды, бірақ бұл байланыстардың қажеттілік деңгейі мен олардың бар екендігі туралы пікір дұрыстығын қалыптастырады.