Регрессиялық талдаудың міндеттері.
а) тәуелділік формаларын орнату.
Құбылыстар арасындағы тәуелділіктердің сипаты мен формасына қатысты жағымды сызықтық және сызықсыз, жағымсыз сызықты және сызықсыз регрессиялар ажыратылады.
б) регрессия функциясын анықтау. Түсіндіруші айнымалының әрбір мәніне тәуелді айнымалы мәнінің бөлінуі сәйкес келуі арқылы корреляциялық байланыстар сипатталады. Мұнда тәуелді айнымалы өзгеруінің жалпы тенденциясын ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар, тәуелді айнымалыға басты себеп факторлардың басқа да (екінші реттегі) факторлар өзгеріссіз қалған (орта деңгейде ) жағдайда және егер кездейсоқ элементтер тыс қалғанда әсері қандай болатындығын анықтау. Ол үшін математикалық теңдеу түріндегі функцияны анықтаймыз.Регрессия функциясын табу үрдісін тәуелді айнымалының жекелеген мәндерін теңестіру деп аталады.
в) тәуелді айнымалының белгісіз мәндерін бағалау.