Лекция Геоақпараттық жүйелер туралы жалпы түсінік. Гаж-дың


Лекция 12. ГАЖ-дан деректерді шығару және техникалық қамсыздандыру



Pdf көрінісі
бет13/16
Дата25.05.2024
өлшемі0,84 Mb.
#202896
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Дәрістер 1-15

Лекция 12. ГАЖ-дан деректерді шығару және техникалық қамсыздандыру
Нәтижелерді шығару кез-келген сараптаудың соңғы өнімі. Сараптау нәтижелерін 
шығару қондырғының типіне байланысты тұрақты және уақытша болуы мүмкін. Бірінші 
категорияға қағаз, таспа немесе магнитті тасымалдағыштарға шығару жатады және 
олардың барлығы нәтижені ұзақ уақыт сақтайды. Екінші категория – монитор экранына 
немесе сараптау нәтижелерін демонстрациялауға немесе файлдарды сараптауда, немесе 
тұрақты шығаруға қолдану туралы алдын-ала қарастыру мақсатымен проекциялық экранға 
шығару. 
Өнімді шығару адамдық бағдарланған және машиналық-бағдарланған деп бөлінеді. 
Машиналық бағдарланған түрі ақпараттың компьютерлік тасымалдағыштарда 
материалдарды сақтау үшін қолданылады; ол ГАЖ шығаруды жүйелік тармақтан сақтау 
және түзету жүйе тармақтарына қайтарады. Адамға бағдарланған шығару адаммен 
қабылдануға арналған. Бұл пішіндердегі деректер құрылымы, ақпарат тасымалдағышы 
және басқа бағдарламалар мен компьютермен үйлесімділігі туралы шешімді талап етеді. 
Карталар географиялық ақпараттады ең жинақы әдіспен көрсете алатын құрал. 
ГАЖ әр қилы карталарды құрастыруға мүмкіндік береді. Алайда бүгінде көптеген 
ГАЖ-сарапшылардың картографиялық өндіріс пен дизайнда тәжірибелері шектеулі болып 
отыр. Сол себептен картаны тұтынушылар тұрақты түрде ұлғаюда және тиімді көрсету 
талаптарының маңызы артып келеді. 
Карталарды дайындау мақсаты сәйкес нақты қоршаған ортаның қалай көрінуі 
туралы тұтынушыға көрініс беру болып табылады. Жалпыгеографиялық карталар әртүрлі 
географиялық феномендердің кең спектрін біруақытта көрсетуге ұмтылуда. Көптеген 
карталар ГАЖ-ға шығу алдында таңдалған тақырып жақтауында құрылымды қатынастарды 
ерекшелейтін тематикалық карталарға жатады. ГАЖ жағдайында «тема» сөзін «шешімге» 
ауыстыруға болады, себебі бұндай карталар көбінесе шешім қабылдау процесінің 
аяқталуының кілті немесе белгілі мәселенің шешімінің нәтижесі болып табылады. 
Тематикалық картада зерттелетін объектілерді орналастырудан басқа, онда осы 
объектілердің географиялық кеңістіктегі жағдайын анықтау мүмкіндігі болатын 
координаттардың біршама жүйелері қатысуы тиіс. Кейбір жағдайларда, мысалы, жер 
серігінен алынған деректерді көрсету кезінде координаталық жүйе өте маңызды рөл 
атқарады, себебі тұтынушы картаны координаттық торсыз оқи алмауы мүмкін. Одан басқа, 
координаттық тор нысанның кеңістіктегі ұзақтығын және ауданын анықтауға мүмкіндік 
береді. 
Тематикалық картаны құрастыру кезіндегі бірінші ереже – оның қылуы, сарапталуы 
қажет. Картаға енгізілген әрбір нысан картаның осы темасы туралы ақпарат беруі тиіс. 
Артық ештеңе болмағаны дұрыс. 
Артық нысандар жойылған соң да, шығарылатын деректерді таңдау, өңдеу және 
генерализациялау туралығ ал сосын осы деректерді тұтынушы оңай түсінетіндей көрсету 
үшін сәйкес символдарды қолдану барысында көптеген шешімдер қабылдануы тиіс. Бұл 
процесс ғылым мен өнердің қоспаларынан тұрады және жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін 
картаны нақты шығарар алдында алдын ала бірнеше нобайлары жасалынуы тиіс. 
Картографиялық дизайн – карталарды көркемдік жобалау синонимі, яғни картаның, 
атластың, 
кез-келген 
картографиялық 
шығарманың 
функциялық 
мақсатымен, 


тематикасымен, қазіргі көркемдік принциптерімен және техникалық мүмкіндіктерімен 
сәйкес эстетикалық бейнесін қалыптастыру. 
Карта дизайні әсіресе қазіргі компьютерлік бағдарламалардың кең мүмкіндіктері 
кезінде өте күрделі болуы мүмкін. Алайда картографиялық дизайнның логикалық 
(интеллектуалдық) және графиктік (визуалдық) мақсаттары қарама-қайшылыққа ие 
болады. Осы проблемалардың шешілуі қашанда келісім жолымен шешіледі. Мысалы, егер 
тұрғын үй символдарын картада орналастыру керек болса, онда логика да, эстетика да 
келісілген – символдарды үйлердің нақты координаттарында орналастыру тәсілдері 
жатады. Бірақ егер осы үйлерге жақын өтетін жолды көрсететін, сызықтық символ бар 
болса, онда не жол символы не үй символдары жылжуы тиіс. Кейбір жағдайларда не жол 
символы не үй символдарын олардың нақты координаттарынан жылжыту қажеттілігі 
туады. 
Алғашқы қадам карта типін таңдаудан тұрады, ол онда нысандар мен оның жалпы 
түрін орналастырумен құрастырылады. Бұл сатының нәтижесі – картаның жалпы көрінісі. 
Қолдан орындалған нобайлар да пайдалы болуы мүмкін. 
Одан кейін нысандарды, класс аралықтарын, түстерді, сызық типтерін және басқа 
сызбалық элементтерді көрсету үшін символдар алынады. Бұны да эскизде орындауға 
болады. Бұндай кезде объект мөлшері және олардың арасындағы қашықтық белгіленеді, 
одан кейін бағдарламаға енгізіледі. 
Карта компоновкасы – картографиялық бейнелеуді, карта атауын, легендасын, кесіп 
қиылысуларды және басқа деректерді, карта жақтауларын, оның өрістері немесе парақ 
шегінде орналастыру. 
Дизайн процесінің соңғы сатысы алдыңғы сатыда орындалғандарды нақты 
келтіруден тұрады. Бұл жерде картаның жалпы жоспарына тек кейбір кішігірім өзгертулер 
енгізіледі. Бастысы – монитор экранында баспаға шығарар алдында прототип түзу, себебі 
принтерлер мен плоттерлер монитор экранына қарағанда баяу. Бұндай кезде монитор 
экраны мен қағаздағы бейнелердің айырмашылықтары ескерілуі тиіс. Мәтінді шығару 
кезінде компьютердегі шрифт пен принтердегі шрифт біршама ерекшеленеді, ол экранда 
байқалмаған жазбалардың беттесуіне немесе жылжуына, немесе кодтары компьютер мен 
принтерде ерекшеленетін кейбір символдардың ауысуына әкеледі (әсіресе ұлттық және 
арнайы алфавит символдары). 
Басқа жиі кездесетін проблема – түстердің сәйкес келмеуі: компьютер экранында 
ерекшеленетін түстер қағазда мүлдем бірдей болуы мүмкін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет