Лекция Геоақпараттық жүйелер туралы жалпы түсінік. Гаж-дың



Pdf көрінісі
бет1/16
Дата25.05.2024
өлшемі0,84 Mb.
#202896
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Дәрістер 1-15



Лекция 1. Геоақпараттық жүйелер туралы жалпы түсінік. ГАЖ-дың 
классификациясы 
Қазіргі уақытта информация (қоғамдық қызмет салаларына есептеу техникасының 
енгізілуі) қолданылмайтын қызмет түрінің қандай да бір саласын атау қиын. Ақпараттық 
технология кез келген ғылымның ажырамас бөлігі болып келеді. Оны түрлендіре отырып, 
шексіз жетілдіруге ұмтылуда. Жер жөніндегі ғылымда ақпараттық технологияның 
арқасында геоақпараттану және географиялық ақпараттық жүйелер – ГАЖ деген сияқты 
ұғымдар пайда болды. 
Геоақпараттану – бұл географиялық ақпараттық жүйелерді ғылыми дәлелдеу, 
жобалау, құру, пайдалану және қолдану туралы ғылым, ол – технология және өндірістік 
әрекет. ГАЖ 1960 жылдардың басында құрылды. Қазір өнеркәсібі дамыған елдерде 
мыңдаған ГАЖ бар: олар геодезия және картографияда, кадастрда, ресурстарды басқаруда, 
табиғат пен экологияны қорғауда, экономикада, тіпті саясатта да қолданылады. 
ГАЖ – бұл кеңістіктік-үйлестіруші деректерді жинауды, сақтауды, өңдеуді, кіруді, 
бейнелеуді және таратуды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе. 
ГАЖ-дың мәні – қалай болғанда да деректерді жинауға, деректер қорын құруға, 
оларды компьютерлік жүйелерге енгізуге, сақтауға, өңдеуге, түрлендіруге болады. 
Пайдаланушы сұранысы бойынша ол мәліметті көбінесе картографиялық пішінде беруге, 
сонымен қатар кесте, график, мәтіндер (текст) түрінде шығаруға да мүмкіндік береді. 
Геоақпараттық жүйелер бірнеше ғылымдардың тоғысуынан, әдетте сандық 
картографиялау мен автоматты басқару жүйелерінен, жоспарлау мен ғылым салалары 
бойынша ғылыми-зерттеулерден құрылады. ГАЖ – жалпы географиялық карталар мен 
экологиялық, кадастрлы және ГАЖ-дың құрылуына байланысты көптеген басқа да 
деректерден құралған ақпаратты біріктіреді. 
ГАЖ-дың функциялары: картографиялық және тақырыптық ақпараттарды жинау, 
жүйелеу, жинақтау, сақтау, талдау, түрлендіру, тарату. 
ГАЖ-ды пайдалану мақсаттары: жерді инвентаризациялау, талдау, модельдеу, 
басқару, болжам жасау, жоспарлау, мониторинг, картаға түсіру, тұтынушыларға қызмет 
көрсету. 
Геоақпараттық жүйлердегі деректер, өздерінің географиялық жағдайының негізінде 
біріктірілген тақырыптық қабаттардың жинағы түрінде сақталады. Геоақпараттық 
жүйелердің векторлы және растрлы дерек модельдерімен жұмыс істеу тәсілі мен мүмкіндігі 
– кеңістіктік ақпараттарға қатысты кез келген міндеттерді шешуде өте тиімді. 
Геоақпараттық жүйелер басқа ақпараттық жүйелермен тығыз байланысты, әрі 
олардың деректерін, объектілерді талдау үшін қолданады. ГАЖ үлкен көлемді деректерді 
дұрыс, тез басқара алады. 
Геоақпараттық жүйелердің ерекшеліктері: 
1. Пайдаланушыға қолайлы кеңістіктік деректердің бейнеленуі – кеңістіктік 
деректерді, сонымен қатар қабылдауға аса қолайлы үшөлшемді өлшеудегі деректерді 
картографиялау (картаға түсіру); ол сұраныстардың құрылымы мен олардың кезекті 
талдамасын жеңілдетеді. 
2. Деректерді мекеме ішінде интеграциялау – геоақпараттық жүйелер компанияның 
әртүрлі бөлімдерінде немесе тіпті бір аймақтағы мекеменің түрлі қызмет салаларында 
жинақталған деректерді біріктіреді. Жинақталған деректер мен олардың бірыңғай 
ақпараттық массивке интеграциясын ұжымды түрде пайдаланудың, едәуір бәсекелестік 
артықшылығы бар. Ол геоақпараттық жүйелерді пайдалану тиімділігін жоғарылатады. 
3. Дәлелді шешімдерді қабылдау – кеңістіктік деректермен байланысты кез келген 
құбылыс туралы есеп беруді талдау және құру процесін автоматтандыру, шешімді қабылдау 
тәртібін жеделдету мен оның тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. 
4. Картаны құрудың қолайлы құралы – геоақпараттық жүйелер, ғарыштық және 
аэрофототүсірім деректерінің мағынасын түсіндіруге (расшифровка) тиімді және белгілі бір 
жердің құрылып қойған жоспарларын, сызбанұсқаларын (схема), сызбаларын (чертеж) 


пайдаланады. ГАЖ картамен жұмыс істеу процесін автоматтандыра отырып, уақытша 
ресурстарды үнемдеп, жердің үшөлшемді моделін құрады. 
ГАЖ 1960 жылдардың cоңында дамыса да, соңғы 10 жылда бұл технология өте 
қарқынды пайдаланылуда. Мұндай қарқынды дамудың басты себебі – әрине, есептеу 
техникасының дамуы болып отыр. ГАЖ пайдаланатын кең көлемді мәтіндік және 
графикалық ақпараттар, модельдік есептер, сапалы графика – машина ресурстарын едәуір 
талап етеді. Осы уақытқа дейін ГАЖ үшін жарамды сипаттамалары бар ЭЕМ өте қымбат, 
әрі оны тек ірі қалалардағы үлкен мекемелер ғана пайдалана алды. 
1990 жылы ГАЖ-ды сатып алу үшін 500 мың ш.б. (шартты бірлік), бағдарламалық 
және аппараттық қамтамасыз етуге 1 млн ш.б. қажет болды. Қазір есептеу техникасы 
бағасының едәуір төмендеуіне байланысты, жылдам әрекеттегі машиналарды потенциалды 
сатып алушылар жетерлік. Күннен-күнге көбейіп отырған ГАЖ–ні пайдаланушылар, 
жинақталған ақпарат алмасудың жаңа мүмкіндіктерін ашты. Мысалы, ATLAS GIS сияқты 
кейбір жүйелер тапсырыс берушінің өтінішімен, даяр деректер қоры арқылы жинақталады. 
Осыған байланысты қазір ГАЖ-ды кіші қалалар мен облыстар, жеке өнеркәсіп салалары, 
денсаулық сақтау, білім беру мекемелері, т. б. сатып ала алады. 1993 жылы Denver-based 
Research Corporation жүргізген кіші қалалар мен 3,5 млн халқы бар қалалардың 386 
респондентін қамтыған ГАЖ нарығын зерттеу нәтижесі, Солтүстік Америка қалалары мен 
кенттері шамамен 40 % ГАЖ-ды сатып алғанын көрсетті. Сонымен қатар олардың 15 %-ы 
алдағы 12 ай ішінде, ал 45 %-ы 2 – 3 жылдан кейін сатып алуға ойы бар екендігі белгілі 
болды. 
Соңғы 10-15 жылда шетелдерде және отандық тәжірибеде ГАЖдың басым бөлігі 
ақпараттық жүйелер екендігін көрсетті. Ол мына мәселелерді шешудің ақпараттық негіз 
болып табылады: 
-
басқару деңгейінің шешімін қабылдау; 
-
қала мен оның жеке аумағының дамуын жоспарлау; 
-
қала аумағындағы өнеркәсіп пен азаматтық белгідегі объектілерді тиімді жобалау; 
-
қаланың бас жоспарын жасау және оны іске асыруды бақылау; 
-
аумақтың экологиялық, әлеуметтік-экономикалық, табиғи-ресурстық жағдайларын 
зерттеу және олардың экономикалық бағасы; 
-
қала жерлері мен жылжымайтын мүліктерді (ғимараттар мен құрылыстар) есепке 
алуды және тиімді пайдалануды жетілдіру; 
-
қалалық коммуналдық шаруашылықтың инженерлік желісінің орналасу орны мен 
пайдаланылуы жөніндегі ақпараттарды алу; 
-
көп мақсатта пайдаланылатын техногенді процестер мен жер қойнауының табиғи 
қорлары жөніндегі мәліметтерді, тау-кенгеологиялық мәліметтерін жинау; 
-
табиғи ресурстарды, жылжымайтын мүліктерді пайдалануға, 
-
қоршаған ортаны ластағаны үшін алынатын төлемақы, салық салуды жүргізу; 
-
аймақтық 
ресурстарды 
тұтынушылардың, 
жекеменшік 
иесінің, 
басқа 
тұтынушылардың құқын қорғау. 
Осылай, ГАЖ – өзінің функциялары мен атқарылуы бойынша көп мақсатты болып 
табылады. Ол мекемелер мен азаматтардың қалалық ортасы жөніндегі мәліметтермен 
қамтамасыз етуге бағытталған.
Геоақпараттардың тұрақты пайдаланушыларына мыналарды жатқызуға болады: 
-
басқарушы және орындаушы өкіметтің қалалық құрылымдары; 
-
жоспарлаушы органдар; 
-
салық инспекциясы; 
-
заң және құқық қорғау органдары; 
-
қаланың сәулет-жоспарлау және жер қызметтері; 
-
пайдаланушы мекемелер (коммуникациялар, транспорт, ғимараттар мен 
құрылыстар); 
-
ғылыми-зерттеу,жобалау институттары; 


-
құрылыс мекемелері; 
-
сауда мекемелері, барлық міндеттегі биржалар; 
-
әлеуметтік-экономикалық, техникалық қадағалау инспекциялары мен бақылау 
органдары; 
-
шетел серіктестері мен инвесторлар; 
-
кәсіпкерлердің коммерциялық білім алуы; 
-
жеке тұлғалар. 
ГАЖ-ды құру мен жұмыс істеу ұйымдастыру – құқықтық, ғылыми-техникалық, 
технологиялық және қаржы-экономикалық сипаттағы бірқатар ерекше міндеттемемен 
біріккен. Оларды ақпараттық қамтамасыздандыру әдістерінен ауыстыру мүмкін емес. 
ГАЖ-дың маңызы туралы көптеген дамыған елдерде, оған бөлінетін назар бойынша 
да бағалауға болады. Бұлардың көбісінде ұлттық және аймақтық мекемелер құрылған, 
олардың міндеті: ГАЖ бен автоматтандырылған картографияға байланысты зерттеу 
жұмыстарын дамыту, қалалық жоспарлау саласындағы ұсыныстарды өңдеу, осы 
ақпараттарды алу, тарату бағдарламасын үйлестіру, ГАЖ желісін құру. Осы мақсат үшін 
құқықтық база жасалып, қуатты аппараттық және бағдарламалық қамтамасыздандыру 
жүргізіледі. Қажетті мамандарды даярлау мен қайта мамандандыру қалпына келтіріледі. 
Мысалы, Калифорния штатында (АҚШ), 1991 жылы ГАЖ мәселелерімен штат тіршілігінің 
көптеген қызметін анықтайтын жоспарлау бойынша 72 мамандандырылған бөлім 
айналысты. Ақпараттық жүйе ресурстары: жер, ауа, су, жылжитын және жылжымайтын 
мүлік, жұмыс күштері, қаражат (ақша), материалдар, концепциялар мен технологиялар. 
Жүйенің міндеті – нақты аумақтағы адамдар өмірінің деңгейін жоғарылату. Осындай 
бөлімдердің жылдық айналымы 1991 жылы 2,5 млрд USD-ға жетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет