Лекция Геоақпараттық жүйелер туралы жалпы түсінік. Гаж-дың


Лекция 13. Дизайндағы символдар рөлі. Графиктік дизайн принциптері



Pdf көрінісі
бет14/16
Дата25.05.2024
өлшемі0,84 Mb.
#202896
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Дәрістер 1-15

Лекция 13. Дизайндағы символдар рөлі. Графиктік дизайн принциптері 
 
Картаны құрастыру кезінде нүктелік, сызықтық және аудандық нысандар 
ажыратылатындай етіп графиктік қарапайым түрлерін өзгертуге болады. 
Өзгеруі мүмкін негізгі параметрлер – бұл пішін, мөлшер, бағдар және түс. Одан 
басқа алаңдық нысандарды толтыру үшін штриховканы қолдануға болады, олар тұрақты 
немесе кездейсоқ ұйымдастырылған, бақылау жиілігімен, элементтерді ашық немесе қою 
түске және осы элементтердің бағдарын сипаттайды. 
Барлық осы параметрлерді нысандар мен топтарды графиктік көрсетуді жақсарту 
үшін өзгертуге болады. Карталар біртұтас ретінде қарастырылады және дизайнның басқа 
сипаттамаларына, мысалы, айқындылық, бейнелеу қайшылықтары, негізгі бейнелеу мен 
өңнің қарым-қатынасы, иерархиялық құрылымына көңіл бөлу қажет. 
Графиктік символдар бөлек орналасуы тиіс. Олар: жеке түзулер – бөліктерге, түстер 
– әртүрлі, пішіндер – танылатындай болу керек. Символдар мөлшерінде карта 
қарастырылатын және жеке жұмыс кезінде бірнеше метрге дейін өзгеретін қашықтық 
ескерілуі тиіс. Мұнда жабдықтың физикалық шектеулері мен адамның көзбен көретіндігін 
де ескерілуі керек. 
Символдардың анық көріну факторы да әсер етеді. Мысалы, сызықтар оңай көрінеді, 
сол себептен оларды кеңейтудің қажеті жоқ. Түстердің бір үйлесімі түстерді айыруға 
көмектеседі (ақ өңдегу қара әріптер сияқты), басқа түстер – кедергі келтіреді (сол қара 
әріптер қою өк өңде). Соңында, оңай ажыратылатын символдардың комбинацияларын 
қолдануда оларды анық көруге көмектеседі. Мысалы, жол белгілерінде қолданылатын 
фигуралар алынады олар хабарды мәтіннің қолдануынсыз беруге мүмкіндік береді. 
Көзбен мөлшерлеу контрастысы графиктік символдарды жне өңдегу мәтінді
сонымен қатар оларды жақын орналасу кезінде айыру үшін қажет. Егер кейбір 
элементтердің мөлшеру, пішіні, штриховкасы немесе басқа параметрлерінің бірдей көрінсе, 
онда контрасты ұлғайту үшін қосымша өзгертулерді енгізу керек. Бұндай кезде де 
ұқыптылық қажет, контрастың ұлғаюы ұзақ қарастыру кезінде көрерменді шаршатып 
жіберуі мүмкін. 
Картаны қорытындылай отырып, оның элементтерін шектелген ауданда 
орналастыруға тура келеді. Көптеген карталарда ақ өң тым көп, немесе тым аз болғаннан 
көркемділігі (әсемдігі) кем болуы мүмкін. 
Көп жағдайда бейне мен өңнің қатынасына көңіл бөлу қажет. Толығымен негізгі 
бейнеден ғана тұратын карта, біршама аморфты өңнен тұратын, негізгі бейнені түсіндіретін 
картаға қарағанда қызықсыз. 
Өң контраст пен көзбен шолу қызығушылығын көтереді. Өңі тым көп карта негізгі 
бейне мағынасын төмендетеді және көрерменге картаның толық еместігі туралы күмән 
туғызады. 
Бірақ сурет – өң қатынасы мөлшерлер қатынасынан жақсы. Егер су мен құрлық 
беттері бірдей түсте болса, көрермен оларды оңай шатастырады. Атау, шекаралардың таныс 
белгілері, картографиялық торлар және штриховкаларда тұтынушы картаның зерттеліп 
отырған облысын және сарапталмаған учаскелерін оңай ажыратады. 


Фигура-фон қатынасы «жақсы контур» деп аталатын аспект құрайды. Мысалы, 
кейде, картаға жазба кіргізу үшін оның астында орналасқан бір түзуді үщу керек болады. 
Бұл логикалық тұтастылықты бұзбайды, себебі көрермен картада ол үзілсе де елестетілген 
түзуді қабылдайды, жазбаны оқуға болады. Мысалы, олар су мен құрлықтың, шекара мен 
жолдың, өсімдік пен құрылыстың логикалы дифференциациясын қосады. 
Бір облыстың екі картасы өң мен суреттің контрастысы қандай облыстың құрлық, 
қаншасы су екенін көруді жеңілдетеді. 
Бұндай кезде дизайн принципінің көп санын қолданбай-ақ пайдалы карта құрастыру 
мақсат. 
Графиктік дизайнның соңғы принципі – иерархиялық ұйымдастыру. Картада 
қатысатын барлық графиктік элементтер ең маңыздысын көрсететіндей ұйымдастырылуы 
тиіс. Бұл принцип жалпыгеографиялық карталарда нашар қолданылады, себебі олардың 
мақсаты – тұтынушы талабы бойынша әртүрлі маңызды элементтерді сиқырлау мүмкіндігі. 
Ал ГАЖ ортасында кеңінен таралған тематикалық карталар нақты нысандарды немесе 
сараптау мүмкіндіктерін сызып көрсетуі тиіс. Бұл иерархиялық ұйымдастырудың қатысуы 
немесе визуалды мағына деңгейі бойынша элементтерді бөлу арқылы жасалынуы мүмкін. 
Иерархиялық ұйымдастыққа қол жеткізудің үш негізгі тәсілі бар. Стереограммды тәсіл 
маңызды элементтерді маңыздылығы аз элементтерге қарағанда жоғарыда орналасқандай 
көрсету үшін сызбалық мысалдарды таңдауды және модификациялауды талап етеді. Бұл 
фигура-өң қатынасын жақсарту үшін пайдалы. Тереңдікті қабылдауға кілттер ретінде 
сызық қалыңдықтарын, түстерін, ашықтылығын немесе мөлшерін айыра отырып 
үшөлшемді нысандар алынуы мүмкін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет