Сандық карталардың жіктелуі
Мақсатына қарай
|
Алғашқы мәліметтің берілуі және ақпараттың өңделу тәсілі бойынша
|
Топографиялық, кескіндік, геомор
фологиялық, геологиялық, гидрологиялық, кадастрлық
және т.б.
|
Тұрақты карталарда тірек пункттерінің белгілі координатта
ры арнаулы геомет
риялық пішінде: квадрат немесе тең бүйірлі үшбұрыш түрінде нақты санмен беріледі
|
Тұрақты емес карталарда жергілікті жердің нүкте
лері жер бедері, геология
сы, гидрологиясы біртек
тес аймақтарда олардың жиілігі мен тығыздығын ескере отырып, еркін түрде беріледі
|
Құрылымдық кар
таларда нүктелер жер бедерінің ірі орографиялық бір
ліктерінің белгілі координаттарына негізделе отырып, көрсетіледі
|
Сандық карталар арнаулы ақпараттар базасында сақталады. Оны жеке сақтау мүмкін емес. Оларды түрлі ақпарат жүйесінде алмастыру барысында арнаулы алмасу форматы немесе алмасуды қамтамасыз ететін бағдарламалар қолданылады. Халықаралық стандарттық санаттағы Open Geospatial Consortium (OGC) GML (Geography Markup Language –Географиялық ақпарат форматы) бағдарламасы басшылыққа алынады.
а ә
Тұрақты сандық карталардағы ақпараттың берілу түрлері:
а) квадрат пен тең бүйірлі ұшбұрыштағы нүктелер;
ә) магистраль бойындағы сызықтардағы нүктелер
а) ә)
Құрылымдық сандық карталардағы ақпараттың берілу түрлері:
а) горизонталь сызықтар бойындағы нүктелер;
ә) беткей еңкіштігін көрсететін горизонталь сызықтар бойындағы нүктелер
Жергілікті жердің үш өлшемді үлгісі деп – экран бетінде берілген шарт бойынша үш өлшемді координата көмегімен ақпараттың нақты бейнеленуін айтады. Оны экран бетіне шығарып, жұмыс жасауын арнаулы ГАЖ (САПР – 3D өлшемді үлгілеу жасауға арналған автоматты жобалау жүйесі) бағдарламасы жүзеге асырады.
Бұл жүйенің басымдық жақтары:
1) жаңа мәліметтерді енгізу және өзгерту мүмкіндігінің болуы;
2) қажетті ақпаратты өздігінен іздеу және оны тауып беру;
3) бейненің масштабын өзгерту мүмкіндігінің болуы;
4) тұтынушыға қажетті деген ақпаратты сұраныс бойынша экран бетіне шығару сияқты әрекеттерді атап айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |