Лекция Жас отбасы қалытасуының психологиялық ерекшеліктері Отбасы табиғаттың асыл қазынасының бірі



бет5/6
Дата07.02.2022
өлшемі397,44 Kb.
#92303
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
16 1 kaz
2 3 kaz
Отбасылық тәрбие – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. «Отан – отбасынан басталады» деген ойдың астарында қанша терең мағына жатқаны белгілі.
  • Кез келген отбасының маңызды сипаттамасы ретінде оның атқаратын қызметтер жүйесін (айналысатын іс-әрекет түрлері, бағыттары, әлеуметтік маңызы, рөлі) қарастыруға болады. Отбасының маңызды қызметі – адамның қалайтын бақытын қанағаттандыратын фелицитивті ( лат. сөзі felicio - бақыт) қызмет болып табылады. Отбасы –тұлғаның эмоциялық саулығының маңызды факторы. Махаббат пен неке тұлғаның бақытты сезінуі мен өмірге қанағаттануын анықтайды.
  • Қазіргі отбасының басты қызметтерінің нақты қалыптасқан топтамасы болмаса да, ең негізгілері ретінде төмендегі қызметтерді атап өтуге болады: - Отбасының репродуктивтік қызметі; - Тәрбиелік қызметі; - Сауықтыру қызметі ; - Рухани-адамгершілік қызметі; - Танымдық-білімдік қызметі ; - Тұрмыстық қызметі; - Еңбекке баулу қызметі; - Коммуникативтік қызметі - Экономикалық (материалды-өндірістік),
  • Репродуктивті қызметі (ұрпақ жалғастығы, ұрпақ сабақтастығы, демографиялық мәселені шешуге қатысуы). Отбасының аталмыш репродуктивті қызметінің маңыздылығы Ежелгі Рим қоғамында Август императоры билік еткен кезде Рим азаматтарының дүниеге бала әкелуін арттыру заңы шыққанда мойындалды.Өмірге бала әкелуді жоспарлау және халықты өсіп-өндіру міндеттерін шешу кез келген елдің мемлекеттік саясатының маңызды қызметін құрайды. Бұл мәселе бала туу дағдарысымен және адам ресурстары «тапшылығымен» немесе керісінше дүниеге бала әкелу деңгейін шектеу қажеттілігімен ұштасып жатса да өзінің маңыздылығын жоймайтын мәселе болып табылады.
  • Тәрбиелік қызметі (бала тұлғасын ұлттық құндылықтар арқылы дамыту, оның ұлттық сана-сезімін қалыптастыру, этникалық әлеуметтендіру, мінез-құлық мәдениетіне үйрету, өзін-өзі тәрбиелеуге, дамытуға ынталандыру, т.б.); Отбасы баланы алғашқы әлеуметтендіру институты. Ол қоғамның даму үздіксіздігін, адамзат ұрпағының жалғасын, заман байланысын қамтамасыз етеді.Отбасындағы тәрбиенің, баланың жақындарымен эмоционалды-жағымды толыққанды қарым-қатынасының, баланың ерте жаста үйлесімді дамуын анықтайтындығы белгілі. Бала қаншалықты бой жетсе де отбасының тәрбиелік қызметінің маңыздылығы жойылмайды, оның тек міндеттері, құралдары, желісі, ата-аналармен ынтымақтасу және келісім (кооперация) ғана өзгереді. Қазіргі уақытта бала тәрбиелеу отбасыныңмаңызды әлеуметтік қызметі ретінде қарастырылады.
  • Сауықтыру қызметі (ұлттық тарихымыздағы салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің дұрыс тамақтануы, денсаулықтарын жақсартуы, т.б.); Рекреативті (қалыпқа келтіруші) қызмет – отбасы мүшелерінің нервтік-психикалық денсаулығы мен психикалық тұрақтылығын қалыпқа келтіру жағдайларын қамтамасыз етеді.
  • Рухани-адамгершілік қызметі (тұлғалық, отбасылық, ұлттық, жалпыадамзаттық рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру); Рухани қарым-қатынас қызметі – отбасы мүшелерінің рухани дамуын көздейді; ақпаратпен алмасу; тұлға үшін аса маңызды әлеуметтік-саяси, кәсіби, қоғамдық өмір мәселелерін талқылау; әдеби және көркем шығармалар, музыка контексінде қарым-қатынас; отбасы мүшелерінің тұлғалық және интеллектуалды өсуіне жағдай жасау.
  • Тұрмыстық қызметі (отбасы мүшелерінің материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз ету, т.б.);
  • Еңбекке баулу қызметі (еңбектің құндылықтық сипаттарын ашып көрсету, балаларды еңбектің сан алуан түрлерімен таныстыру, еңбекті бағалауға үйрету, т.б.);
  • Коммуникативтік қызметі (дұрыс қарым-қатынас орнату ережелеріне, үлкендер мен кішілер арасындағы қарым-қатынас әдебіне, сөйлеу мәдениетіне үйрету, т.б. ). Отбасы – әр адам үшін ең жақын әлеуметтік, қоғамдық қатынастарға бейімделуінің алғашқы сатысы. Отбасында әр адам алғаш рет ата-анасымен, тұған-туыстарымен қарым-қатынас түрлеріне үйренеді, қоршаған ортамен танысады, мінез-құлық нормаларын меңгереді. Қоғамдық институттардың бірі ретінде отбасы қоғам үшін үлкен құндылық болып табылады.
  • Экономикалық (материалды-өндірістік), шаруашылық-тұрмыстық. Индустриалды қоғамға дейін отбасы барлық негізгі материалды қызметтерді қамтамасыз ететін алғашқы топ ретінде қарастырылды. Қазіргі кезеңде отбасының экономикалық қызметі оның мүшелерінің табыстарының бірігуімен және бұл табыстарды отбасының әрбір мүшесінің қажеттіліктеріне сай тұтынуға бөлуімен анықталады. Шаруашылық-тұрмыстық қызмет отбасы тұрмысын ұйымдастыру түрінде және отбасының әрбір мүшесінің жеке тұрмысында жүзеге асады.Үйде атқарылатын міндеттерді бөлу және олардың мазмұны тарихи кезеңдермен, өмір жағдайларымен, отбасы құрамымен және өмірлік цикл кезеңдерімен байланысты.
  • Осы отбасылық қызметтердің түрлерін орындауда ерлі-зайыптылар тек бір міндетке ғана тікелей назар аударып, басқа міндеттерді ескермей жүре берулері мүмкін. Бұл дисбалансқа және шиеленістердің пайда болуына әкеләп соғуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет