Лекция жинағЫ Қарағанды 2011 Құрастырғандар: Жұмабаев С. Ә. ф-м.ғ. к., доцент



бет39/40
Дата19.02.2017
өлшемі5,17 Mb.
#10648
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40

Бухгалтерлік баланс
2.2006 жылдың бухгалтерлік балансын қалыптастыру үшін «Бухгалтерлік баланс» жазуы бар жолды тышқанмен екі рет сырт еткізіңіз.

3.Экранға терезе шығады, оған ұйымның атын және есеп берудің мерзімін енгізіңіз. Терезенің төменгі бөлігінде «ОК»-ді басыңыз.

4.Бухгалтерлік баланстың қалыбы ашылады. Есеп беруді берілген ақпарат базасының мәліметтері бойынша автоматты түрде толтыру үшін еспе беру қалыбының жоғарғы басқару тақтасындағы «Толтыру» пернесін басыңыз.

5. Бухгалтерлік баланстың бланкін компьютердің экранына басып шығару үшін, есеп беру қалыбының төменгі бөлігіндегі "басып шығару" пернесін басыңыз. Түспелі менюден "бланкті көрсетуді" таңдаңыз. Есеп беруді көруге және өзгертуге кестелік құжат түрінде болады.





6. Есеп беруді басып шығару үшін алынған кестелік құжат – бухгалтерлік баланс бланкінің төменгі жағындағы "басып шығару" пернесін басу керек.

7. Бланк қалыбының төменгі жағындағы "жабу" пернесін басып, бухгалтерлік баланс бланкін жабыңыз.

8. Ақпараттық базада сақтау үшін "бухгалтерлік баланс" бланк қалыбының төменгі жағындағы "ОК" пернесін басыңыз.

Орындау үшін әдістемелік нұсқаулар:

"Шот бойынша айналымды-сальдо ведомосі" бастапқы және соңғы қалдықтарды, сонымен қатар алынған есеп беру кезеңінің айналымын көрсетеді. (меню "есеп берулер" шот бойынша айналымды-сальдо ведомосі).

Регламенттік есеп беру – бұл есеп берулер, қалып, толтыру қатары, мерзімдер және әртүрлі мемлекеттік органдармен анықталатын түсініктемелер қатары.

Толтырылған регламенттік есеп беру – кесте түрінде болады, оның бөліктерін өзгертуге мүмкіншілік бар. Өзгертуге мүмкіншілігі бар ұяшықтар фонның түсімен бірдей болады. Ұяшықтардың бір бөліктері ақ түске боялған – ондай ұяшықтарды өзгертуге болмайды.

Сары түске боялған ұяшықтар қолмен толтыруға арналған, онда қосымша ақпарат енгізуге болады.

Жасылмен белгіленген ұяшықтардағы мәліметтер автоматты түрде басқа ұяшықтарда енгізіліп берілген мәліметтер бойынша анықталады.


Негізгі әдебиет:1-4

Қосымша әдебиет:18,19,20


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет