Лекция жинағы Пән: «Қазақстан тарихы»


«Қазақстан тарихы» пәнін қазіргі тұрғыда түсіндіру



бет2/80
Дата15.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#131814
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Байланысты:
kazedu 201595
МӘДЕНИЕТТІҢ ҚОҒАМҒА ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИІМДІ ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫ, МӘДЕНИЕТТІҢ ҚОҒАМҒА ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИІМДІ ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫ, МӘДЕНИЕТТІҢ ҚОҒАМҒА ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИІМДІ ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫ, Инструкциялық карта №1, 4практикалық сабақ, менеджмент, Силлабус Әлеуметтану-Саясаттану (1)
2. «Қазақстан тарихы» пәнін қазіргі тұрғыда түсіндіру.
3.Қазақстан тарихының түйінді мәселелерін ашып көрсету.
4. Отан тарихының түйінді мәселелерін ашып көрсету.

Тарих ғылымының адамзат және коғам өміріндегі мәні мен манызы ерекше және ол ежелгі ғылымдардын бірі болып табылады. Әрбір ұрпактың өткен тарихты оқып үйренуі, одан тағылым алуға деген талпынысы барлык ұлттар мен халыктар үшін занды кұбылыс. Әрбір азамат өз елінің өткені мен тарихын білуге, Отан тарихынын тәжірибесі мен кұндылыктарын келесі ұрпакка үйретуге міндетті. Тарих барлық ғылымдардың атасы деп бекер айтылмаса керек. Қазак елінің ежелгі дәуірден казіргі күнге дейінгі тарихы әлемдік тарихтың кұрамдас және маңызды ажырамас бөлігі болып табылады.


Қазақ халкы казіргі мекеніне басқа жактан ауып немесе баскыншылық жолмен келген жок. Олар ғасырлар бойы осы аймакта мекендеген тайпалар мен халыктардан калыптасты және Қазақ халқының қалыптасу тарихы мейлінше терең және күрделі. Оның тарихы ХІУ-ХУІ ғасырлармен ғана шектелмейді, бұл мәселенің түп тамырын Кдзакстан аумағын мекендеген алғашкы тайпалардан іздеу керек. Қазак халқынын арғы ата тектері тарихта өртүрлі этнонимде белгілі, олар Еуразияның қатаң табиғат жағдайында тіршілік етіп, өркилы тарихи окиғаларды бастан кеше отырып, ішкі алау-ыздық пен ауыртпалыкты жеңе білді, өздерінін бостандығы мен тәуелсіздігін сырткы жаулардан жанкиярлыкпен корғады.
Отандык тарихты сын көзімен караған тарихшы-ғалымдардың бір тобы «көшпенділер мәдениеті өзінің 3 мың жылдык тарихында Жерорта теңізі мен Қиыр Шығыс елдеріне карағанда творчестволық эволюцияны бастан өткізді», — деп санайды. Еуразияның кең байтак кеңістігіндегі кошпенділер еркениеті біздің жыл санауымызға дейінгі XI ғасырдан бастап, біздің заманымыздың XVIII ғасырына дейін емір сүрді және осыншалыкты үзақ уакыт пен бірегейлік және біртұтастык кадір-қасиеттерін сақгаған дала өркениеті 7 мың шақырым аралықты қамтыды. Қазіргі моңғол жерінен Донға дейін созылған географиялық аймақта этномәдени тұрмыстык өркениет қалыптасты, әлемдік дамуға едәуір үлес косты. Қазірге дейін жеткен зороастризмді (тәңірлік дүниетаным) таратты, металл қорытудын көне ордасы бодды, төл жазуын, күнтізбесін ойлап тапты.
Қытай, Иран, Грек-Рим, Византия өркениеттерімен тоғыскан түркілер жаңа мәде-ниет типін калыптастырды. Егер бірінші түркі қағанатында соғды тілі үстемдік етсе, екінші түркі кағанатында руналык жазу тарады. Аталған аймақган VII—ХШ ғасырларда жазылған 200-ден астам тас ескерткіштер табылды. Б.з.д. V ғасырға жататын Есік қорғанынан табылған жазулар дала өркениетінің жазуын одан әрі де алыстата түседі.
Коп уақытқа дейін көшпенділерді ез бетімен дами алмайтын, жасампаздык касиеттен мүлдем ада, кырып-жойғыш, бүлдіруші күш ретінде көрсету басым болып келді. Бұл пікір кешпелілер мен отырыкшылардың өмірлік рухани мүдделерінің ешкашан бітіспейтін, ежелден бір-біріне деген жауластығы бар деген қисынға сүйенді. Бұл кисынды өздерінің отарлық саясатында шебер пайдаланған Ресей жаулаушылары Орталық Азия кеңістіктеріне кол сұғушылыкты өркениетті әлемнің кауіпсіздігіне жасалып жатқан қамқорлык ретінде түсіндіруге тырысты. Патша генералдары бастаған отарлык саясатты бүтіндей халыктардың тарихи санасын жаулап алуда кешегі кеңес өкіметінің тоталитарлык жүйесі еселей жүргізді. Халықтар тарихын қолдан бұрма-лаудың қаншалыкты зардапты болғандығы енді анғарылып отыр.
Көшпенді өмірдің болашағы жок бүлдыр коғам ретінде дәріптелуі 20-30-жылдар-дағы тәркілендіру мен жаппай ұжымдастыру зобалаңдары кезінде айкын көрінді. Бар тіршілігі мен тұрмысы көшпенділікке негізделген казак кауымы үлкен күйзеліске ұшырады. Бұл бүтіндей бір халыктарды кыруды қолдан ұйымдастырған қызыл империяның нөубеті еді. Тарихи дамудың сан алуан жолының бәрі жоқка шығарылып, тек тап күресі ғана бір жакты дәріптелді. Оны мойындағысы келмегендер аяусыз жазаланды. Кеңестік жүйе адамдарды тарихи санадан айыру аркылы халыктарды тек өткенінен ғана емес, оны болашағынан да айыруды көздеді.
Тоталитаризмнің есігі мыктап жабылған тар кыспағына түскен халықтар өзіндік ерекшеліктерінен жүрдай болып, өзіндік тарихынан да түгелдей айырыла жаздады. Тәуелсіздік таңы ғана ұлттык тарихымызды кайта зерделеуге, ұмыт бола бастаған мұрамыз бен мәдениетімізді кайта жанғыртуға мүмкіндік берді. Соңғы он жылдың көлемінде ғана бұл бағытта ұлан-ғайыр жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұрмаланған тарихымыз бен ақтаңдақтар беті кайта зерделенуде. Калың көпшіліктің де өткенді білуге деген кұмарлығы арта түсуде. Ұлттык тарихка деген ұмтылысымыз тек өткенге құмартушылыктан ғана емес, болашакка деген мақсаттарымыздың да каншалыкты негізділігін пайымдау қажеттілігінен де туындап отыр. Уакыт талабына тек өткенді біліп, тарихқа канығып барып дұрыс жауап таба аламыз. Өз Отанының тарихын білуі, өткенді кұрметтеу әрбір ел азаматының міндеті болуы тиіс. Біздін еткенімізді білуге және кадірлеуге тиісті жәйттеріміз де аз емес.
Білектің күшімен, найзаның ұшымен және ақылгей де болашакты кере білген көрнекті ел билеушілердін ішкі және сырткы саясагтағы нәтижелі кызметтерінің барысында қалыптасқан және кең байтак аумакты бүгінгі ұрпаққа дейін жеткізген сан қилы окиғалар казақ тарихының үлкен құрамдас бөлігі. Казак халкының әлемдік еркениетке, оның мәдениетіне коскан үлесі де зор. Кәшпелілер тарихы мен мәдениетін тек тағылык деп түсінетіндер де кездеседі. Отарлық тәуелділік кезінде, кенестік тота-литаризм мен идеология түсында қазак халкының тәуелсіздігі мен табиғат байлыктары ғана емес, өгкен тарихы да бұрмаланды, халыктын тарихи санасы да жаулап алыңды.
Ресей империясының отаршылдық саясатының кұрсауына тартылған казақ елінін өзінін ұлттық мемлекеттілігінен айырылып калуына және отаршылдық әкімшілік тарапынан жүргізілген орыстандыру саясаты салдарынан ұлттык және әлеуметтік қыспаққа ұшырауына ұрыңдырды. Ең күшті соққы ең шідымен ұлттық сана-сезімнен айыруға бағытталды. Екі ғасырдан астам уакытқа созылған отаршылдыктың бұл жымысқы әрекетіне карамастан, казақ халкы өзінің тілі мен дінін, мәдениеті мен казаки болмысын сақтап қалды. Қазақ болмысы ерекшеліктерінің бірі оның ұлтына деген бағабайламы мен тарихшылдығы. Қатардағы дала казағы өз халқының тарихымен бірге өсіп, өзін үнемі халык тарихының бір бөлшегі ретінде сезінген.
«Жеті атасын білген ер жеті жұрттың қамын жер» деген халық даналығынан үлгі алған ата-бабаларымыз ел тарихын, ру тарихын, ата-бабалар тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуді үнемі назарда үстаған. Ел Президенті Н.Назарбаев атап көрсеткендей, «тарих дегеніміз еткеннің ғана сабағы емес, ол едәуір дәрежеде болашақтың да көрінісі».
Қазіргі отандық тарих ғылымы алдында жауапты да маңызды міндеттер түр. Тарих ғылымын зерттеу мен оған тиісті баға берудегі және оны жас ұрпак санасына жеткізудегі кеңестік идеология мен пікірлерден, тұжырымдардан арылып әлемдік тарихтын кұрамды бөлшегі мен өзіндік ерекшеліктеріміз бен ұлттык болмысымызды ерекше керсетуге мән беруіміз қажет. Бүгінгі отандық тарих ғылымының басты міндеттерінің бірі казіргі ұрпағымызды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу болып табылады. Ал патриотизм рухында тәрбие беру коғамның өткені мен бүгінін байланыстыратын тарихи сананы калыптастырмайынша мүмкін емес. Сондыктан да отандық тарихты окып үйрену, оны үрпак санасына жеткізу бүгінгі күндегі басты міндеттердің бірі болып табылады. «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, езіміздің мемлекеттілігімізді үзак уақытка меңзеп кұрғымыз келсе, онда халык руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» (Н.Назарбаев. Тарих толкынында. Алматы, 1999, 273-бет).
Жоғары оку орындарында Қазақстан тарихы курсының міндетті окыту пәндерінің бірі ретінде енгізілуі де отандык тарих ғылымына аукымды міндеттер жүктейді. Тәуелсіздік таңы ғана өткен тарихымыздын аса күрделі де, қайшылыктар мен күнды-лыктарға толы тарихи процестерін жана көзкараспен айтуға мүмкіндік берді. Бұрын айтылмай келген немесе таптық тұрғыдан бүрмаланып түсіндірілген тарихымыздың айтары да, үрпағымызға үлттык тәлім-тәрбие берудегі үлес салмағы да үлкен. Оку кұралында Казакстан тарихын толык түрде баяндап беру және тарихи баға беру міндеті қойылмаған. Авторлардын аддына койған басты міндеті ежелгі дәуірден казіргі күнге дейінгі тарихымызға жалпы шолу жасап, тарихи оқиғаларды оқырмандардың дұрыс тұсінуіне көмектесу, орта мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне, гуманитарлык емес жоғары оку орнының студенттеріне казақ тіліндегі окулық тапшылығынан шығуына көмектесу. Берілген қосымшалар кажетті деректерді, окиғаларды және т.б. тез тауып алуды және жауаптарды іздестіруді жеңіддетеді, осы қосымшаларды пайдаланып сабақ өдістерін түрлендіруге, ауызша жөне тесттік сүрақтар кұрастыруға және т.б. көмекте-се алады.
Қазакстан тарихы курсын жаксы меңгеру үшін оның қандай кезендерге бөлінетінін білу керек. Отандык тарихта ел тарихын кезендерге белуде тарихшылар арасында бірынғай пікір жоқ. Дегенмен де тарихи даму мен жаңаруларды әлемдік тарихпен байланыстыра отырып Қазакстан тарихын бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. Олар:
1. Ежелгі заман - Қазақстан аумағында алғашкьі адамдардың пайда болуынан кола ғасырына дейінгі кезең (б.э.д 800 мың жылдан б.э.д VIII ғасырға дейін) Андрон мәдениетінін тайпалары да осы кезеңге кіреді;
2. Ерте көшпеңділер коғамы - алғашқы тайпалык одақтар мен мемлекеттер (б.э.д VIII - б.з. V ғ.ғ.);
3. Ерте түркі дәуірі — Қазақстан аумағындағы орта ғасырлық мемлекеттер (V—XIII ғ. басы);
4. Моңғол шапкыншылығы, Алтын Орда және үлыстар мен мемлекеттер кезеңі (XIII ғ. басы — XV ғасырдың ортасы).
5. Қазақ хандығы (XV ғасырдың 60-жыддарынан — XIX ғасырдың 20-жылдарына дейін);
6. Ресей бодандығы кезеңіндегі Қазақстан (XIX ғасырдың 20-жылдарынан 1917 жылға дейін);
7. Кеңестер билігі тұсындағы Қазақстан (1917—1991);
8. Қазіргі Қазақстан (1991 жылдан бері).
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ТҮП-ТӨРКІНДЕРІ ЖӘНЕ ТАРИХНАМАСЫ
Әлемдік немесе кез келген еддің тарихын оқып үйрену ең алдымен сол тарихтың түп-төркіндері мен тарихнамасын оқып үйренуден басталады. Яғни, оқылатын пәннің акикаттылығына күмән тумас үшін ол деректердің қайдан алынғандығын, қалай алынғандығын, бізге дейін қалай жеткендігін, аталған тақырыптар бойынша қандай зерттеулер жү'ргізілгендігін және т.б. білу абзал.
Тарих ойдан, қиялдан немесе біреудің болжамынан шықпайды. Қандай да бір окиға, факт немесе болжамдар болмасын белгілі бір зандылыкка, дерекке, айғақка немесе себепке негізделуі керек. Қазіргі ғылым мен тех-никаның дамуы бұдан миллиондаған жылдар бұрын өткен, табылған түп-деректерге ғылыми сипаттама бере алады, олардың жасын, құрамын және т.б. аныктауға көмектеседі.
Адамзаттың әткені туралы мәлімет бере алатын заттардың, адамның өмір сүруіне ыкпал ете алғандардың, адамның қолдан жасаған және пайда-ланылғаңцардьщ барлығы — бүгінгі тарихи ғылым үшін түп-тәркіндер жиын-тығы болып табылады. Адамзаттың өткені туралы қандай да бір мәлімет бере алатын заттар егжей-тегжейлі зерттеледі. Бұларды зерттеуге тарих және басқа да ғылымдар және олардың әртүрлі салалары көмектеседі. Бұлардың бір бөлігі тарих ғылымында қосалқы тарихи пәндер деп аталады.
Тарих ғылымына ең көп және сенімді мәліметтерді археология ғылымы береді. Археология - өткен заманның заттай тарихи түп-төркіндерін зерттейтін және сол мәліметтер бойынша адамзаттың өткен тарихын қал-пына келтіретін ғылым. Археологияның деректері — аса бағалы тарихи түп-дерек, өйткені олардың бәрі өз заманының дерегі болып келеді және сол дәуірдің тіршілік жағдайын бейнелеп көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет