Лекция жинағы Пән: «Қазақстан тарихы»


Қазақ АКСР – нің құрылуының тарихи маңызы



бет34/80
Дата15.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#131814
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   80
Байланысты:
kazedu 201595

Қазақ АКСР – нің құрылуының тарихи маңызы:
1) Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі.
2) Отаршылдыққа қарсы күрес нәтижесі.
3) Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам.
Бірақ қазақ елінің кеңес билігі тұсында мемлекеттік еркіндік алу туралы ой-арманы орындалмады. Жарияланған кеңестік қазақ автономиясы тек сөз жүзіндегі ғана құрылым болды. Қазақстанның ішкі өміріне қатысты мәселелердің негізгі түйіні Мәскеуде шешілді. Сондықтан да ұлттық-демократиялық интеллигенция өкілдері тәуелсіздік жолындағы күресті одан әрі жалғастырды. Бірақ қуғынға ұшыраған олардың бір бөлігі шетелге кетуге мәжбүр болды.
Орта Азияда республикаларды Түрік Республикасына біріктіру жөніндегі Тұрар Рысқұловтың идеясы Орталықтың наразылығын туғызды. Бүкіл ресейлік Атқару Комитеті мен РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Ташкентке арнайы құрылған комиссия жіберді. Түрік Республикасы туралы жергілікті партия органдарының шешімдерінің күші жойылды. Түрік Республикасын құру туралы бастаманың Т.Рысқұлов бастаған бас-шылары партиялық және мемлекеттік қызметтен босатылды. Тек 1922 жылы ғана өздерінің «қателіктерін» ресми түрде мойындағаннан кейін барып ғана олардың республика басшылығына қайта оралуына рұқсат етілді.
1923 жылы маусым айында Ресей Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің мәжілісінде татар коммунистерінің жетекшісі М.Сұлтанғалиевтің Орта Еділ бойында коммунистік мұсылман мемлекетін кұру әрекеті де қатты сынға алынды. Сұлтанғалиевтің Шығыстағы барлық түріктерді біріктіру жоспарында Орта Азия немесе Тұран Республикасы (Құрамында Өзбекстан, Түркменстан, Қырғызстан және Тәжікстан) КСРО кұрамына тең құқылы федерация ретінде кіруі керек болса, Қазақстан жеке одақгас республика болып құрылуы тиіс еді. 1923 жылы Сұлтанғалиев Кеңес өкіметін құлатпақ әрекеті үшін айыпталып тұтқынға алынды, кейіннен атылды. Сонымен бірге, қазақ ұлттық-демократиялық интеллигенциясын да жазалау әрекеттері басталды. Республика басшылығындағы бұрынғы Алаш партиясынын мүшелері қызметтерінен босатылды, Т.Рысқұлов және тағы басқалар Орталыкқа шақырылды.
Қазан төңкерісінен кейін Кеңестер өкіметі ұлт-азаттық күресті зорлыкпен басып, тоталитарлык жүйе бір жолата орныққаннан кейін ұлт-азаттық күрес өрісінің тарылуына байланысты, енді ол жаңа саяси жағдайда шетелдік эмиграция күшімен де жүргізіле бастады. Шетелдік эмиграцияның ұлт-азаттық күрестегі ең ірі өкілі Мүстафа Шоқай болды. Азаттық күресінің бұл кезеңі мен жаңа жағдайында Мұстафа Шокай (Париж), Ибраим Жайнақов (Шығыс Түркістан), Райымжан Марсеков (Шығыс Түркістан) сияқты қазақтың ұлттық демократиялық интеллигенциясы мен бұрынғы Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлері тұрды.
Кеңес өкіметінің ұлт және ұлттардың теңдігі мен бостандығы туралы саясатын Ахмет Заки Валидің «Ресейдің оңтүстік-шығыс мұсылмандары тарихында жаңа кезең басталды. Ресейдегі күрес мұсылмандар құқығын қамтамасыз ете алмады, сондықтан да бұл күрес енді халықаралық сипат алмақ. Менің мақсатым - бұл елдердің талап-тілегін әлемдік қауымдастыққа жеткізу» деп айтуы да көп жайтты аңғарта алады.
XX ғасырдың алғашқы ширегі аяып империялардың күйреуі және отар елдердегі ұлт-азаттық күресінің күшеюімен де ерекшеленді. Ең алдымен Шығыс Еуропадағы империялар күйреді. Олардың бодандары тәуелсіздікке қол жеткізді. Осы жылдары әлемдік ауқымда асқындаған ұлт-азаттық қозғалысына қосыла алатыңдай саяси күштер Қазақстаннан да табылды. Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Ермеков, Мұхамеджан Тынышпаев, Халел жәңе Жанша Досмұхамедовтер өз зама-нындағы әлемдік ұлт-азаттық күресіндегі ірі тұлғалардың қай-қайсысынан да кем тұрмады. Алаш азаматтары бастаған ұлт-азаттық күрес тоталитарлық жүйе нығайғанға дейін тоқтамады. Бірақ олардың қызылдар империясының қанды тырнағына қарсы тұруға шамалары келмеді. Алаш қозғалысы мен Алаш Орда мемлекетгілігін коммунистер билігі қызыл шақа қалпында қырғынға ұшыратты.
Алғашқы кезде көз алдау үшін құрылған ұлттық республикалар қол жаулық мемлекетке айналды. Большевиктер партиясы монархияны құлатқанымен империяны құлатпаған еді. Патшалық Ресей империясының орнына Кеңестер империясы, патшалық деспотияның орнына коммунистік деспотия орнады. 1922 жылдың соңында құрылған КСРО-ның мемлекеттік кұрылымы жұрт назарына ұсыну үшін койылған әшекей зат қана еді. Билік - Кеңестерге, жер - шаруаларға, зауыттар - жұмысшыларға деп ұран көтеріп, 1917 жылы төңкеріс жолымен өкіметті басып алған коммунистер, бұл билікті одан кейінгі жылдары да өз қолдарынан шығармады.
1924-1925 жылдары Орта Азияда ұлттық-мемлекеттік құрылыс жұ­мысы жүргізіліп, Түркістан Автоно­миялық Кеңестік республикасы, Бұқар және Хорезм халық рес­пуб­ликаларының территория­сында Өзбек және Түркімен Ке­ңестік социалистік республика­лары құрылды. 1929 жылы Тәжік Автономиялық кеңестік социа­листік республикасы одақтас рес­­публикаға айналды. Осы құ­рылған үш республика Одақ құ­рамына енді. Бірақ, Кеңес үкіметі республикалардың шекараларын бөлген кезде көптеген қателіктер жіберді. Мысалы, қазақтардың бір­қатар батыс және солтүстік жер­лері Ресей федерациясының құ­рамына, тәжіктердің Самарқан, Ходжент аймақтарының кей жерлері Өзбекстанның құрамына бөлініп берілді, ал Әзербайжан мен Армения араларындағы өткізілген шекара кейін шешілмейтін проблемаға айналды.
Бірақ, «халықтар достығының салтанаты» орнаған көпұлтты федерация орнына Кеңес Одағы біртіндеп әкімшілдік-әміршілдік басқару системасы қалыптасқан, тоталитарлық сипаты бар коммунистік империяға айналды. КСРО құрылған кезде федерацияда терезесі тең болады деген одақтас республиклар барлық жағынан Мәскеуге бағынып, онсыз бір жөнді мәселені шеше алмайтын қуыршақ құрылымдар болып қала берді. «Социалистік интернационализм» принципі негізінде бір тілде сөйлейтін, бір идеологияға және бір орталыққа бағынған «кеңес халқын» құрамыз деген Одақ басшыларының әрекеті XX ғасырдың 70 жылдары сәтсіз аяқталды. Ең соңында экономикасы ішкі және сыртқы жағдайы, ұлттық саясаты тығырыққа тірелген Кеңес Одағы 1991 жылы ыдырап, оның кеңістігінде 15 тәуелсіз мемлекет пайда болды. КСРО-ның ыды­рауындағы басты себеп – ол 1986 жылдары Қазақстанда басталып: Украина, Латвия, Литва, Эстония, Грузия және Әзірбайжанда жал­ғасын тапқан ұлт-азаттық қозға­лыс болды деп айтуға болады. Кеңес Одағының ыдырауы тарихи заңдылыққа бағынған үрдіс, өйткені көп ұлтты империялар қандай саясат жүргізсе де уақыты жеткенде ыдырауға мәжбүр болады.
Қазіргі кезде КСРО кеңістігінде пайда болған тәуелсіз республикалар әрқайсысы өзінің шамасына қарай даму жолына түсті. Олар бұрыннан мемлекеттілік дәстүрі бар Ресеймен қатар, Қазақстан, Украина, Белоруссия, Әзірбайжан және Өзбекстан саяси және әлеуметтік-экономикалық жағынан белгілі дә­режеге жетті. 1922 жылы боль­шевиктердің Кеңес Одағын құрудағы алдау-арбау, зорлық-зомбылық саясатына алданып қалған: Украина, Белоруссия және Теріскей Кавказ басшыларының кейін опық жегенін ұмытпау керек. КСРО-ның құрылу оқиғаларын оқыған да, зерттеген де орынды, бірақ талай рет бодандықты бастан кешірген ТМД халықтарының тарихтан тағлым алатын уақыты жетті деуге болады. Халықаралық дипломатияда екі жақты қатынастар деген қағида бар, сондықтан уақыт сынағынан өткен осы принциптер арқылы ірі державалар құратын әс­кери немесе экономикалық од­ақ­тарға кірмей-ақ, Достастық ел­дері әлемдегі барлық мемлекет­термен саяси-экономикалық, мә­­дени қаты­настарды әржақты және толыққанды дамытуға барлық мүм­кіншіліктері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет