Лекция жинағы Пән: «Микробиология және вирусология» Мамандығы: 09120100-«Емдеу ісі»



бет41/56
Дата27.10.2023
өлшемі1,69 Mb.
#188902
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56
Байланысты:
лекция микроб

ПАТОГЕНДІ АНАЭРОБТАР

Патогенді анаэробтар Bacillaceae туыстығына, Clostridi тұқымына жатады. Анаэробтар кең тараған микроорганизмдер тобы адам үшін патогенділер:


1. сіреспе клостридиясы
2. газды гангрена клостридиясы
3. ботулизм клостридиясы. Патогенді анаэробтар адамдар мен жануарлар ішегінің қалыпты мекендеушілері, олар нәжістермен сыртқы ортаға бөлінеді. Спора түрінде топырақта, теңіз және тұзлық суларда көпке дейін сақталады.
Патогенді клостридиялар ірі таяқшалар, мөлшері 4 - 9*0,6 - 1,2 мкм. Грам оң. Барлық клостридиялар сопақша немесе дөңгелек спора түзеді, олар терминалды, субтерминалды және орталықта орналасады.
Көптеген анаэробтар қозғалмалы. Талшықтары перитрихтты орналасады. Клостридиялар биологиялық белсенді экзотоксин өндіреді.
Культивирлеу әдістері. Анаэробтарды оттексіз жағдайда культивирлейді. Оттегіні жоқ қылу үшін физикалық жән биологиялық әдістер қолданылады.
Физикалық әдістер.
1. Оттекті механикалық жолмен жоққылу. Анаэростатта яғни герметикалық жабылатын, ауа айдайтын краны бар құрал. Өсімдіктерді: анаэростатқа қойып, вакуумды жағдай жасайды.
2. Инертті газ атмосферасында культивирлеу. Анаэростаттағы ауа азотпен, азоткөмірқышқыл газы немесе сутекпен алмастырылады.
3. Агар-глюкоза бағанасында культивирлеу - микроорганизмдер ауадан ортаның биік қабатымен корғалған түбінде өседі.
4. Виньял - Вейон әдісі. Өсімді ерітілген және 45 градусқа дейін салқындатылган ағары бар пробиркеге қояды. Пробирка ішіндегісін араластырып, Пастер пипеткасына сорғызады. Пипетка ішіне ayа түйіршіктері қатысу керек. Жіңішке етіп жағып бекітіп, түбінде мақтасы бар пробиркеге салып, термостатқа қояды. Агар ішінде колония өседі. Пипетканы кесіп, колонияны алады.
Биологиялық әдістер. Аэробтар мен анаэробтарды бірге есіру. Петри табақшасына 5 % қан мен ағар құяды. Табақшаның диаметрі бойынша су ағар жасайды, өсімдер араласып кетпес үшін. Бір жағына аэробтар, екінші жартысына анаэробтар өсіреді. Өсімдерді термостатқа қояды. Әуелі аэробтар өседі, олар оттегіні сіңіріп алғаннан кейін анаэробтар өседі.
Ортаға тотықтандырушы заттар қосу. Тотықтандырушы 0,5 % глюкоза мен ет түйірлері бар Китта - Тароцци ортаны қолданылады.
Себудің алдында 20 минут су моншасында қайнатып, оттегіні жоққылады. 45 градусқа дейін тез салқындатын, оттегімен қанықпай тұрғанда себеді. Себіп болғасын бірден пробиркеге стерильді май құяды қалыңдығы 1-1,5 см, өсімді ауадан қорғау үшін. Өсімді термостатта өсіреді.
Қоректік орталар.
1. Китта - Тароцци
2. қанды агар
3. Вильсон - Блер ортасы
4. Виллис - Хоббс ортасы.
Қоршаған орта факторына төзімділігі. Анаэробтардың вегетативті формалары төзімсіз. Споралар физикалық және химиялык факторларға өте төзімді. Олар қайнатуға 15-20 минуттан бірнеше сағатқа дейін шыдайды, бацилланың түріне, типіне, шамасына байланысты.
Сонымен қатар төмен температура мен кептіруге де шыдамды. Әдеттегі дезинфекциялаушы ерітінділер оларды 12-14 сагаттан кейін өлтіреді. Әсіресе ботулизм қоздырғышының споралары төзімді.
Анаэробтардың токсиндері, көптеген экзотоксиндер сияқты жоғары температураға, күн сәулесінің әсеріне және дезинфекциялаушы заттарға сезімтал. Ботулизм экзотоксині өте төзімді, ол 15-20 минут қайнатқаннан кейін бұзылады.

Газды гангрена


Газды гангрена көпмикробты инфекция, ол Bacillaceae туыстығына, Clostridium тққымына жатады. Негізгі өкілдері:
C.perfringens
C.novyi
C.septicum
C.histolyticum
C.sordellii

Clostridium perfringens


С.perfringens 1892 жылы Уэлч пен Неттол ашқан. Морфология. Clostridium perfringens полиморфты таяқшалары қозғалмайды. Капсуласы бар, қолайсыз жағдай да спора түзеді. Грам оң.
Культивирлеу. Clostridium perfringens - анаэробтар. 37-42 градус температурада рН 7,2 - 7,4 ет гидролизат немесе казеин ортасында тез өседі. Өсім газ бөлінуімен жэне рН мәнінің қышқылға төмендеуімен журеді. Тығыз қоректік ортада Clostridium perfringens бұдырлы R, тегіс S жэне кілегейлі М колония қүрады. Сұйық қоректік ортада тегіс лайланады, газ бөлінеді, қанды ортада гемолиз аймағы болады.
Ферментативті қасиеті. Лактозаны, глюкозаны, сахарозаны және мальтозаны қышқыл мен газға дейін ашытады. Сүтті жэй үйытады (2-7 күн) желатинді суйылтады. Clostridium perfringens патогенді ферменттер өндіреді: лецитиназа, гиалуронидаза, желатиназа, коллагеназа.
Токсинтүзуі. Күрделі токсин өндіреді, грек әріптерімен белгіленеді: X, о, р сонымен қатар энтеротоксин түзеді.
Антигендік құрылымы. 5 серовары бар: А, В, С, Д, Е.
Серовар А - ішектің қалыпты мекендеушісі, адамдарда ауру қоздыруы мүмкін.
Серовар В - қозыларда ішек ауруын қоздырады. Серовар С - адамдарда және ірі қара малдарда энтерит тудырады.
Серовар Д - малдарда энтеротоксемия тудырады.
Қоршаған орта факторларына төзімділігі Clostridium perfringens тұрақты емес. Дезинфекциялауы ерітінділер тез жояды.
Жануарлар қабылдаушылығы. Үй жануарлары ауырады. Тәжірибелік жануарлардан теңіз шошқалары, кроликтер, тышқандар ауырады.

Clostridium novyi


1884 жылы Нови анықтаған. Морфология. Clostridium novyi ipi, тіке немесе | қисық таяқшалар, тізбектеліп орналасады, қозғалмалы - перитрихтар. Капсуласы жоқ. Грам оң.


Культивирлеу. Clostridium novyi - анаэробтар. Ауа оттегісіне өте сезімтал. 37 - 43 градус температурада рН 7,4 - 7,6 казеинді, көмірсутекті және ет пентонды орталарда өседі. Тығыз ағарда 48 сағаттан кейін дөңгелек, жартылай мөлдір, беті түйіршікті, шеттері шашақты колония құрайды. Сұйық қоректік ортада газ жиналып, тұнба қабыршақтанып өседі. Қанды агарда колонияның айналасында гемолиз аймағы болады. Ферментатнвті қасиеті. Clostridium novyi Cl.perfringens-ke қарағанда белсенеді: глюкоза мен мальтозаны қышқыл мен газға дейін ашытады. Белокыдырату қасиеті: сүтті жәй ұйытады, желатинді жәй ерітеді, индол мен күкіртті сутек құрамайды. Патогенді ферменттен фосфолиназа анықталған. Антигендік құрылымы. 4 серовары бар: А, В, С, Д.
Токсин түзуі. Бірнеше токсиндері бар: Л, В, у, т.б. Олар некроз, гемолиз және летальді әсер етеді. Қоршаған орта факторына төзімділігі. Споралары қоршаған ортада көп жылға дейін сақталады (25 - ЗОжыл). Қайнатқанда 40 - 60 минуттан кейін, кун сәулесі 1 тәуліктен кейін жояды. Дезинфекциялаушы ерітінділер 15-20 минуттан кейін өлтіреді. Жануарлардың кабылдаушылығы. Теңіз шошқалары, кроликтер, тышқандар, құстардан - көгершіндер сезімтал.

Clostridium septicum


Clostridium septicum 1877 жылы Л.Пастер ашқан.


Морфология. Clostridium septicum полиморфты таяқша, қозғалмалы перитрихтар. Споралары субтерминалды орналасады, капсула түзбейді. Грам оң.
Культивирлеу. Clostridium septicum - анаэробтар. 37-43 градус температурада рН 7,4 - 7,6 ет және казеин ортасында 0,5% глюкоза қосып жақсы өседі, қан глюкозагарда айқасқан жіпше тәрізді колония қурады, айналасында гемолиз аймағы бар. ЕПС біркелкі лайланған, артынан тунба және газ бөлінген колония құрады.
Ферментативті қасиеті. Қантыдырату қасиеті: глюкозаны ыдыратады, лактоза мен мальтозаны қышқыл мен газға дейін ыдыратады. Маннит пен глицеринді ферменттемейді.
Белокыдырату қасиеті: желатинді ерітеді, сүтті жәй ұйытады. Нитратты нитритке айналдырады, белокты күкірттісутек пен аммиакқа дейін ыдыратады. Индол тузбейді.
Антигендік қасисті. О және Н антигені бар. Н - антиген бойынша 6 серовары бар.
Токсинтүзуі. Экзотоксин түзеді.
Қоршаған орта факторларына төзімді.
Жавуарлардан ірі, кіші қара малдар ауырады. Тәжірибеліктен: теңіз шошқалары ауырады.

Clostridium histolyticuni


1916 жылы Вейнберг анықтаған.


Морфология. Көлемі 1,6 - 3,1*0,6 - 1 мкм таяқшалар. Қозғалмалы перитрихтар. Споралары субтерминалды орналасқан. Грам оң.
Культивирлеу. Факультативті анаэробтар. Ет және казеин ортасында өседі. Қанды агарда жалтыр, шеттері тегіс колония: құрайды, айналасында гемолиз аймағы бар.
Ферментативті қасиеті. Қантыдырату қасиеті жоқ.
Белокыдырату қасиеті: желатинді ерітеді.
Токсинтүзуі. Л - токсин - некроз және қаза тудырады. В — фактор - коллагенді бұзады.

Clostridium sordellii


1922 жылы Сорделли анықтаған.
Морфология. Көлемі 3 - 4* 1,1 - 1,5 мкм таяқшалар. Қозғалмалы перитрихтар. Споралары сопақ, субтерминалды орналасқан. Грам оң.
Культивирлеу. Факультативті анаэробтар. Тығыз қоректі ортада ақ - қоңыр томпақ колониялар құрады. Қанды агарда жіңішке гемолиз аймағы болады. Сұйық ет және казеин қоректік ортасынд кілегей құрып тез өседі.
Ферментативті қасиеті Қантыдырату қасиеті: глюкозаны мальтозаны, фруктозаны ыдыратады. Лактоза мен сахарозаны ыдыратпайды.
Белокыдырату қасиеті: желатинді жәй ерітеді, сарысуды ұйытады, олар индол, күкірттісутек, уреаза құрайды.
Clostridium sordellii лецитиназа, гиалуронидаза, гемолизин, фибринолизин құрайды.
Токсинтүзуі. Қазаға келтіретен белсенді токсин бөледі.
Қоршаған орта факторына төзімділігі. Споралары топырақта көп жылдар сақталады. Жануарларда ауру тудырады.
Инфекция көзі. Қоршаған ортаға клостридилер жануарлардың ішегінен түседі.
Таралу жолдары. Тері зақымданғанда жарақатқа топырақ т.б. лас заттар түсіп ауру қоздырады. Сонымен қатар газды гангрена операциядан кейін, егілуден кейін, аборттан кейін де болуы мүмкін.
Патогенез. Жарақатқа түскен споралар мен вегетативті формалары көбейіп, экзотоксин бөледі, ол тканьдерді жансыздандырады.
Иммунитет. Аурудан кейін иммунитет әлсіз. Белсенді иммунитет анатоксинмен иммундаудан кейін пайда болады.
Алдын - алу шаралары - жарақаттарды хирургиялық өндеу.
Арнайы шаралар - анатоксин қолданылады. Серопрофилактика үшін гангренаға қарсы сарысу қолданылады. Сонымен қатар анаэробты фагтар да қолданылады.
Емі. Антитоксикалық сарысу 50.000 МЕ венаға енгізеді. Сонымен қатар антибиотиктер: пенициллин, сульфаниламидты препараттар, оксигенотерапия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет