Лекция жинағы Пән: «Микробиология және вирусология» Мамандығы: 09120100-«Емдеу ісі»



бет42/56
Дата27.10.2023
өлшемі1,69 Mb.
#188902
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   56
Байланысты:
лекция микроб

Микробиологиялық зерттеу.
Зерттеу мақсаты. Анаэробты қоздырғыштарды, олардың токсиндерін анықтау.
Зерттеу материалы.
1. жарақаттан қабыну сұйықтағы
2. жарақаттан өзгерген тіндердің бөлігі
3. жарақатқа түскен бөгде зат
4. қан.
Негізгі зерттеу әдісі.
1. микроскопиялық
2. бактериологиялық
3. биологиялық.
СІРІСПЕ

Сіреспе қоздырғышын Clostridium tetani 1884 жылы Николайер ашқан. 1889 жылы таза өсімнен Китазато алған.


Морфология. Clostridium tetani мөлшері 4 - 8*0,4 - 1 мкм піеттері дөңгелектенген таяқшалар. Қозғалмалы, талшықтары перитрихты. Капсуласы жоқ. Шар тәрізді спора тузеді, ол терминалды орналаскан. Грам оң.
Культивирлеу. Сіреспе қоздырғышы - анаэроб. Оттегіге сезімтал. Арнайы қоректік орталары: Вейнберг ортасы, Виллис және Хоббс ортасы, Китта - Тароцци ортасы. Сіреспе қоздырғыштары 35 -37 градус температурада рН 6,8 - 7,4 өседі. Тығыз қоректік ортада өсім 3 - 4 - ші күні пайда болады. Өскен колония сұрғылт түсті, беті бұдыр и-: іс імсс К түрлі. Қанды ортада колонияның айналасында гемолиз аймагы болады. Китта - Тароцци ортасында өсім лайль Вильсон - Блер ортасында өсім қараяды.
Ферментативтік қасиеті - томен. Көмірсутекті ыдыратпайдь сүтті жэй у-йытады, желатинді жэй ерітеді. Фермент - фибрилизи құрайды.
Токсинтүзуі Күшті экзотоксин өндіреді, ол 2 компонентте түрады:
1. тетаноспазмин
2. тетанолизин
Тетаноспазмин жүйке клеткаларын зақымдап, бүлшық еттер жиырады.
Тетанолизин эритроциттерді гемолиздайды.
Антигендік күрылымы. 10 серовардан түрады. Н - антиге бойынша сероварға, О - антиген бойынша серотопқа бөлінеді.
Қоршаган орта факторына төзімді. 60 - 70 граду температурада 20 - 30 минуттан кейін өледі. Споралары төзімді, ола қайнатқаннан кейін 1-1,5 сағаттан кейін өледі. Топырақта кө жылдар сақталады. Күн сэулесі бірнеше сағаттан кейін өлтіреді Дезинфекциялаушы ерітінділер 5-6 сағаттан кейін өлтіреді.
Жануарлардан жылқы мен үсак малдар ауырады.' Тәжірибеліктен ақ тышқандар, қояндар ауырады.
Идфекция, көзі - бактериятасымалдаушы жануарлар, ауру көбінесе ауыл шаруашьшыгы жерінде кездеседі. Қоздырғыш адам мек жануарлар ішегінен нәжіспен топыраққа түсіп, шаң арқылы киімге, т.б. заттарға таралады.
Таралу жолдары. Сіреспе жарақат инфекциясына жатады. Ол зақымданған тері жэне кілегей қабаты арқылы жүғады.
Патогенез. Сіреспе таяқшасы жарақатқа түсіп көбеедЦ экзотоксин бөледі. Токсин орталық нерв жүйесіне эсер етіп, бүлшык| еттердің жиырылуын тудырады. Әуелі шэйнау еттері (тризм), сосын бет жэне желке еттері жиырылады (сардоническая улыбка) пайда болады. Тыныс алу еттерінің жиырылуының әсерінен түншығу( асфиксия) пайда болып, өлімге келтіреді.
Иммунитет. Аурудан кейін иммунитет жок, себебі бүл ауру көбінесе өліммен аяқталады. Жасанды иммунитет анатоксин енгізу арқьшы пайда болады.
Арнайы алдын - алу. Балаларга 2 айдан бастап АКДС вакцинасын енгізуден басталады. 1жас 6 айда ревакцинация, 6-7 жаста ревакцинация, содан кейін 10 жыл сайын қайталап түрады.
Арнайы емі - бүлшық етке сіреспеге қарсы сарысу, иммуноглобулин енгізу. Сонымен қатар антибиотиктер: тетрациклин,
пенициллин, т.б.
Микробиологиялық зерттеу. Зерттеу максаты. Сіреспе қоздыргышын аныктау. Зерттеу материалы .
1. жарақат ішіндегісі
2. зақымданған аймактан тілім
3. жарақатқа түскен бөгде зат
4. топырақ
Негізгі зерттеу әдісі.
1. микроскопиялық
2. биологиялық
3. бактериологиялық
Ботулизм.
Clostridium botulinum 1896 жылы Ван - Эрменген аныктаган. Морфология. Ботулизм коздыргыштары шеттері қайырылған таяқшалар, спора түзеді, субтерминалды орналасқан. Капсуласы жоқ, қозғалмалы перитрихтар. Грам оң.
Культивирлеу. Clostridium botulinum - анаэробтар. 25-37 градус температурада рН 7,3 - 7,6 казеин, ет т.б. орталарда өседі. Қанглюкоза агарда әртүрлі жіпшелері бар колония кұрады. Бауыр сорпасында лайлы, тұнба түрінде өседі.
Ферментативті қасиеті Қантыдырату қасиеті: лактозаны, глюкозаны, мальтозаны жэне глицеринді қышқыл мен газға дейін ыдыратады. Белокыдырату қасиеті: бауырдың тілімдерін ерітеді, жүмыртқа белогін ыдыратады, желатинды ерітеді, күкірттісутек пен аммиак қүрады.
Токсинтүзуі. Ең күшті биологиялық токсин түзеді, ол 2 компопенттен түрады: нейротоксин және гемагглютинин.
Антигендік күрылымы. 7 серовары бар: А, В, С, Д, Е, Ғжәне G. Ауруды көбінесе А, В, Е сероварыныц токсиндері тудырады.
Крршаган орта факторына төзімділігі. Споралары төзімді, қайнатқанда 5 сағатқа дейін төзімді. Етте, консерв банкілерінде споралар автоклавта өндегеннен кейін де сақталады. 5 % фенол ерітіндісінде споралар 1 тэулікке дейін сақталады. Ботулизм экзотоксині қайнатқанда 10 минутке шейін төзімді. Ол күн сәулесіне, төмен температураға, дезинфекциялаушы ерітінділерге төзімді. Жануарлардан - ірі, кіші қара малдар, қүстар, кемірушіле сезімтал. Тәжірибелік жануарлардан ақ тышқандар, теңіз шошқалары мысыктар сезімтал.
Инфекция көзі. Жануарлар нәжістерінен түскен қоздырғыштар суда, топыракта кеңінен тараған. Адамдар ботулизм коздыргыштары, экзотоксиндері бар тамактардан ауру жүқтырады.
Таралу жолдары. Тамақ арқылы (әсіресе консервілер, ет, балық, саңырауқұлактар, т.б.)
Патогенез. Нейротоксин асқазанның, ішектің ферменттеріне сезімтал емес, ол ішек аркылы қанға сіңіп, бүкіл ағзаға таралады, орталық нерв жүйесін зақымдайды. Ауруларда коз, тыныс алу жэне жүтыну жүйелері зақымдалады.
Иммунитет. Аурудан кейін иммунитет болмайды.
Алдын - алу шаралары. Азық - түліктерді ластанудан сақтау, консервілеуде дұрыс технологияны сақтау.
Арнайы алдын - алу шаралары, емі. Зақымданған тамақтарды қолданған адамдарға ботулизмге қарсы антитоксикалық сарысу енгізеді.
Микробиологиялық зерттеу.
Зерттеу мақсаты. Ботулизм таяқшасын, токсинін табу, сероварын анықтау.
Зерттеу материалы. 1. Құсық, 2. асқазан жуындысы 3. нәжіс
4.қан, 5. тамақтың қалдықтары.
Негізгі зерттеу әдісі:
1. биологиялық
2. бактериологиялық
3. бактериоскопиялық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет