Лекция жинағы Шымкент 2019


Жарық микроскопиясының арнайы әдістері



бет20/85
Дата13.05.2020
өлшемі0,72 Mb.
#67580
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   85
Байланысты:
лекция жасуша 19
Молек биол каз
2.4. Жарық микроскопиясының арнайы әдістері.

Фиксацияланға және боялған преператта көрінетін құрылымдардың шынайы екендігіне сенім артыру үшін, жасушаларды басқа да арнайы әдістермен зерттеу қажет болды. Егерде көрінетін бейнелер барлық жағдайларда бірдей болып шықса, онда ол құрылымдардың шынайы болғаны. Тірі жасушаларда белгілі бір құрылым бар екендігін дәлелдеудің сенімді әдісі- микроскоп арқылы фиксация мен бояудың әсеріне ұшырамаған тірі жасушаларды зерттеу. Мұндай әдіс жасушаның дифракциялық қасиеттерін есепке алатыноптикалық жүйелерді қолдануды талап етеді. Жарық сәулесі тірі жасушаның жеке құрамы бөліктерінен өтуі кезінде, жарық толқынның фазасы әртүрлі дәрежеде өзгереді. Жарық толқындары да су толқындары сияқты бірімен бірі интерференцияға ұшырап, қорытынды толқын амплитудасынарттырып немесе бәсеңдетіп отырады. Адамның көзі бұл құбылыстарды сезбейді, ол үшін конструкциясы арнайы фаза-контрасттық және интерференциялық жарық микроскоптарын қолданады. Олардың конденсоры сақина тәрізді арнайы диафрагмамен және объективі фазалық табақшамен жабдықталған. Микроскоптың мұндай конструкциялық ерекшеліктері, боялмаған препарат арқылы өткен жарықтың фазалық өзгерулерін оның амплитудасы өзгерілуіне айналдырып, окулярдың көру жазығында мөлдір және түссіз тірі жасушалардың жоғарғы дәрежелі контрастты бейнелері қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Фаза-контросық микроскоп түрінің бірі интерференциялық микроскопта жарықтандырғыштан шыққан жарық шоғыры екі ағынға бөлінеді: біріншісі объект арқылы өтіп, тербеліс фазасын өзгертеді, ал, екіншісі- объекттен тыс, фазасын өзгертпей өтеді.Олар объективтің призмаларында бір шоғырға бірігіп, өзара интерференцияға ұшырайды. Нәтижесінде, окуляр жазығында қалыңдығы, тығыздығы және контрасттық дәрежесі әртүрлі объект бөліктерінің бейнесі қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет