Лекция жинағы Шымкент 2019


Қараңғы жазықтағы микроскопия



бет21/85
Дата13.05.2020
өлшемі0,72 Mb.
#67580
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   85
Байланысты:
лекция жасуша 19
Молек биол каз
Қараңғы жазықтағы микроскопия үшін жарықтандырғыштан шыққан сәулені объективке түсірмей, препараттың бүйіріне жіберетін арнайы конденсор қолданылады . Микроскопта объект жоқ жағдайда, көру жазығы қараңғы болады .Объект орнатылған жағдайда, түскен қиғаш сәулелердің бір бөлігі оның ұсақ бөліктерінен шағылысып, объективке түседі. Нәтижесінде, түсі қараңғы көру аумағының фонында жасушаның бейнесі жарық болып көрінеді. Клиникада қараңғы жазықтағы микроскопия әдісі несеп құрамындағы кристалдарды (несеп қышқылы,оксалаттар) зерттеуге, мерзімді (сифилис) қоздыратын спирохеталарды көруге қолданады.

Микроскопияның бұл үш түрлерінің артықшылығының бірі- тірі жасушаны белсенді жағдайында, мысалы қоршаған ортадағы миграциясын, митоздық бөліну кезіндегі қимылдарын, жылдамдылығын байқауға мүмкіндік береді. Жасушаның көптеген қимылдары өте баяу өтеұлпалықтен, оларды шынайы (реальді) уақыт аралығында зерттеу ыңғайсыз. Сондықтан, ол үшін үзік-үзік (цейтраферлік), яғни жеке кадрлар арасында алдын-ала белгіленген уақыт аралықтары бар, кинотүсіріс немесе бейнежазу әдістерін қолданады. Мұндай кино немесе бейнефильмдерді қалыпты жылдамдылықпенайналдырып қараған жағдайда, шынайы процестер едәуір тез өтеді.Осылайша, тұтас жасушалардың, олардың оргоноидтарының қимылдарын және мұндай қимылдардың жылдамдығының дәл көрінісін байқауға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет