Лекция жинағы Шымкент 2019



бет19/85
Дата13.05.2020
өлшемі0,72 Mb.
#67580
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   85
Байланысты:
лекция жасуша 19
Молек биол каз
Гистологияда сурет салу.

Гистологиялық препаратты таңдау практикалық сабақта, әдетте, альбомға объектінің суретін салумен аяқталу тиіс. Сурет салу кезінде көзделетін мақсаттар мыналар: а) зерттеу нәтижелерін дерек ретінде болашақта бақылау сабақтарға, емтиханға дайындалу кезінде қолдану; б) көзбен көргенді толықтыру, оны бұлжытпай зерттекге мүмкіндік тудыру; в) көріп отырған объектті еске сақтауға септігін тигізу.

Бұл мақсаттарға жету үшін бірнеше ережелер орындалу тиіс:

1. Препаратты кішкене үлкейту арқылы зерттеу үшін ұсынылған ұқсауларды ұстану.

2. Сурет салу алдында зерттелген жеке жасушаның немесе тіннің микроскоп арқылы көрінетін бейнесін, атластағы және оқулықтағы анықтама жазумен жабдықталған микроскоптармен салыстырған дұрыс (әрине, кітаптағы, алыстағы суретті көшіруге болмайды). Бұл тәсілді қолданып және студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқауды реператорға берілген жазбаша суреттемелерге негізделіп, жасушаның, оның құрамы бөліктерінен пішімделіп, орналасуын анықтау қажет. Ескерілетін жағдай: жасушалық мембрана өте жұқа болғандықтан, жарық микроскобымен көрінбейді де, жасушалар арасындағы шегаралар анық болмайды, сол себепті, жеке жасушаларды айыру қиын. Тәжрибесіз зерттеушілер кейде ядроны тұтас жасушамен шатастырып алады, мұндай қатені болдырмау үшін, цитоплазмамен салыстырғанда, ядро бозофильді ұмытпау керек.

3. Салынған суреттегі жасушаның, пішіні боялуы, құрылымдардың қатысты өлшемдері, кеңістікте орналастыру сипаты окуляр арқылы көрінетін бейнеге сәйкес болуы тиіс. Бір типті жасушалардың тек қана 1-3 данасын, өлшемін 2- 5 см- ден асырмай салса болады (зерттелетін объектінің құрама бөліктері неғұрлым ұсақ болса, соғырлым сурет ірілеу болуы тиіс.

4. Барлық құрылымдардың суретін, алдын- ала ойланыпжай қаламмен, қатты баспай, жіңішке сызықпен мұқият салу керек. Кейін қаламдармен (фломастер жарамайды) оны түрлі тиісті түске бояйды.

5. Сурет салынғаннан кейін әдістемелік нұсқауларда ескертілген құрылымдарды белгілеу керек. Олардан тартылған сызықтар бір-бірімен қиылыспауы және анықтама жазулар қатар-қатар горизонтальді жол тәртібімен өтуі тиіс. Альбом бетінің жоғарғы бөлігін безендірудің жолын суреттен көресіздер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет