Лекция жинағы Шымкент 2019


Б. Микраскопияның 2-ші кезеңі – үлкен объективпен жұмыс істеу күйіне келтіру



бет16/85
Дата13.05.2020
өлшемі0,72 Mb.
#67580
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   85
Байланысты:
лекция жасуша 19
Молек биол каз
Б. Микраскопияның 2-ші кезеңі – үлкен объективпен жұмыс істеу күйіне келтіру. Бұл үшін:

конденсорды көтеріп , көру аумағына бұрыннан да қатты жарық түсіру;

Макрометр бұрандысын өзіңізге қарай бұрып, кішкене объективті препарат бетінен қауіпсіз аралыққа 2-3 см көтеру. Бұл рефолверді айнаолдырғанда үлкен объективті препаратқа тигізіп оларды сындырып алмау үшін жасалатын амал;

Рефолльверді сағат тілінің бағыты бойынша айналдырып, үлкен объективті (40x) жұмыс қалпына (шырт еткен дыбыс шыққанға дейін) орнатыңыз;

Заттық үстелдің бүйір жағынан көзбен қадағалап, макрометр бұрандасын өзіңізден қарсы бағытта бұрып, объективті әйнек бетіне 0,5 мм дейін, яғни бақылаулы түрде әдейі фокустан төмен өткізіп түсіріңіз;

Окуляр арқылы қарап, микрометр- фокусқа нәзік, дәл туралау бұрандасын өзіңізге қарай баяу айналдырыңыз. Объектив фокусқа жақындап көтерілген сайын бейне окулярда әуелі бұлдырап, сонан соң бірте- бірте анық көріне бастайды . Бұл жерде ескертілетін сақтық жағдай: фокусқа туырлау, яғни окулярда анықбейне орнату, әрдайым объективті жоғары көтерілу арқылы атқарылады;

Егерде бұл әрекеттерден кейін окуляр арқылы анық бейне көрінбесе, қайтадан заттық үстелдің бүйірінен қарап, объективті препараттың бетіне сәл ғана тимейтіндей етіп түсіріңіз. Сонан соң окуляр арқылы қарап отырып, бейне анық көрінгенше микрометр бұрандасын өзіңізге қарай (басқа микроскоптарда – сағат тіліне қарсы) баяу айналдырып, объективті көтеріңіз. Бұл әрекеттер сәтсіздікке ұшыраса, кестені пайдаланыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет