Лекция жинағы Шымкент 2019


Эукариот жасушаларындағы кірпікшелер мен талшықтар, олардың құрылысы мен қызметі



бет49/85
Дата13.05.2020
өлшемі0,72 Mb.
#67580
түріЛекция
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   85
Байланысты:
лекция жасуша 19
Молек биол каз
Эукариот жасушаларындағы кірпікшелер мен талшықтар, олардың құрылысы мен қызметі.

Кірпікшелер мен талшықтар арқылы қозғалу

Қозғалыстың бұл түрі арнаулы жіктелген жасушалық кұрылымдар – кірпікшелер мен талшықтар арқылы іске асады. Бұлардың жалпы құрылысы бір типті. Айырмасы кірпікшелер қысқа және көп болады да, жасушаның бос бетінде орналасады. Талшықтардың саны аз және біршама ұзын келеді.

Кірпікшелер мен талшықтар буын аяқтылар мен жұмыр құрттардан басқа жануарлардың бәріне дерлігінде кездеседі. Кейбір өсімдік жасуша-ларында да болады.

Омыртқалыларда кірпікшелермен жабдықталған өз бетінше жеке тіршілік ететін жасушалар кездеспейді, бірақ та сыртқы беті кірпікшелермен қапталған эпителиальдық жасушалар болады.

Адамда кірпікшелі эпителий тыныс органдарында (мұрын қуысында, Гаймор және маңдай қуысында, III мойын омыртқасының шамасындағы жұтқыншақта, кеңірдекте, бронхтарда), есіту органдарында (Евстахий түті-гінде, дабыл жарғағының бөлігінде), жыныс органдарыңда (жатыр түтігінде), орталық нерв жүйесінде (жұлынның орталық каналының эпендимасында, Сильвий құбырында, мидың қарыншаларында) кездеседі. Кірпікшелер қозғалысының көмегімен сілекейлер қозғалып, ауамен бірге тыныс жолдарына түскен бөгде денелер сыртқа шығарылады. Тыныс органдарының кірпікшелі эпителийі ауадан сағатына 5-6 г шаңды ұстап сыртқа шығарып отырады. Кірпікшелер тыныс жолдарын микроорганизмдерден де тазартады. Кірпікше плазмалық мембранамен қоршалған цитоплазманың жіңішке цилиндр тәрізді өсіндісі.

Сүтқоректілер мен адамда талшықтар арқылы қозғалу аталық жыныс жасушаларына, сперматозоидтарға ғана тән. Жасушалық қозғалыстың басқа турлері жасушаның кеңістікте қозғалуымен байланысты емес. Жасуша оларды организмнің мақсаты үшін іске асырады (кірпікшелі қозғалыс, бұлшық еттердің жиырылуы). Кірпікшелер мен талшықтар құрылысы ұқсас болатынын жоғарыда атаған болатынбыз. Ұзындықтары айнымалы келеді, ал диаметрі біркелкі тұрақты, 200 нм тең.

Жарық микроскопында кірпікшелер мен талшықтар гомогенді болып көрінеді. Ішкі құрылысы байқалмайды. Оның нәзік кұрылысын электрондық микроскоп анықтады. Кірпікшелер мен талшықтар плазмалеммамен қоршалған, ал олардың матриксінде екі орталық дара, 9 жұп шеткі түтікше-лер орналасқан.

Кірпікшелер мен талшықтардың аталған формуласы көпжасушалы жануарлар жасушасында кең тараған.

Бірақ та көп жасушалы жануарлардың кірпікшелері мен талшықтарын егжей-тегжейлі зерттеу олардың (9 х 2)х2 стандарттық формуласынан өзге түрлерінің болатынын анықтады. Кейбір сүтқоректілер мен омыртқасыздар көпшілігінің сперматозоидтарының талшықтарында орталық жұп және 9 шеткі дублеттердің аралығында оларды байланыстыратын 9 қосымша фибриллалардан тұратын қатар болады (9+9+2). Жануарлардың кейбір топтарының сперматозоидтарының талшықтарында екі орталық микро-түтікшелер болмауы мүмкін, ал олардың рөлін электрондық-тығыз заттан тұратын цилиңдр атқарады. Микротүтікшелер арасында гомогенді зат болады. Микротүтікшелердің төменгі ұшы жасушаның цитоплазмасына батып тұрады. Әрбір жеке кірпікшелер мен талшықтардың негізінде базальдік денешіктер (кинетосомалар) болады. Кірпікшелер мен талшықтардың нәзік құрылысында айырмашылық жоқ, олардың диаметрі 200 нм (0,2 мкм) шамасында.

Электрондық микроскол кірпікшелер мен талшықтардың 9 шеткі жұп микротүтікшелері ғана базальдік денешікпен байланысатынын, ал олардың орталық микротүтікшелері базальдік денешікке жетпей аяқталатынын анықтады Кірпікшелердің негізінде орналасқан базальдік денешіктер (кине-тосомалар) өздерінің кұрылыстары жағынан центриольдарға ұқсас. Центри-ольдар сияқты микротүтікшелердің 9 триплетінен тұрады, оның прокси-мальдік бөлігінде орналасқан тұтқасы, төлкесі және шабақтары болады.

Кірпікшенің ішінде микротүтікшелерден тұратын күрделі құрылым аксонема орналасқан. Базальдік денешікпен центриольдан ахсонеманың айырмасы кұрамында аксонеманың цилиндрінің сыртқы қабырғасын құрайтын микротүтікшелердің тоғыз дублеттері болады. Микротүтікшелер-дің шеткі дублеттерінен басқа аксонеманың ортасында жұп орталық микро-түтікшелер орналасқан. Кірпікшелердің микротүтікшелерінің жүйесін (9x2)+2 деп белгілейді, ал центриольдар жүйесінің формуласы (9х3)+0. Базальдік денешіктер центриольдардың туындысы, ал кірпікшелер мен талшықтар базальдік денешіктерден дамиды.

Кірпікшелер қозғалысына физикалық факторлардан механикалық энергия, температура, электр тогі әсер етеді. Сонымен бірге кірпікшелердің қозғалысы ортада натрий, калий, кальций, магний, рубидий, цезий иондары мен көптеген аниондардың болуына тәуелді. Кальций мен магний иондары ортада болмаған жағдайда кірпікшелер қозғалысы тоқтап қалады.

Эукариоттардың кірпікшелері жасушалар қозғалысының ежелгі мүшелері болуы керек, себебі олар гетеротрофты немесе автотрофты тіршілік ететін біржасушалыларда пайда болады. Өсімдіктердің барлық типтерінің зооспора-лары кірпікшелермен және талшықтармен жабдықталған, сонымен бірге көпжасушалы жануарлар органимзінің барлық өкілдерінде кездеседі.

Қозғалыс функцияларының барлық түрінің энергиялық принципі бір жиырылғыш белоктардың АТФ типті микроэргалық қосылыстармен әрекеттесуі және АТФ құрамындағы химиялық энергияның механикалық энергияға айналуы. Сонымен қозғалыстың барлық типінің негізінде бір биохимиялық принцип жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет