Лекция жинағы Шымкент 2019


Тақырыбы: Мембраналы органеллалар Эндоплазмалық тор



бет52/85
Дата13.05.2020
өлшемі0,72 Mb.
#67580
түріЛекция
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   85
Байланысты:
лекция жасуша 19
Молек биол каз
Тақырыбы: Мембраналы органеллалар Эндоплазмалық тор.
Жоспар:

1. Эндоплазмалық тор, түрлері, құрылысы, қызметі

2. Көлденең жолақты бұлшық ет ұлпаларындағы саркоплазмалық ретикулының қызметі
1945 жылы Портер, Клод және Фуллам фибробластлердің өте жұқа кесіндісін электрондық микроскоппен қарап ерекше торды байқаған. 1953 жылы Портер оны эндоплазмалық тор (эндоплазмалық ретикулум) деп атаған. Кейін эритроциттер мен бактериялардан басқа жасушалардың бәрінде де байқалған. Бұлшық ет жасушаларындағы эндоплазмалық торды саркоплаз-малық тор деп атайды.

Эндоплазмалық тор көпіршіктердің, микроканалшықтардың және қапшықтардың (цистерналардың) жүйесі.

Эндоплазмалық тордың екі түрін ажыратады: 1) бұдыр немесе гранула-лық, 2) тегіс немесе агранулалық.

Гранулалық эндоплазмалық тордың мембранасының цитоплазмалық бетінде жабыса біткен рибосомалар болады. Эндоплазмалық тордың бұл түрі бездік және эмбриондық жасушаларда, белокты жедсл синтездейтін жануар-лар мен өсімдіктер жасушасында көп мөлшерде байқалады. Бұл мембрана-лардың бәрі цитоплазманы жеке бөліктерге бөліп тарайды. Бір жасушаның өзінде де эндоплазмалық тордың екі түрі де болуы мүмкін. Эндоплазмалық тордың элементтері центросфера зонасынан басқа жасушаның барлық айма-ғында кездеседі. Эндоплазмалық тордың қабырғасы плазмалық және басқа жасушалық мембраналар сияқты лигопротеиндік мембранадан тұрады. Бірақ та эндоплазмалық тордың мембранасы жұқа, тегіс және өткізгіштігі түрліше болады, биқабаттағы фосфолипидтің құрылысы өзгеше, ал олармен байланысты холестерин жоқтың қасында, сол сияқты белоктарда өзгеше. Гранулалық эндоплазмалық тор кейде эргастоплазма деп аталатын цитоплаз-маның базофильдік учаскесіне сәйкес келеді. Бұл жасушалардың цитоплазма-сының базофильдігі ондағы РНК көп болуына байланысты. Электрондық микроскоп базофильдік цитоплазмада рибосомалардың көп болатынын анықтады. Гранулалық эндоплазмалық тор белокты синтездеуге қатысады, ал тегіс эндоплазмалық торда да синтез процесі жүреді, бірақ олар белок емес липидтер мен кейбір полисахаридтер.

Эндоплазмалық тордың мембраналарымен байланысқан рибосомалар жасушадан шығарылатын белоктарды синтездеуге қатысады. Сонымен бірге жасуша ішіндегі астың қорытылуына қажет белоктар ферменттерді синтез-дейді. Эндоплазмалық тордың қуыстарында жиналған белоктар Гольджи аппаратының вакуольдарына жеткізіледі, онан ол­ар басқа вакуольдарға ауысады немесе жасушадан шығарылады.

Гранулалық эндоплазмалық торда триглицеридтер синтезінің фермент-тері де кездеседі. Гранулалық эндоплазмалық тор вақуольдар жүйесінің мембраналары мен плазмалық мембрананың түзілетін орны. Мұнда мембра-наның құрамына кіретін фосфолипидтер синтезделеді. Тегіс эндоплазмалық тор ұсақ вакуольдар мен түтіктерді, каналшықтарды құраушы мембраналар-дан тұрады. Агранулалық эндоплазмалық тордың мембраналарының бетіңде рибосомалар болмайды. Стероидтарды бөлуші жасушаларда агранулалық эндоплазмалық тор жақсы жетілген. Мысалы, бүйрек үсті бездердің қабық затының жасушаларында. Сонымен біріге рецепторлық жасушаларда, балық-тардың хлоридтік желбезек жасушаларында жиі кездеседі. Бұлшық ет талшықтарындағы маңызы да ерекше. Эндоплазмалық тордың туындылары сферосомалар (микросомалар), лизосомалар, өсімдіктердің вакуольдары немесе тонопласт, пероксисомалар немесе микроденешіктер ядроның мембраналары.


10 Лекция




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет