Поляризациялық микроскопия анизотроптық, яғни сәуле сындыруға қабілеті екі есе жоғарықұрылымдарды, мысалы көлденең жолақ бұлшық ет талшығын, зерттеу үшін қолданылады. Поляризациялық микроскоп-екі поляризациялық фильтірлер орнатылған жарық микроскобының түрі. Бірінші фильтр (поляризатор, яғни поляризациялаушы) – жарық шоғырының көзі мен объект арасында, ал, екінші (анализатор, яғниталдаушы) – объективтің линзасы мен адам көзі арасында орналасқан. Екі фильтр де өз біліктері төңірегін айналып, жарық шоғырының бағытын өзгерте алады. Егер поляризатор мен анализаторды айқастырып қойсақ, онда көру аумағы қараңғы болады. Заттық үстелге изотропты мөлдір денелерді орнатсақ, көру аумағы бұрынғы күйінде қалады. Оптикалық анизотропияғы қабілеті бар затта, мысалы бұлшық ет талшығы, поляризацияланған жарықты өзгертіп, оның тербелу жазығының бағытына әсерін тигізеді. Сондықтан, құрылымдардың мұндай анизотроптық бөліктері көру аумағында жарқыраған түрде көрінеді.