Лекция жинағы Шымкент 2019



бет51/85
Дата13.05.2020
өлшемі0,72 Mb.
#67580
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   85
Байланысты:
лекция жасуша 19

Бұлшық еттік қозғалыс

Көп жасушалы жануарлар организмінің жиырылғыш мамандалған жасушаларының цитоплазмасында жиырылғыш фибриллалар, миофибрилла-лар (грекше mys – бұлшық ет) болады.

Миофибриллалар әсіресе скелет бұлшық ет жасушасында бірыңғай сала-лы бұлшық ет жасушаларында және жүрек еттерінде көп болады. Омыртқалы жануарлардың бұлшық етінің негізгі жиырылғыш белоктары миозин мен актин. Миозинді Эдсолл мен фон Муральт, актинді Сент-Дьердьи жұмыскер-лерімен ашқан. Актин миозинмен қосылып актомиозинді құрайды. Акто-миозиннің жалпы санының 15-20% актин. Көлденең салалы бұлшық ет негізінде миозиннен тұрады. Миозиннің ең құнды ерекшелігі Са2+ ионының қатысында АТФ-ты АДФ-пен анорганикалық фосфатқа гидролиздейтін қабілеті. Миозиннің аденозинтри-фосфатазалық (АТФ-азалық) белсенділігін 1939 ж. В.АЭнгельгард пен М.Н.Любимова ашқан болатын.

Жиырылғыш аппарат белоктарының 90% жуығын миозин мен актин және тропомиозин құрайды.

Жарық микроскопынан көрінетін миофибриллалардың көлденең жолақ-тылығы, актин мен миозин жіптерінің орналасуына байланысты екенін электрондық микроскопиялық зерттеулер анықтады. Әрбір жеке миофибрил-ла кезектесіп орналасқан ақшыл және күңгірт участіктерден, дискілерден тұрады. Күңгірт участіктері анизатропты дисклер (А-дисклер), ал ақшыл изотропты (J-дикслер) деп атайды. А дискі J дискінің ортасынан біркелкі күңгірт Z жолағы өтеді. Екі Z жолағының (дискінің) арасындағы миофибрилланың участігі оның негізгі элементі сарокмер.

Электрондық микроскопиялық зерттеулер бойынша әрбір миофибрилла жіңішке жіптер – протофибриллалардың (немесе миофиламенттердің) шоғыры. Олардың диаметрі саркомердің түрлі бөліктерінде түрліше. Прото-фибриллалардың екі типі бар: жіңішке және жуан. J дискісінде ұзындығы 1 мкм, жіңішке (7 нм) жіптер кездеседі, А дискілерінде жіңішке жіптерден басқа ұзындығы 1,5 м жететін жуан (қалыңдығы 16 нм) жіптер болады.

Протофибриллалар бір-бірімен параллель орналасады және бір-біріне ауыспайды. Жіңішке жіптер негізінде актин белогінен, ал жуандары – миозиннен тұрады. Z дискілер құрамында -актин мен десмин болады. Жіңішке жіптерді актиннен басқа тропомиозин мен тропонин белоктары құрайды. Тропомиозин барлық жиырылғыш құрылымдарда болатын белок. Молекулалық массасы 53000. Бұл белок негізінде омыртқасыздардың бұлшық еттерінде кездеседі. Тропонинның молекулалық массасы 8601 кальций иондарын өте мықты байланыстырады.

Миофибриллаларды салыстырмалы субмикроскопиялық зерттеу барлық жануарлардың сүтқоректілер, құстардың, бауырымен жорғалаушылардың, қосмекенділердің, насекомдардың, шаянтәрізділердің, миофибриллалар құрылымының үқсас екенін көрсетеді.

Хансен мен Хаксилдің теориясы бойынша жиырылу миофибриллалар деңгейінде актин филаменттерінің миозин филаменттерінің үстінен жылжуының нәтижесінде жүреді. АТФ ыдырауының химиялық энергиясы қозғалысты механикалық энергиясына ауысуы осы деңгейде қамтамасыз етілетін болса керек.

АТФ-тің белгілі деңгейін қамтамасыз ететін бұлшық ет ұлпасында бірнеше жүйе бар. Олардың бастылары гликолиз бен тотықтырып фосфор-лау.

Бұлшық ет жиырылу энергетикасын зерттеу бұлшық еттің пайдалы әрекет коэффициентінің 20-25%-тен аспайтынын көрсетті. Энергияның қалған бөлігі жылу күйінде бөлінеді.

9 Лекция




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет