Сабақтың тақырыбы: Шаянтәрізділердің көптүрлілігі. Шаянтәрізділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы



Дата04.05.2017
өлшемі295,49 Kb.
#15504
түріСабақ

Мекеме атауы Қ.Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебі

Аты-жөні Ахметова Райхан Нұрсабитовна

Лауазымы: биология пәнінің мұғалімі

Жұмыс өтілі: 26

Санаты: бірінші

Пәні: Биология

Тақырыбы: «Шаянтәрізділердің көптүрлілігі.Шаянтәрізділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы»

Сынып: 7


Сабақтың

тақырыбы:

Шаянтәрізділердің көптүрлілігі.Шаянтәрізділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Сілтеме:

Биология 7 сыныпқа арналған оқулық, Электронды оқулық, Ғаламтордан алынған материалдар.


Жалпы мақсаты:

Шаянтәрізділердің көптүрлілігі, шаянтәрізділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы жөнінде толық мәлімет қалыптастырады.

Оқу нәтижелері:

- Шаянтәрізділердің түрлерін ажырата алады;

- Шаянтәрізділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын түсінеді;



Дереккөздер:

Мұғалімге арналған нұсқаулық.

Биология. Жалпы білім беретін мектептің 7 сыныбына арналған оқулық./Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков, Ә.Әметов, Ж.Қожантаева.Алматы «Атамұра», 2012

Биология жұмыс дәптері.

Биология оқыту әдістемесі.



Сабақтың кезеңдері

Блум таксономиясы

Модуль

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Уақыты

І. Қызығушылықты ояту.


Білу.

Түсіну

СТО

ТжДБо


ОЖТ


Психологиялық ахуал «Шаттық шеңбері» әдісі. Оқушылар бір-бірлеріне бүгінгі сабаққа деген тілектерін айтады.

Топтарға бөлу

Түрлі түсті сурет таңдау арқылы.



Тақырыпқа шығу: Тапсырма №1.

Қалай ойлайсындар бүгінгі тақырыбымыз не туралы ?



Мақсат қою. Шаянтәрізділердің көптүрлілігімен танысып, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын түсіну

Оқушылар шеңбер құрып тұрып, бір-бірлеріне бүгінгі сабаққа деген тілектерін айтады.

Сурет қималарынан шаянтәріздестерді жинау арқылы топқа бөлінеді.

Топ басшысы бағалау парағындағы критерийімен танысып, аты-жөндерін жазып өздерінің іс-әрекеттерін жоспарлайды.

Оқушылар видео көреді.

Сұрақтарға жауап беріп, оқушылар дәптерлеріне сабақтың тақырыбы мен сабаққа мақсат жазады.



2 мин

5 мин


2 мин

3 мин



ІІ. Мағынаны ажырату

Қолдану.

Талдау


ТжДБо

ОЖТ



Тапсырма №2. Мәтінмен жұмыс. Шаянтәріздестер туралы жинаған мәліметтерін оқып, жұпта, топта ойларыңды ортаға ұсын.

Бағыт беру /тапсырма бойынша/ Топта постермен жұмыс.

І топ:Шаянтәріздестердің көптүрлілігін сурет арқылы, ІІ топ: Шаянтәріздестердің көптүрлілігін ертегі құрастыру арқылы, ІІІ топ Шаянтәрізділердің табиғаттағы маңызы туралы жұмбақтар құрастыру ІV топ «Шаянтәрізділердің адам өміріндегі маңызы» атты газет шығару

Қағаз қималарына «*» жазып таңдау арқылы топ спикері тағайындалады.

«Аквариум» әдісі бойынша әр топ өз тақырыптарын қорғайды.



Ақпаратпен танысып, меңгергендерін бір-бірімен талқылап, өз ойларын айтады, ортаға салады.

Қағаз қималарына «*» жазып таңдау арқылы топ спикері тағайындалады. Топ спикері постердің қасында тұрады.

«Аквариум» әдісі бойынша әр топ өз тақырыптарын қорғайды.
Екі жұлдыз,бір тілек арқылы бағалау


5 мин

15 мин


5 мин


ІІІ. Ой-толғаныс


Жинақтау,

Бағалау


ОЖЕСОжО

СТО,АКТ


ОүБжОБ


1.жинақтау мақсатында интербелсенді тақтада жазылған тапсырманы орындауды ұсыну.


2.Қорытындылау. Сонымен, Алдыңызға қойған мақсатына жеттіңіз бе?

  • «Не ұнады (ұнамады)?», «Нені білдім (білмедім)?», «Маған әлі нені үйрену керек?»

Оқушыларға сабаққа қатысқаны үшін алғыс айту.

3.Бағалау. Мұғалім оқушыларының бағалары бойынша өз пікірін айтады

Берілген тапсырманың тұсына не ИӘ, не ЖОҚ деп жазады.

1.Өзен шаяны тұщы суда өмір сүреді

2.Қорегін түнде аулайды

3.Тек өсімдікпен қоректенеді

4.Денесі 2 бөліктерден тұрады.

5.Дафния,циклоп шаянтәріздестерге жатады

6.Шаянтәріздестер тек суда өмір сүреді

7.Шаянтәріздестер су тазартуға қатысады

8.Шаянтәріздестер ұлулар типіне жатады.

9.Шаяндардың зәр шығару бездері бас бөлігінде орналасқан.

10.Шаяндардың көздері күрделі.
2. Сабақ пен оның мақсатына жеткені немесе жетпегені жайлы оқушылардың жауаптары.

«Не ұнады (ұнамады)?», «Нені білдім (білмедім)?», «Маған әлі нені үйрену керек?» сұрақтарға өз пікірлерін, жауаптарын жазады.

3. Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды


5 мин

2 мин





Үй жұмысы




Шаянтәрізділердің көптүрлілігі. Шаянтәрізділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын қосымша мәліметтер бойынша дайындалу.

Күнделіктеріне бағаларын қойғызып, үй тапсырмасын жазады.

1 мин

Каталог: files -> caf
caf -> Сабақтың тақырыбы: Қазақфильм киностудиясы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: а кино өнері туралы мәлімет беру
caf -> Сабақтың тақырыбы:
caf -> Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин әңгімелері «Әке мен бала», «Жаман жолдас» Сабақтың мақсаты
caf -> Сабақтың тақырыбы С. Торайғыров «Шілде» өлеңі Сілтеме
caf -> Мақсаты: Балаларды шығарманы мазмұндауға үйрету. Міндеттері
caf -> «Көңілді қыс» Возрастная группа дайындық топ Білім беру бөлімінің №1 сәбилер бақшасы Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын Ашық сабақ Тақырыбы: «Көңілді қыс» Дайындық
caf -> Тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат»
caf -> Сабақтың барысы. Тәрбиешінің алдында үстел үстінде телефон тұр, біреу қоңырау шалады. Балалар тәрбиешінің қарама- қарсы отырады
caf -> Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: «Қыстайтын құстар» Мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет