Ұсынылған әдебиеттер: 1. Асқар А. Боксшының тактикалық дайындығы. 2002 ж. 166 бет
2. Касымбеков М.А., Бараев Х.А., Рысбеков Т.Р. Бокстың даму тарихы. Жарыс ережесі. Алматы, 2006
3. Оспанбаев Е.С. "Бокстың техникалық тәсілдерін үйрету" оқу құралы ОҚМУ Шымкент, 2015 ж.-77 с.
14. Лекция Шегініп қорғану
Осы қорғанысты қолданған боксшының негізгі міндеті — қарсыластың соққысы жететін жерден бір немесе бірнеше қадам жасап шегініп кету. Шегініп қорғану аяқтың тез қозғалуына байланысты. Оның рингтегі жай қозғалыстан ешбір айырмашылығы жоқ. Бірақ мұнда уақытты және арақашықтықты дәл есептей білу қажет Қорғаныстан кейін боксшы жауап соққылар беру үшін жеңіл және жылдам қимылдап, алғашқы орнына қайтып келуі керек. Осы қорғанысты пайдаланған кездерде қарсы шабуылды ойластыру және ұйымдастыру қажет Қорғаныстың артықшылығы да осында жатыр. Кейін шегінген деп негізгі мақсат — қарсыласпен арақашықтықты алшақтату. Бұл қорғанысты барлық соққыларға қарсы пайдалануға болады. Оның соққысын дарыту үшін кейін қарай шегіне салу қиын да емес. Шегініп қана емес, бір жағына тайқып кетіп қорғану да кеңінен пайдаланылады. Мұнда да соққы дарымайтындай жерге кету керек. Бұл қорғанысты бір соққыдан құтылу үшін ғана емес, қарсыластың үздіксіз шабуылының астында қалмау ушін қолданады. Әсіресе, жақын арақашықтықтағы жек-пе-жекті сүйетін боксшыны рингтің бұрышына немесе арқанға тықсырмақ болған қарсыласқа қарсы қолданған пайдалы, мұндай қорғаныстың үш әдісі бар.
Шабуылда, әсіресе, қысқа соққылар көбірек қолданылады. Ол үшін боксшы солаяғымен ілгері қарай тез бір қадам аттайды. Қозғалыстың жылдамдығы оң аяқтың серпу күшіне, дененің оңнан солға қарай бұрылуына байланысты. Осы кезде денеге жабысып тұрған оң қол доға жасап теменнен жоғары қарай жұмсалады. Сол қолдың жұдырығы басты, ал шынтақ ішті қорғауы керек. Бұл боксшыны қарсыластың қарсы шабуылынан қорғайды. Оң қолмен қапталдан басқа соққы бергенде ұзын соққыларды пайдалану өте қиын. Себебі боксшының оң қолы қарсыласынан алыста болады. Оны сермеген кезде бәсекелес қорғанып үлгіреді. Сондықтан бұл соққыға егжей-тегжейлі дайындалу қажет. Соққы бастан соғуға рұқсат етілмейтін желке жағынан тимеу үшін, соққы берген кезде дене солға қарай диагональ арқылы қозғалады. Оң қолды оңға қарай біраз шығарып, сонан кейін шынтақ тұсында жазық бұрыш жасап түрған қолды нысанаға солға қарай доға жасап сілтейді. Саусағы ішке қарай бүгілген жұдырық сонда ғана нысанаға дәл тиеді. Оң қолмен қапталдан басқа жасалатын қарсы соққы әр уақытта қорғаныспен тығыз байланысты. Егер қарсылас шабуыл жасап, өте жақын келсе, онда боксшы соққы жасау үшін әуелі дене салмағын артта тұрған оң аяққа ауыстырады. Осы кезде қысқа жасайтын арақашықтық пайда болады. Мүндай жағдайда кеуде оңнан солға қарай бұрылады. Сол аяқтың ұшы ғана еденге тиіп тұрады. Бүл шабуыл кезінде жасалатын соққыға жатпайды. Әсіресеі оңқай боксшының орындауына өте ыңғайсыз соққы. Орта және алыс арақашықтардан жасалатын соққылар көбіне қарсыластың шынтағына тиуі мүмкін. Қатты сүйекке тигенде соққы берген қолдың саусақтары жарақаттанады. Егер оңқай боксшының қарсыласы солақай болса ғана мұндай алыс және орта арақашықтықтан жасалатын соққылар қауіпті болады. Қапталдан денеге жасалатын Кысқа соққылар көбірек пайдаланылады Бұл арада қарсыластың оңқай немесе солақай екені бәрібір. Ол тек бетпе-бет келуі керек Немесе шабуыл жасамақ ниетпен ұмтылғанда, боксшыға оң жақ қырымен келуі тиіс. Оң қолы нысанаға дарымаған қарсылас бір сәт қорғаусыз қалады. Осы сәтті мүлтіксіз пайдаланған дурыс. Осындай қысқа соққы жасаған кезде қарсы соққыға душар болудан қашу керек. Ол үшін алда тұрған сол ат, ілгері, бірақ сәл солға қарай жылжытылады. Сонан кейін дененің бар салмағы осы аяққа ауысады. Кеуденің солға қарай бұрылуы соққыға жылдамдық және күш береді. Жұдырық нысанаға тиген сәтте, жұдырықтың саусақ жағы боксшының өзіне қарай бұрылуы керек. Бұл да соққыны біршама қатайтады.
Мұндай соққыдан кейін іле-шала қорғанысқа көшкен абзал.