Клетканы фазалық контраст тәсілінің көмегімен және электронды микроскоппен қарап зерттегенде цитоплазмамен ядроның көптеген ор-ганелдерден (органоидтардан) тұратын аса күрде-лі құрылысты системалар екендігі анықталды.
Органелдерді көп жағ-дайда оптикалық микро-скоппен көрінетін және тек электронды микро скопией көрінетін деп екі топқа бөледі.
Протопластың пластидтерден басқа компоненттерінің барлығы әдетте түссіз болып келеді.
Ал пластидтердің түсі жасыл немесе қызғыш сары болады. Клетканы түзетін заттар алуан түрлі болады. Клеткада ең көп мөлшелерде болатын зат су (60—90%), ол зат алмасу реакциясының дүрыс жүруіне аса қажет. Химиялық қосылыстардың қалған бөлігінің негізін органикалық зат тар түзеді, (10—23%), ал органикалық емес заттардың мөлшері көп болмайды (құрғақ заттардың 2-6% ).
Органикалық заттарды конституциялық және эргасти-калық деп екіге бөледі. Конституциялық заттар органелдердің қүрамына кіреді және зат алмасу процесіне қатысады. Ал эргастикалық заттар органелдердің тіршілік әрекетінің жемісі.
Конституциялық заттарга белоктар, липидтер, нуклеин қышқылдары және углеводтар жатады. Олардың алғашқы екеуі органелдердің қүрылысы мен қасиеттерін айқындайды. Нуклеин қышқылдары белоктармен қосылып тұқым қуалаушылық мәліметтерді сақтаушы және ұрпаққа жеткізуші қызметін атқарады, сонымен бірге олар зат алмасу процесін де реттеп отырады. Углеводтар биологиялык активті заттармен және басқалармен қосылып органелдердің түзілуіне қатысады.
Эргастикалық заттар физиологиялық жағынан активті болуы мүмкін, мысалы, ферменттер (биологиялық катализаторлар) гармондар (өсуді реттейді), артық қор затгары (уақытынша зат алмасуға қатысудан тыс қалған заттар),-экскреторлық заттар, (зат алмасудың соңғы өнімдері). Со нымен бірге эргастикалық заттар клетка қабықшасын түзуге қажетті материал болып табылады.