Екінші кезең «Мағынаны ашу» Кезеңнің мақсаты:
— жаңа ақпаратпен танысу;
— жаңа ақпараттармен өз білімімен ара — қатынас белгілеу.
Жеке тұлғаның іс — әрекеті Қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер
— мұғалім ұсынған белсенді оқыту әдістерін қолданып, жаңа тақырып материалдарын тыңдайды, оқиды;
— жаңа ақпараттардың мәнін түсіну барысында мәтін шетіне белгі қояды немесе жазып алады;
— қарастырылған материалдармен жұмыс істеу барысында өз түсінгенін қадағалайды, алдына қойған мақсаттарына жету үшін белсенді әрекет етеді.
Белсенді оқу әдістерін қолдану: — инсерт; — екі жақты күнделік; — қосымша журнал; — сабақтың бірінші кезеңінде қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап іздеу және т. б. Бұл кезеңде жаңа ақпараттармен, ойлармен танысады, тиісті тақырыпқа байланысты кино көру, дәріс, әңгіме, тыңдау немесе тәжірибе — эксперимент жасау, мультимедиялық құралдарды пайдаланады. Сабақта жұмыс дара және жұп түрінде жүргізіледі.